Мазмұны Экономикалық талдаудың мәні, міндеттері мен принциптері



жүктеу 65,04 Kb.
бет1/4
Дата21.02.2022
өлшемі65,04 Kb.
#37571
  1   2   3   4
1. Экономикалық талдау мәні мен міндеттері.


Дәріс 1 - Экономикалық талдау мәні және міндеті
Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу, пәні мен әдістерін, зерттеу объектісін қарастыру.
Мазмұны

  1. Экономикалық талдаудың мәні, міндеттері мен принциптері

  2. Экономикалық талдау түрлері

  3. Экономикалық талдау әдістері.


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік –экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.

Талдау (грек сөзінен «analysis») – бұл зерттеліп отырған объектіні бөлімдерге, элементтерге әртүрлі факторлар әсерінен өзгеру бағытын анықтау мақсатында бөлшектеу.



1. Экономикалық талдау пәнінің зерртеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және принциптердің себепті-салдарлы қатынастары табылады.

Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептелінеді. Өнеркәсіп кәсіпорында талдау объектілерін өнім өндіру мен өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын функцияларымен айқындалады.

Біріншіден, бұл функциялардың бірі – экономикалық заңдардың іске асу сипатын зерттеу, кәсіпоорын жағдайында экономикалық процестермен құбылыстардың тенденцияларын орнату.

Екіншіден, талдау функциясы болып ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу есептеледі.

Үшіншіден, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.

Төртіншіден, жоспарды орындау барысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.

Бесіншіден, шаруашылық қызмет процесінде айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар белгілеу.



  1. Экономикалық құбылыстар мен процестерді, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалауда талдау мемлекеттік әдіске негізделуі керек. Яғни, экономикалық өмірдің белгілі жақтарын бағалай отырып, олардың мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатқа және заңдылыққа сәйкестігін есепке алып отыруымыз қажет.

  2. Талдау ғылыми сипатта жүргізілуі қажет, яғни өндіріс дамуында экономикалық заңдар талаптары ескерілуі қажет, ғылым-техникалық прогресс жетістіктерін, экономикалық зерттеулердің жаңа әдістерін пайдалану керек.

  3. Талдау кешенді болуы қажет. Зерттеудің кешенділігі кәсіпорын экономикасында қызметтің барлық тарауларын қамтуды талап етеді.

  4. Талдау жасауда жүйелілікті қамтамасыз ету керек. Әрбір объектіні зерттеу оның ішкі және сыртқа қарым-қатынастарын ескере отырылып жүргізілуі қажет.

  5. Шаруашылық қызметті талдау объективті, анық, дәл болуы керек. Ол тексерілген, нақты, объективті шындықты айқындайтын мәліметке негізделуі қажет, ал оның қорытындылары аналитикалық есептермен негізделуі тиіс.

  6. Талдау кәсіпорын қызметіне, өндіріс нәтижелеріне өз әсерін тигізіп отыру қажет. Бұл жерде уақытылы жұмыстардың кемшіліктерін айқындалып, олармен кәсіпорын басшылығын таныстыру керек.

  7. Талдау жоспар бойынша жүргізілуі тиіс.Талдау оперативті болуы қажет. Оперативтілік деп отырғанымыз – бұл тез және оның талдау жасау, басқару шешімдерін қабылдау және оларды іске асыру. Талдау нәтижелі болуы тиіс.

Сонымен, әртүрлі деңгейдегі шаруашылық қызметіне талдау жүргізуде осы принциптерді басшылыққа алу қажет.

2. Экономикалық талдау түрлері. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі (сурет 1.1.)

Сурет 1.1 - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау

Экономикалық басқарудың негізгі функциялары:


  • басқаруды ұйымдастыру;

  • жоспарлау (экономикалық жүйені болашақта және ағымды жоспарлау, болжамдау);

  • талдау (экономикалық қызмет барысын және нәтижелерін талдау, ғылыми негізделген критерийлер негізінде оның жетілдіру мүмкіндіктерін бағалау);

  • басқарудың мәліметтік қамсыздандыру (экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу);

  • бақылау (басқару шешімдері мен бизнес-жоспарлардың орындалу барысын бақылау).

Талдау бойынша барлық жұмыстар функционалды болып саналады. Оларға келесі функциялар жатады:

  • басқаруды ұйымдастыру функциялары;

  • жоспарлау функциялары;

  • бақылау функциялары.

Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты (кесте 1.1.).

Кесте 1.1- Кәсіпорынның экономикалық талдау бағыты




жүктеу 65,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау