Статистикалыќ мјлімметтерді кґрнекті кґрсету


Статистикалық мәліметтердің графикалық бейнесі



жүктеу 9,59 Mb.
бет7/83
Дата22.05.2018
өлшемі9,59 Mb.
#16264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83

4.4 Статистикалық мәліметтердің графикалық бейнесі



4.1 Статистикалық көрсеткіштер және оның түрлері
Статистикалық көрсеткіштер - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық сипаттамалары. Статистикалық көрсеткіш зерттелетін құбылыс немесе процестің ішкі мағынасын және мәнін білдіреді.

Статистикалық көрсеткіштерге: әр түрлі саланың өнімдерінің көрсеткіштері; халықты әр жағынан сипаттайтын көрсеткіштері;

Мемлекеттің несие мекемелерінің сипаттамасы мен халыққа өнім сатуға байланысты көрсеткіштері; халыққа медициналық қызмет көрсету көрсеткіштері; халықтың табысы мен шығынының көрсеткіштері және т.б. жатады.

Нақты статистикалық міндеттерді шешуге бағытталған және бірдеңгейлі немесе көпдеңгейлі құрылымы бар өзара байланысты көрсеткіштер жиынтығы – статистикалық көрсеткіштер жүйесін құрайды.

Көрсеткіш – категория және нақты статистикалық көрсеткішті бөліп көрсетуге болады. Көрсеткіш – категория уақыты, жері және оның сандық мәндері көрсетілгмеген біртекті статистикалық нақты көрсеткіштердің мәнін және жалпы ерекше қасиеттерін көрсетеді, яғни құбылыстың сандық сипаттамасын білдіреді. Бірақ нақты жерге және уақытқа байланғаннан кейін, сандық мәнге ие болып, ол нақты статистикалық көрсеткіш болып шығады. Мысалы, «халықтың саны»-бұл көрсеткіш-категория, 2000 жылы 1 шілдеде жер шарының халқы 6 млрд. адамға жетті деп айтсақ – бұл нақты статистикалық көрсеткіш.

Статистикалық көрсеткіштер жиынтықтың бірлігін қамтуы бойынша жеке және жалпы болып бөлінеді.

Жеке көрсеткіштер жиынтықтың (банк, кәсіпорын, ферма, жеке адам) жеке бірліктерінің немесе жеке құбылысты көрсетеді.

Жалпы көрсеткіштер статистикалық жиынтықты (банктердің жиынтығы) білдіретін бірліктердің тобын сипаттайды. Бұл көрсеткіштер, өз кезегінде көлемдік және есепті болып бөлінеді.

Көлемдік көрсеткіштер жиынтықтың жеке бірліктерінің белгілерін қосу арқылы шығады.

Есепті көрсеткіштер құрылымды өзгерістердің сипаттамасы, өзара байланысты өлшеу сияқты талдаудың жеке статистикалық міндеттерін шешуге арналған және әр түрлі формуламен есептеледі.

Уақыт факторы бойынша статистикалық көрсеткіштер бірсәттік және интервалдық болып бөлінеді.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің жағдайы статистикалық көрсеткіштерде белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіледі мысалы, белгілі бір күнге, айдың, жылдың аяғы мен басы немесе күн, ай, жыл – белгілі бір уақыт аралығында, сондықтан бірінші жағдайдағы көрсеткіштерді –бірсәттік, екінші жағдайдағы көрсеткіштерді – интервалдық деп атайды.

Кеңістік бойынша статистикалық көрсеткіштер мемлекеттік, аймақтық және жергілікті болып бөлінеді.

Нақты объектілердің қасиеттері бойынша статистикалық көрсеткіштер абсалютті, салыстырмалы және орташа болып бөлінеді.


4.2 Абсолюттік шамалардың мәні мен түрлері, олардың өлшем бірліктері
Өлшем, салмақ, көлем, ұзындық, аудан, құн бірліктерімен әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өлшемін, көлемін, деңгейін көрсететін статистикалық көрсеткіштерді абсолютті көрсеткіштер деп атайды.

Абсалютті көрсеткіштерге мысалы, мемлекет аумағының ауданы, өнеркәсіптік өндірістің көлемі, теміржол жолдарының ұзындығы, саланың кәсіпорындарының саны және т.б. жатады. Абсалютті көрсеткіштер зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мәніне байланысты натурал, құн немесе еңбек өлшем бірліктерімен сипатталады.

Халықаралық тәжірибеде келесі натуралды өлшем бірліктер қолданылады: тонналар, килограммдар, литрлер, баррелилер, даналар және т.б. Бұл топқа шартты-натуралды өлшем бірліктер кіреді. Шартты-натуралды өлшем бірліктер – егер өнімнің бірнеше түрі болса және оның жалпы көлемін барлық түрлерге ортақ тұтынушылық қасиеттерін пайдалана отырып анықталса қолданылады.

Мысалы: 2003 жылы мемлекетте 23,8 млн т. Мұнай өндірілді. Мұнайдың жану жылуы 45 м Дж/кг-ға тең екенін біле отырып ауыстыру коэффицентін есептейміз: 45/23,8 = 1,536. Осы коэффициентті ескере отырып өндірілген мұнайдың көлемі 23,8×1,536=36,6 млн т. Шартты отынға эквивалентті.

Еңбек өлшем бірліктері кәсіпорындарындағы жалпы еңбек шығындарын, технологиялық процестердің жеке операцияларының еңбек сыйымдылығын ескеруге мүмкіншілік береді, оларға адам-күн және адам-сағат жатады.

Құн өлшем бірліктері әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен прцестерге ақшалай баға береді, оларға жалпы ішкі өнім, тауар айналымы, халықтың табысы мен шығыны және т.б. жатады.

Абсолютті көрсеткіштер көлемінің көрсеткіштері және деңгейдің көрсеткіштері болып бөлінеді. Көлемнің көрсеткіштері бүкіл жиынтықтың немесе оның бөлшектерінің мөлшерін сипаттауға мүмкіндік береді, мысалы, 2000 жылы Қазақстанның барлық электрстанциялары өндірген электр энергиясы 826 млн. кВт/сағ тең, соның ішінде су электрстанциялары 104 млн кВт/сағ.

Деңгейдің көрсеткіштері бір жиынтықтың бірлігінің басқа жиынтықтың элементеріне салмағының мөлшерін сипаттайды, мысалы 2001 жылы Қазақстанда елдің территориясының 1кв. км-іне 18,9 адамнан келеді.

Статистика ғылымы қоғам құбылыстарын және процесстерін сандық жағынан нақты және салыстырмалы көрсеткіштер ретінде анықтайды.

Нақты өлшем – басқа құбылыстар өлшеміне қатысты болмайтын құбылыс өлшемі.

Қатысты өлшем - берілген құбылыс өлшемінің басқа құбылыс өлшемімен қатынасы. Нақты және қатысты шамалар - негізгі статистикалық көрсеткіштердің жалпы формалары.

Нақты шама құбылыстың әлеуметтік, экономикалық негізін, қасиетін анықтайды.

Нақты шамалардың келесі түрлерін ажыратады: жеке, топтық, жалпы

Нақты шамалар келесі өлшем бірліктерінде өлшенеді.

Өлшем бірліктері: натуралды, ақшалай, еңбек.
4.3 Салыстырмалы шамалардың мәні мен мазмұны
Қатысты шамалар жалпылама көрсеткіштердің формасы. Қатысты шама екі көрсеткіштің қатынасы ретінде анықталады.

1/100 – проценттік қатынас

1/1000 – промилле қатынасы

1/10000 – продецимилле қатынасы

Қатынас құрамына және түрлеріне қарай, қатысты шамалардың келесі түрлерін ажыратады: динамикалық қатысты шамалар, жоспарды орындау қатысты шамалар, құрылымдық қатысты шамалар, координациялық қатысты шамалар, интенсивті қатысты шамалар, салыстыру қатысты шамалары.


  • Динамика көрсеткіштері құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Динамика көрсеткіші статистикалық көрсеткіштің мәнінің өткен уақыттағы бір мәніне қатынасы арқылы есептелінеді.

  • Жоспар тапсырмасының салыстырмалы көрсеткіштері - көрсеткіштің жоспарланған мәні мен оның өткен уақыттағы нақты мәнінің қатынасын білдіреді.

  • Жоспарды орындау салыстырмалы көрсеткіші жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын көрсетеді.

  • Құрылымдық салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді (мысалы, еліміздің барлық халқының ішіндегі қала тұрғындарының үлесі, топтағы үздік оқитын студенттердің үлесі, жоғары сортты өнімнің үлесі және т.б.)

  • Координация көрсеткіштері деп бүтіннің құрамдас бөлшектерінің өзара қатынастарын айтады. Мысалы, туылған ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы, жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қатынасы, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының санының қатынасы және т.б.

  • Интенсивтік көрсеткіштер аттас емес шамалардың қатынасын білдіреді. Олар жинақтың әр түрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтықтың көрсеткіштерінің қатынасын білдіреді.

  • Салыстыру көрсеткіштері - әр түрлі объектілердің немесе әр түрлі территорияға жататын аттас шамалардың қатынасы. Мысалы, 1999 жылдың басында Астана тұрғындары 1128 мың адам, ал Қарағанды тұрғындары 614 мың адам болды. Яғни, Астананың тұрғындары Қарағандылықтарға қарағанда 1,8 есе көп: 1128/614=1,8.

Салыстырылатын абсолютті шаманың салыстыру базасына қатынасымен анықталған статистикалық көрсеткіштерді салыстырмалы көрсеткіштер деп атайды.

Салыстырмалы жасалатын шама (бөлшектің бөлімі) негіз, салыстыру базасы немесе базистік шама деп аталады. Бөлшектің бөлімі-салыстырылатын шама, оны ағымды немесе есепті шама деп атайды. Мысалы, қалада тұратын халықтың санын бүкіл мемлекеттің халқының санына бөлсе «қала халқының үлесі» деген көрсеткіш шығады.

Сипатталатын сандық қатынастың міндетіне, мағынасына байланысты салыстармалы көрсеткіштер жоспарлы тапсырма, жоспарды орындау, динамика, салыстыру, құрылымның, реттеудің, жиіліктің, экономикалық дамудың деңгейі болып бөлінеді.

Жоспарлы тапсырманың салыстырмалы көрсеткіштері (ЖТСК) – қаржы – шаруашылық субъектілерінің іс-әрекетін жоспарлау мақсатында, сондай-ақ нақты қол жеткен нәтижелерді жоспарланған көрсеткіштермен салыстыру үшін қолданылады.

ЖТКС = Осы кезеңге жоспарланған көрсеткіштің деңгейі (і+1)/алдыңғы кезеңде қол жеткен көрсеткіштің деңгейі (і)

Мысал: 1-кварталда сауда бірлестігінің майда тауар айналымы 250 млн. теңгені құрады, 2-кварталда сауда бірлестігінің майда тауар айналымы 350 млн. теңгені құрайды деп жоспарланып отыр. Жоспарлы тапсырманың салыстырмалы көрсеткішін анықтаңыз.

Шешімі: ЖТКС=(350/250)*100%=140%. 2-кварталда сауда бірлестігінің майда тауар айналымы 40%-ға өседі деп жоспарланып отыр.

Жоспарды орындаудың салыстырмалы көрсеткіштері (ЖОСК) – көрсеткіштің жоспарлы және нақты деңгейлерінің арасындағы өзара қатынасы көрсетеді.

ЖОСК = Осы кезеңге нақты жеткен деңгей/Жоспарлы кезеңге жоспарланған деңгей

Мысал: Фирма жоспар бойынша кварталдың ішінде 200 мың теңгеге шығару жоспарланған.Іс жүзінде 220 мың теңгеге шығарады. Фирманың квартал ішіндегі өнімді өндірудің жоспарын орындаудың деңгейін анықтаңыз.

Шешімі: ЖОСК=220/200*100=110

Жоспар 110 орындалады, яғни жоспар 10 артық орындалды.

Динамиканың салыстырмалы көрсеткіштері (ДСК) – зерттелетін құбылыстың уақыт бойынша өзгеру деңгейін сипатталатын статистикалық шамалар.

ДСК=Осы кезеңге нақты қалыптасқан деңгей/Базистік кезеңде нақты қалыптасқан деңгей



Мысал: Облыстағы телефон станциялар – 2006 жылы, 34,3 мың, ал 2007 жылы 34,5 мың. Динамиканың салыстырмалы көрсеткішін анықтаңыз.

Шешімі: ДСК=34,5/34,3=1,006 есе немесе 100,6%. Яғни, 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанд 0,6%-ға ұлғаяды.

Жоспарлы тапсырманың, жоспарды орындаудың және динамиканың салыстырмалы көрсеткіштерінің арасында келесі өзара байланыс бар:

ЖТСК*ЖОСК=ДСК

Осы өзара байланысты қолдана отырып екі шама белгілі болса үшіншісін анықтауға болады.

Құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері (ҚСК) – бөліктің бүтінге қатынасын көрсетеді. Ол әлеуметтік-экономикалық құбылыстың жиынтықтарының құрылымын, құрамын сипаттайды.

ҚСК = Жиынтық бөлігінің деңгейі/Бүтін жиынтықтың жалпы деңгейі



Мысал: Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып құрылымының салыстырмалы көрсеткіштерін есептеңіз.
16-кесте 2007 жылы облыстың телефон станциялары санының құрылымы

Атаулары

Станциялар снаы, мың дана

Әрбір жүйенің жалпыдағы үлестік салмағы

Телефон станциялары

34,5

100

Соның ішінде







Қалалық жүйелер

7,5

21,7

Ауылдық жүйелер

27

78,3

Кестенің үшінші графасында есептелген пайыздар құрылымының салыстыру көрсеткіштері болып табылады. Барлық үлестік салмақтың сомалары 100% -ға тең болуы қажет.

Координацияның салыстырмалы көрсеткіштері (КСК) жиынтиықтың бір бөлігінің екінші бөлігіне қатынасын көрсетеді.

КСК = Жиынтықтың і бөлігін сипаттайтын деңгей/салыстыру базасы ретінде таңдап алынған жиынтықтың бөлігін сипаттайтын деңгей

Жиіліктің салыстырмалы көрсеткіші (ЖСК) – осы құбылыстың дамуын немесе қанықтылық дәрежесін көрсетеді.

ЖКС = А құбылысты сипаттайтын деңгей/ А құбылысының тарау ортасын сипаттайтын деңгей

Мысал: Мемлекеттің халқының орташа жылдық тұратын саны 2006 жылы 146,5 млн адамды құрады, ал дәрігерлердің саны 682 мың. Халықтың әрбір 10000 адамына келетін дәрігерлердің санын анықтаңыз.

Шешімі: ЖСК=Дәрігерлердің саны/халықтың орташа жылдық саны × 10000‰ = 682/146500 ×10000‰=46,6‰

Жиіліктің салыстырмалы көрсеткішінің бір түрі экономикалық даму деңгейінің салыстармалы көрсеткіші (ЭДДСК). Ол халықтың бір адамына келетін өнімді шығаруды сипаттайды.

ЭДДСК=Бір өнім өндірісінің көлемі/ Халықтың орташа жылдық саны

Мысал: 2006 жылы кір машиналар – 852 мың дана, шаңсорғыштар – 445 мың дана, үтіктер – 697 мың дана, халықтың саны 2006 жылы 146,7 млн адам, 2007 жылы 146,3 млн адам екенін біле отырып түрі экономикалық даму деңгейінің салыстырмалы көрсеткішін анықтаңыз.

Шешімі: халықтың орташа жылдық санын анықтайық

(146,7+146,3)/2=146,5млн адам.

Содан кейін әрбір өнімнің көлемін 146,5 млн адамға бөліп одан кейін 1000 көбейтеміз, сонда әрбір 1000 адамға 6 кір машина, 3 шаңсорғыш, 5 үтік шығарылды.

Салыстырудың салыстармалы көрсеткіштері (ССК) - әртүрлі объектілерге (кәсіпорындар, фирмалар және т.б)жататын бірдей шамалардың қатынасын көрсетеді:

ССК = А объектісін сипаттайтын абсолютті көрсеткіш / Б объектісін сипаттайтын абсолютті көрсеткіш


жүктеу 9,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау