Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет74/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77

158 
 
 
 
Сурет 12 – Тәжірибелік-эксперимент жұмыс барысында «Абай жолын» 
сыныпта оқығаннан кейінгі 10-11 сынып оқушыларының оқырмандық 
қабылдау динамикасы 
 
Суреттегі  диаграммадан  көрініп  тұрғанындай  оқушылары  ішінде  «Абай 
жолы»  романын  оқиғалық  деңгейде  түсінетіндер  32  пайызды,  сюжеттік  - 
композициялық  деңгейде  түсінетіндер  46  пайызды,  ал  авторлық  көзқарас 
деңгейінде  образдылықпен  қабылдайтындар  22  пайызды  құрады.  Әрине,  бұл 
сыныптағы  романға  бөлінген  4  сағаттық  сабақты  өтіп  болғаннан  кейінгі 
көрсеткіш. 3 суреттегі диаграммада «Абай жолын» сыныпта оқығаннан кейінгі 
11 сынып оқушыларының оқырмандық қабылдау көрсеткіші берілген. Мұндағы 
өлшемдер  мектеп  оқушыларының  көрсеткіштеріне  қарағанда  өзгешелеу 
сипатымен ерекшеленеді. Бұларда романды оқиғалық деңгейде түсінетіндер 23 
пайыз, шығарманың сюжеттік-композициялық желісін, көркемдік бөлшектерін 
ішінара  тани  алатындар  49  пайыз,  авторлық  көзқарас  деңгейінде 
образдылықпен  қабылдай  алатындар  28  пайыз  болды.  Оқушылар  ауызекі 
пікірлесуде  бұл  айырмашылықтың  нақты  себептері  ретінде  әлеуметтік 
жағдайына  қатысты  мәселелерді  (интернет  жүйесімен  толық  қамтылмау, 
көркем өнерге баулитын, бірлесіп талқылайтын мәдени орындардың болмауын 
т.б.) көбірек атады. 
Екінші бөлім бойынша тұжырым 
Диссертациялық  жұмыстың  екінші  тарауында  жоғарғы  сынып 
оқушыларының  эпикалық  көркем  шығармаларды  жанрлық  ерекшеліктеріне 
қарай  меңгеруіндегі  оқырмандық  қабілетті  дамытудың  амал-тәсілдері,  
оқырмандық  мотивацияны  тудыру  жолдары,  оқушылардың  кітап  оқуға  деген 
ынтасын дамыту және т.б осы зерттеуге байланысты мәселелер  қарастырылды. 
Әдебиет  сабақтарында  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  оқырмандық 


159 
 
қабілетті  тәрбиелеудің  педагогикалық  психология,  оқыту  әдістемесі  салалары 
бойынша ғылыми-әдістемелік ұстанымдары зерделенді.  
Педагогикалық  психология  және  әдебиетті  оқыту  әдістемесі  салалары 
бойынша шетелдік және қазақ ғалымдарының жоғарғы сынып оқушыларының 
оқырмандық қабілетін  дамыту мәселесіне байланысты еңбектері сарапталды. 
Әдебиеттен жоғарғы сыныптарда оқытылатын поэзиялық және прозалық 
шығармалар  шығармалар  мысалында  жоғарғы  сынып  оқушыларының 
сыныптағы әдебиет сабақтарында және сыныптан тыс оқу сабақтарында көркем 
шығарманы  оқып-үйрену  негізінде  қалыптасатын  оқырмандық  қабылдауының 
дәрежелері, оқырмандық қабылдауының түрлері талданып-таразыланды. 
Жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілеттерін  тереңдете, 
кеңейте  түсетін  когнитивтік,  регулятивтік  және  коммуникативтік  қабілеттерін 
дамытуға  қатысты  шығармашылық  тапсырмалар  үлгілері  ұсынылды.      
Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілеттерін  дамытуда сыныптан 
тыс  жұмыстардың  түрлері  ұсынылып,  қазақ  әдебиетінен  өткізілетін  әдебиет 
үйірмесі  мен  апталық  үлгілері  бойынша  оқырмандық  қабілетті  дамытудың 
бағыт-бағдарлары көрсетілді. Сыныптағы әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс 
оқу сабақтарының тиімді ұштастырылуы олардың әрқайсысы бойынша көркем 
мәтінді  меңгерту  және  оқырмандық  қабілетті  дамыту  бағытында  атқарылатын 
жұмыс  түрлері  жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін 
дамытуға негіз бола алады. 
Жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  дамытуға 
байланысты  жүргізілген  эксперименттік  жұмыстар  зерттеліп  отырған 
тақырыптың ғылыми-теориялық және әдістемелік құрылымы мен   мазмұнына  
қарай жоспарланды.  
Оқушыларға  көркем  шығарманы  меңгертуге  арналған  эксперимент 
түрлерінің  ішінен  анықтаушы  және  қалыптастырушы  эксперимент  түрлері 
таңдалып алынды. 
Жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілеттерінің  дәрежесін 
анықтауға  және    дамытуға  арналған  анықтаушы  эксперимент  төмендегідей 
формада жүзеге асырылды. Әр сыныптан (10-11) әдебиеттен үздік және жақсы 
үлгерім  көрсетіп  жүрген  сегіз  оқушы  таңдалып  алынып,  бұл  топтағылар 
бақылау  тобы  болып  белгіленді.  Себебі,  бұл  топтағылар  көркем  шығарманы 
шығармашылықпен  қабылдай  алатын,  әдеби  қабілеті  жоғарғы  деңгейдегі 
оқушылар  болғандықтан  эталондық  үлгі  ретінде  қарастырылды.  Ал  екінші 
топтағы  оқушылар  (бұлар  негізгі  топ  деп  аталады)  көркем  шығарманы 
оқиғалық  деңгейде  ғана  түсінетіндер  мен  көркем  шығарманың  құрылымдық 
бөлшектерін  ішінара  тани  алатындардан  іріктелді.  Эксперименттің  негізгі 
мақсаты екінші топтағы яғни орташа немесе нашарлау үлгерім көрсетіп жүрген 
оқушыларды  бірінші  топтағылардың  деңгейіне  көтеру,  мүмкіндігінше 
жақындату болып табылады. Бұл үшін қалыптастырушы эксперимент көмекке 
келеді.  
Аталған эксперименттердің нәтижесінде жоғарғы сынып оқушыларының 
оқырмандық  қабілеттеріне  қозғау  салатын  когнитивтік,  регулятивтік  және 


160 
 
коммуникативтік  қабілеттерін  дамыту  мақсаты  көзделді.  Сыныптағы  әдебиет 
сабақтары  мен  сыныптан  тыс  оқу  сабақтары  арқылы  жоғарғы  сынып 
оқушыларының оқырмандық қабілетін қалыптастыру тақырыбына  сай алынған  
эксперименттік  жұмысымыздың  ғылыми  болжамы  (гипотезасы)  ретінде:  
«Жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін    дамыту  сыныптағы 
әдебиет  сабақтарында  алған  теориялық  білімдерін  (көркем  шығармаға  талдау 
жасау,  шығармашылық  тапсырмалар  т.б.)  сыныптан  тыс  сабақтардағы  еркін 
шығармашылық  жұмыс  түрлерімен  тығыз  ұштастыра  өткізу  арқылы 
оқушылардың  оқырмандық  қабілетін  дамытуға  болады»  деген  тақырып 
алынды. 
Жоспарланған  эксперименттің  мақсат-міндеттері,  түрлері мен мерзімі де 
осы  ғылыми  болжамның  қаншалықты  дұрыс-бұрыстығына  көз  жеткізу 
мақсатына сай белгіленді. Ал екінші топтағы оқушылар (бұлар негізгі топ деп 
аталады) көркем шығарманы оқиғалық деңгейде ғана түсінетіндер мен көркем 
шығарманың  құрылымдық  бөлшектерін  ішінара  тани  алатындардан  іріктелді. 
Эксперименттің негізгі мақсаты екінші топтағы яғни орташа немесе нашарлау 
үлгерім көрсетіп жүрген оқушыларды бірінші топтағылардың деңгейіне көтеру, 
мүмкіндігінше  жақындату  болып  табылады.  Бұл  үшін  қалыптастырушы 
эксперимент көмекке келеді. Аталған эксперименттердің нәтижесінде жоғарғы 
сынып оқушыларының оқырмандық қабілеттеріне қозғау салатын когнитивтік, 
регулятивтік  және  коммуникативтік  қабілеттерін  дамыту  мақсаты  көзделді.  
Экспериментік  жұмыста  оқушыларға  екі  кезеңмен  сауалнама  жүргізілді. 
Бірінші кезеңде олардың кітап оқуға деген қызығушылығын, көркем әдебиетке 
деген құштарлығын байқау мақсаты қойылды. Ал екінші кезеңде оқушылардың 
шығармашылықпен  ойлау,  креативті  пайымдау,  өзінің  ойын  жеткізе  білу, 
пікірталаста 
өз 
көзқарасын 
ұстану, 
мобильдік 
таныта 
алусияқты  
құзыреттілктерге бағытталған іс-әрекеттік тапсырмалар берілді.   Бұл тәжірибе 
мақсатына  жетті  деп  айта  аламыз,  өйткені  оқушылардың  жауаптары  мен 
тапсырма үлгілері өзара сабақтастықта орындалды және нәтиже  нақты көрінді. 
Ол кесте түрінде көрсетілді.  
Эксперименттік  жұмыстар  негізінде  төмендегідей  мақсаттарға  қол 
жеткізілді: 
-  Зерттеу  жұмысының  «Жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық 
қабілетін  дамыту,  сыныптағы  әдебиет  сабақтарында  алған  теориялық 
білімдерін  (көркем  шығармаға  талдау  жасау,  шығармашылық 
тапсырмалармен  жұмыс  т.б.)  сыныптан  тыс  сабақтардағы  еркін 
шығармашылық  жұмыс  түрлерімен  тығыз  ұштастыра  өткізу  арқылы 
оқушылардың  оқырмандық  қабілетін 
дамытуға  болады»  атты 
тақырыбындағы (гипотезасы) ғылыми болжамы дәлелденді. 
-  Экспериментке  тартылған  жоғарғы  сынып  оқушыларының  оқырмандық 
қабілетін  сыныптар  бойынша  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін,  оларға 
берілетін 
әдеби 
білімнің 
көлемін 
ескере 
отырып 
жасалған 
шығармашылық тапсырмаларды жүйелі түрде қолдана отырып дамытуға 
болатындығы айқындалды. 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау