Баспасөз парағЫ



Дата20.11.2018
өлшемі30 Kb.
#22194

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Оқу-тәжірибелік телестудиясы ашылады
Өтетін орны: Өтетін уақыты:

Астана, 2013 жылдың 13 желтоқсаны.

Янушкевич көшесі, 6 сағ: 11.00.

Журналистика және

саясаттану факультетінің ғимараты

Байланыс телефондары:

709-500 +35-110

8-701-250-97-83
Бүгінгі ақпараттану заманында журналистердің біліктілігіне қойылатын талап өте жоғары екендігі белгілі. Бұл өз кезегінде осы мамандыққа даярлайтын оқу орындарының да инновациялық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыра түсуіне жауапкершілік жүктейді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім беру саласында әлемдік деңгей бойынша жоғары сатыдағы оқу орындары қатарына көтерілген білім ордасы. Мұнда білім берудің жаңа, сапалық технологиялары кеңінен қолданылып келеді.

Соның бір көрінісі ретінде осы университеттің Журналистика және саясаттану факультетінде оқу-тәжірибелік телестудия ашылады. Мұның өзі мұндағы білім беру деңгейінің тағы бір сапаға көтерілгендігін көрсетеді. Сандық технологиямен жабдықталған бұл телестудияда кәсіби деңгейдегі хабарлар түсіріп, монтаждауға болады. Телестудиядағы телекамералар мен жарықтандырғыш құралдары, дыбыс жазу аппаратуралары сапалы телетүсірілімдер жасауға мүмкіндік береді.

Факультет телестудиясында журналистика және қоғаммен байланыс мамандығы пәндерінің сабақтары өтетін болады. ҚР Президенттік телерадиокешенінен университетке берілген телестудияны «Еуразия-ақпарат» оқу-тәжірибе орталығы толық техникалық тексерістен өткізіп, жаңа жабдықтармен толықтырып орналастырды. Телестудия негізінен телехабарларды жазу студиясы (4-sony MSW камералары, Logocfm Studio Kit 5000/8 жарық берушілері, Sennheiser ME-4 микрафондары), аппараттық студиялық блок (4- Panasonic NV- MV21EES бейнемагнитофондары), монтаждау бөлмесі (Alpha Pro 2,0, Blackmagic Decklink Studio 2, Blackmagic Decklink Studio 2+Adobe CS4 лицензияланған программалары бар компьютерлер) орналасқан. Студенттерге осы жерде шағын телехабарлардан бастап бейнероликтер, деректі фильмдер, жарнамалық өнімдер жасауға толық мүмкіншіліктер жасалған. Болашақ журналистер мұнда телережиссура, телеоператорлық шеберлік, монтаждау, дыбыс жазу, жалпы телехабарлар даярлаудың барлық қыр-сырын меңгерсе, қоғаммен байланыс, яғни пиаршы мамандығының студенттері жарнамалық және имидждік, түрлі тақырыптардағы анимациялық роликтер түсіруді, графикалар жасауды үйренеді. Мұнда нақты бір тақырыптар бойынша шағын хабарлар түсіріп, оны республикалық телеканалдар арқылы көрермендерге ұсынуға да мүмкіндік туады.

Бүгінгі таңда заман талабына сай жұмыс істейтін білікті журналистер мен қоғаммен байланыс мамандары жоғары сұранысқа ие болып отыр. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде пайдаланылуға берілген бұл оқу-тәжірибелік телестудиясы болашақ жас мамандардың ақпараттандыру техникасын жан-жақты меңгеріп, білімдерінің ұштала түсуіне ықпалын тигізері сөзсіз.
Тұсаукесерге шақырылған құрметті қонақтар:
Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен жетекші журналистері, журналистика ардагерлері;

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б.Сыдықов,

университет академиктері,

проректорлары,



факультет декандары.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау