Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет72/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77

153 
 
 
 
 
Сурет 10 - Жоғары сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін 
зерттеуде эксперимент басындағы көрсеткіш деңгейінің динамикасы 
 
Ұсынылып  отырған  суретте  10  сынып  оқушыларының  19  пайызы 
шытырман оқиғалы детектив шығармаларды, 18 пайызы тарихи шығармаларды
63  пайызы  қазіргі  заман  тақырыбына  жазылған  романдарға  қызығушылық 
танытатындары байқалды.  
         10 
сынып  оқушыларының  қандай  тақырыптағы  шығармаларды 
ұнататындығы  көрсетілген.  10  сынып  оқушыларының  көрсеткішімен 
салыстырғанда  11  сынып  оқушыларының  эпикалық  шығармаларды  оқып 
талдауы,  оқырмандық  мәдениеті    жоғары  екендігі  аңғарылады.  Шытырман 
оқиғалы  детектив  және  фантастикалық  шығармаларды  оныншы  сынып 
оқушыларының  19  пайызы  қаласа    он  бірінші  сынып  оқушыларында  бұл 
көрсеткіш 9 пайызға дейін төмендегендігі байқалады. Бұл жерде оқушылардың 
эстетикалық  талғамымен  бірге  олардың  жас  ерекшеліктеріне  қатысты 
психикалық  құбылыстар  шешуші  рөл  атқарып  тұр  деп  санаймыз.    Негізгі 
мектеп  оқушыларының  шытырман  оқиғалы  шығармаларға  айрықша 
қызығушылық  танытатындығы  және  сыныптар  жоғарылаған  сайын  бұл 
қызығушылықтың  сатылап  төмендей  беретіндігі  психолог  ғалымдар  И.С.Кон, 
Н.Д.Молдавская  [143],  С.А.Гуревич  [139,61б],    М.Мұқанов  [142]  еңбектерінде 
дәлелденген. 
Ал  қазіргі  заман  тақырыбындағы  шығармаларды  10 
сынып 
оқушыларының  63  пайызы,  11  сынып  оқушыларының  39  пайызы 
қалайтындығы  айқын  көрініп  тұр.  Пайыздық  көрсеткіштер  арасындағы 
айырмашылықтың  себебі  10  сынып  оқушыларының  қалауы  тарихи 
шығармаларға қарай көбірек бұрылғандығы байқалады. 10 сыныпта 49 пайызға 
дейін яғни екі еседен астамға дейін көбейген. Бұл оқушылардың енді бұрынғы 


154 
 
бос қиялшылдықтан ештеңе шықпайтындығын түсініп, «Мен кіммін?», «Қайда 
бара  жатырмын?»,  «Ұлтым  қандай?»,  «Менің  халқымның  тарихы  қандай?» 
деген  сұрақтарға  жауап  іздей  бастайтын  кезеңі  болғандықтан    аталмыш 
себептерге байланысты тарихи шығармаларға басымдық бергендігін көрсетеді. 
Бұл  көрсеткіш  психолог  ғалым  М.Мұқановтың  «Жас  және  педагогикалық 
психология» еңбегінде атап көрсеткеніндей оқушылар жоғарғы сыныптарда өз 
халқының  тарихына,  мәдениетіне  ерекше  назар  аудара  бастайды  деген 
тұжырымымен үйлесіп тұр [144]. 
11сынып  оқушыларының  шытырман  оқиғалы  детектив  шығармаларға 
деген  сұранысы  10  сынып  оқушыларымен  шамалас  болды.  Ал  қазіргі  заман 
тақырыбындағы  шығармалар  бойынша  10  сынып  оқушылары  39  пайыз, 
11сыныптағылардың  көрсеткіші  49  пайыз  құрады.  Демек,  10сынып  пен  11 
сынып  оқушыларының  арасындағы  айырмашылық  10%.  Керісінше  тарихи 
шығармаларға  деген  құмарлық  10  сыныптықтардың  49  пайызынан  11сынып 
оқушыларында  43  пайызға  дейін  төмендеп  кеткен.  11сынып  оқушыларының 
үлкен  өмірге  қадам  басу  алдындағы  жан  толқыныстары,  мамандық  таңдау 
қарсаңындағы  қарбалас  көңіл  күй  олардың  ертеңгі  күнгі  алдан  шығар 
жауапкершілікті  бұрынғыдан  да  тереңірек  сезінуі,  оған  жауап  іздеуі  олардың 
тарихи  тақырыптағы  шығармаларға  деген  қалауын  бәсеңдетіп,  қазіргі  заман 
тақырыбындағы шығармаларға деген ықыласын арттыра түскендігін аңғартты. 
Осыған  байланысты аталмыш көрсеткіштерге сүйене отырып,  жоғарғы сынып 
оқушыларының  сыныпта  және  сыныптан  тыс  сабақтарда  көркем  шығарманы 
оқып-үйренуі  нәтижесінде  оқырмандық  қабілеттері  қандай  дәрежеде 
қалыптасқан  дегенді  анықтау  маңызды.  Келесі  тақырыпшада  арнайы 
қарастыратындықтан біз бұл жерде 10-11сынып оқушыларының бағдарламалық 
және  сыныптан  тыс  сабақтарда  оқытылатын  көркем  шығармалардың 
құрылымын,  шығармалардағы  авторлық  көзқарас  пен  образдылықты 
қаншалықты меңгергендігін қайтарған жауаптарын саралай отырып, пайыздық 
көрсеткіштерін шығардық. 
 
Кесте  10  –  Бағдарламалық  сабақтарда  оқытылатын  көркем  шығармалардың 
құрылымын, шығармалардағы авторлық көзқарас пен образдылықты  қабылдау 
көрсеткіштері 
 
Эксперименттік  
сыныптар 
Жоғарғы сынып оқушыларының бағдарламалық және сыныптан тыс 
сабақтарда оқытылатын көркем шығармалардың құрылымын, 
шығармалардағы авторлық көзқарас пен образдылықты меңгергендігін 
экспериментке дейінгі қалыптастыру көрсеткіштері (%) 
Эксперимент тобы 
көркем 
шығарманы 
оқиғалық 
деңгейде 
түсінетіндер 
көркем 
шығарманың 
сюжеттік-композициялық 
желісін, 
көркемдік 
бөлшектерін  ішінара  тани 
алатындар 
көркем 
шығарманы 
авторлық 
көзқарас 
деңгейінде 
образдылықпен               
қабылдай алатындар 
10сынып 
оқушылары 
27 % 
43 % 
30 % 


155 
 
11сынып 
оқушылары 
24% 
44 % 
32 % 
 
Жоғары  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  зерттеуде 
эксперимент басындағы көрсеткіш деңгейінің динамикасы келесі суретте жеке 
береміз. 
 
 
 
Сурет 11 – Жоғары сынып оқушыларының оқушыларының бағдарламалық 
және сыныптан тыс сабақтарда оқытылатын көркем шығармалардың 
құрылымын, шығармалардағы авторлық көзқарас пен образдылықты 
меңгергендігін  эксперимент басындағы көрсеткіш деңгейінің динамикасы 
 
Анкета  жауаптарынан  байқалатыны  оныншы  сынып  оқушылары 
арасынан көркем шығарманы оқиғалық деңгейде ғана түсінетіндер 33 пайызды, 
көркем туындының сюжеттік- композициялық желісіне ішінара назар аударып, 
кейбір  көркемдік бөлшектерін  тани  алатындар  42  пайызды,  әдеби  шығарманы 
авторлық  концепция  биігінде  образдылықпен  қабылдайтындар  25  пайызды 
құрады.  10  сыныптар  бойынша  әдеби  туындыны  оқиғалық  деңгейде 
түсінушілер  27  пайыз,  шығарманың  сюжеттік-композициялық  желісі  мен 
ондағы  көркемдік  сөз  бөлшектерін  ажырата  алатындар  43  пайыз,  көркем 
туындыны авторлық концепция деңгейінде образдылықпен қабылдайтындар 30 
пайыз мөлшерінде болды.  
11сынып  оқушыларының  ішінде  көркем  шығарманы  оқиғалық  деңгейде 
түсінетіндер  24  пайыз,  көркем  туындының  сюжеттік-композициялық 
құрылымын, ондағы көркемдік бөлшектерді ішінара тани алатындар 44 пайыз, 
әдеби туындыны авторлық көзқарас, образды сөз ретінде қабылдай алатындар 
32  пайыз болды.   
Алынған пайыздық көрсеткіштерге талдау жасау арқылы жоғарғы сынып 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау