Статистикалыќ мјлімметтерді кґрнекті кґрсету



жүктеу 9,59 Mb.
бет83/83
Дата22.05.2018
өлшемі9,59 Mb.
#16264
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83

Бақылау сұрақтары

  1. Байланыс дегеніміз не? Байланыстың қандай түрлерін ажыратады?

  2. Корреляционды – регрессионды талдау нені анықтайды?

  3. Егер корреляция коэффиценті минус белгісімен шықса, байланыс түрі қандай?

  4. Факторлық белгі қалай белгіленеді?

  5. Нәтижелік белгі қалай белгіленеді?

  6. Регрессия теңдеуінде регрессия коэффиценті қалай белгіленеді және нені анықтайды?

  7. Регрессия теңдеуіндегі а бос мүшесінің экономикалық интерпретациясы неде?



Есептер және жаттығулар

1. Төмендегі келтірілген тауарлар қозғалысының балансында (мың теңгеде) жетіспейтін көрсеткіштерді есептеңіз;

Тауар


Жыл басындағы қалдық

Жыл ішінде түскені

Жыл бойы сатылғаны

Жыл соңындағы қалдық

Көтерме саудамен

Бөлшек саудамен

А

80

250

50

180



Б

100



300

600

50

В

70

400

100



100

2. Екі заут бойынша жұмыс күшінің (адам) қозғалысының төменде келтірілген балансында жетіспейтің көрсеткіштерді есептеніз;




Жұмысшылардың жыл басындағы саны

Жыл ішінде қабылданғаны

Жыл ішінде жұмыстан босатылғаны

Жұмысшылардың жыл соңындағы саны

Цех № 1

60

10





Цех № 2





16

91

Барлығы

150





100

3. 27 зауыт бойынша негізгі қорладың құны х мен млрд тенгеде өнім шығару у жөніндегі келесі деректер берілген. Байланыс пен сызықтық корреляция коэффициентін анықтаңыз. Байланыс жөнінде қорытынды шығарыныз және регрессия коэффициентінің манызын түсіндірініз.

x

6

8

9

9

10

10

11

11

11

12

13

14

14

14

у

j

4

4

3

5

7

6

8

10

9

9

12

10

11

x

15

15

17

18

18

20

21

22

23

23

24

25

25




у

10

12

13

15

16

15

17

18

19

17

20

22

21




4. Бір зауыт жұмысшыларының жұмыс өтілі (жыл, х) мен бір жұмысшының ауысым ішінде шығарған өнім (дана, у) жөнінде келесідей деректер берілген:
Өздік бақылау үшін тест

1. Жиынтықтың әр бірлігіне көрсетілмейтін, барлық жиынтыққа орташа болатын факторлы және нәтижелі белгілері арасындағы байланыс қалай аталады?

А) тура

В) кері

С) функционалды

Д) аналитикалық

Е) дұдамдылық
2. Қандай статистикалық әдістің көмегімен құбылыстар арасындағы байланыстың тығыздығын анықтауға болады?

А) анализдің индексті әдісі

В) таңдау әдісі

С) анализдің корреляционды әдісі

Д)аналитикалық түзету әдісі

Е) абсолютты өсімнің факторлар бойынша орналасуы
3. Қандай көрсеткіш факторлы белгінің бір пайызға өзгеруінде нәтиженің мөлшері орташа қанша пайызға өзгеретінін сипаттайды?

А) корреляция коэффиценті

В) майысқақтық коэффиценті

С) анықтағыш коэффиценті

Д) вариация коэффиценті

Е) осцилляция коэффиценті
4. Әр факторлы белгісіне нәтижелі белгінің міндетті түрде анықталған мәні сәйкес келетін құбылыстар арасындағы байланысты қалай атайды?

А) дұдамдылық

В) корреляционды

С) тығыз

Д) факторлы

Е) функционалды

5. Қандай статистикалық әдіс факторлы және нәтижелі белгілер арасындағы тәуелділігін көрсететін теңдеуді алуға мүмкіндік береді?

А) аналитикалық топтау

В) корреляционды талдау

С) статистикалық шамалардың паралель қатарларын салыстыру

Д) регрессионды талдау

Е) А және С варианттары

6. Қандай көрсеткіш корреляционды-регрессиондық модельге қосылған факторлардың әсерлерімен шартталған нәтижелі белгінің түрлемнің үлесін сипаттайды?

А)корреляция коэффиценті

В) майысқақтық коэффиценті

С) анықтағыш коэффиценті

Д) вариация коэффиценті

Е) осцилляция коэффиценті

7. Қандай көрсеткішті формуласы бойынша анықтайды?

А) осцилляция коэффиценті

В) майысқақтық коэффиценті

С) корреляция коэффиценті

Д) анықтағыш коэффиценті

Е) вариация коэффиценті

8. Қандай статистикалық әдістердің көмегімен факторлы және нәтижелі белгілердің арасындағы байланыстың бар болуын және бағытын анықтауға болады?

А) динамика қатарынның аналитикалық түзетілуі

В) аналитикалық топтау

С) құрылымдық топтау

Д) таңдау әдісі

Е) А және С варианттары

9. Қандай көрсеткіш факторлы белгі бір бірлікке өзгергенде нәтиженің өзгеру мөлшерін көрсетеді және құбылыстар арасындағы байланыс күшін сипаттайды?

А) корреляция коэффиценті

В) анықтағыш коэффиценті

С) вариация коэффиценті

Д) регрессия теңдеуінің коэффиценті

Е) осцилляция коэффиценті
10. Негізгі капиталдың мөлшерінен өнімді шығарудың тәуелділігі зерттеледі. Шығарылған өнімнің вариация мөлшері негізгі капитал мөлшерінен 76,8 % тәуелді. Берілген жағдайда қандай керсеткіш қолданылған?

А) корреляция коэффиценті

В) анықтағыш коэффиценті

С) майысқақтық коэффиценті

Д) регрессия теңдеуінің коэффиценті

Е) вариация коэффиценті

Қолданылған дереккөздер тізімі


  1. № 98-1 «Мемлекеттік статистика туралы» Қазахстан Республикасының заңы. 07.05.1997ж. (өзгерістермен және толықтырулармен 30.01.01 ж. №154-II; 15.01.02 ж. №280 –II; 09.08.2002ж. №346- II)

  2. Шокаманов Ю.К., Белгібаева Қ,Қ. Статистика: Жоғары оку орындарының студенттеріне арналған оқулық/Ю.К. Шокамановтың редакциялауымен – Алматы. Экономика, - 540 бет.

  3. Найзақараева С.Ө. Статистика: Оқу құралы. – Алматы: 2009. – 156 бет.

  4. Курмангалиева А.К, Серкебаева Л.Т. Статистика және ҰШЖ пәнін оқытуда әдістемелік нұсқаулар. Қостанай, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ. 2008ж.

  5. Қазақстан Республикасының жылдық статистикалық жинақтары.- Алматы: ҚР ҰлттықСтатАгенттігі, 2003, 2004, 2005, 2006,2007.

  6. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. Общая теория статистики /Учебник-М: Финансы и статистика, 2002.-366 с.

  7. Гусаров В. М. Теория статистики: Учебное пособие для вузов- М.: Аудит, ЮНИТИ, 2002.- 236 с.

  8. Практикум по ОТС, учебное пособие \под ред. Ефимовой М.Р., Ганченко О.И., Петрова Е.В. - М., ФиС, 2000, 191с.

  9. Система национальных счетов. Под ред. Ю.Н. Иванова. – М.: Финстатинформ, 1996

  10. Социальная статистика. /Под ред. чл.-корр. АН И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  11. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие /А.М. Елемесова, К.К. Бельгибаева, Е.М. Киков, Г.М. Молдакулова - Алматы: Экономика, 2000г.

  12. Статистика. Курс лекций /Под ред. В.Ч. Ионина. –Новосибирск: НГАЭиУ, 2004г.

  13. Октябрьский П.Я. Статистика. Учебник. – М.: - ТК Велби, Изд-во Проспект, 2003. – 328 с.

  14. Ғалиева А.Қ. Жалпы теория статистикасы. Оқу құралы. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ. – Қостанай 2002ж – 104 б.

  15. Громыко Г.Л. Общая теория статистики: Практикум- М: Инфра- М, 2000.-315 с.

  16. Практикум по статистике: Учебное пособие для вузов / под ред. В.М. Симчеры / ВЗФЭИ-М: ЗАО «Финстатинформ», 2001. – 196 с.

  17. Общая теория статистики/Под. ред. Спирина А.А., Башиной О.Э. – М., 2001г.

  18. Социальная статистика. /Под ред. И.И. Ефимова, Бычкова С.Г.. –М.: Финансы и статистика, 2004г.

  19. Курс социально-экономической статистики /Под ред. М.Г. Назарова. – М.: ЮНИТИ, 2000г.

  20. Статистика финансов. Под ред. профессора В.Н. Салина, М.:Финансы и статистика.- 2002г.

  21. Национальное счетоводство: Учебник / под ред. Б.И. Башкатова - 2 изд., пе-рераб. и доп. - М.: Финансы и статистика, 2002,

  22. Салин В.Н., Медведев В.Г., Кудряшова С.И., Шпаковская Е.П. Макроэкономическая статистика: учебное пособие - 2-е изд., испр. - М.:

  23. Молдакулова Г.М. Международная экономическая статистика. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2004. – 172 с.

  24. Бельгибаева К.К. Сборник задач по социально-экономической статистике. Учебное пособие с методическими указаниями. – Алматы: Экономика, 2002. – 159с.

  25. http://www.stat.kz/

  26. http://www.oblstat.kost.kz/

  27. http://astanastat.online.kz/

Қосымша
Ресми статистиканың негіздік принциптері


«Статистикалық комиссия,

ресми статистикалық ақпарат экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және экологиялық салалардағы тұрақты даму, сондай-ақ елдер мен әлем халықтары арасында өзара танысу және сауда үшін қажетті негіз болып табылатынын назарға ала отырып,

ресми статистикалық ақпаратқа қоғамның сенім дәрежесі едәуір шамада өз мүшелерінің құқықтарын тануға және құрметтеуге ұмтылатын кез-келген демократиялық қоғамның негізінде жататын негіздік құндылықтар мен принциптерін құрметтеуіне тәуелді болатынын ескере отырып,

үкіметке, экономикалық топтарға және қоғамдастыққа ұсынылатын ресми статистиканың сапасы, демек, ақпараттың сапасы қажетті статистикалық жинақтарды дайындау үшін талап етілетін тиісті және сенімді деректерді ұсынудағы азаматтардың, кәсіпорындардың және басқа респонденттердің ынтымақтастығына, пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында статистикалық деректерді пайдаланушылар мен өндірушілер арасындағы ынтымақтастығына тәуелді болатынын назарға ала отырып,

стандарттар мен тұжырымдама әзірлеу бойынша статистиканың мәселелерімен айналысатын, елдер арасындағы салыстыруды жүргізуге мүмкіндік беретін үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың тырысуын еске сала отырып,

сондай-ақ, Халықаралық статистикалық институттың Кәсіптік этика туралы мағлұмдамасына сілтеме жасай отырып,

1992 жылғы 15 сәуірде Еуропалық экономикалық комиссия қабылдаған С(47) қарардың жалпыға ортақ мәні бар деген пікірді білдіре отырып,

АӘОЖЭЖ Статистикасы жөніндегі комитет негізгі принциптерді қарау үшін тағайындаған статистик-сарапшылардың жұмыс тобы 1993 жылы қарашада Бангкок қаласында өткен өзінің сегізінші сессиясында ЕЭК нұсқасымен келіскенін және осы принциптер барлық мемлекеттер қолданыла алатынын атап көрсеткенін көрсете отырып,

сондай-ақ, 1994 жылы наурызда Аддис-Абеб қаласында өткен өзінің сегізінші сессиясында африкалық жоспарлаушылардың, статистиктердің және демографтардың біріккен конференциясы ресми статистиканың негізгі принциптерінің әмбебап мәні бар деп санағанын көрсете отырып,

ресми статистиканың осы принциптерін қабылдайды»:

  

1-принцип: Мәнділігі, Объективтілігі және Жалпыға ортақтылығы

«Ресми статистика үкіметті, экономикалық топтарды және қоғамдастықты экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және экологиялық ереже туралы деректермен қамтамасыз ететін демократиялық қоғамның ақпараттың жүйесінің қажетті элементі болып табылады. Осы мақсатпен мемлекеттік статистикалық ведомстволар азаматтардың қоғамдық ақпаратқа құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету үшін тәжірибелік құндылығы бар ресми статистикалық деректерді объективті негізде дайындайды және таратады».

 2-принцип: Кәсіптік стандарттар және этика

«Ресми статистикаға сенімді сақтау мақсатында статистикалық ведомстволар қатаң кәсіптік пайымдауларға сәйкес, ғылыми принциптерді және кәсіптік этиканы қоса алғанда, статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сақтау және ұсынудың әдістері мен рәсімдеріне шешімдерді қабылдау керек».

 3-принцип: Есеп берушілік және транспаренттілік

«Деректерді дұрыс түсіндіруді жеңілдету үшін статистикалық ведомстволар статистика саласында ғылыми стандарттарға сәйкес көздер, әдістер мен рәсімдерге қатысты ақпаратты ұсыну керек».

 4-принцип: Дұрыс қолданбаудың алдын алуы

«Статистикалық ведомстволардың статистикалық деректерді дұрыс түсіндірмелерге немесе дұрыс қолданбауларға түсініктеме беруге құқығы бар».

  5-принцип: Ресми Статистиканың көздері

«Статистикалық мақсаттарға арналған деректер дереккөздердің барлық түрлерінен, статистикалық зерттеулер немесе әкімшілік есептіліктен жиналуы мүмкін. Статистикалық ведомстволар респонденттерге жүктелетін сапаны, уақыттылықты, шығындар мен жүктемелерді есепке ала отырып дереккөзді таңдау керек».

 6-принцип: Құпиялылық

  «Статистикалық ақпаратты дайындау үшін статистикалық ведомстволар жинайтын жеке деректер, олар жеке немесе заңды тұлғаларға жататынына қарамастан, қатаң құпиялы сипатта болуы және тек статистикалық мақсатта қолданылуы керек».



7-принцип: Заңнама

«Шеңберінде статистикалық жүйелер жұмыс істейтін заңдар, нормалар және шаралар жариялық сипатта болуы керек».



8-принцип: Ұлттық үйлестіру

«Статистикалық жүйеде келісушілікті және тиімділікті қамтамасыз ету үшін елдер деңгейінде статистикалық ведомстволардың қызметін үйлестіруін жүзеге асыру керек».



9-принцип: Халықаралық стандарттарды қолдану

«Әр елде статистикалық ведомстволардың халықаралық тұжырымдамаларды, жіктемелерді және әдістерді қолдану барлық ресми деңгейлерде келісушілікті және тиімділікті қамтамасыз етуге әсер етеді».



10-принцип: Халықаралық ынтымақтастық

«Статистика саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық барлық елдерде ресми статистика жүйелерін жақсартуға мүмкіндік туғызады».







жүктеу 9,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау