146
ішінде сыныптан тыс оқуға ерекше мән берген. «Оқушылардың әдеби білімінің
аясы сыныптан тыс оқумен толықтырылады, олардың әдеби талғамдарын
ұшқырлай түседі, тілін байтып, білімін кеңейтеді. Ең бастысы кітап оқуға
құштарлықты, оқырмандық қабілетті оятады», - деп тұжырымдайды [141].
Ғалым сол сияқты бүгінгі таңда оқушының өздігінен көркем шығарма оқуға
ықыласының азайып бара жатқанын айтады. Мұнан біз кітап оқу, оқырмандық
қабілет, оқырмандық мәденитет, оқырмандық қажеттілік, қызығушылық
мәселесінің қазіргі уақыттағы өзектілігін байқаймыз. Мектеп тәжірибесінде
бұл мәселені әр мұғалімнің әр қалай қарастырып келе жатқанын көреміз.
Көпшілік мектептерде оқушыны оқырман ретінде білуге, тануға жете көңіл
бөлінбейді. Біз осы ретте өзіміз тәжірибе жүргізіп, сынақтан өткізген
мектептердегі әдебиет пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс сабақтардың
ұйымдастырылуын, олардың нәтижелерін анықтауға әрекеттендік.
Жалпы білім беретін орта мектептегі сыныптан тыс оқу жеке
оқушылармен, үйірме мүшелері, сынып ұжымымен ауызша пікір алысу,
әңгімелесу барысында олардың қандай ақын-жазушылардың шығармаларын
сүйіп оқитындықтарын, алдағы уақытта нені оқығылары келетіндіктерін,
тақырыптық таңдауларының бағыт-бағдарын анықтау; «Менің сүйікті
жазушым», «Мен өнеге тұтатын кейіпкер», «Кімге еліктеймін!?», «Кітап –
досым, жан серігім», «Көркем шығармадан мен не білемін?» т.б. тақырыптарға
оқушылардан шығарма жаздырып, оған талдау жасау; оқырман күнделігіндегі,
оқыған шығармаларына байланысты жазылған өзіндік пікірлерді талдап,
қорытындылап отыру; мектептегі әдебиетке байланысты сыныптан тыс
жүргізілетін
жұмыстармен
оқырмандық,
көркемдік-шығармашылық
конференциялар, тәрбие сағаттары, пән апталықтар, кездесулер, саяси
хабарламалар, тақырыптық кештер, пікірталастар, пәндік олимпиадалар, мектеп
мұражайы, театр, пәндік үйірмелер т.б. жұмыстармен танысу, материалдарға
шолу жасау; жеке оқушыларға арнайы жаттығу-тапсырмалар, шығармашылық-
проблемалық сұрақтар беріп, әдеби білім, біліктіліктерін бағамдау;
оқушылардың өз таңдауына сәйкес бірнеше әңгіме, ертегілер тақырыптарын
ұсынуға бағытталатыны айқындалды.
Бұл жұмыстар оқушының өздігінен оқу дағдысын қалыптастырумен бірге
әдеби-эстетикалық талғамын тәрбиелеуде, көркемдікті тани білуде оларды
әдеби-шығармашылық жұмысқа баулуды көздейді. Бұл жұмыс түрлерін
саралап, ғылыми тұрғыдан тұжырымдап, талдап қорытындылай келе, біз
оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы арта түседі.
Жоғарғы сынып оқушыларының эпикалық шығармалар арқылы
оқырмандық қабілетін дамытуға қатысты психологиялық, әдістемелік
сипаттағы жұмыстардың нәтижелілігі эксперименттік зерттеулердің ғылыми-
әдістемелік ұстанымдарға сай жүйелі де дұрыс ұйымдастырылуына байланысты
жүзеге асырылады. Эксперименттік зерттеулер арнайы таңдап алынған
гипотезаны басшылыққа ала отырып, тексерілуге тиісті ықтимал ережелердің
тиімді- тиімсіздігін анықтайды, жаңа бет-бағыт, көркем шығарма мәтінімен
жүргізілетін өзгеше жұмыс түрлерін ойлап табуға жол ашады [124].
147
Эксперименттік зерттеулердің жоба-жоспары, әдістемесі қандай тақырыптың,
нендей теориялық мәселенің дұрыс-бұрыстығын тексеруі қажеттігіне
орайластыра жасалады.
Жалпы
оқушыларға
көркем
шығарманы
меңгертуге
арналған
эксперименттік жұмыстардың қалыптасқан стандартты үлгісі болмайды,
эксперименттің орны, түрі, формасы, мерзімі, күрделілік белгілері тексерілуге
тиісті ғылыми-теориялық мәселеге, тақырыпқа тікелей байланысты белгіленеді.
Осы орайда жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін дамытуға
байланысты ұйымдастырылатын эксперименттік жұмыстар да зерттеліп
отырған тақырыптың ғылыми мазмұнына қарай жоспарланады. Ендігі
жоспарланатын ғылыми эксперименттің мақсат-міндеттері, түрлері мен мерзімі
де осы ғылыми болжамның қаншалықты дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу
мақсатына сай белгіленеді.
Эксперименттің мақсат-міндеттері:
- жоғарғы сынып оқушыларының эксперимент қарсаңындағы әдеби білім
дәрежесін анықтау;
- оқушылардың әдеби шығармаларға деген жанрлық қызығушылықтарын
айқындау;
- жоғары сынып оқушыларының әдеби қабылдауы мен оқырмандық
қабілетінің психологиялық тұрпатын айқын білу;
- оныншы және он бірінші сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін
дамыту мақсатындағы көркем мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің
ықтимал түрлерін анықтау;
- оныншы және он бірінші сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін
дамыту мақсатындағы шығармашылық тапсырмалардың ықтимал әсер-
ықпалын айқындау.
Аталмыш мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін эксперимент базасы
ретінде Алматы қаласы білім басқармасының «№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі алынды.
Мектеп оқушыларының интернетке, ірі-ірі кітапханаларға, музейлерге
олардың эстетикалық талғам-таразысын ұштауға мүмкіндік беретін өзге де
мәдени орындарға, ғылыми-ағартушылық ортаға деген қолжетімділігі жоғары.
Жоғары сынып оқушыларының эксперимент қарсаңындағы әдеби білім
дәрежесін айқындау үшін эталондық үлгі, ұстаным ретінде мақсатты түрде орта
мектепке арналған әдебиет пәні бағдарламасы басшылыққа алынды.
Анкеталық сұрақтарды сұрыптау нәтижесі оқушылардың әдеби білім
дәрежесіне тән бірқатар өзгерістерге көз жеткізілді. Бағдарламалық
материалдарды игеруі жағынан алғанда мектеп оқушыларының білім
дәрежелері шамалас болды. Көркем шығарманың мазмұны, сюжеттік-
композициялық желісі, тіл көркемдігіне қатысты сауалдарға оқушылар
басымдық танытса (86 және 82 пайыз), шығармалардағы авторлық концепция,
кейіпкер бейнесі, образдылық, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгеру дәрежесі
бойынша қала мектебі оқушылары жоғары көрсеткішке (89 және 85 пайыз) ие
болды. Оқушыларға көркем шығарманы меңгертуге арналған эксперимент
Достарыңызбен бөлісу: |