144
сарқылмайтын көзі оқушының сыныптан тыс өздігінен оқуына байланысты
болады. «Кітап оқуды ұйымдастыру әдебиет пен өмірді байланыстыра
меңгертудің пәрменді құралы ретінде маңызы жоғары. Мұғалім бұл
байланысты әр алуан әдістермен тәсілдердің көмегімен нығайтуы, бекітуі
мүмкін», – дейді орыстың көрнекті әдіскер ғалымы С.А.Гуревич [139].
Бұдан шығатын қорытынды – мұғалімдер қауымы оқушы жастардың
өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруда олардың әдеби шығармаларды
оқуға қызығуын бірте-бірте рухани қажеттілікке айналуына баса көңіл бөлуі
қажет және бұл оқырмандық қабілетті дамытады.
Әдеби шығарманы оқу да – еңбек. Көркем шығарма оқудың үлкен еңбек
пен шығармашылықты қажет ететінін айтулы психолог В.Ф.Асмус «Оқу-еңбегі
және шығармашылық» атты мақаласында «...Шығарманы бір оқып шығу емес,
қайталап оқу ғана оны зерттеуге, талдауға, тереңірек қабылдауға жол ашады»,–
деп орынды көрсетеді [131, 654 б].
Сондықтан әрбір мұғалімді бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында
оқушыны оқыған шығармалардың мазмұнын, композициясын, бейнелі көркем
сөз айшықтарын талдай алатындай, оның идеялық-көркемдік мәнін түсініп,
оларды кейіпкерлер тағдырына ортақтастыра алатындай әдеби туындыны
оқуды жоспарлы түрде тиімді ұйымдастыра білу жолдары алдын ала
ойластырылуы қажет.
Оқушылардың оқырмандық тәжірибесін дамыту және оқушының кітап
оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында соңғы типтік оқу
бағдарламасында қазақ әдебиетінің дәуір тынысын бейнелеген ең таңдаулы
шығармалары сұрыпталып енгізілгенін жоғарыда атадық. Мұнда оқып-
үйренуге қажетті шығармалардың екі түрі ұсынылады. Біріншісі –
хрестоматиялық мәнге ие болған шығармаларда, екінші түрі – сыныптан тыс
оқу тізіміндегі туындылар. Алайда, оқушыларды онымен шектеп қоймай,
тәрбиелік, білімдік мәні зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуына мұғалім
ерікті. Олай болса, пән мұғалімі – мектеп оқушыларының көркемдік және
оқырмандық қабілетін қалыптастыру барысында сыныптан тыс оқуға бағыт
беріп, үздіксіз басшылық жасаудың әдіс-тәсілдерін қарастырып, оның кең
өрісті жоспарын жасауы керек. Сол бойынша оқушылардың кітап оқуын бірте-
бірте ұлғайта беру, жүйелі оқу, жеңілден-ауырға, қарапайымнан-күрделіге
сатылап көшу ұстанымын басшылыққа ала отырып, оқушылардың
бағдарламадан алатын білімдерін бір жүйеге түсіріп, әрі қарай тереңдету
арқылы оқырмандық қабілетті дамыту мақсат етіледі. Жұмыс сапасының
арттыру мұғалімнің ізденісіне, шығармашылықпен еңбек етуіне, қазіргі
әдістемедегі
ұтымды,
оңтайлы
әдіс-тәсілдерді,
оқытудың
жаңа
технологияларын орнымен пайдалана білуіне байланысты болмақ. Сонда алға
қойған мақсат-міндеттерді шешудің алғы шарттары орындалады. Осы игі
мақсатты мүмкіндігінше нақтылы шешу мақсатында зерттеу жұмыстарында
төмендегідей басты мәселелерді анықтап, жүйелеу ойластырылды. Олар
мыналар:
а) оқушылардың көркем әдебиетті оқуын шығармашылық еңбек
145
дәрежесіне көтеру: Бұл – сыныптан тыс оқу үдерісінде оқушылардың әдеби-
көркемдік қабілетін дамыту мәселесіне бағытталады. Ана тілін оқыту
жүйесінде мұның орны мен мақсатын алғаш анықтаған Мағжан Жұмабаев
бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қалыптастыру жүйесін жасады;
ә) сыныпта өтілетін бағдарламалық оқу материалдарын оқушыларға жан-
жақты меңгерту барысында оны сыныптан тыс оқылатын шығармалармен
ұштастыруда білудің әдіс-тәсілдерін айқындау;
б) оқушылардың өздігінен сыныптан тыс оқу барысын жетілдіру
жұмыстарын жүйелі жолға қоюға арналған кеңейтілген жоспарын белгілеу.
Мұнда оқушылардың сабақ үдерісінде алған білімі сыныптан тыс оқу
арқылы нығайтылмаса сыңаржақты болады да, оқу-тәрбиенің мақсат-
міндеттерін түгел шеше алмайды. Сабақ пен сыныптан тыс оқу жұмыстары
өзара байланысты болып, қатар жүргізілсе, сабақ мазмұнын қайталамай, оның
логикалық жалғасы ретінде берілсе, онда сыныптан тыс оқу ұтымды жүзеге
асады. Мұндай оқуды әдебиет пәнінен сыныпта және сыныптан тыс
жүргізілетін жұмыстардың басқа түрлерінен бөліп алып қарауға болмайды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың бағдарлама бойынша әдебиет сабағынан
алған білім қорын молайтып, оқыған шығармаларын сапалы меңгеруге, оның
қайталанбас әсемдігін қабылдай білуге, өмірге үңіле қарап, адамның іс-әрекеті
мен қоғамдық құбылыстарды бағалай білуге үйретеді.
Сонымен бірге кітап оқу танымдық қабілетті дамытудың, баланың ой-
өрісін кеңейтудің және оны білмекке құмарлықты арттырудың, өздігінен оқуға
тәрбиелеудің қуатты құралы болып есептеледі. Мұнда ең бастысы,
шәкірттердің оқуға деген құштарлығын оятып, шәкірттің оқырмандық қабілетін
дамыту жүзеге асады.
Орта мектеп оқушылары – оқырмандар құрамындағы үлкен де белсенді
топ. Олар барлық құбылысты,өмірлік мәселелердегі көп нәрсені білгісі,
үйренгісі, түсінгісі келетін әлеуеті жоғары оқушылар бөлігі. Сыныптан тыс
оқуға тізімделіп, сараланып берілген әдеби кітаптармен ғана шектелмей, олар
әр саладағы ғылыми-көпшілік, тағы басқа шығармаларды оқуға да ұмтылады.
Сол арқылы табиғат, адам,олардың арасындағы қарым-қатынас пен қоғамдық
өмір шындығының талай қат-қабат сырларына ой жүгіртеді. Сондықтан
баланың көркем шығармаға деген қызығушылығына бағыт беру, әдеби-
эстетикалық сауаттылыққа тәрбиелеу, оны әрі қарай дамытып бекіту,
оқырмандық қабілетті дамыту – педагогикалық маңызды мәселенің бірі болып
есептеледі. Көрнекті орыс педагогі К.Д.Ушинский: «Оқу дегеніміз – әлі
ешнәрсе бермейді, нені оқу, оқығанды қалай ұғу – ең басты іс, міне, осында»,
деп сыныптан тыс оқуға шебер басшылықтың болуын талап етеді [140]. Сол
үшін сыныптан тыс оқу жүйелі де жоспарлы ұйымдастырылып, арнаулы
мақсатқа бағытталып отырылуы – мәдениетті оқырман тәрбиелеудің де көзі
іспетті. Ғалым Т.Жұмажанова әдебиет сабақтарында жүргізілетін сыныптан тыс
жұмыстардың оқушылардың кітап оқуға ынтасын, құштарлығын дамытуға
тигізетін әсерін жан-жақты талдаған. Профессордың көптеген ғылыми
еңбектері осы мәселеге арналып, ол мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың
Достарыңызбен бөлісу: |