2018 жылдың басында біздің 65 жылдығымызды атап өту
үшін, IACD «Practice Insights» журналының ерекше басылымын
шығардық4. Бұл басылымда біздің соңғы алты жылдық
қоғалысымызға үлес қосқан адамдар мен оған не әсер еткені
жайлы ой толғадық. Біздің ойлауымыз бен практикамыздың
қалыптасуына көптеген адамдар себеп болған. Біздің
мақаламызда айтылғандай: «Соңғы алпыс жылда он
мыңнан астам қоғамдастықты дамыту саласындағы
практик-мамандары өздерінің тәжірибесін
қоғамдастықтарды адамдардың өмірін жақсартуға
және ғаламшарымызға қамқор болуға жұмыла әрекет
жасауға ынталандыруға арнады. Олардың жұмыстары
көптеген ең осал деген адамдарға сөйлеу құқығын
беріп қана қоймай, әрекет жасауға септігін тигізді».
«Practice Insights» журналының 65 жылдық мерейтой
басылымында біз қоғамдастықты дамыту практикасының үнемі
саяси даулы болғандығын, консерваторлар да, радикалдар
да кейде түрлі мағынада қолданатындығын байқадық.
Қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-мамандары мен
мыңдаған зерттеу жұмыстары, қоғамдастықты дамыту жайлы
жарияланымдар мен көмекші құралдардың барлығы біздің
саламыздағы көптеген сыни пікірлерді көрсетуде. Бұл дегеніміз
дұрыс мамандық белгісі. Біздің негізгі құндылықтарымыз
туралы ой қалыптастыруға, қоғамдастықты дамытудың
саяси емес, құндылықтарды елейтін процесс екенін тануға
ықпалын тигізген де осы практик-мамандар мен басқа да
адамдар болған. Біз бұл құныдылықтар жайлы баршаға ашып
айтқанбыз. Дәл сол құндылықтар IACD-дың 2016 жылғы
анықтамасының басты назары және осы құжаттың негізі болып
табылады.
IACD-дың қоғамдастықты дамытуды өздерінше анықтап,
түсіндіру шешімі қоғамдастық дамытуды түрлі елдерде
түрле тренинг өткізушілер, жұмыс берушілер мен практик-
мамандар түрліше және ауқымды түсіндіретіндігін көрсеткен
зерттеудің (IACD-дің 2015 жылы қоғамдастықты дамытуды
оқыту бағдарламалары жөнінде бүкіл әлем бойынша жүргізген
зерттеуі) нәтижесі. Біз қоғамдастықты дамытуды бакалавр
пәні ретінде қамтитын жүздеген магистратура деңгейіндегі
оқыту бағдарламаларын анықтадық5. Кейбіреуі қоғамдастықты
дамыту бойынша маман дәрежесінде, ал кейбірі
қоғамдастықты дамытуды денсаулық сақтау, экономикалық
даму, әлеуметтік жұмыс, ауылды жерлерді дамыту (біразын
атап өтсек) сияқты пәндермен байланыстырады. Біздің
зерттеуіміз бұл дәрежелердің нақты неге үйреткенін
қарастырып, оның сапасын бағалауға тырысқан жоқ, алайда
олардың бар екендігі және студенттерге қоғамдастықты
дамытуда мансап бастауға мүмкіндік беруге арналған оқыту
ретінде жарнамаланатыны практиканың көптеген дамушы
және дамыған елдерде бар екендігін және практик-мамандарға
нарықта сұраныс бар екендігін көрсетеді.
4. Practice Insights 9. 65 жылдық мерейтойлық арнайы басылым. 2018 жылдың қаңтар айы.
5. http://www.iacdglobal.org/practice-exchange/mapping-study/
9
Сол себепті IACD халықаралық кәсіби қауымдастық ретінде
ақы төленетін де, төленбейтін де практик-мамандарды
жалпы құндылыққа негізделген қоғамдастықты дамытудың
мақсатының жалпы түсінігін қабылдауға ынталандыру
маңызды деп санайды. Кәсіпби маман біліктіге қалай тең
болса, біздің ниетіміз де практиканың не екендігі туралы
жалпы көзқарасқа негізделген сол практиканың жоғары
стандарттарын қолдау болып табылады. Қоғамдастықты
дамытудың IACD берген анықтамасын мақұлдасу
қоғамдастықты дамытудың және практик-мамандарды
оқытудың ортақ халықаралық стандарттарын жобалап, жан-
жаққа таратудың басты нүктесіне айналады.
Бүкіл әлем бойынша жаңа жұмыс орындары саны
мен қоғамдастықты дамытуға деген мүмкіндіктер өсіп
жатқандай, шешу талап ететін міндеттер де өсуде, осындай
мүмкіндіктердің ең маңыздыларының бірі ретінде БҰҰ
Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) атап өтуге болады. Мұндай
кезеңде біздің мамандығымыз үшін қазіргі қоғамдастықты
дамытудың кәсіби оқу мүмкіндіктерінің қиыншылықтарға
дайындық дәрежесін талдап, қайта бағалауымыз қажет.
2016 жылы БҰҰ-ның 2016 жылы ТДМ-ын қабылдауы
қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-мамандарға
қоғамдастықты осы ТДМ күн тәртібіне қатыстыру үшін
олардың әлеуетін қалайша өсіруге болатынын көрсетуге
мүмкіндік берді. Ол климат өзгерісі бойынша, немесе
денсаулықты сақтау саласын күшейту, кедейлік ауқымын
кеміту немесе өмір бойы оқу бойынша қоғамдастықтарды
күшейту болуы мүмкін.
10
Соңғы жылдары бір топ ұлттық қоғамдастықты дамыту
жөніндегі қауымдастықтар мен мекемелер қоғамдастықты
дамытудың ұлттық стандарттарын немесе кәсіби
стандарттарын әзірлеп шығарды. Ол стандарттарда адам
сапалы қоғамдастықты дамыту практикасын жүргізу үшін
не нәрсе істеуі қажет, білуі қажет және түсінуі қажет
екендігін сипаттап, дағды, білім және жұмыс құндылықтарын
біріктіре отырып, жақсы практиканы насихаттау арқылы
қызметкерлердің кәсіби дамуына септігін тигізеді.
Кейбір елдерде бұл ұлттық стандарттардың практик-
мамандар, менеджерлер, «пайдаланушылар» мен оқу
қызметтерін жеткізушілердің мүдделерін және практиканы
бақылаудаға тәжірибені қоса отырып, «әріптесі жүргізетін»
мониторинг функциясы бар. Оның мақсаты барлық практик-
мамандарды қолдайтын, қоғамдастықты даытудың жалпы
мақсатын, процестерін және негізгі рөлдерін көрсететін
келісілген стандарттар жинағын жасау болып табылады.
Қазіргі стандарттардың көбі Солтүстік елдер қоғамының
практикасы мен ғылыми білімдеріне (және болжамдарына)
негізделгенмен, оларды бірнеше елдерде түрлі ұлттық
қоғамдастықты дамыту желілері мен мекемелерінің
шығарғандығының өзі үлкен бастама нүктесі болып табылады.
Біздің ойымызша, бұл тәсілдерді бүкіл әлем бойынша
қабылдауға/бейімдеуге болады. Қазір бұл ойымыз жүзеге
асырылып бастауда, мысал ретінде осы бағыттағы Оңтүстік
Африка мен Жаңа Зеландиядағы қозғалыстарды атап өтуге
болады.
Соңғы отыз жылда не одан да көп уақытта түрлі
мемлекеттерде практик-мамандар, нұсқаушылар және жұмыс
берушілер практикаға қажет құзыреттіліктерді және ізінше
практик-мамандарға қандай білім, дағды және құндылықтар
мен қандай дайындық қажет екендігін келісу үшін ауқымды
жұмыс жүргізілді.
ҰЛТТЫҚ
СТАНДАРТТАРҒА
НЕГІЗДЕЛУ
11