Жоба қазақстан Республикасының балалардың мүддесін көздейтін 2030 жылға дейінгі мемлекеттік тұжырымдамасы



жүктеу 168,5 Kb.
Дата27.01.2020
өлшемі168,5 Kb.
#27455


ЖОБА
Қазақстан Республикасының балалардың мүддесін көздейтін

2030 жылға дейінгі мемлекеттік тұжырымдамасы
Кіріспе

  1. Ағымдағы ахуалды талдау

    1. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер

    2. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі проблемалар

  2. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы шетелдік моделдің көрсеткіштері

  3. Балалардың мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатты дамыту пайымы

    1. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттары

  4. Тұжырымдаманы іске асыру кезіндегі мақсаттар мен міндеттер

  5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер

  6. Тұжырымдаманы іске асыру көздейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

  7. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері


Кіріспе

Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларациясында балалар ерекше қамқорлық пен көмекке құқығы бар екендігі айқындалған. Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияға және басқа да халықаралық құжаттарға қол қоя отырып, Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық жағдайында баланың өмір сүруі үшін жайлы және игілікті ортаны қалыптастыруға қатысуды қолдайтынын білдірді.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес институционалдық және заңнамалық деңгейде құрылған балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық моделі қалыптасты.

Елімізде баланың, балалы отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың, балалардың білім беру, медициналық, әлеуметтік көмекке қолжетімділігін арттырудың оң үрдістері байқалды. 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың ғалымдық мақсаттарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, онда барлық азаматтарды қосу үшін, жағдай мен қажеттіліктерден тәуелсіз балаларды қосқанда әлеуметтік ізгілік пен жағдайлар жасауға бағытталған басым міндеттер күтіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бала қоғамның ең әлсіз және қорғансыз бөлігі, олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде әрбір баланың құқығының қорғалуын талап етемін»,-деп ерекше тоқталды.

Балалық шақтың проблемалары мен оларды шешу жолдары еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңінде көптеген құжаттарда көрініс тапты: Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында, 2017-2019 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кешенді жоспарда және т.б.

Барлық қолданыстағы құжаттарда бала әлеуметтік қорғау нысаны ретінде қарастырылады.

Дамудың жаңа бөлігінде Қазақстан Республикасы балаға қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастырудың меншікті әдістерін анықтау маңызды.

Қоғамға толыққанды енуіне және бейімделуіне ықпал ететін, олардың әлеуметтік шеттетуді жеңуіне мүмкіндік беретін, балалармен жұмыс жасаудың формасын енгізу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әрбір баламен және оның отбасымен жұмыс жасауда жоғары біліктілік пен кәсібилікті көтеру бойынша қажетті шаралар қабылдау қажет.

Бәсекеге қабілеттілік пен әлеуметтік даму саласында қолданыстағы мемлекеттік құжаттардың арасын байланыстырушы буын ретінде балалардың мүддесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасын әзірлеу әлемдік қоғамдастыққа Қазақстан Республикасын кірістірудің түбегейлі жағдайларының бірі болып, сонымен қатар, айқын әрі дәлелді қажеттіліктермен танылады.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ бала құқықтары жөніндегі конвенция мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің негізінде әзірленген.


  1. Ағымдағы ахуалды талдау

    1. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер

Республикада 5 784 583 бала тұрады, яғни еліміздегі халықтың үштен бір бөлігі. 2 млн. астамы мектепке дейінгі жастағы балалар, 3 млн астамы мектеп жасындағы балалар, 421 690 (18 жасқа дейінгі) білім алушы жастар, олардың ішінде 25 344 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 153 мыңнан астам бала ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар. Барлық санаттағы балаларға әртүрлі мүмкіндіктер мен конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды қамтамасыз ету деңгейі көтерілді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды қамту-90,5%, 1 жастан 3 жасқа дейінгілерді қамту-28,2%.

Балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейлі 16 мың білім беру ұйымы жұмыс жасайды, онда 4 млн. бала тәрбиеленуде, 99,8% бала ыстық тамақпен қамтылған.

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша 2017 жылы Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде орта білім берумен қамту деңгейі бойынша әлемнің 20 жетекші елінің қатарына енді.

Денсаулық, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсерінен білім алу кезінде тұрақты немесе уақытша қиындықтар туындаған санаттағы тұлғалар үшін, 14288 оқушыға орта білім алу құқығын 79 кешкі мектеп, оның 32-і түзеу мекемелерінде, девианттық мінез-құлықты балаларға арналған 7 мектеп, 1 арнайы білім беру режимі бар білім беру ұйымы қамтамасыз етеді. Жыл сайын заңмен шиеленістегі 200-ден астам кәмелетке толмағандар арнайы білім беру ұйымдарынан өтеді.

Білім алуға қол жеткізу құқығын іске асыру үшін шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушылардың 97,5%-ы жоғары сапалы және қауіпсіз тасымалдаумен қамтамасыз етіледі.

Балаларға көмек көрсету және мектепке бармай қалудың алдын-алу үшін «Мектепке жол» және «Қамқорлық» атты іс-шаралар жүргізіледі, жыл сайын 400 мыңнан астам балаға 3,6 миллиард теңгеден астам көмек көрсетіледі.

2018 жылы 82,8% мектеп жасындағы бала мектептік үйірмелерге, секцияларға, білім, мәдени және спорт салаларының мектептен тыс ұйымдарына барады. Өткен жылмен салыстырғанда қосымша білімен қамту 5,2%-ға өсті.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың білім алу құқықтарын іске асыру үшін оларға жағдай жасау мәселелері өзекті болуда. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ұйымдарында, қоғамдық және жеке меншік ұйымдарда білім беру бағдарламалары мен түзету-педагогикалық қолдау бойынша біліммен, тәрбиемен 153 230 (92,4%) бала қамтылды.

3873 (55%) еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беруге жағдайлар жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. 2020 жылға қарай білім беру және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасында мектептердің 70%-ында инклюзивті білім беруге жағдай жасау, мүгедек-балалардың 20%-ына «кедергісіз қол жеткізуді» қамтамасыз ету көзделген.

Психологиялық-педагогикалық түзету және оңалту орталықтарында түзету-педагогикалық қолдауды 11496 мектеп жасындағы балалар қабылдайды.

Аз ұлтты және мигрант отбасыларынан шыққан балалардың, оралман балалардың білім алу құқығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында 97 692 бала аз ұлттың тілінде білім алады, 10 700 мигранттардың және 3 402 оралмандардың балалары. Оралмандар, басқа елден қоныс аударушы мәртебесіне ие тұлғалар, шетелдіктер азаматтығы жоқ, тұрақты ықтиярхатқа ие тұлғалар үшін өз тілдерін терең меңгеруге жағдайлар жасалды. Факультативті сабақтар, тілдік үйірмелер өткізу арқылы балаларға қазақ және орыс тілдерін меңгерту үшін балаларды оқыту-тәрбиелеу процесіне қиындықсыз кіріктіру үшін жағдайлар жасалды. Репатриант балалар мектептің қоғамдық өміріне белсінді араластырылады, көркем өнерпаздық, конкурстар мен пәндік олимпиадаларға қатысады, спорттық секцияларға қатысады.

Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде балаларды теріс әрекеттер мен ақпараттардан қорғау үшін қажетсіз интернет-контенттерге балалардың кіруіне талдау жасауды іске асыратын әлеуметтік бағдарламалар кешені жасалынды, БАҚ құралдары арқылы интернет желілеріне таралған зиянды ақпараттардан балаларды қорғау бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық курстар әзірленді, кең масштабты акциялар өтізілді.

Ана мен баланың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс мақсатты жүргізілуде. Ана мен баланы қолдау жөнінде бағдарламаны іске асыру жалпы балалар халқының өсуіне және санының сақталуына ықпал етті. Соңғы үш жылда елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. 2017 жылы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,6 құрады.

Денсаулық сақтау ұйымдарында материалдық-техникалық база жақсарды, науқас балаларды емдеу ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктерінің ведомствоаралық топтарының растауы бойынша аналар, балалар, және сәбилер өлімі көрсеткішінің азаюы ана мен бала өлімінің төмендеуі Қазақстанға 4-ші және 5-ші мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

2018 жылдың көрсеткіші бойынша аналар өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 14,0 құрады (2017 жылдың қорытындысымен салыстыру бойынша 5,4%-ға төмендеген)

Сәбилер өлімі көрсеткішінің төмендеуі байқалады.(2017 ж.-8,07, 2018 ж.-7,93).

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек пен оларды әлеуметтік қолдау көрсету әрдайым назар аудару мен бақылаудың мәні. Балалы отбасыларды қолдау «Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек пен оларды әлеуметтік қолдау көрсету әрдайым назар аудару мен бақылаудың мәні. Балалы отбасыларды қолдау «Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған.

2018 жылы баласы бар үй шаруашылығы 2 321 978 (58,2%) құрады, оның ішінде үш және одан көп балалылар - 13,3%. Көп балалы отбасылар үлесі қалаға қарағанда ауылда көбірек (20,6% ауылда және 8,5% қалада).

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңымен баланың жасына, денсаулығына және қажеттілігене сәйкес демалыс пен бос уақытқа құқығы бектілген. 2018 жылы сауықтырумен 2 млн. 594 мың., немесе 92% оқушы қамтылды, ол өткен жылмен салыстырғанда 102 мың балаға артық, (2017 ж. - 2 млн. 492 мың бала немесе 92%).

Республикада өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қорғаудың белгілі бір жүйесі қалыптасты, қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға ұсынылатын тегін медициналық-әлеуметтік, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық қызметтер спектрінің кеңеюі байқалады.

Қатыгездікпен қарау салдарынан зардап шеккен балаларға, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, дамуы мен денсаулығында қауіп бар, қолайсыз отбасылық жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсету үшін 12 өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы және 19 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары жұмыс жасайды. Соңғы 3 жылда 10 620 ата-ана мен балаға көмек көрсетілді.

Ішкі істер органдары ҰЕҰ, ата-аналар қауымдастығы өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты уақытылы анықтау және алдын алу, қараусыздық пен қадағалаусыздықты болдырмау мақсатында әртүрлі бағыттағы профилактика бойынша іс-шаралар кешені жүргізіледі. Балалардың кешкі уақытта түнгі ойын-сауық ұйымдарында және үйлерінен тыс жерлерде жүргені үшін ағымдағы жылы 41 мыңнан аса ата-аналар мен баланың заңды өкілдері әкімшілік жазаға тартылды.

ҮЕҰ тарту арқылы террористік активті аймақтардан оралған 91 кәмелетке толмағандарды дерадикализациялау мен әлеуметтік бейімдеу бойынша жоба іске асырылуда, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қызметтерінің бірыңғай алгоритмі әзірленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерінің санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына қабылдаған қазақстандық отбасыларды қолдау үшін балаларды отбасыға орналастырудың барлық формасын материалдық ынталандыру енгізілді, бұл арналған ұйымдар желісін азайтуға мүмкіндік берді. (25 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде 20 мыңнан астам бала қазақстандық отбасында қамқорлықта, қорғаншылықта, патронаттық тәрбиеленуде, қабылдау отбасыларында, 5 мың бала білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жетім балаларға арналған 119 мекемелерде тәрбиеленеді).

2017 жылдан бері отбасыға орналастырудың 2 баламалы түрі енгізілді-«қабылдаушы отбасы», «қонақ отбасы».

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар желісін 60 бірлікке азайды.


    1. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі мәселелер

Балалардың мүдделерінде өткізілген мемлекеттік саясатқа қарамастан республикада балалардың құқықтарын қорғау саласында негативті үрдістер байқалады.

Бірінші. Балалардың денсаулығын сақтау саласында проблемалар бар. Балалардың ауру-сырқауы айтарлықтай жоғары. Оқушылардың жартысы асқазан-ішек ауруларымен, тыныс алу органдарының ауруларымен, жүйке және жүрек тамырлары ауруларымен, темір жетіспеу анемиялары, аллергиялық аурулар және басқа да патологиялық аурулармен ауырады. 15%-дан жоғары балалар дене массалар дефицитімен ауырады, әрбір 20-шы бала бойлары жеткілікті деңгейде өспейді және балалардың 35% артық салмақты, балалардың 30%-ы тіс жегі аурулар бар, балалардың 30-дан 70 пайызы көз көру қабілеттерінен зардап шегетіндер.

Екінші. Кәмелетке толмағанда арасында құқық бұзушылық пен қылмыс, қадағалаусыздық пен панасыздық, балаларға қатысты қатыгездік көрсету, зорлықтың алдын алу мен болдырмау мәселелері өзекті қалпында қалуда. ҚР БП мәліметі бойынша 2018 жылы балаларға қатысты 2 125 қылмыс жасалынды, балалар арасындағы құқық бұзушылық 3156. ЮНИСЕФ зерттеуіне сәйкес 66%-ға жуық жасөспірімдер құрдастары немесе одан да көп ересек балалар тарапынан зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке ұшырайды, 63% зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәлары болды, 44% құрбандары болды және 24% мектептегі басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілер актілерін жасады. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың өсуі 8,8% -ға өсуі байқалады (2017ж.-356, 2018ж.-739 жағдай). Жасөспірімнің ішімдікке, нашақорлық және уытқұмарлыққа берілуі проблемалары өзекті болуда: қылмыстардың төрттен бірін кәмелетке толмағандар мас күйінде жасайды. Қылмыстың көп бөлігі өмір, денсаулық пен балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы отбасыда жасалынады.

Үшінші. Еліміздің әлемдік қауымдастығының ашықтығы, жоғары технологиялық дамуы балалардың «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желідегі контенттен қорғалмауына алып келді, балалар саудасы, балалар порнографиясы мен жезөкшелік проблемаларын күшейтті.

Еліміздегі өзекті проблемалар балалардың өмірден өздігінен кетуі. Жеткіншектердің арасындағы суицидтің таралуы бойынша Қазақстан әлем бойынша алдыңғы қатардан орын алады. Тек 2018 жылы 179 бала өз-өздеріне қол жұмсады, яғни 2017 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға жоғары.



Төртінші. Осал жағдайда аз қамтылған отбасыдан, көп балалы отбасыдан, толық емес отбасыдан және ата-аналары жұмыс жасамайтын отбасыдан шыққан балалар жатады. Көп балалы отбасылардың үлесі қалалы жерлерге қарағанда ауылды жерлерде көп (20,6% ауылда және 8,5% қалада). Әрбір 10-шы бала жалғыз басты аналы отбасында тәрбиеленеді.

Бесінші. Ерекше қолдауға ерекше қажеттіліктегі балалар мен отбасылар, мүгедек балалар кіреді.

Қазақстанда 153 мыңнан астам балалар мен жеткіншектер ерекше қажеттіліктерге мұқтаж, олардың ішінде 79,02 мыңы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Бекітілген стратегиялық мақсаттардан практика жүзінде осы санаттағы әрбір бала үшін сапалы білімді іске асыру айтарлықтау артта қалуда. Ерекше қажеттіліктерге мұқтаж балаларды дамыту бұрынғыша тұрғылықты мекен жайы бойынша білім ала алмайды, ал көптеген білім беру үшін арнайы білім беру ұйымдардарында ғана мүмкін. Орын және білікті кадрлардың жетіспеушілігі: педагог-дефектологтар, психологтар, тәрбиешілер мен әлеуметтік педагогтар орын алған.

Алтыншы. Ерте жастағы неке, жеткіншек жастағы жүктілік ерте жастағы аборт пролемалары бар, әсіресе ауылды аймақтарда. Тіркелгендерден 2017 жылы 141 785 некенің 1 049-ы ерте жастағы неке.

Жеткіншек қыздардың арасындағы аборт жасату саны жоғары қалпында қалуда. 2017 жылы 4715 (2016ж.-5626) жеткіншектік жүктілік жағдайы анықталды. Олардың ішіндегі әрбір төртінші жүктілік (24,8%) абортпен (1286) аяқталды.



Жетінші. Балалардың туылуының оң үрдістеріне қарамастан кейбір өңірлерде балалар мен аналар өлімі жағдайы орын алуда.

2018 жылы балалар өлімінің жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (10,72), Атырау (10,40), Қостанай (10,10), Маңғыстау (9,71), Қызылорда (9,05) облыстарында орын алады.

Аналар өлімінің жоғары көрсеткіші Ақмола (35,9), Солтүстік Қазақстан (28,5), Түркістан (26,5), Қарағанды (26,2) облыстарында және Астана қаласында (29,0).

Сегізінші. Балалардың сабақтан тыс уақытта жұмыспен айналысуы мәселесі өзекті болуда. Республикалық деңгейден төмен емес қосымша біліммен қамту Түркістан (54,9), Атырау (74,3), Қызылорда (59,3) облыстарында, Астана (53,1) және Шымкент (55,5) қалаларында.

Балалардың қоғамдық өмірге араласуын қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігі жоқ.



2. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы шетелдік моделдің көрсеткіштері

Шет елдерде балалық шақ саласын дамытудың талдауы әрбір ел ұлттық ерекшеліктер мен мәдениетті ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғау саласында өздерінің саяси дамуын қалыптастыратынын көрсетеді.

Ресейде 2012-2017 жылдар аралығында балалардың мүддесіндегі ұлттық іс-қимыл стратегиясы іске асырылды, оның шеңберінде қолданыстағы заңнама жетілдірілді, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша стратегиялық құжаттардың кешені әзірленді. Әлеуметтік көмектер жүйесі жаңартылып, дамытылды, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған қызметтердің сапасы жақсарды, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылардың саны азайды.

Ұлыбритания және Уэльсте балалар мен жастарды қауіпсіз тұрғын-үймен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған стратегия іске асырылды, бұл балалар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ювеналдық әділ-сот қызметін жүйелендірді. Балалар мен олардың ата-аналарымен әлеуметтік жұмыс жүйесі құрылды. Көмекке, қоғамдық ұйымдарда консультация беруге, жергілікті департаменттердің жұмысын үйлестіру және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметтер бойынша жергілікті атқарушы биліктің құзыреттілігі артты.

Австрияда австриялық жастар арасындағы басымдықтарды анықтайтын бала құқықтары жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған жеке ұлттық бағдарлама қызмет етеді: жұмыспен қамту, білім, денсаулық, әл-ауқат әлеуметтік бірлестік, шығармашылық пен мәдениет. Бағдарламаны іске асыру барысында Австрияда өткір әлеуметтік мәселелердің көпшілігі шешілді және әлемде бірден-бір әлеуметтік қоғамдастық қалыптасты.

Болгарияда ұлттық стратегия «Балалар» 2008-2018 жылдарға арналған ұлттық стратегиясы балаларды қорғау туралы Заң қағидаларында қалыптасты. Болгарияда бағдарламаны іске асыру барысында деинституционализация, альтернативтік қызметтерді дамыту және қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған балаларды қорғау жүйесінің реформасы жүргізілді: әрбір әлеуметтік қызметтерге арналған ең төменгі стандарттар сапасы қабылданды.

Польшада сапалы білім қолжетімділігіне, мұқтаж және проблемалы отбасыларды қолдау және көмек беруге, сондай-ақ отбасыдағы физикалық зорлықтан балаларды қорғауға бағытталған «Балаларға арналған Польша» (2004-2012) қызметтерінің ұлттық жоспары іске асырылды. Аталған жоспардағы бірден-бір ауқымды қолжеткізілген табыс - поляк балаларының алдына қойылған айрықша өзекті әлеуметтік бағдарламаларды шешу кезінде Польша мемлекетінің мемлекеттік органдары мен мемлекеттік емес ұйымдардың күш-жігерін үйлестіру болды.

Ирландияда балалар мен жастарға арналған 2014-2020 жылдарға арналған ұлттық бағдарлама балалар мен жастарды (0-24) қамтиды және ерте жастағы даму, жастар мен құқықтарға қатысу саласын құрайтын стратегияға сүйенеді.

Белоруссияда стратегиялық құжаттарды іске асыру балалық шақты қорғау саласында позитивті үрдістерді анықтады. Аталған құжаттарды іске асыру шеңберінде елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдар саны азайды, аталған санатта отбасыға орналастыру нысаны артты, кәмелетке толмаған арасындағы қылмыс деңгейі төмендегені байқалды.

3. Балалардың мүддесіндегі мемлекеттік саясатты дамытудың көрінісі

3.1. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттары

Тұжырымдаманы іске асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты және келесідей негізгі бағыттар бойынша іске асырылады: жергілікті атқарушы органдардың қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын ұйымдастыру; балалардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік органдардың құзыретін оңтайландыру; бәсекелі ортаға балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша мемлекеттік мәселелерді беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; балалардың құқықтарын қорғау саласында әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын енгізу; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда әлеуметтік жетімдікті, қолайсыз отбасылардың пайда болуына кедергі жасау бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық ережесін нормативті бекітілуі; балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік статистикалық бақылауды жаңарту; заңнамаларға талдау жүргізу, оның ішінде балаларға қатысты құқықтық қамтамасыз ету ұғымын нақтылау және реттеу мәселелері бойынша заңнамалық базаларды қалыптастыру («заңмен шиеленіске түскен балалар», әлеуметтік қауіпті жағдайға, буллингке және т.б. түскен балалар ).



балаларға сапалы білім беру және тәрбиемен, мәдени дамыту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету: мектепке дейінгі білім берудің барлық формасын дамыту (отбасылық балалар үйі, ерте көмек қызметі, лекотека, ойын қолдау орталықтары және т.б.); мектептегі әрбір оқушының қабілеттері, бейінді оқытуды таңдауға қажетті икемділік пен өмірлік жоспарларға әрбір жоғары сыныптағылардың қолжетімділіктері; тегін қосымша білім беру қызметтерін алу; балаларды тәрбиелеу және шығармашылық дамыту инфрақұрылымын жетілдіру; желілерді кеңейту және балаларды сауықтыру ұйымдарын дамыту, бастауыш сыныптарында оқушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыру және т.б.; жүріс-тұрыс қылықтарын оқыту арқылы балалардың қауіпсіз өмірлік әрекеттерін қамтамасыз ету, талаптарға сәйкес білім беру ұйымдарында бейне бақылауды міндетті орналастыру;

балаларға арналған қауіпсіз және ыңғайлы ортаны қалыптастыру: әлеуметтік жетімдік пен отбасылық сәтсіздікті жеңу үшін арнайы әлеуметтік көмектерді көрсету стандартын нормативті бекіту мен әзірлеу; балалардан бас тартудың алдын алу үшін (қолжетімді бригада, дағдарыс орталықтары және т.б.) «тәуекел топтарға» кіретін отбасыларды әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін дамыту жолымен бейінді коммерциялық ұйымдар секторларын қолдау және белсенді түрде дамыту есебінен қажетті әлеуметтік қызметтерге балалардың еркін қолжетімілігін қамтамасыз ету; позитивті ата-аналар бағдарламасын дамыту; ата-аналардың тәрбие беру, балаларды дамыту әдістері, балаларға арналған әділ-сот пен қызметтердің қолжетімділігін көтеру туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру; білім беру, денсаулық, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қатысуымен әлеуметтік сәтсіздікке, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсетуді ерте анықтау, оларға көмек көрсету қолданыстағы тетіктерін қалыптастыру, оның ішінде межведомствоаралық ынтымақтастық тәртібін бекіту; қатыгездік көрсету мен сексуалдық зорлық көрсетуге ұшыраған балаларды оңалтуға бағытталған жоғары мамандандырылған қызметтерді дамыту; балалармен және олардың мүдделерімен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру мен толыққанды жүйелерді дамытуды қалыптастыру;

цифрлық сауаттылықты арттыру мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: балалар мен олардың ата-аналарын цифрлық сауаттылыққа үйрету, интернет кеңістігінде қауіпсіз ережелерге бағдарламаларын құру және енгізу, балалар мен ата-аналарға арналған үздік ресурстар туралы жинақтаушы мәліметтердің сайттары мен порталын, платформаларын құру; интереетке тәуелділіктің профилактикасы мен балалардың қауіпсіздігі үшін цифрлық технологияларды дамыту; флеш-мобтарға қатысу, порнографиия, құқыққа қайшы әрекеттерге еліктеу тәуекелдерінің алдын алу; жаппай ақпарат көздері арқылы балалар мен жеткіншектер ортасының криминалдық психология, культа насилия және басқа да қоғамға қарсы үрдістер элементтеріне енуінің алдын алу үшін ақпараттық арналарды бақылаудың құқықтық тетіктерін құру; балалардың біліміне ақпараттық-компьютерлік заттарды қолдануға санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мен ғылыми-әдістемелік сұрақтар бойынша талдамалық зерттеу жүйесін енгізу; «Желідегі қазақстандық жеткіншектердің өмірі» зерттеу жүргізу; өскелең ұрпақтың цифрлық сауаттылығы мен кибер қауіпсіздікті дамытуға бағытталған балалардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша бағдарламалар әзірлеу және балалық шақтың ақпараттық кеңістігін құру; цифрлық балалық шақ кеңістігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу; қашықтан оқыту білім беру іс-шараларын өткізу: видео-лекциялар, әдістемелік әзірлемелер конкурсы, сауалнамалар, интерактивті көрмелер, цифрлы балалық шақ кеңістігін қалыптастыру бойынша тораптық конференуиялар;

салауатты өмір сүру салты және балалар мен жеткіншектердің экологиялық сауаттылығын қалаптастырудың қамтамасыз ету: Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға, балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмектер мен қолдау қызметтерінің әрекеттері туралы ақпараттандыру, оның ішінде интернет, қызметтер, сенім телефондары арқылы; барлық білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау технологияларымен оқытуды тарату, жасыл қылықтарды қалыптастыру; барлық категориядағы балаларға арналған спорт және туризм, дене шынықтыру сабақтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету; АИТВ инфекциялары, В және С вирустық гепатиттердің, туберкулездің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу және оқушылар мен жастар арасында осы аурудың таралуына қарсы іс-әрекет жүйесін жетілдіру; мектептің білім беру процессін ұйымдастыру жүйесіне экологиялық менеджмент үлгісін әзірлеу және енгізу; экологиялық дүниеге көзқарас пен үздіксіз экологиялқ білім беруді қалыптастыру мақсатында ағарту, ақпараттық іс-шараларын ұйымдастыру, әртүрлі экологиялық әлеуметтік-маңызды қызмет кейіпіне қызықтыру арқылы оқушылардың экологиялық мінез-құлықтарын қалыптастыру, олардың экологиялық-құқықтық мінез-құлықтарын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің табиғатпен тілдесуін кеңейту, оларды экскурсия, экспедиция, конкурстарды өткізу жолымен зерттеу және қоршаған ортаны қорғау бойынша шынайы жоба-зерттеу қызметтеріне қызықтыру; балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жеткіншектердің, экологиялық дискуссиялық клубтарда жоғары сыныптардағыларға ғылыми қауымдастық құру;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қоғауды қамтамасыз ету: балалар үйіне балаларды қайтаруды болдырмау үшін қабылдаушы ата-аналарды міндетті даярлауды енгізу, бейімделу кезінде және бала өмірінің соңғы кезеңдерінде асырап алушыны, қорғаншыны, қабылдаушы отбасын кәсіби сүйемелдеу жүйесін құру, жетім балаларға арналған ұйымдарды ірілендіру жолымен реформалауды жалғастыру, өмірдің қиын жағдайына түскен балалар мен отбасыларды қолдау бойынша орталықтарды (қызметті) қайта қалыптастыру, коммерциялық емес ұйымдар мен волонтерлердің белсенді қатысуы кезінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту; жасырын асырап алудан бас тарту арқылы ашық түрде асырап алудың жүйесіне, постинтернатты сүйемелдеу және балалар үйінің түлектерін бейімдеу жүйесіне көшу;

мүгедек балаларды қолдау мен ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды, мигрант балаларды, оралмандарды қолдау: балалық шақтағы мүгедектіктің медициналық үлгісін әлеуметтікке ауыстыруды қамтамасыз етуді жалғастыру; баладағы ерекше қажеттіліктердің пайда болуының жүйесін жетілдіру, мүгедек балалар мен ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға, мигрант балаларға, оралмандарға арналған яғни балалар мен олардың ата-аналарына медициналық, сауықтыру, түзету-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмектермен қоса ерте жастан көмек беру жүйесін құруды жалғастыру, балаларды сауықтыру және қолдау әдістерін жаңарту, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту саласында қызметтерді көрсетуде мүгедек балалар мен ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларға әрдайым талдау жүргізу; мүгедек балалар мен ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды, мигрант балаларды тәрбиелейтін патронаттық қызметтердің (отбасыларды сүйемелдеу) мәселелерін жетілдіру, мүгедек балалар мен ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды, мигрант балаларды мәдени, спорттық өмір, жаппай іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету және дені сау құрдастарының қатарына қосу арқылы әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасау;

«заңмен шиеленісе түскен» балалардың құқықтары мен заңды мүдделелерін қорғауды қамтамасыз ету; «заңмен шиеленісе түскен» балалармен жұмыс жасау үшін психологиялық-педагогикалық қызметтер желісін және олардың әлеуметтік ортасын құру, білім беру ұйымдарында шиеленістерді шешуге, балалар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, білім беру ұйымдарының жағдайын жақсартуға мақсатталған татуластыру мектептік қызметін құру; жазалау мен әрекеттестік шараларына тап болған кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған еуропалық ережелер туралы Еуропа одағының министрлер комитетінің ұсынымдарын кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу үшін БҰҰ басшылығының қағидаттарына кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сотқа (Пекин ережесі 1985ж.) жіберуге қатысты БҰҰ ең төменгі стандарттар ережелерін орындауды қамтамасыз ету, қылмыс жасаған балаларға қатысты тиімді саясатты әзірлеу мақсатында ғылыми-әлеуметтік зерттеу жүргізу, қол жеткізілген қорытындыларды бағалау және оны іске асыруды жоспарлау; бас бостандығынан айрылғандардың орындарындағы балаларға қатысты қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және жазасын өтегеннен кейін оларды бейімдеу және қайта әлеуметтендіру бойынша көмек көрсету.
4. Конвенцияны іске асыру кезіндегі мақсаттар мен міндеттер

Конвенцияны әзірлеудің мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, физикалық, интеллектуалды, рухани, адамгершылык дамуға ықпал ететін жағдайларды жасау арқылы балалардың өмір сапасын жақсарту болып табылады.



Негізгі міндеттері мыналар:

Балалардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру;

Балалық шақты қорғаудың институционалды негізгі жүйелерін нығайту;

Мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

Барлық санаттағы балалардың сапалы білім, медицина және әлеуметтік қызметтер алуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету және өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың құқықтарын қорғау үшін кешенді және жеке жүйелер қалыптастыру, балалардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру.

Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі

Тұжырымдама 2030 жылға дейінгі мерзімде іске асыратын болады, екі бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлім: 2020-2025;

Екінші бөлім: 2025-2030.



5. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін қорытындылар

Балалардың құқықтарын қорғау бойынша саясатты іске асыру үшін институционалды негізді құру.

Балалардың қоғам өмірінің барлық саласына қатысуына құқықтық негіздер құру.

Мектепке дейінгі қызметті көрсетудің әртүрлі және икемді формаларын арттыру, барлық санаттағы балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Оқушылар мен ата-аналарды ұйымдарда тәрбиелеу, білім беру және балаларды дамыту жағдайын қанағаттандыруды арттыру.

Қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеруге тартылған оқушылардың үлесін арттыру.

Позитивті адамгершілік және эстетикалық құндылықтарды ұстанған өмірге, қоршаған ортаға жауапты шығармашылық бастама мен дербестік, белсенді өмірдің ұстанымдарын көрсететін балалар санын арттыру.

Библиотека, театр және мұражайға балалардың баруын арттыру.

Балалар мен жеткіншектердің желісін, шығармашылық бірлестіктерді, тұрғылықты мекен жайы бойынша клубтарды, еңбек және демалыс лагерлерін, әртүрлі формадағы туризм мен аймақтануды кеңейту.

Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылар санын азайту.

Әлеуметтік жағдайлары төмен, өмірдің қиын жағдайын тап болған балалы отбасыларды қамтуды арттыру.

Қазақстан Республикасында балалардың әл ауқат қорын анықтау.

Отбасы, бала, ата-аналық жауапкершілік құндылықтарын қоғамда қалыптастыру.

Қазақстандықтардың отбасында тәбиеленетін жетім балалар санын 90 пайызға жеткізу.

Балалар үйлерінің санын азайту.

Балаларды қорғау үшін жоғары мамандандырылған қызметтерді құру.

Халықаралық асырап алуға берілген балалар санын азайту.

Инклюзивті білімді 90 пайыз қамтамасыз ету.

Барлық санаттағы балаларды арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтуды арттыру.

Балалар және балаларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтың санын төмендету.

Кәмелетке толмағандарға қатысты психологиялық қорлық фактілерінің санын азайту.

Бас бостандығынан айрылған балаларға қатысты бейімдейтін және әлеуметтендіретін қызметтердің санын арттыру, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жауапкершілік шараларының негіздерін кеңейту.

Ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын, ақпараттық-насихат жұмыстарын арттыру.

Бала құқықтары жөніндегі институтты қажетті инфрақұрылымдармен, кадрлық және қаржылық және қаржылық бақылау формасынан дербес ресурстармен қамтамасыз ету.


6. Тұжырымдаманы іске асыру арқылы күтілетін нормативтік құқықтық актілердің тізімі

2030 жылға дейін БҰҰ-ны тиянақты дамытудың міндет мақсаттары арқылы тұжырымдаманы іске асыру және келесідей нормативті құқықтық актілерді қамтамасыз ету күтіледі.

Халықаралық құқықтық актілер:

Бала құқықтары жөнінлегі БҰҰ конвенция

Кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенция

Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты факультативтік хаттама

Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты факультативтік хаттама

Адамдарды сатуға және үшiншi тұлғалардың жезөкшелiктi пайдалануына қарсы күрес туралы конвенция

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт

Балалар еңбегiнің жаман түрлерiне тыйым салу және жою жөніндегi шұғыл шаралар туралы ХЕҰ конвенциясы

Ананы қорғау туралы ХЕҰ конвенциясы

Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама

Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция

Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция

Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенция

Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенция және алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттама

Балалардың құқықтарын қорғау мен кеңейтумен айналысатын ұлттық ұйымдар әлеуетіне қатысты қағидаттар (Париж қағидаттары).

Қолданыстағы заңнамалық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасы Конституциясы

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы

«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» ҚР Заңы

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы

«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» ҚР Заңы

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Заңы

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңы

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы

«Білім туралы» ҚР Заңы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы

«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» ҚР Заңы

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» ҚР Заңы



7. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті мемлекеттік бюджет шығысының көлемі 1 кезеңде (2020-2025 жж.) 12 194 млн.тг., оның ішінде 6097,1млн.тг республикалық бюджеттен:

2020 жыл – 1504,5

2021 жыл – 1334,5

2022 жыл – 1087,7

2023 жыл – 1087,7

2024 жыл – 1082,7
6097,5 млн.тг.-жергілікті бюджеттен:

2020 жыл – 1219,5

2021 жыл – 1219,5

2022 жыл – 1219,5

2023 жыл – 1219,5

2024 жыл – 1219,5



Ескерту: Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық қорларды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерді демеушілік қолдау ретінде халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктер мен кәсіпкерлік құрылымдардың техникалық және гранттық көмегін тарту көзделеді.


жүктеу 168,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау