5-ТАҚЫРЫП:
Өзгерістерді зерттеу
Бұл тақырып қоғамдастықтардағы адамдардың
және олардың өзгерістер мен даму саласындағы
басымдықтарын қолдау үшін олармен жұмыс
істейтін практик-мамандарды оқытуға жәрдемдесуге
бағытталған.
Қоғамдастықты дамыту практикасы
5-НЕГІЗГІ САЛА:
Әлеуметтік өзгеріс енгізу үшін адамдар мен
ұйымдардың бірге оқуына қолдау көрсету.
Бұл негізгі салада көптеген пәндер бойынша жұмыс істейтін
қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-мамандары:
a. қатысушылар мен практик-мамандардың біріккен
әрекетінің және олардың қажеттіліктерін анықтау және
қанағаттандыру әдістерінің басты нүктесі ретінде тәжірибе,
білім мен дағдыларды қолдануды
b. тұлғалар мен топтардың қоғамдастықтарын дамыту жайлы
диалогтан көрінген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
оқу мүмкіндіктері мен қызметтерін әзірлеуді
c. ұжымдық оқыту мен қоғамдастықтың іс – әрекетін қолдау
үшін белсенді/эмпатикалық тыңдау, сондай-ақ жазбаша
және визуалды коммуникация, әлеуметтік медиа, кино
және баспа БАҚ және АКТ сияқты тиімді коммуникативтік
дағдыларды қолдануды
d. қоғамдастықты оқыту арқылы қоғамдастықты дамытудың
құндылықтары мен мақсаттарын көрсететін өзгерістерді
насихаттауды
e. қоғамдастықты дамытуға байланысты үкіметтік, үкіметтік
емес ұйымдардағы және жеке сектор ұйымдарындағы
қызметкерлердің оқуға қажеттілігін анықтау мақсатында
олармен әріптестік қарым-қатынасты қолдауды білетінін
көрсетеді
22
6-ТАҚЫРЫП:
Алуан түрлілік пен
инклюзивтілікті
Бұл тақырып практиканың негізгі аспектілері
ретінде әралуандықты мойындауға және
инклюзивтілікті қолдауға бағытталған.
Қоғамдастықты дамыту практикасы
6-НЕГІЗГІ САЛА:
Әралуандықты қолдайтын мойындап,
құрметтейтін және инклюзивтілікті
насихаттайтын практиканы, саясатты,
құрылымдар мен бағдарламаларды әзірлеу
және жүзеге асыру.
Бұл негізгі салада көптеген пәндер бойынша жұмыс істейтін
қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-мамандары:
a. Әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени және
экологиялық факторлар қоғамның түрлі топтарына, әсіресе
маргиналданған топтарға қалай әсер ететінін түсінетінін
b. Қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынас әдістерінің
инклюзивтілік пен әртүрлілікті насихаттауға және
құрметтеуге ықпал етуін қамтамасыз ете отырып, әртүрлі
және маргиналданған қоғамдастықтарда инклюзивті
тәсілдермен жұмыс істейтінін
c. Ығыстырылған қоғамдастықтарды іс-әрекетке тарту
дағдылары мен сенімділігін дамыту үшін топтарға қалай
қолдау көрсетуді білетінін
d. Қоғамдастықта және қоғамдық топтарда жұмыс істейтін
мекемелер арқылы кемсітушілікпен қалай күресуді
және іс-әрекеттерге толықтай және белсенді қатысудан
ығыстырылған немесе кемсітушілік көрген адамдарды қалай
қолдауды білетінін
e. Толыққанды қатысушылықты қамтамасыз ету үшін,
танымдық және іс-әрекеттің жергілікті тәсілдерін қоса
алғанда, әр түрлі дүниетанымдары мен пікірлері бар
адамдар үшін қауіпсіз кеңістік тудыра отырып мәдени
келісімді қалай көрсетуді білетінін
f. Инклюзивтік тәжірибелерді қабылдауда және әралуандықты
құрметтеуде мекемелер мен қоғамдастықтарға қалай қолдау
көрсету керектігін білетінін
g. Әлеуметтік инклюзивті саясатты, бағдарламалар мен
тәжірибені қалай әзірлеу және насихаттау керектігін
білетінін көрсетуі қажет
23
7-ТАҚЫРЫП:
Басшылық пен
инфрақұрылым
Бұл тақырып қоғамдастықтағы және
қоғамдастықпен бірге басшылықтың мүмкіндіктерін
кеңейтуге және қоғамдастықты дамыту мен тұрақты
әлеуметтік өзгеріс инфраструктурасын әзірлеуге
бағытталған.
Қоғамдастықты дамыту практикасы
7-НЕГІЗГІ САЛА:
Қоғамдастықты дамытудың ұйымдық
дамуы мен инфрақұрылымын қолдау және
оңтайландыру, басшылық мүмкіндіктерін
арттыруды насихаттау және қамтамасыз ету.
Бұл негізгі салада көптеген пәндер бойынша жұмыс істейтін
қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-мамандары:
a. топтарға оларды өз тәжірибесі мен саясатын, сондай-ақ
сыртқы мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдау үшін
қолдау көрсететінін
b. топтарға олардың өзінің болашақ тұрақтылығын жоспарлау
үшін, сондай-ақ өз мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу
үшін стратегиялық және бизнес-жоспарларды әзірлеу үшін
қолдау көрсететінін
c. коғамдастықтар ішіндегі есеп беретін және демократиялық
басшылық үшін мүмкіндіктерді дамытуды қолдайтынын
d. жеке және серіктес ұйымдар шеңберінде қоғамдастықты
дамытуды қолдау үшін ұйымдастыру құрылымдары,
мәдениет, саясат, тәжірибе және мінез-құлық бойынша
қалай ықпал ету және кеңес беру қажет екенін білетінін
e. саяси контексті және онымен байланысты мүмкіндіктерді,
одан туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді түсінетінін,
және қоғамдастықтар мен серіктестіктерді осындай
әрекетке ынталандыратынын және осы контекстегі
стратегиялар бойынша шешімдер қабылдауда оларға
қолдау көрсететінін
f. қоғамдастықтармен және қоғамдастықтарды тартуға
бағытталған серіктестіктермен жұмыс істеу үшін
басшылықтың демократиялық, қатысушылық және
инклюзивтік стильдерін қабылдауға жергілікті қауым
басшыларын ынталандыратынын
g. тиімді қоғамдастықтарды дамыту практикасын тарататын
жұмыс жүйелерін әзірлеуде ұйымдарға қолдау көрсететінін
24
Достарыңызбен бөлісу: |