Статистикалыќ мјлімметтерді кґрнекті кґрсету


Жоспарды орындаудың және динамиканың жоспарлы тапсырманың салыстырмалы көрсеткіштері өзара байланысты



жүктеу 9,59 Mb.
бет10/83
Дата22.05.2018
өлшемі9,59 Mb.
#16264
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83

Жоспарды орындаудың және динамиканың жоспарлы тапсырманың салыстырмалы көрсеткіштері өзара байланысты:

ОППЗ * ОПВП = ОПД (11)

Төрт кәсіпорын бойынша және барлығы бойынша салыстырмалы көрсеткіштерінің есебін көрсетеміз (кесте 21).

21 - кесте Жоспарды орындаудың және динамиканың жоспарлы тапсырманың салыстырмалы көрсеткіштері есепті шамалары


№ п/п

ОППЗ

ОПВП

ОПД

1

2238/2213 = 1,011 (101,1%)

2346/2238 = 1,048 (104,8%)

2346/2213 = 1,060 (106%)

2

3247/3235 =1,004 (100,4%)

3565/3247 = 1,098 (109,8%)

3565/3235 = 1,102 (110,2%)

3

4270/4164 = 1,025 (102,5%)

4322/4270 = 1,012 (101,2%)

4322/4164 = 1,038 (103,8%)

4

5145/4701 = 1,094 (109,4%)

5424/5145 = 1,054 (105,4%)

5424/4701 = 1,154 (115,4%)

5

14900/14313 = 1,041 (104,1%)

15657/14900 = 1,051 (105,1%)

15657/14313 = 1,094 (109,4%)

Формула 11- пайдаланып, есептеулердің дәлдігін тексереміз.

Есептелген көрсеткіштердің негізінде келесі қорытынды жасауға болады:

Есепті периодта өңделген өнімнің көлемін мәйектік периодта жеткен көлеммен салыстырғанда бірінші кәсіпорында 1,1%, екіншіде 0,4%, үшіншіде 2,5%,төртіншіде 9,4% арттыруға жоспарланды. Өнімді өңдеу көлемі бойынша нақты жоспарлы тапсырма №1 кәсіпорында 4,8%, №2 кәсіпорында 9,8%, №3 кәсіпорында 1,2%, №4 кәсіпорында 15,4% артық орындалды.

Есепті периодта өңделген өнімнің көлемі мәйектік периодпен салыстырғанда №1 кәсіпорында 6%, №2 кәсіпорында 10,2%, №3 кәсіпорында 3,8%, №4 кәсіпорында 15,4% өсті.

Жалпы барлық кәсіпорындар бойынша мәйектік периодта жеткен көлеммен салыстырғанда РП көлемін 4,1% арттыруғы жоспарланды. Өнімді өңдеу көлемі бойынша нақты жоспарлы тапсырма 5,1% артық орындалды. Өнімді өңдеу динамикасы есепті периодта РП көлемі мәйекті периодпен салыстырғанда 9,4% артқанын көрсетеді.



Тапсырма 3

22– кесте Металургиялық зауытпен шойынды қорыту келесі мәліметтермен сипатталады:



Шойын түрі

Қорыту көлемі, т

Қайта есептеу коэффиценті

мәйектік кезең

жоспарлы тапсырма

есепті кезең

Қайта жөндеу

122000

125000

131500

1,00

Құйма

80000

83000

84000

1,15

Айналы

65000

70000

72000

1,50

Тапсырма: 1) Шартты шойынды қорытудың жалпы көлемін анықтаңыз;

2) Шойынды қорытудың жалпы көлемі бойынша жоспарды орындау пайызын есептеңіз.



Тапсырманы орындау әдістемесі

  1. Қайта есептеу коэффицентін пайдаланып, шойынды қорытудың жалпы көлемін табамыз. (Ол үшін әр период бойынша бөлек шойын түрінің көрсеткіштерін сәйкес коэффицентке көбейтеміз, кейін шыққан мәндерді периодтар бойынша қосамыз.)

  2. Сәйкес формула бойынша ОПВП есептеуін жасаймыз;

  3. Қорытынды жасаймыз.

Қайта есептеу коэффицентін пайдаланып, есеп 3 бойынша шартты шойынның қорыту көлемін анықтаймыз (Кесте 23):


23 - кесте Шартты шойынның қорыту көлемі

Шойын түрі

Қорыту көлемі, т

мәйектік кезең

жоспарлы тапсырма

есепті кезең

Қайта жөндеу

122000

125000

131500

Құйма

92000

95450

96600

Айналы

97500

105000

108000

Барлығы

311500

325450

336100

Формула 10 пайдаланып, ОПВП анықтаймыз.

ОПВП = 336100 / 325450 = 1,033 немесе 103,3%



Қорытынды: Есепті шығару барысында шартты шойынның қорыту жалпы көлемін анықтадық. Ол мәйектік периодта 311500 т., есепті периодта 366100 т., жоспар бойынша 325450 т. құрады. Сонымен қатар нақты жоспарлы тапсырма шойынды қорыту көлемі бойынша 3,3% артық жасалғанын көрсететін ОПВП есептедік.

Тапсырма 4 ҚР Агенствосының мәліметтері бойынша статистика бойынша 2002 ж. туғандардың саны туралы мәліметтер бар.

Туғандар саны

Жыл

Барлығы

соның ішінде

қала

ауыл

2002

10235

5034

5201

Орташа жылдық саны (мың адам): барлық тұрғындар – 927,3; соның ішінде: қалада 500,1; ауылда 427,2.

Тапсырма: 1. ҚР бойынша жалпы туу коэффицентін есептеу;

2. Ауыл тұрғындарының 100 адамына қалада туғандардың санынан қаншасы келетінін анықтау.


Тапсырманы орындау әдістемесі есеп 1 орындау әдістемесіне ұқсас

Біздің мысалда туғандар санының жылда орташа 1000 адамға орташа тізімнің қатынасымен есептелетін туу коэффицентін табу керек.



Kp = * 1000 (11)

мұндағы, Р - жылда орташа 1000 адамға туғандар саны

S – тұрғындардың орташа жылдық саны

Сонымен қатар тапсырма 2 бойынша жиынтықтың бір бөлігінің сол жиынтықтың екінші бөлігіне қатынасы болып табылатын,координацияның салыстырмалы көрсеткішін (ОПК) анықтау қажет.



ОПК = * 100 (12)

Құрылымның қатысты шамаларын айырбастап алмау керек !

ОПК жиынтықтардың бөліктерінің өзара қатынасын сипаттайды, жиынтықтың жеке бөліктері арасында қажетті салыстырымдардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, берілген бөлім мәйектіктіктен неше есе үлкен, немесе одан қанша есе құрайды, немесе берілген құрылымдық бөлімнің қанша бірлігі мәйектік құрылымдық бөлімінің 1 бірлігіне келеді (кейде 100,1000-ға )

11, 12 формулалары бойынша анықталған көрсеткіштерді есептейміз.

К р = 10235/927300 * 100 = 11%

яғни орташа есеппен РК бойынша 1 жылжа 1000 адамға 11 бала туды.

ОПК = 5034/5201 * 100 = 97



яғни қалада туғандардың 97 ауыл тұрғындарының 100 адамына келеді.

Тапсырма 5. Өткен жылда 1 кг өнімнің іс жүзінде өзіндік құны завод бойынша 54 теңге құрады. Ағымдағы жылда завод 1 кг өнімнің өндірісін 52 теңгеге төмендетуді жоспарлайды. Заводтың салыстырмалы көрсеткішіне деген ниетін көрсетіндер. Салыстырмалы көрсеткіштің қай түріне олар жатады?

Шешім: Жоспарлайтын көрсеткіш пен іс жүзіндегі қолжетерлік нәтижиенің салыстыруы көрсеткіштің жоспарлы тапсырмасына жатады. Біздің жағдайымызда өндірістің өзіндік құны 1 кг өнімнің 54 тен 52 теңгеге қысқартылуы мынаны көрсетеді, яғни өзіндік құн 3,7% қысқартылады. 100-52/54*100

Тапсырма 6. Ағымдағы жылда орта есеппен алғанда 680қызметкер бар, завод басшылығы өнімді 17 млн.теңгеге шығаруды жоспарлады, іс жүзінде осы жылда завод өнімді 18,56 млн.теңгеге шығарды, жәнеде қызметкерлер саны 673 адам болды. Заводта көрсеткіштің орындалу жоспарын: а) өнімнің шығуы; б) қызметкерлер саны; еңбектің өнімділігі бойынша анықтандар.

Шешім: Есептеу арқылы алған нәтижиені кестеден көреміз:

Көрсеткіштр

Жоспарлы

Іс жүзінде

Өсудің қарқындылығы

Өнімнің шығарылуы, млн.теңге

17,00

18,56

109,2

Қызметкерлер саны

680

673

99,0

Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам

25,0

27,6

110,3

Тапсырма 7. Төмендегі мәліметтер бойынша салыстырмалы шаманың құрылым шығынын 1995, 2000, 2005 жылдарындағы ҚР бюджеті бойынша есептендер.

Шығын бөлімі

1995ж

2000 ж

2005ж

Барлығы, оның ішінде:

150,1

208,1

263,8

Ұлттық шаруашылыққа

74,6

111,6

151,4

Әлеуметтік- мәдени шара және ғылымға

55,9

77,1

92,8

Қорғанысқа

17,9

17,4

17,2

Басқармаға

1,7

2,0

2,4

ҚР бюджетінің құрамындағы қандай ілгері жылжулар анықталады.

Шешім: Көрсеткіш құрылымының есептеу нәтижиелері кестеде келтірілген:

Шығын бөлімі

1970 ж

1975 ж

1980 ж

Барлығы, оның ішінде:

100,0

100,0

100,0

Ұлттық шаруашылыққа

49,7

53,6

57,4

әлеуметтік-мәдени шара және ғылымға

37,2

37,05

35,3

Қорғанысқа

11,93

8,4

6,5

Басқармаға

1,13

0,96

0,91

Кестеде көргеніміздей, бюджет шығынының бөлігі ұлттық шаруашылықта 10 жылда артты. Осы уақытта сыбағалы салмақ басқа бөлімдер бойынша азайтылды. Әсіресе айтарлықтай қорғаныс шығындары кішірейтілді.

Тапсырма 8. Заводта белгілі бір жағдай бойынша ағымдағы жылдың басында тізімде жұмысшылар саны – 2100, ал әкімшілік-басқармалық қызметкерлер саны – 150.

Заводта қызметкерлер саны мен әкімшіл-басқармалық қызметкерлердің саны арасындағы арақатынасты есепте. Салыстырмалы көрсеткіштің есеп айырысуы қалай аталады.



Шешім: Екі бүтін бөліктің арақатынасы үйлестіру көрсеткіші болып есептелінеді. Бұл жағдайда ол 2100:150=14 болады.

Тапсырма 9. Орта жылдық аудандағы халық саны өткен жылда 31550 адамды құрады. Аудан көлемі 997 кв.км. АХАТ ұйымы өткен жылда 495 бала тууын тіркеді.

Анықтандар: а) аудан тұрғындарының тығыздығын; б) туу коэффициентін (орта жылдық санақ бойынша 1000 адамға). Салыстырмалы шаманың қай түріне бұл көрсеткіш жатады?



Шешім: Бастапқы мәлімет пен көрсеткішті кестеден көрсетеміз:

Көрсеткіш

Мәліметтер

Аудан тұрғындарының саны, адам

31550

Аудан көлемі кв.км

997

Жылда тууылған бала саны, адам

495

Аудан тұрғындарының тығыздығы, адам/кв.км

31,6

Туу коэффициенті, промилле

15,7

Берілген көрсеткіштер қарқынды даму көрсеткішіне жатады.

Тапсырма 10. Келесі жеке мөлшерлі өнім түрлері өндіріледі (мың т): шаруаш.сабыны 60%-дық – 30,0, шаруаш.сабыны 40%-дық – 40,0, дәретханалық – 25,0, кіржуғыш ұнтақ – 15,0.

Жалпы өндіріс көлемін шартты бірлік бойынша және қайта есептеу коэффициенті бойынша шаруаш.сабыны 60% - 1,75, 40% - 1, дәретханалық – 1,75, кіржуғыш ұнтақ – 0,5 тап.



Шешім: Өндірістің көлемін шартты бірлік бойынша қайта есептеу үшін өндірістің көлемін яғни өнімнің әрбір түрін сәйкес коэффициентке көбейтіп, содан кейін тапқан шешімді қосу қажет.

Келесі кестеде бастапқы мәлімет пен есеп айырысу белгілері:



Өнімнің атауы

Мың т.

Коэф.

Шартты мың т.

Шаруаш.сабыны 60%

30,0

1,75

52,50

Шаруаш.сабыны 40%

40,0

1,00

40,00

Дәретханалық сабыны

25,0

1,75

43,75

Кіржуғыш ұнтақ

15,0

0,50

7,50

Өндіріс көлемінің барлығы

110,0

110,0

143,75

Бұл жерде біз өндіріс көлемін шартты бірліктегі есеп айырусыз келтірдік. Көлемнің бағасын жүк тасымалдау үшін олар мүддесін өкілдік етеді. Ал есеп айырысу шартты бірлікте өндірілген кіржуғыш құралдарын шаруаш.сабын 40% есеп айырысуға яғни бағалауға мүмкіндік береді.

Тапсырма 11. Завод басшылығы келесі жылы өндіріс көлемін 5%-ға ұлғайтуды жоспарлады. Іс жүзіндегі өсім 7% құрады.

Жылдық өсім жоспары мен өнімнің шығарылуының салыстырмалы шамасын анықтандар.



Шешім: Бағаның орындалуына өнімнің өсім жоспарына тиіс іс жүзіндегі өсімді жоспарлы өсімге бөлу қажет (7:5). Есеп айырысу үшін өнімнің шығарылу жоспарына тиіс іс жүзіндегі көлемді жоспарлаған көлеміне қатыстыру керек (107:105). Бастапқы мәлімет пен есеп айырысуды кестеде келтіреміз:

Көрсеткіштер

Мағынасы

Өнімнің өсім жоспары, %

5,0

Іс жүзіндегі өнімнің жоспары,%

7,0

Өнімнің өсім жоспарының орындалуы, %

140,0

Өнімнің шығарылу жоспарының орындалуы, %

101,9

Тапсырма 12. Кәсіпорында жылдың басында 3120 жұмысшылармен 285 инженерлік-техникалық жұмысшылар болды (ИТР). Жыл бойында 192 жұмысшы жұмыстан шықты және 16 ИТР, ал жұмысқа 56 жұмысшы және 41 ИТР алынды. Жылдың басы мен соның, яғни жұмысшылар мен ИТР арасындағы сипаттайтын қатыстыққа байланысты салыстырмалы шаманы анықтандар.

Шешім: Жұұмысшылар мен ИТР (үйлестіру көрсеткіші) санының қатыстығы жыл басында 3120:285=10,9. Берілген көрсеткішті анықтау үшін жылдың соныңа баланстық есеп айырысуды орындау керек, сондай-ақ жұмысшылар мен ИТР санына жылдың басында жұмыстан шығарылғандарды алып тастап, келгендерді қосу керек. Бастапқы мәлімет пен есеп айырысуды кестеде көрсетеміз.

Көрсеткіштер

Жылдың жасында

Шығарылғандар

Келгендер

Жылдың соныңда

Жұмысшылар саны

3120

192

56

2984

ИТР саны

235

16

41

310

Жұмысшылар мен ИТР санының қатыстығы

10,9







9,6


Бақылау сұрақтары

  1. Нақты шамалардың түсінігі, оларды түрлері, өолшем бірліктері.

  2. Қатысты шамалардың түсінігі, түрлері.

  3. Статистикалық график дегеніміз не?

  4. Статистикалық графиктің элементтеріне не жатады?

  5. График түрлері.


Есептер және жаттығулар

1. Өткен жылғы кәсіпорынның еңбек өндірісі 1500 мың теңге құрады. Ал осы жылы өндіріс еңбек өнімін 4% арттырып бағаны салыстырмақ

Өндіріс өнімін 1 жұмыскерге деген қолданыстағы бағада жоспарлау деңгейін анықтандар, егер өнімге деген орташа жылдық баға өсімі 10% деңгейінде күтілсе.



2. Фирма басшысы осы жылда өнімді 35 млн. теңгеге шығаруға жоспарлады, оның шығару шығыны 20 млн.теңге құрады. Бірақ кәсіпорын осы жылда 36 млн.теңгеге өнім шығарды, оны шығару шығыны 21 млн.теңге болды.

Заводтағы жоспарды орындау көрсеткіштерін анықтандар : а) өнімді шығару; б) өнім өндірудің шығының; в) өнім пайдасын (өндіріске пайданың шығынға деген қатынасын, %)



4. Дүниежүзілік адамзат дамуының есеп беру дерегі бойынша 2005 ж ВВП өндіріс көлемі тұрғындардың жан басына Ресейде 8230 долл.құрады. АҚШ бұл сатып алу тепе-теңдігінің қабілеті. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 5870 долл.деңгейінде болды. Ресей мен Қазақстан арасындағы тұрғындардың жан басына шаққандағы өндіріс көлемін есептендер? Есептен шығарылған салыстырмалы көрсеткіш қалай аталады?

5. Респубикада тұрғындардың орташа жылдық сандық құрамы 2004 жылы 15013,0 мың адам құрады. Республика ауданы 2724,9 мың кв.км. АХАТ ұйымында 1 жыл ішінде 273,0 мың бала тууы мен 152,3 мың өлімі тіркелген.

Анықтандар: а) Республика тұрғындарының тығыздығын; б) туу және өлу ықтималдығын (1000 тұрғынға).

Салыстырмалы шаманың қандай түріне бұл көрсеткіштер жататыны анықта.

6. Кондитерлік фабрика бір ай ішінде келесі жеке мөлшерлі өнім түрі мен көлемін өндіреді (мың т): шоколад – 10, шоколадные конфеты с ачинкой – 30, карамель – 50, мармелад – 40. Кондитерлік бұйымдардың жалпы өндіріс көлемін шартты бірлік бойынша анықта, бірлік орнына шоколадные конфеты с начинкой өнімін ал, ал өнімнің қалған түрлерін қайта есептеу коэффициенті бойынша шоколад – 1,5 карамель – 0,6, мармелад – 0,5.

7. Қазақстанда 2010 жылды 2000 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнімді екі еселендіруді қамтамасыз ету орташа жылдық қарқыны жалпы ішкі өнімнің өсуі 7,2% құрауы тиісті. Жалпы ішкі өнімнің өсуі Республикада 2004 жылы 9,6% құрады. Жылдық жоспардағы жалпы ішкі өнімнің өсуін салыстырмалы шамада орындалуын анықтандар, сонымен қатар, жоспарланғанмен салыстырғандағы арту факторлық көлемін тап.

8. Негізгі қаражаттың құны жыл басында өндірісте 350 млн.теңге құрады, ал жұмыспен қамтылғандар саны – 100 адам болды. Жыл басында негізгі қаражаттан 35 млн.теңге жұмсалды және 85 млн.теңгеге жанасы енгізілді. Жұмыспен қамтылған адам саны – 8-ге өсті. Жыл басы мен соның салыстырғандағы қормен жарақтандыру қалай өзгергенін анықтандар (негізгі қаражат құны мен жұмыспен қамтылғандардың қатынасы).

Қормен жарақтандыру салыстырмалы шаманың қандай түріне жатады? Салыстырмалы шаманың қандай түріне өзіндік құн жатады?

жатады?

9. Өткен жылғы кәсіпорынның еңбек өндірісі 1500 мың теңге құрады. Ал осы жылы өндіріс еңбек өнімін 4% арттырып бағаны салыстырмақ

Өндіріс өнімін 1 жұмыскерге деген қолданыстағы бағада жоспарлау деңгейін анықтандар, егер өнімге деген орташа жылдық баға өсімі 10% деңгейінде күтілсе.



10. Фирма басшысы осы жылда өнімді 35 млн.теңгеге шығаруға жоспарлады., оның шығару шығыны 20 млн.теңге құрады. Бірақ кәсіпорын осы жылда 36 млн.теңгеге өнім шығарды, оны шығару шығыны 21 млн.теңге болды. Заводтағы жоспарды орындау көрсеткіштерін анықтандар : а) өнімді шығару; б) өнім өндірудің шығының; в) өнім пайдасын (өндіріске пайданың шығынға деген қатынасын, %)

11. Төмендегі келтірілген мәліметтер бойынша ҚР бюджеті салыстырмалы шамадағы құрылым шартының есептеңдер.


Шығын бөлімі

1995 ж

1999 ж

2003 ж

Барлық шығын, оның ішінде:

260,2

468,4

1068,4

Мемлекеттік қызметтің жалпы сипатына

10,1

28,9

65,3

Қорғануға

10,8

17,2

47,5

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке

17,5

32,5

91,6

Білімге

45,8

78,5

149,0

әлеуметтік қамтамасыздандыру мен әлеуметтік көмекке

7,8

159,1

239,2

Мәдениетке, спорт және ақпараттық кеңістікке

6,9

12,2

239,2

Денсаулық сақтауға

30,0

44,8

89,8

ҚР бюджетінің құрамында қандай іргелулер болғаның анықтандар.
Өзін-өзі тексеруге арналған тест

1. Құбылыстың абсолютті өлшемі деп қалай түсінеді?

А) бұл, басқа құбылыстың өлшеміне байланысты, бөлек алынған оның шамасы;

В) бұл, берілген құбылыс шамасының басқа бір құбылыстың щамасымен немесе басқа бір жерден, не басқа уақыт ішінде алынған өзінің құбылыс шамасымен арақатынасы;

С) қандай да бір құбылыстардың шама айырымы;

D) бұл, басқа құбылыстардың өлшеміне байланысты емес бөлек алынған оның шамасы (уақыт пен орынның нақтылы жағдайында);

Е) бұл модуль бойынша алынған қандай да бір құбылыстардың айырымы (яғни, оның абсолютті шамасы алынады).
2. Құбылыстың салыстырмалы өлшемі деп қалай түсінеді?

А) бұл, басқа құбылыстың өлшеміне байланысты, бөлек алынған оның шамасы;

В) бұл, берілген құбылыс шамасының басқа бір құбылыстың щамасымен немесе басқа бір жерден, не басқа уақыт ішінде алынған өзінің құбылыс шамасымен арақатынасы;

С) қандай да бір құбылыстардың шама айырымы;

D) бұл, басқа құбылыстардың өлшеміне байланысты емес бөлек алынған оның шамасы (уақыт пен орынның нақтылы жағдайында);

Е) бұл модуль бойынша алынған қандай да бір құбылыстардың айырымы (яғни, оның абсолютті шамасы алынады).
3. Абсолютті шама түрлерін көрсетіңіз?

А) дербес, дербес емес, жарым-жартылай;

В) топталған, жеке, жалпылай;

С) жеке, жалпы, тұтас;

D) дербес, топталған, жалпы;

Е) бүтін, бөлшектенген, комбинациялы.
4. Бүкіл жиынтықтың бірлік санын немесе берілген жиынтықтың бәрінен бірдей алынған бірліктердің осы не болмаса басқа белгінің өлшемін көрсететін қандай шама?

А) дербес;

В) топталған;

С) жалпы;

D) тұтас;

Е) комбинациялы.
5. Абсолютті көрсеткіштер бөлінеді:

А) мезетті және аралықты;

В) жалпы және жеке;

С) дискретті және аралықты;

D) модальді және медианалы (орта шама);

Е) бір мезетті және көп мезетті.
6. Қала (облыс, өңір, ел) тұрғындарының үлесін көрсетіп тұратын салыстырмалы шаманы қалай есептеуге болады?

А) жалпы тұрғындар санынан ауыл тұрғындарының санын есептеп шығару;

В) ауыл тұрғындарының санын жалпы тұрғындарының санына бөлу;

С) жалпы тұрғындар санын қала тұрғындарының санына бөлу;

D) қала тұрғындарының санын жалпы тұрғындарының санына бөлу;

Е) жалпы тұрғындарының санын ауыл тұрғындарының санына бөлу
7. Салыстырмалы шаманы есептеу кезінде бұндай шаманы қалай атайды, яғни, онымен салыстыру жүргізілгенде?

А) негізгі шама, шаманы негіздеу немесе шаманың негізі;

В) ағымдағы, салыстырмалы немесе есепті шама;

С) негізгі салыстырмалы шама, салыстыру негізі немесе шаманың базисі;

D) ең басты оңтайлы шама, нормативті салыстыру базасы немесе нормативті базисті шама;

Е) салыстырмалы шаманың негіздемесі, салыстыру базасы немесе базисті шама.
8. Динамиканың салыстырмалы шамасы өзінен не құрайды?

А) көрсеткіштің салыстырмалы шамасының жоспарланған кезеңіне қабылдануы және жоспарланған кезеңде жетілуі немесе қандай да бір басқа салыстыру базасына қабылдануы;

В) өткен уақыттың деңгейіне қазіргі уақыт ішіндегі (жыл, тоқсан, ай және т.б.) көрсеткіш деңгейінің қатынасы (мағынасы);

С) фактіге негізделген және жоспарлы деңгейлі көрсеткіштердің арасындағы арақатынас;

D) бүтін және бөлшек бөлімнің арақатынасы;

Е) тұрғындардың игілігіне өнімнің әр түрлі түрлерінің өндіріс мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер.
9. Статистикада графикті қалай атайды?

А) нүктелердің шартты бейнеленуі;

В) сызықтардың шартты бейнеленуі;

С) фигуралардың шартты бейнеленуі;

D) сандық шаманың шартты бейнеленуі және олардың әртүрлі геометриялық түрі ретінде (нүкте, сызық, тегіс фигура және т.б.) арақатынасы;

Е) көлемді фигураларының шартты бейнеленуі.
10. Графиктің құрама бөлігін көрсетіңіз.

А) тақырып және сурет;

В) тақырып және графика;

С) тақырып, бастауыш, баяндауыш;

D) тақырып және легенда;

Е) графикалық бейне және көмекші элементтер.


жүктеу 9,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау