Стандарттары



жүктеу 16,57 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата28.12.2019
өлшемі16,57 Mb.
#25356
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ 

ДАМЫТУ 

ПРАКТИКАСЫНЫҢ 

ЖАЛПЫ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

СТАНДАРТТАРЫ 


Бұл құжатта қоғамдастықты 

дамыту практикасының жалпы 

халықаралық стандарттарының 

негізі берілген. Мұнда 

қоғамдастықты дамыту 

практикасының бүкіл әлемге ортақ 

тақырыптары мен негізгі салалары 

қамтылған. Сонымен қатар, бұл 

құжатта кәсіби қоғамдастықты 

дамыту практикасының мақсаты, 

оның негізі болып табылатын 

құндылықтары және практик-

маман қолданатын әдістері 

айқындалған.  



АЛҒЫСӨЗ

 2



2016 жылдың қазан айында Халықаралық қоғамдастықты 

дамыту қауымдастығы (IACD)  сол жылы өткен Жыл 

сайынғы жалпы жиналыста IACD қоғамдастықты 

дамытудың жаңа анықтамасын қабылдағаннан кейін,  

IACD  Оқыту және кәсіби даму комитеті қауымдастықтың 

мүшелеріне арнап қоғамдастықты дамыту бойынша 

нұсқаулық жасауды бастағандығы жайлы хабарлады. 

IACD Басқармасы осы жобаны әрі қарай жетілдіру 

үшін Шотландияның қоғамдастық оқыту және даму 

стандарттары жөніндегі кеңесімен1 (CLDSC) ынтымақтасуға 

келісті. CLDSC біздің 2014 жылғы Глазгодағы халықаралық 

қоғамдастықты дамыту конференциясын ұйымдастыруда 

IACD-дың серіктесі болған, сонымен қатар соңғы отыз 

жылда қоғамдастықты дамыту стандарттарын шығаруда 

тәжірибесі бар, Шотландиядағы осы салада жұмыс 

жасайтын мамандандырылған агенттік болып табылады2. 

Нұсқаулықтың жобасын дайындау үшін бірлескен мақсатты 

топ құрылды. 2016 жылдың қараша айында біз мүшелер 

арасында талқылауға арналған алғашқы құжатты тараттық. 

Бұл құжатта ұлттық қоғамдастықты дамыту бойынша 

кейбір елдерде жүргізіліп жатқан жұмыстардың мысалы 

келтірілген. Мақсатты топ «Қоғамдастықты дамытуға 

арналған жалпы халықаралық стандарттарға нұсқаулық 

жобасы» деп аталатын мүшелерге арналған анықтамалық 

құжатты дайындау үшін бірнеше рет жиналды. Кейін бұл 

құжат IACD мүшелеріне 2018 жылы 31 мамырда аяқталған 

төрт айлық консультацияға жіберілген болатын. Берілген 

құжатта осы жобаның  алғышарттары және неліктен, 

IACD пікірінше, мүдделі тараптарға (қоғамдастықтар, 

практик-мамандар, нұсқаушылар, жұмыс берушілер, 

демеушілер, саяси кеңесшілер және т.б.) қоғамдастықты 

дамыту практикасы жайлы жалпы халықаралық түсінікті 

таныстыра алу пайдалы болатындығы түсіндірілген. 

Басқаша айтқанда, құжатта жалпы практиканың не екендігі 

жайлы айтылған. Біз бұл Халықаралық стандарттарды 

мүше тұлғалар мен әртүрлі елдерде жұмыс істейтін басқа 

да адамдарға әртүрлі жұмыс жағдайларында қолдану және 

бейімдеуі үшін бастапқы нүкте ретінде қарастырдық.  

1. Қоғамдастық оқыту және даму

2. CLDSC-Шотландияда стандарттарды орнату және кәсіби дайындықты мақұлдау 

үшін жауапты орган. Бұл жұмыс бастапқыда Қоғамдастық білім беру кеңесімен 

жүргізілді және кейін CLDSC-ке берілді.

 3



Біз бүкіл әлем бойынша, Қытай мен Оңтүстік Африкадан, 

Канададан, Австралиядан және Португалиядан, АҚШ 

пен Жаңа Зеландиядан, Біріккен Корольдіктен, Кениядан 

және басқа елдерден Нұсқаулықтың жобасына қатысты 

жауап алдық. Бұл жұмысты жүргізуге шынымен де бүкіл 

әлем күш-жігерін салды, сол себепті біз мүше тұлғаларға 

қолдау көрсетіп, жауап қатқандары үшін және сын 

айтқандары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Алынған 

жауаптардың кейбірі жеке тұлғалардан, ал көбі ұлттық/

аудандық мекемелер жүйелерінен келді. Бұл жауаптарды 

дайындаған кезде тиянақты жұмыс атқарып, бірталай 

уақыт жұмсалғаны анық көрінеді. Алынған пікірлердің 

көбі Нұсқаулық жобасындағы белгілі бір сөйлемдердің 

құрылымы мен пункттеріне және біз осы жобаға 

қосатын, алып тастайтын немесе өзгертетін ұсыныстарға 

қатысты болды, бірақ жалпылай ұсыныстарға қолдау 

көрсету формасында болды. Жауаптардың басым бөлігі 

IACD-дың осы бастамасына қолдау білдірді. Дегенмен

кейбір мүше тұлғалары өз жауаптарында мұндай 

нұсқаулықты жариялап, қауымдастықтың анықтамасын 

ерте қабылдаған кезде, IACD біздің түсінігіміздегі 

қоғамдастықты дамыту дегеннен еңбекақысы төленбеген 

практик-мамандар мен қоғамдық белсенділерді алып 

тастап, жабық мамандықты қалыптастырудағы басқарал 

жіберген қателікті қайталағанына алаңдаушылық 

білдірді. Бұл маңызды сыни ескертулер және біз осы 

проблемаларды біздің ашық ұйым болу ниетімізді айқын 

көрсететін әдіспен шешуге тырысамыз. Шын мәнінде, 

біздің ешқашан басқа ниетіміз болған емес.

Біз қоғамдастықты дамыту практигі кім болатыны жайлы 

ойланғанда, IACD  ешқашан белгілі бір шектеулер қойған 

емес, тек бір анығы ол қоғам қайраткері, активист немесе 

белсенді азаматтан ерекшеленетіні. Қоғамдастықты 

дамыту саласындағы практик-мамандарына еңбекақы 

төленбеуі мүмкін, тіпті көбіне төленбейді де. IACD 

кәсіподақ болмаса да, біз  қоғамдастықты дамыту 

бойынша жұмыстың күрделі екенін көрсететін көпжылдық 

тәжірибемізді атап өткіміз келеді. Жалпы біз практик-

мамандардң еңбегі үшін ақы төленіп, жұмыс жағдайы 

жасалғанын қалаймыз. 

 4



Біз сондай-ақ қоғамдастықты дамыту жөніндегі барлық 

мамандар үшін жұмыс алды және жұмыс уақытында кәсіби 

даярлықтың жоғары сапалы мүмкіндіктерін қолжетімді 

болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Сонымен қатар, 

білім беру мен кәсіби даярлық бойынша жеткізушілерден 

бұрынғы эмпиркиалық оқуды мойындап, аккредиттеуін және 

бұрын қоғамдастық басшылары мен белсенділері болған  

жұмыс қоғамдастықтарының адамдары үшін қолжетімділікті 

арттыруын талап етеміз. Біз әлемде қоғамдастықты дамытуды 

ұсынатын мыңдаған курстар бар деп ойлаймыз (төмендегі 

Жаһандық картографиялық зерттеуді қараңыз). Осы 

курстарды қоғамдастықты дамыту практикасына дайындау 

кезінде жоғары стандарттарды насихаттау қоғамдастықты 

дамыту жөніндегі практик-мамандардың да, қоғамдастықтың 

да мүдделері үшін.

IACD берген анықтамада біз қоғамдастықты дамыту жайлы 

практикаға негізделген мамандық және академиялық пән 

ретінде де айтамыз. Мұндай күрделі, кейде қауіпті және 

лас жұмысты орындау үшін, практик-мамандар адамдардың 

өмірінің өзара байланысқан шынайылықты, сол адамдар 

өмір сүретін саяси, мәдени және қоршаған орта туралы 

түсінік алу үшін, және осы адамдарды ілгері жетелейтін 

өзгеріске жету үшін саяси, әлеуметтік және эклогиялық 

ғылымдардан хабардар болуы қажет. Практик-мамандардың 

қарым-қатынас жасауда, қалайша тиімді тәлімгер және 

ұйымдастырушы болуда, қалай ресурстарға қол жеткізуде 

және қалайша жанашыр болуда дағдылары болуы қажет. 

Және осының бәріне негіз болатын, практик-мамандар 

біздің әлеуметтік және экологиялық әділеттіктің әмбебап 

құндлықтары жөніндегі түсінігімізді және демократиялық 

қатысуды ұстанулары қажет.

Біз кейбір мемлекеттерде қоғамдастықты дамытуға 

оқыту және жоғары оқу орындары ұсынатыс курстардың 

тым теоретикалық болып бара жатқаны жайлы айтып 

өткенбіз3. Бұл жерде біздің саламызда сауаттылықты 

ЖӘНЕ практикалық дағдыларды үйрету мен жұмысқа қажет 

тәжірибені қамтитын ойға қонымды баланс қажет. Өзгеріске 

бейімді болу үшін, қоғамдастықты дамыту практикасына 

біздің басымыз, қолымыз бен жүрегіміз қажет, ал біздің 

практикамыз ұйымдастырылған білімге негізделеді, білім өз 

кезегінде практика мен зерттеулерге негізделеді.  

3.   http://www.iacdglobal.org/2017/09/18/are-we-now-ready-for-an-inter- 

national-forum-for-professional-community-development-educators/

 5



жүктеу 16,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау