Бақылау сұрақтары
Статистикалық көрсеткіштердің анықтамасы және оның түрлері.
Статистика ғылымы қай екі бақыт негізінде дамыды?
Статистика ғылымының дамуына үлес қосқан ғылымдарды атап өтіңіз.
Статистикалық методологияның мәні қандай?
Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атаңыз.
Қазіргі ҚР Статистика Агенттігінің ұйымдастырылуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған тест
1. Қандай латын сөзінен статистика термині шықты?
А) statist; В) status;
С) stata; D) stato;
2. Ең бірінші рет статистика термині қандай сөз мағынасын білдірген:
А) мемлекет;
В) мемлекеттік табыстар;
С) мемлекеттік күш (билік);
D) мемлекеттану;
Е) дұрыс жауап жоқ.
3. Қай ғалым ең бірінші болып, статистика терминін енгізген?
А) Г. Конринг; В) Ф. Гальтон;
С) Г. Ахенваль; D) К. Пирсон;
4. Үрдісті немесе құбылысты сипаттайтын ерекшелік немесе қасиет қалай аталады?
А) вариация; В) көрсеткіш;
С) статистика; D) санат; Е) белгі.
5. Ғылым ретінде статистика қандай бағыттары бойынша дамыған?
А) экономикалық және математикалық;
В) түсіндірілген және математикалық;
С) түсіндірілген және экономикалық;
D) экономикалық және математикалық;
Е) дұрыс жауап жоқ.
6. Статистиканы зерттеу пәні болып не саналады?
А) жалпы ережелердің (ұстанымдардың) жиынтығы мен статистикалық зерттеулердің арнайы әдістері мен тәсілдері;
В) әлеуметті-экономикалық өмірдің бұқаралық құбылысы;
С) оқып отырған нысанның немесе үрдістің маңыздылығын түсіну, даму заңдылығын білу және олардың ерекшеліктерін;
D) бұқаралық құбылыстардың сандық жағын және қоғамдық өмірдің үрдісі, яғни уақыт пен орынның нақтылы жағдайында олардың сапалы жағымен үзілмелі байланысын оқып үйрену;
Е) дұрыс жауап жоқ.
7. Статистикалық көрсеткіш деп нені айтады?
А) бөлек тұрған бірліктерде осы не болмаса басқа белгілердің мағынадағы ерекшеліктері;
В) көптеген бірліктер (нысан мен құбылыстың), бір заңдылықпен біріктірілген және жалпы сапа ішінде түрлендіріледі;
С) қандай да бір маңызды белгілер бойынша бірліктердің ұқсастығы (нысан мен құбылыстың), бірақ басқа белгі бойынша ажыратылады;
D) өзара байланысқан көрсеткіштердің жиынтығы, өзара байланысқан құбылыстардың арасында ақиқатты түрде көрсетіледі және қоғам қызметінің бүкіл саласын қамтиды (макро және микро деңгейде);
Е) жиынтықты тұтас алғанда немесе бірлік тобының қандай да бір қасиетінің сандық-сапалық жалпылау сипаттамасы.
8. Статистикалық жиынтық деп нені айтады?
А) бөлек тұрған бірліктерде осы не болмаса басқа белгілердің мағынадағы ерекшеліктері;
В) көптеген бірліктер (нысан мен құбылыстың), бір заңдылықпен біріктірілген және жалпы сапа ішінде түрлендіріледі;
С) қандай да бір маңызды белгілер бойынша бірліктердің ұқсастығы (нысан мен құбылыстың), бірақ басқа белгі бойынша ажыратылады;
D) өзара байланысқан көрсеткіштердің жиынтығы, өзара байланысқан құбылыстардың арасында ақиқатты түрде көрсетіледі және қоғам қызметінің бүкіл саласын қамтиды (макро және микро деңгейде);
Е) жиынтықты тұтас алғанда немесе бірлік тобының қандай да бір қасиетінің сандық-сапалық жалпылау сипаттамасы.
9. Сапалы біркелкі жиынтық деп нені айтады?
А) бөлек тұрған бірліктерде осы не болмаса басқа белгілердің мағынадағы ерекшеліктері;
В) көптеген бірліктер (нысан мен құбылыстың), бір заңдылықпен біріктірілген және жалпы сапа ішінде түрлендіріледі;
С) қандай да бір маңызды белгілер бойынша бірліктердің ұқсастығы (нысан мен құбылыстың), бірақ басқа белгі бойынша ажыратылады;
D) өзара байланысқан көрсеткіштердің жиынтығы, өзара байланысқан құбылыстардың арасында ақиқатты түрде көрсетіледі және қоғам қызметінің бүкіл саласын қамтиды (макро және микро деңгейде);
Е) жиынтықты тұтас алғанда немесе бірлік тобының қандай да бір қасиетінің сандық-сапалық жалпылау сипаттамасы.
10. Төменде көрсетілген қандай мысалдардың бірі түрлендірілетін белгіге жатпайды?
А) жасы; В) жұмыс өтілі;
С) мамандығы; D) жалақы мөлшері;
Е) балалардың саны.
2 СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Мақсаты: Статистикалық байқаудың кезендерін және бағдарламалық - әдістемелік мәселелерін талдау.
Жоспар:
2.1 Статистикалық бақылау (байқау) және оның кезеңдері
2.2 Статистикалық байқаудың негізгі бағдарламалық-әдістемелік мәселелері
2.1 Статистикалық бақылау (байқау) және оның кезеңдері
Статистикалық бақылауға қойылатын талаптар: толықтылық, анықтылық және деректемелердің салыстырмалығы. Бағдарламалы-әдіснамалық және статистикалық бақылау жоспарының ұйымдастыру мәселелері. Статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастыру түрлері: статистикалық есеп берушілік, арнайы-ұйымдастырылған статистикалық бақылау, тізімдер. Статистикалық бақылау түрлерінің жіктелуі мен тәсілдері.
Статистикалық зерттеу әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді статистикалық әдістер және сандық сипаттамалардың көмегімен зерттеу.
Статистикалық зерттеу келесі кезеңдерден тұрады:
1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және зерттеудің ақпараттық базасын қалыптастыру;
2. Статистикалық байқаудың мәліметтерін жинақтау және топтау;
3. Статистикалық мәліметтерді өңдеудің нәтижелерін талдау және ұсыныстар жасау.
Статистикалық бақылау (байқау) статистикалық зерттеудің алғашқы кезеңі болып табылады. Осы байқау процесінде статистикалық зерттеудің негізі болып табылатын бастапқы статистикалық ақпарат қалыптастырылады.
Статистикалық мәлімет – статистикалық байқаудың нәтижесінде алынған әлеуметтік және экономикалық сипаттағы мағлұматтардың жиынтығы, оның негізінде статистикалық талдау және басқару, жоспарлау, есеп, бақылау сияқты функциялар жүзеге асады.
Статистикалық байқау – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жалпы мәліметтерді алдын ала белгіленген қасиеттері бойынша жоспарлы және жүйелі түрде жинау.
Берілген анықтаманың құраушыларын қарастырайық.
Статистикалық байқау жоспарлы түрде жүргізіледі, яғни ол статистикалық мәліметтерді жинаудың техникасы мен ұйымдастырылуы, сапасы және шынайылығын бақылауы қарастырылған жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Статистикалық байқау жүйелі түрде жүзеге асырылады. Өйткені зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер уақыт және кеңістік бойынша өзгереді. Ал өзгерістердің өзгеруін нышанның мәндерін жүйелі түрде тіркегенде ғана мүмкін.
Статистикалық байқаудың жаппай сипаты дегеніміз экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтердің үлкен көлемі қарастырылуы қажет, себебі олардың өзгеруінің тенденциясы мен заңдылығы толық көрінуі қажет.
Статистикалық байқауды мемлекетті статистика ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, әр түрлі ұйымдық-құқықтық құрылымдардың экономикалық және аналитикалық бөлімдері жүргізе алады.
Статистикалық байқау жүргізудің негізгі міндеті қоғамдық құбылыстар мен процестердің дамуының бағыттары мен заңдылықтарын анықтау және зерттеу, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық зерттеулерге қажетті шынайы және дәл мәліметтерді алу болып табылады.
Статистикалық байқау жүргізудің процесі келесі кезеңдерден тұрады:
Байқау жүргізудің бағдарламалық-әдістемелік дайындық кезеңі – байқау объектісін, тіркелетін қасиеттер жиынтығын, мақсатын анықтау; бақылау жүргізудің бірлігін таңдау; мәліметтерді алудың әдістерін анықтау сияқты жұмыстардан тұрады.
Статистикалық байқау жүргізудің ұйымдастырушылық кезеңі – кадрларды таңдау және дайындау статистикалық байқау жүргізу, оның материалдарын өңдеу, техникалық құжаттамаларды дайындау бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспарын жасау.
Статистикалық байқау жүргізу кезеңі – байқау мәліметтерін жинау, статистикалық мәліметтерді жинақтау.
Статистикалық байқаудың мәліметтерін синтаксистік және арифметикалық бақылау кезеңі – көрсеткіштер арасындағы логикалық және арифметикалық өзара байланыстарға негізделген.
Қорытынды кезең – статистикалық байқау жүргізу бойынша нәтижелер мен ұсыныстар жасау.
Статистикалық байқауды дұрыс және ғылыми ұйымдастыру мен жүргізу статистикалық зерттеулердің нәтижесіне әсер етеді. Статистикалық байқаудың материалдарының, олардың өңдеуі және талдауы негізінде мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуын болжау және жағдайын бағалау үшін шешімдер және ұсыныстар жасалынады.
2.2 Статистикалық байқаудың негізгі бағдарламалық-әдістемелік мәселелері
Статистикалық байқаудың негізгі бағдарламалық-әдістемелік мәселелеріне:
байқаудың мақсаты мен міндетін анықтау;
байқаудың бірлігі мен объектісін анықтау;
байқаудың бағдарламасын жасау;
байқаудың түрі мен әдісін таңдау.
Байқаудың мақсаты мен міндетін анықтау кез келген статистикалық
байқауды ұйымдастыру мен жүргізудің алғашқы кезеңі болып табылады. Кез келген статистикалық байқаудың мақсаты нақты әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің жағдайы туралы нақты және ғылыми негізделген мәліметтер алу болып табылады. Статистикалық байқаудың міндеттері бағдарламаны және оны өткізудің қалыптарын анықтайды.
Статистикалық байқаудың объектісі – статистикалық байқау жасалынатын
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық байқаудың объектісі, мысалы, мемлекеттің халқы, коммерциялық банктердің тобы, сақтандыру компанияларының жиынтығы және т.б. Статистикалық байқауды табысты жүргізу үшін байқаудың объектісін дұрыс анықтау қажет. Статистикалық байқаудың кез келген объектісі жеке элементтерден, байқау бірліктерінен тұрады.
Статистикалық байқаудың бірлігі – байқағанда тіркелетін қасиеттерді көрсетуші болып табылатын статистикалық байқау объектісінің алғашқы және құраушы элементі. Байқау бірлігі ретінде банк, сақтандыру компаниясы, жоғарғы оқу орны, профсоюз және т.б. бола алады. Байқау бірілгінің анықтамасы оның негізгі ерекше қасиеттерін көрсетуі қажет. Байқау бірлігін есепті бірліктері деп атайды. Есепті бірліктері – оған бекітілген тәртіппен есепті мәліметтер түсіп тұратын статистикалық байқау бірлігі. Мысалы, құрылыстағы статистикалық есеп жүйесінде есеп бірліктеріне құрылыс және жобалау ұйымдары жатады.
Статистикалық жиынтықтың бірлігі – статистикалық байқау жүргізгенде тіркелетін қасиеттері бар және есептің негізі болып табылатын, статистикалық жиынтықтың алғашқы әрі құраушы элементі. Статистикалық жиынтықтың бірлігі дегеніміз статистикалық байқау жүргізгенде зерттелетін нәрсе.
Жиынтық бірлігі мен байқау бірлігі кейде сәйкес келеді. Егер, құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін анықтағанда жиынтық бірлігі мен байқау бірлігі де құрылыс ұйымы болып табылады. Бірақ әдетте жиынтық бірлігі мен байқау бірлігінен ерекшеленеді. Егер, өндірістік және өндірістік емес байқауды ұйымдастырғанда барлық белгілердің ішінен зерттеу объектісін сипаттауға маңыздыларын таңдап алу қажет. Тек осы белгілерді объектілерді іске қосуды зерттегенде жиынтық бірлігі жеке объект болса, байқау бірлігі құрылыс ұйымы болып табылады.
Байқау бірлігі және олардан тұратын байқау объектілері көптеген спецификалық ерекшеліктерден, әр түрлі қасиеттерден тұрады, оларды статистика нышандар деп атайды. Сондықтан статистикалық байқау процесінде тіркейді.
Бақылау сұрақтары
Статистикалық бақылау дегеніміз не?
Статистикалық бақылаудың қандай түрлерін ажыратады?
Бақылау бағдарламасы, мақсаты, ұйымдастыру сұрақтары дегеніміз не?
Жинақтау әдісінің түсінігі, түрлері.
Топтау әдісінің түсінігі, оның түрлері.
Статистикалық кесте дегеніміз не?
Статистикалық кесте қандай элементтерден тұрады?
Өзін-өзі тексеруге арналған тест
1. Статистикалық бақылау деп нені айтады?
А) оқып отырған жалпы құбылысқа тән, типтік белгі мен заңдылықты айқын көрсету үшін жиынтықты құрастыратын нақты бір фактіні талдап қорыту бойыша рет-ретімен орындалатын операциялар кешені;
В) жоспарланған ғылыми-дәлелденген деректер жинағы немесе әлеуметті-экономикалық құбылыстар туралы мәліметтер;
С) ғылыми-ұйымдастырылған бақылайтын материалдарды өңдеу, оның ішіне жатады: жүйелеу, деректердің топтастырылуы, кестелердің құрастырылауы, топты және жалпы қорытындыны есептеу нәтижесі, туынды көрсеткіштерді есептесу (орташа, салыстырсалы шамаларды);
D) бұл қандай да бір әлеуметті-экономикалық құбылыс не болмаса үрдістің тәртібін бақылау;
Е) дұрыс жауап жоқ.
2. Қандай талаптар статистикалық деректерге қойылады?
А) анықтылық және деректердің толықтылығы;
В) анықтылық, толықтылық және деректердің дер кезілігі;
С) толықтылық және деректердің дер кезілігі;
D) дәлелденген іріктеу, деректердің салыстырмалылығы мен дер кезділігі;
Е) дұрыс жауап жоқ.
3. Қандай әдіс жиынтықтың ең ірі бірлігін зерттеуге мүмкіндік береді?
А) топтасу;
В) көрсеткіштерді жалпылау;
С) монографикалық бақылау;
D) негізгі сілем;
Е) дұрыс жауап жоқ.
4. Статистикалық бақылауды дайындау мен өткізу үшін, келесі сұрақтарды дұрыс шешу керек:
А) бағдарламалы және әдіснамалық;
В) бағдарламалы-әдіснамалық және ұйымдастырылған;
С) әдіснамалық және топтастырылған;
D) бағдарламалы-әдіснамалық және жалпы ғылыми;
Е) дұрыс жауап жоқ.
5. Жиынтықтың бірлігін қамту бойынша статистикалық бақылау бөлінеді:
А) тікелей, деректі бақылау мен сұрақтар қою;
В) арнайы-ұйымдастырылған статистикалық бақылау мен есеп берушілік;
С) үздіксіз (ағымдағы), бір жолғы және қайталанатын;
D) жаппай және жаппай емес;
Е) дұрыс жауап жоқ.
6. Өткізу уақыты бойынша статистикалық бақылау бөлінеді:
А) тікелей, деректі бақылау мен сұрақтар қою;
В) арнайы-ұйымдастырылған статистикалық бақылау мен есеп берушілік;
С) үздіксіз (ағымдағы), бір жолғы және қайталанатын;
D) жаппай және жаппай емес;
Е) дұрыс жауап жоқ.
7. Ұйымдастыру тәсілі бойынша статистикалық бақылау бөлінеді:
А) тікелей, деректі бақылау мен сұрақтар қою;
В) арнайы-ұйымдастырылған статистикалық бақылау мен есеп берушілік;
С) үздіксіз (ағымдағы), бір жолғы және қайталанатын;
D) жаппай және жаппай емес;
Е) дұрыс жауап жоқ.
8. Мәліметтердің қайнар көзі бойынша статистикалық бақылау бөлінеді:
А) тікелей, деректі бақылау мен сұрақтар қою;
В) арнайы-ұйымдастырылған статистикалық бақылау мен есеп берушілік;
С) үздіксіз (ағымдағы), бір жолғы және қайталанатын;
D) жаппай және жаппай емес;
Е) дұрыс жауап жоқ.
9. Мысалдардың қайсысы үздіксіз (ағымдағы) бақылауды сипаттайды?
А) АХАТ-та заңды деректердің тіркелуі (туу мен өлу, неке қию мен ажырасу);
В) тұрғын қордың санағы;
С) емтихандық сессия мәліметтері бойынша студентердің үлгерімін есепке алу;
D) барлық жауаптар дұрыс;
Е) дұрыс жауап жоқ.
10. Төменде көрсетілген қандай анықтама жаппай бақылауға сәйкес келеді?
А) бірі қалмастан жиынтықтың бірлігінің бәрін тіркеу;
В) оқып отырған жиынтықтың бір бөлігін ғана тіркеу;
С) зерттеп жатқан жиынтықта басым болған ең ірі бірліктерді тіркеу;
D) зерттеп жатқан жиынтықта басым болған ең ұсақ бірліктерді тіркеу;
Е) дұрыс жауап жоқ.
3 Статистикалық мәліметтерді жинақтау
және оның кезеңдері
Мақсаты: Статистикалық мәліметтерді жинақтаудын міндеттерін, топтаудың классификациясын, қағидаларын, бөлу қатарларының түрлерін ажыратып бөлу.
Жоспар:
3.1 Жинақтау мәні мен міндеттері
3.2 Топтаудың мәні және классификациясы
3.3 Топтауды жасаудың қағидалары
3.4 Бөлу қатарларын жасауы және түрлері
3.5 Бөлу қатарын графикалық түрде бейнелеу
3.1 Жинақтау мәні мен міндеттері
Әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің маңызды кезеңі алғашқы мәліметтерді жүйелеу және осылардың негізінде обьектінің жалпы сипаттамасын жасау болып табылады, ал ол алғашқы статистикалық материалдарды топтау және жинақтау арқылы жүзеге асады.
Статистикалық жинақтау зерттелетін құбылыстар мен процестерге сәйкес қасиеттері бойынша қорытылған сипаттамасын алу мақсатында алғашқы мәліметтерді өңдеу.
Материалды өңдеу дәлдігіне байланысты қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым статистикалық жинақтау – байқау бірлігінің жиынтығы бойынша жалпы қорытынды және топтық мәліметтерді есептеу бойынша операция және осы материалдарды кесте түрінде жасау.
Күрделі статистикалық жинақтау - зерттелетін әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің байқау бірлігін топтарға бөлуден, зерттелетін құбылыстардың жиынтығының ұқсас топтарының сипаттамасы үшін көрсеткіштер жүйесін жасаудан, әрбір топтағы бірліктер саны мен қорытындысын санаудан және осы жұмыстардың нәтижесін статистикалық кесте түрінде безендіруден тұратын операциялардың кешені.
Жинақтау нәтижесінің толықтығы, дәлелдігі бағдарлама және оны өткізудің жоспарымен қамтамасыз етіледі.
Статистикалық жинақтаудың бағдарламасы – байқау бірлігінің жиынтығы бөлінетін топтардың тізімінен, сондай –ақ зерттелетін құбылыстар мен процестер жиынтығын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Жинақтауды жүзеге асыру келесі кезеңдерден тұрады:
- Топтау қасиетін таңдау;
- Топты қалыптастыру тәртібін анықтау;
- Топты сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің жүйесін жасау;
- Жинақтаудың нәтижесін көрсету үшін статистикалық кестелердің макетін жасау.
Статистикалық жинақтаудың бағдарламасын қатар, оны өткізудің жоспары жасалынады.
Статистикалық жинақтаудың жоспары жинақтауды өткізу техникасы мен мерзімі, тәртібі, оны орындаушылар, оның нәтижесін кесте түрінде безендіру ережесі туралы мәліметтерден тұрады.
Жинақтаудың материалдын өңдеу қалыпы бойынша – орталықтандырылмаған және орталықтандырылған, орындау техникасы бойынша – механикаландырылған және қолмен болып бөлінеді.
3.2 Топтаудың мәні және классификациясы
Статистикалық топтау дегеніміз – зерттеленетін жиынтықтың бірліктерін біртекті топтарға белгілі нышандары бойынша бөлу. Статистикалық топтау статистикалық мәліметтерді қорытудың маңызды әдісі және статистикалық көрсеткіштерді дұрыс есептеудің негізгі болып табылады.
Топтау әдісінің көмегімен келесі негізгі мәселелер шешіледі:
Құбылыстардың әлеуметтік экономикалық типтері анықталады;
Құбылыстардың құрылымы және оларда болып жатқан құрылымдық өзгерістер зерттеледі;
Құбылыстардың арасындағы байланыстар мен тәуелділікті анықталады.
Осы міндеттерге байланысты статистикалық топтаудың түрлері: типологиялық, құрылымдық, аналитикалық.
Типологиялық топтау әрекеті жиынтықтың жеке сапалы біртекті топтарға бөлу және осының негізінде құбылыстардың экономикалық типтерін анықтау. Топтаудың осы түрін жасағанда негізгі көңілді типтердің индетификациясына және топтық қасиеттерді таңдауға бөлу қажет.
Типологиялық топтаудың жасағанда топтау нышандары ретінде сандық және атрибутикалық (сапалық) нышандар жатады.
Атрибутикалық нышандар бойынша топтау дегеніміз бөлініп алынған топтардың саны осы нышандардың нақты градациялық санына қатаң сәйкес келеді. (1 - кесте).
1 – кесте Кәсіпорындарды меншік қалыбы бойынша топтау
Меншік қалыбы
|
Кәсіпорындардың үлестік салмағы,
|
Кәсіпорындардың саны, дана
|
Мемлекеттік
Жеке
Аралас
Барлығы
|
30000
120
1500
31620
|
93,75
0,69
5,59
100
|
(Сандар шартты)
Типологиялық топтауды сандық нышандар бойынша жасағанда топтардың қажетті саны анықталуы қажет, топтаудың интервалын дұрыс қалыптастыру қажет. Интервалдың шекараларын солай қалыптастыру қажет, бөлініп көрсетілген әрбір топтағы жиынтықтың бірлігі сандық және сапалық жағынан біртекті болуы қажет, ал топтар бір- бірінен қажет.
Типологиялық топтаудағы топтардың саны нақты іс жүзіндегі әлеуметтік - экономикалық типтердің санына байланысты. Типологиялық топтау бойынша бөлінген құбылыстың әлеуметтік - экономикалық типтері оның құрамы, біртекті типті топтардың құрылымы және біртипті жиынтықтың ішіндегі нышандардың вариацияларын зерттеу көзқарасынан зерттеледі.
Құрылымдық топтау - сапалық жағынан біртекті жиынтықтың бірліктерін белгілі бір нышандары бойынша оның құрамы мен құрылымын сипаттайтын топтарға бөлу. Құрылымдық топтау барлық әлеуметтік- экономикалық құбылыстарды зерттегенде қолданылады. Топтау нышандары ретінде сандық және атрибуттық нышандар қарастырылады.
Атрибутикалық нышандар бойынша топтағанда топтар бір бірінен нышандардың сипаты бойынша ерекшеленеді. Зерттелінетін жиынтықтағы топтардың саны атрибутикалық нышандардың градациясының санымен анықталады. (2 - кесте).
2 – кесте Жұмыссыздарды жынысы мен білімі бойынша бөлу
Білімінің түрі
|
Жұмыссыздар
|
Барлығы
|
әйелдер
|
ерекектер
|
Жоғары
|
10,5
|
11,6
|
24,6
|
Орта
|
69,7
|
73.1
|
22,5
|
Толық орта
|
19,8
|
15,3
|
52,9
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
(Сандар шартты)
Сандық нышандары бойынша құрылымдық топтау интервалдың ені мен топтардың санын анықтайды. (3 – кесте)
3 – кесте Банктік қарыздары бойынша фондылық нарықтың эмитентерін топтау
Банктік қарыздың мөлшерлері
|
Эмитенттер саны
|
Қарыздың жалпы сомасы,
млн.теңге
|
Барлығы
|
Нәтижеге %
|
Барлығы
|
Нәтижеге %
|
97 – 1745
1745 – 3393
3393 - 5041
|
20
5
8
|
60,6
15,2
24,2
|
9300
8500
20000
|
24,6
22,5
52,9
|
Барлығы
|
33
|
100
|
37800
|
100
|
(Сандар шартты)
Статистикада барлық нышандар факторлық және нәтижелік болып бөлінеді.
Факторлық нышандар – нәтижелік нышандардың өзгеруіне әсер ететін нышандар.
Нәтижелік нышандар – факторлық нышандардың әсерімен өзгеретін нышандар. Факторлық нышандардың рөлі артуымен және олардың әсерінен нәтижелік нышандар да өзгереді.
Аналитикалық топтаудың ерекшелігі сол, жиынтықтың бірліктері факторлық нышандар бойынша топталады, ал топтық орталардың мәні нәтижелік нышандар бойынша есептеледі. Аналитикалық топтауды жасағанда негізгі міндет зерттелетін жиынтықтағы байқаудың бірліктерін бөлетін топтардың санын таңдау мен олардың шекарасын анықтау болып табылады. (4 – кесте).
4– кесте Құрылыс ұйымдарын құрылыс – құрастыру жұмыстарының көлемі бойынша топтау
Жұмыстардың
көлемі бойынша құрылыс ұйымдары, млн.теңге
|
Ұйымдар саны
|
Құрылыс – құрастыру жұмыстарының көлемі, млн теңге
|
Жұмысшылардың саны, адамдар
|
Барлығы
|
орташа бір ұйымға
|
Барлығы
|
орташа бір ұйымға
|
2,5 - дейін
|
5
|
6,2
|
1,24
|
250
|
50
|
2,5 – 5,0
|
10
|
20,4
|
2,04
|
650
|
65
|
5,0 – 7,5
|
10
|
35,8
|
3,58
|
780
|
78
|
7,5 – 10,0
|
20
|
85,7
|
4,29
|
2200
|
110
|
10,0 – 12,5
|
22
|
99,2
|
4,51
|
2640
|
120
|
Барлығы
|
67
|
247,3
|
3,69
|
6520
|
97
|
(Сандар шартты)
Топтар бір нышан бойынша жинақталған топтауды қарапайым деп атайды.
Комбинациялық (күрделі) топтау дегеніміз жиынтықтың топтарға бөлу екі немесе одан да көп нышандар бойынша жүзеге асырылады. Күрделі топтау жиынтықтың бірліктерін бірнеше нышандар бойынша бірден зерттеуге мүмкіндік береді. Күрделі топтау күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды зерттегенде қолданылады. (5 - кесте).
5 –кесте Банктік қарыздарды сату және орташа пайыздың мөлшері бойынша қор нарығының эмитенттерін бөлу
Топтың саны
|
Банктік қарыздың мөлшері бойынша эмитенттер саны, млн.теңге
|
Орташа пайыздың мөлшері бойынша эмитенттердің топтары
|
Эмитенттердің саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
120
|
100 – 120
120 – 140
|
18
2
|
|
Барлығы
|
20
|
2
|
1850 - 3580
|
100 – 120
120 - 140
|
5
4
|
|
Барлығы
|
9
|
3
|
3580 - 5310
|
100 -120
120 - 140
|
6
5
|
|
Барлығы
|
11
|
Топтар бойынша барлығы
|
100 – 120
120 - 140
|
29
11
|
Барлығы
|
40
|
(сандар шарты)
3.3 Топтауды жасаудың қағидалары
Статистикалық топтауды жасау келесі міндеттерді шешуден тұрады:
- Топтау нышанын таңдау;
- Зерттелетін жиынтықты бөлетін топтардың санын анықтау және топтаудың шекарасын белгілеу;
- Қорытынды кезеңде әрбір топтаудағы топты сипаттайтын нақты көрсеткіштер немесе олардың жүйесін анықтау қажет.
Топтау нышанын таңдау статистикалық топтау теориясындағы күрделі мәселелердің бірі.
Топтау нышаны - жиынтықтың бірліктерін жеке топтарға бөлуге негіз болып табылады. Топтау нышаның дәлдігінің деңгейі статистикалық зерттеудің қортындысының дұрыстығына әсер етеді.
Топтаудың негізіне сандық, сондай - ақ атрибутикалық нышандар жатады.
Сандық нышандар - сандық сипатта (мысалы, шығарылатын өнімнің көлемі, адамның жасы, жанұяның саны).
Атрибутикалық нышандар - жиынтықтың бірліктерінің сапалық сипатын береді. (мысалы, жанұялық жағдай, жыныс, меншік қазыбы).
Топтауды атрибутикалық нышан бойынша жасағанда градацияны дәл анықтау қажет.
Градация зерттелетін құбылыстар мен процестердің қандай типке жататынын көрсетеді.
Бөлінген топтар бір - бірінен сандық емес сапалық сипаттамалар бойынша ерекшеленуі қажет. Зерттелетін жиынтық бөлінетін топтардың саны атрибутикалық нышаның градациясының санына байланысты.
Мысалы,халықты жынысы бойынша топтауда жасағанда зерттелетін құбылыстың экономикалық немесе әлеуметтік мәнін терең зерттеу қажет. Топтың саны зерттеудің міндетіне және көрсеткіштердің түріне, жиынтықтың көлеміне, топтау нышанының вариациялығына байланысты.
Статистикалық зерттеуді жүргізгенде топтың санын дұрыс анықтау қажет. Сондықтан әрбір нақты жағдайда топтың саны нышаның вариациясының дәрежесін, обьектінің ерекшеліктерін, зерттеудің мақсаты мен міндетін ескеру қажет.
Тәжірбие жүзінде топтардың санын анықтауға Стерджесс формуласы қолданылады:
n=1+3,222*LgN
мұндағы: n - топтардың саны;
N - жиынтықтағы бірліктер саны.
Топтардың саны анықталғыннан кейін топтаудың интервалы анықталады. Топтаудың интервалы - белгілі бір топтардың шеңберінде жатқан вариацияланатын нышанның мәнінің интервалы. Әрбір интервалдың ұзындығы (ені), жоғарғы мен төменгі шекаралары бар.
Интервалдың төменгі шекарасы - интервалдағы нышанның ең аз мәні, ал интервалдың жоғарғы - шекарасы оның ең жоғарғы мәні.
Интервалдың ені - төмен және жоғарғы шекарасының айырмашылығы.
Топтаудың интервалы еніне байланысты тең және тең емес болып бөлінеді. Ал, тең емес интервалдар прогрессивтің өсетін, прогрессивті кемитін, маманданған және еркін болып бөлінеді.
Егер нышанның вариациясы тар шекараларда көрінсе және бөлу бірқалыпты сипатта болса онда топтау тең интервалмен жасалынады.
Тең интервалдың шамасы келесі формуламен есептеледі:
h =
мұндағы Xmax, Xmin - жиынтықтағы нышанның максималды және минималды мәні; n - топтардың саны.
Осы формуламен есептелген шама интервалдың адамы деп аталады.
6– кесте Коммерциялық банктердің іс әрекетінің негізгі көрсеткіштері, (мың теңге)
Банктердің нөмері
|
Капиталы
|
Активтері
|
Жарғылық қор
|
1
|
20710
|
11706
|
2351
|
2
|
19492
|
19850
|
17469
|
3
|
9273
|
2556
|
2626
|
4
|
59256
|
43587
|
2100
|
5
|
24654
|
29007
|
23100
|
6
|
47719
|
98468
|
18684
|
7
|
24236
|
25595
|
5265
|
8
|
7782
|
6154
|
2227
|
9
|
38290
|
79794
|
6799
|
10
|
10276
|
10099
|
3484
|
11
|
35662
|
30005
|
13594
|
12
|
20702
|
21165
|
8973
|
13
|
8153
|
16663
|
2245
|
14
|
10215
|
9115
|
9063
|
15
|
23459
|
31717
|
3572
|
16
|
55848
|
54435
|
7401
|
17
|
10344
|
21430
|
4266
|
18
|
16651
|
41119
|
5121
|
19
|
15762
|
29771
|
9998
|
20
|
6753
|
10857
|
2973
|
21
|
22421
|
53445
|
3415
|
22
|
13614
|
22625
|
4778
|
23
|
9870
|
11744
|
5029
|
24
|
24019
|
27333
|
6110
|
25
|
22969
|
70229
|
5961
|
26
|
75076
|
12404
|
17218
|
27
|
56200
|
90367
|
20454
|
28
|
60653
|
101714
|
10700
|
29
|
14813
|
18245
|
2950
|
30
|
41514
|
127732
|
12092
|
Сандар шартты
Топтаудың интервалы жабық және ашық болып бөлінеді. Жабық интервалда төменгі және жоғарғы шекарлар көрсетеледі. Ашық интервалда тек бір шекарасы көрсетіледі.
Егер жиынтықтағы нышанның вариация үлкен және нышанның мәні бірқалыпты ырғалса, онда тең емес интервалмен топтауды қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |