156
оқушыларының көркем шығарманы қаншалықты дәрежеде меңгергендігін,
олардың түсінік сатыларын жалпы тануға күш салынды. Ал неғұрлым нақты
көрсеткіштер анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер нәтижесінде
айқындалды.
Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілеттерінің дәрежесін
анықтауға
және
қалыптастыруға
арналған
анықтаушы
эксперимент
төмендегідей формада жүзеге асырылды. Әр сыныптан (оныншы, он бірінші
сыныптардан) әдебиеттен үздік және жақсы үлгерім көрсетіп жүрген 8 оқушы
таңдалып алынып, бұл топтағылар бақылау тобы болып белгіленді. Себебі, бұл
топтағылар көркем шығарманы шығармашылықпен қабылдай алатын, әдеби
қабілеті жоғарғы деңгейдегі оқушылар болғандықтан эталондық үлгі ретінде
қарастырылды. Ал екінші топтағы оқушылар (бұлар негізгі топ деп аталады)
көркем шығарманы оқиғалық деңгейде ғана түсінетіндер мен көркем
шығарманың құрылымдық бөлшектерін ішінара тани алатындардан іріктелді.
Эксперименттің негізгі мақсаты екінші топтағы яғни орташа немесе
нашарлау үлгерім көрсетіп жүрген оқушыларды бірінші топтағылардың
деңгейіне көтеру, мүмкіндігінше жақындату болып табылады. Бұл үшін
қалыптастырушы эксперимент көмекке келеді. Аталған эксперименттердің
нәтижесінде жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілеттеріне қозғау
салатын когнитивтік, регулятивтік және коммуникативтік қабілеттерін дамыту
мақсаты көзделді.
Анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттің нәтижелері
Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілеттерін дамыту
мақсатындағы эксперименттік жұмыстарымыз анықтаушы эксперимент
ұйымдастырумен жалғастырылды.
Эксперименттің мақсатына сай әр сынып оқушылары екіге бөлінді. Әр
сыныптан
әдебиетті
үздік,
жақсы
оқитын
көркем
шығармаларды
шығармашылықпен қабылдайтын, арнаулы қабілетке ие сегіз оқушы таңдалып
алынды. Бұлар әдебиетті өз тұрғыластарына қарағанда терең түсінетін
оқырмандық қабілеттері жоғары деңгейдегі эталондық үлгі ретінде таңдалып
алынған оқушылар. Бұл топтағылар бақылаушы топ деп аталды. Ал сыныптағы
қалған оқушылар әдебиетті оқиғалық деңгейде ғана түсінетіндер мен әдеби
туындының ішкі құрылымын, көркемдік бөлшектерін ішінара тани алатындар
болғандықтан, оларды негізгі топ деп атадық. Эксперименттік жұмыстың
мақсаты осы сынып оқушыларының басым бөлігін құрайтын негізгі
топтағыларды оқырмандық қабілетті дамытатын жұмыс түрлері арқылы
бақылаушы топтың дәрежесіне көтеру болып табылады.
Жалпы алғанда оқушылардың оқырмандық қабілеттерін, әдеби
қабылдауын бірнеше бағытта дамыту керек. Білімдік үрдісте оқушыларға оқу
материалдарын меңгертуде олардың бойындағы психикалық құбылыстарға
қозғау салынып, мұғалім көздеген түпкі нәтижеге қарай бағытталады.
Сыныптағы әдебиет сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарда
оқушылардың бойындағы жеке бір қабілеті дербес алып дамытылмайды
керісінше олардың қабілет қырлары оқытылып-үйретіліп отырған оқу
157
материалын меңгерту сұранысына, қажеттілігіне қарай, қатар дамытылады.
Мектептегі әдебиет сабақтарының негізгі мақсаты шығармашыл тұлға
қалыптастыру. Жоғарғы сынып оқушыларының танымдық қабілетінің өзі
бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады:
- оқып-үйренген білімді жинақтай білу;
- білімді түрлендіру;
- оқушы жадын нығайта түсетін шығармашылық қабілет;
- алынған білімді жұмсай білетін интеллектуалдық қабілет.
Танымдық қабілетті анықтайтын осы танымдық әрекеттердің қай-
қайсысы болса да көркем шығарманы оқып-үйрену үстінде алма-кезек
қолданысқа түсіп отырады. Аталған танымдық үрдістердің ішіндегі
оқушылардың оқырмандық қабілеттерін дамытуға айрықша ықпал ететіні, оған
орталық өзек болатыны – шығармашылық қабілет.
Жалпы оқушылардың оқырмандық қабілеттерін дамыту көркем
шығарманы сыныптағы әдебиет сабақтарында оқып-үйренуден бастап
сыныптан тыс сабақтар арқылы жалғасын табатын өте күрделі кешендік үрдіс.
Солай бола тұра оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытудың негізгі
нысаны – олардың көркем мәтінді меңгеруі болғандықтан, шығарма мәтінімен
тікелей, бетпе-бет жұмыс жүргізу ғана шығармашылыққа баулудың бірден-бір
жолы
болып
табылады.
Оқушылардың
шығармашылық
қабілеті
шығармашылық тапсырмаларды дұрыс таңдап орындай білу арқылы жүзеге
асырылады. Сондықтан да негізгі топтағы оқушыларды бақылаушы топтың
деңгейіне көтерудің шығармашылық тапсырмалар негізінде тиімді нәтижеге
жеткізу мүмкіндігі жоғары болды. Сондай- ақ, 11сынып оқушыларының «Абай
жолы» романын оқығаннан кейінгі көрсеткіштерінде айырмашылықтар
байқалды.
Кесте 11 – Тәжірибелік-эксперимент жұмыс барысында «Абай жолын»
сыныпта оқығаннан кейінгі 10-11 сынып оқушыларының оқырмандық
қабылдау көрсеткіштері
Эксперименттік
сыныптар
Эксперименттен кейінгі қалыптастыру көрсеткіштері (%)
Бақылау тобы
Көркем
шығарманы
оқиғалық
деңгейде
түсінетіндер
Көркем
шығарманың
сюжеттік-
композициялық желісін,
көркемдік бөлшектерін
ішінара тани алатындар
Көркем шығарманы
авторлық
көзқарас
деңгейінде
образдылықпен
қабылдай алатындар
10 сынып
оқушылары
32 %
46 %
22%
11 сынып
оқушылары
23 %
49 %
18%
Достарыңызбен бөлісу: |