Стандарттары


Біз қоғамдастықты дамыту саласындағы тәжірибеде



жүктеу 16,57 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата28.12.2019
өлшемі16,57 Mb.
#25356
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Біз қоғамдастықты дамыту саласындағы тәжірибеде 

жиі кездесетін сегіз тақырыпты анықтадық. Олар:

• 

Құндылықтарды практикада пайдалану



• 

Қоғамдастықтармен өзара әрекеттесу

• 

Бірігіп жоспарлауды қамтамасыз ету 



• 

Өзгерістерді ұйымдастыру

• 

Өзгерістерді зерттеу



• 

Алуан түрлілік пен инклюзивтілікті насихаттау

• 

Басшылық пен инфрақұрылымды қалыптастыру  



• 

Саясат пен практиканы әзірлеу және жетілдіру



1-сурет. Бүкіл әлемдегі қоғамдастықты дамыту 

практикасына ортақ тақырыптар

Бұл  сурет  тек  иллюстративті  және  бірінен  бірі  туындайтын 

сызықты  процесті  білдірмейді.  Осы  тақырыптардың 

әрқайсысының  арасында  кері  байланыстың  үздіксіз  циклі 

болады,  өйткені  қоғамдастықты  дамыту  саласындағы 

практик-маман  қоғамдастықтағы  адамдармен  және  осы 

қоғамдастықтарға әсер ететін көптеген мекемелермен және 

ұйымдармен жұмыс істейді.



Алуан түрлілік пен 

инклюзивтілікті 

Құндылықтарды 

практикада 

пайдалану

Саясат пен 

практиканы әзірлеу 

және жетілдіру

Қоғамдастықтармен 

өзара әрекеттесу

Басшылық пен 

инфрақұрылымды 

қалыптастыру 

Бірігіп 

жоспарлауды 

қамтамасыз ету

 

Өзгерістерді 

зерттеу

Өзгерістерді 

ұйымдастыру

 15



Бұл тақырыптардың әр қайсысы арасында үзілмес 

кері байланыс циклі болады, себебі қоғамдастықты 

дамыту практигі қоғамдастықтағы адамдармен және 

осы қоғамдастықтарға әсер ететін мекемелер мен 

ұйымдардаға адамдармен жұмыс жасайды.

Содан кейін біз кез келген кәсіппен айналысатын адамдар 

жүзеге асыратын қоғамдастықты дамыту практикасы 

тақырыптарының әрқайсысына байланысты маңызды 

салаларды анықтадық. Осыған орай, біз әрбір негізгі салалар 

бойынша практика көрсетуге тиіс аспектілер жайлы стандартты 

тұжырымдама жасадық. 

Бұл туралы келесі бөлімдерде айтылады.

Бұған дейін айтылғандай, кәсіби қоғамдастықты дамыту 

практикасы бірқатар кәсіби қызметтерді қамтиды. Нақты 

атқаратын рөлдер шеңберінде практик-мамандар басқаларға 

қарағанда кейбір тақырыптар мен жұмыс салаларына 

көбірек көңіл бөлетін болады және, мүмкін, барлық 

стандартты тұжырымдамаларға қатысты болатындай 

тәжірибе жасау мүмкіндігі немесе қажеттілігі болмайды. 

Дегенмен, қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-

мамандардың өз практикасының өзгеріс процестеріне қалайша 

қатысты екендігін, және қалай әрес ететінін білу үшін, 

барлық тақырыптардан, жұмыс салалары мен стандартты 

тұжырымдамалардан хабары болуы тиіс.

Қоғамдастықтар қабылдауға (және оң өзгерістерге қол 

жеткізу үшін пайдалануға) бел буған стратегиялар мен 

тактикалар әр түрлі саяси, экономикалық, экологиялық, 

әлеуметтік және мәдени жағдайлардың ықпалымен өзгереді. 

Бұл таңдауға қатсты қоғамдастықты дамыту саласындағы 

практик-мамандардың атқаратын рөлі – қоғамдастықтарды 

бұл контексттер жайлы өз түсініктері мен тұжырымдарын 

әзірлеп, біріге мақсат қойып, оған жету жолдарын іздеу. Яғни, 

бұл дегеніміз - қоғамдастықтар үшін қандай стратегия мен 

тактикаларды таңдап, қабылдау қажет екендігі жайлы өздігінен 

шешім қабылдау емес. Әйтсе де, қоғамдастықты дамыту 

саласындағы практик-мамандар ұйымдастырушылық және білім 

беру тәжірибесімен жаңа идеялар және мүмкіншіліктерге ие 

әріптестерімен бөлісуі қажет.  Практик-мамандар директивті 

және директивті емес араласуда қашан қабылдауды білуі керек.

 16



ТАҚЫРЫПТАР

НЕГІЗГІ ПРАКТИКА САЛАЛАРЫ

Құндылықтарды 

практикада 

пайдалану

Қоғамдастықтарды дамыту құндылықтарын, 

прцестерін және нәтижелерін түсіну және 

оларды басқа да барлық негізгі салаларда 

практика жүзінде қолдану

Қоғамдастықтармен 

өзара әрекеттесу

Қоғамдастықтармен өзара әрекеттесу және 

оларды түсіну, жеке тұлғалармен және 

топтармен қарым-қатынас құру және қолдау 



Бірігіп жоспарлау

Бірлескен жұмысты және қоғамдастықтың 

қатысуын дамыту және қолдау

Өзгерістерді 

ұйымдастыру

Қоғамдастықтарды ұжымдық әрекет 

жасауға, өз әсерін күшейтуге итермелеу 

және қажет болған жағдайда олардың қол 

жеткізу, ресурстар мен қызметтерді басқару 

және бақылау қабілетін арттыру.



Өзгерістерді зерттеу

Адамдар мен ұйымдарға бірігіп оқу үшін 

және әлеуметтік өзгерістерге қажетті түсінік, 

сенім және дағдылар деңгейін арттыру үшін 

қолдау көрсету.

Алуан түрлілік пен 

инклюзивтілік

Әралуандықты мойындайтын және 

құрметтейтін және инклюзивтікті 

насихаттайтын тәжірибені, саясатты, 

құрылымдар мен бағдарламаларды әзірлеу 

және жүзеге асыру.



Басшылық пен 

инфрақұрылым

Қғамдастықты дамыту бойынша ұйымдық 

даму мен инфрақұрылымды оңтайландыру 

және қолдау, басшылықтың мүмкіндіктерін 

арттыруды көтермелеу және жүзеге асыру.

Саясат пен 

практиканы әзірлеу 

және жетілдіру

Стратегиялық және жұмыстық тәжірибені 

тарату және жетілдіру үшін қатысу 

негізінде бағалауды пайдалана отырып, 

қоғамдастықты дамыту тәжірибесі мен 

саясатын әзірлеу, бағалау және тарату.

Тақырыптар, негізгі салалар және практика туралы 

тұжырымдамалар қоғамдастықт дамыту практикасы бойынша 

нұсқаулықты қамтиды, олар стратегияның немесе тактиканың 

бір түріне артықшылық білдірмейді.



1-КЕСТЕ:  

 

Тақырыптар мен 

негізгі салалар

 17



жүктеу 16,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау