Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергенов "Ақ қыс" 3-сынып Сабақтың мақсаты



жүктеу 37,16 Kb.
Дата22.02.2018
өлшемі37,16 Kb.
#10438
түріСабақ

БҚО.Теректі ауданы

Қоғалытүбек негізгі

жалпы білім беретін мектебі

Айгул Уразаевна Ахметкалиева

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Т.Айбергенов "Ақ қыс" 3-сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығармалардың тақырыптық-идеялық мәнін ашу арқылы оқушыларға қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту,байланыстырып,жүйелі сөйлеу дағдыларын,шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру,балаларды шыдамдылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Міржақып,Төлеген портреттері,тақырыптық суреттер.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыру,талдау.
Сабақтың барысы

І.Бағдарлау-мотивациялық кезең

Суретпен жұмыс.

Оқушыларға қыс көрінісін бейнелейтін суреттер көрсетіліп,сұрақтар қойылады.

- Мына суретке назар аударыңдар.

- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

- Қыс мезгілі.Дала аппақ.Күннің көзі көрінбейді.Ағаштар үйлер,төбелер қар жамылған.

- Қыс мезгіліне ғана тән қандай сөздерді айттық?

- Аппақ,аяз,ақ көрпе,сықырлайды,қалың киім,қаһарлы, т.б.

- Ендеше,бүгінгі сабағымызда қыс туралы,оның табиғатқа,адам өміріне әсері туралы әңгімелейміз.Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов пен Міржақып Дулатовтың өлеңдері.Олар туралы біз не білеміз? (Оқушылар өз білетін мәліметтерін айтады.Мұғалім толықтырады.)






ІІ.Сараланған бөлім. Операциялық -орындаушылық кезең.

Өзіндік жұмыс.

Т.Айбергенов "Ақ қыс" өлеңін іштей түсініп оқу.

Мұғалім басшылығымен.

Өлең мазмұны талданады.


- Ақы өлеңі қандай көңілмен аяқтаған?

А) кейіпкер қыстан шаршаған,ренішті;


Ә) қыс ұзақ,сондықтан кейіпкер көктемді іздейді;
Б) қысты да жақсы көреді,көктемнің де жақын екенін сезеді.


Өздік жұмыс

Дәптермен жұмыс


. "Ақ қыс" өлеңі мен хрестоматиядағы -- "Адасқан аңшы" өлеңін

салыстыр.Шығармалар кестесін толтыр.




1-тапсырма:Берілген сөздер мағынасына қарама-қарсы сөздер жазу.

Үлгі:

Ақ- қара


Сұлу-

Күні-


Салқындайды-

Оян-





2-тапсырма: "Аквариум". Балық аулайды.Әр балықтың артында қысқа байланысты суреттер жасырылған. Сол суретке 3-4 сөйлем құрастыру.

1. Орман


2. Қар жауып тұр

3.Балалар далада ойнап жүр

4. Аяз ата

5. Қысқы ауыл

6.Жаңа жыл

Бағалау: өзара бағалау үшін "Екі жұлдыз,бір тілек" әдісін қолдану.






3-тапсырма: "Қыс" сөзіне "Бес жолды өлең" әдісі арқылы өлең құрастыру.

Қыс

1.Зат есім (1 сөз)

2.Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4.Сөйлем (4 сөз)

5. Синоним




ІІІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

3-сынып

Тест тапсырмалары

1.Өзен,теңіз,тау,төбені неге теңейді?

А) сәукеле

Ә) сырмаққа

Б) қалаға

2. Аппақ... сықырлап

А) жаз


Ә) күні

Б) сұлу


3.Т.Айбергеновтың кітабын тап.

А) Маса


Ә) Аманат

Б) Көктөбе

4.Тұр қыс күні...

А) сықырлап

Ә) сүйкімді

Б) сырласып

Тест жауабы: 1-а;2-б;3-ә;4-ә.



Өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма.

1.Өлеңді жаттау.

2.Өлең мазмұны бойынша сурет салу.



жүктеу 37,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау