Дипломдық жұмыстарда плагиаттың болмауын қамтамасыз ету туралы ереже



жүктеу 239,5 Kb.
Дата15.11.2018
өлшемі239,5 Kb.
#20311
түріДиплом




Дипломдық жұмыстарда плагиаттың болмауын қамтамасыз ету туралы

ЕРЕЖЕ


Бұл Ережені енгізудің негізгі мақсаты – білім алушылардың өз бетімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үрдісін жетілдіру, студенттердің ғылыми деңгейін арттыру, ақпараттық құзыреттілігі мен өзіндік менеджмент құзыреттілігін дамыту, әдебиетпен мінсіз жұмыстану мен ғылыми еңбекке таза көқарас қалыптастыру және ғылыми этиканы сақтау. Ереже студенттердің дипломдық жұмыстарын орындау кезінде авторлық құқық бұзушылыққа байланысты оқытушылар мен білім алушылардың қарым-қатынасын реттейді.

1. Жазбаша жұмыстарды орындау кезінде студент жеке ізденіс пен талдау негізінде ақпаратпен жұмыстың ғылыми әдістерін қолдана отырып мәтін құру керек. Басқа адамның идеясы мен мәтінін қолданған жағдайда, дипломдық жұмыстарды дайындау және рәсімдеу туралы бекітілген ережеге сәйкес студент қолданылған материалға сілтеме жасауы тиіс.

2. Осы ережемен реттелетін академиялық нормаларды бұзушылыққа келесі жатады:


  • жазба жұмыстарында басқа автордың мәтіні мен идеясын (плагиат) сілтемесіз қолдану;

  • материал мен жұмыс нәтижелерін фабрикациялау.

3. Плагиат екі түрде жүзеге асады:

4. Плагиат электронды немесе қағаз түрінде шығарылған бөгде адамның мәтінін ешқандай сілтемесіз жазба жұмысына қолдану болып табылады.

5. Астарлау деп бөгде мәтіннің мағынасын өз сөздері және сөйлемдерімен баяндауды айтады. Бұндай жағдайда идеяның немесе негізгі ойдың қайдан алынғанын көрсету керек. Астарлауды өз зерттеу нәтижесі деп жариялауға болмайды. Осыған байланысты мәлімет пен жұмыс нәтижесін фабрикациялау жалған мәлімет құрастыру немесе алынған нәтижені және мәлімет туралы ақпаратты мәліметтің түпнұсқасы мен алынған нәтиже жөніндегі ақпаратты бұрмалау болып табылады.

6. Авторлық және дипломдық жұмысты көшіріп алу мүмкіншілігін сәйкестігі алдын ала қорғаудан кейін «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасында тексеріледі.

7. «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасындағы тексеріс ректордың бұйрығы негізінде инновациялық технологиялар департаментінің білім беру бағдарламаларын дамыту және академиялық ұтқырлық бөлімі қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

8. Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөтен мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 20%-дан аспаған жағдайда, студентке көшірудің межелі нормаға сәйкестігі туралы анықтама береді (Қосымша 1).

9. Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөтен мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 20%-дан асып кетсе, студентке жоғарыдағы аталған анықтама берілмейді.

10. Дипломдық жұмыс жетекшісімен қайта қаралуы үшін студентке қайтарылады. Енгізілген өзгерістерден кейін кафедра отырысында қаралып, «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасында қайта тексерілуі жөнінде шешім қабылданады. Кафедра отырысынан көшірме білім беру бағдарламаларын дамыту және академиялық ұтқырлық бөліміне тапсырылады.

11. Көшірудің межелі нормаға сәйкестігі туралы анықтамасы жоқ студентке жұмысын қорғауына деканат өкімімен рұқсат берілмейді.

12. «Антиплагиат» бағдарламасынан жұмыстың өтуінің ақырғы мерзімі қорғауға дейін 10 күн.

13. «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасындағы тексеріс келесі ретпен жүзеге асырылады:

1) тексеріс жүргізу; 2) мәлімет қорына енгізу; 3) тексерістің орындалғанын тізімге тіркеу; 4) анықтама беру

Қосымша 1



Көшірудің межелі нормаға сәйкестігі жөнінде анықтама
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________________________________

мамандық атауы




Студенттің аты-жөні

Дипломдық жұмыстың тақырыбы

Тексерілді %

Плагиат%













__________________________ ____________ _______________________



Тексеруші қызметі қолы аты-жөні
жүктеу 239,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау