Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет75/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77

161 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақ 
әдебиеті 
сабақтарында 
эпикалық 
шығармаларды 
оқытуда  
оқушылардың  оқырмандық  қабілетін  дамыту  мәселесі    жалпы  орта  білім 
беретін  мектептердегі  жоғары  сынып  оқушыларының  көркем  әдебиетке 
қызығушылығын 
арттырумен 
байланысты 
қарастырылады. 
Зерттеу  
жұмысында    эпикалық  шығармаларды  меңгертудің    әдістемелік  негіздері  
жетілдіріліп,  соның  негізінде    мектептегі  оқу  бағдарламасында  берілген 
эпикалық  шығармаларды  оқытудың  әдістемелік  жүйесі  ұсынылды  және 
«Қабілетті оқырман» факультативтік курсының оқу бағдарламасы дайындалды.  
Зерттеу  барысында  жасалған  тәжірибелік  талдаулар  мен  эксперимент 
нәтижелері  эпикалық  шығармаларды  оқыту  арқылы  жоғары  сынып 
оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  дамытуда    мынадай  нәтижелерге  қол 
жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетті:  
-  Жоғары  сынып  оқушыларының    көркем  әдебиетті  түсініп  оқуы  олардың 
көркемдік  талғамын,  кітап  оқуға  деген  қызығушылықтарын  дамытуға 
ықпал етеді;  
-  эпикалық 
шығармалардың 
көркемдік 
табиғаты 
оқушылардың  
дүниетанымының кеңейуіне, оқиға желісін дұрыс болжай алуына септігін 
тигізеді;  кейіпкермен ойша сұхбаттасуға, өзіндік ой қорытуға жетелейді;  
-  зерттеуде 
қолданылған 
әдіс-тәсілдер 
эпикалық 
шығармалардың 
мазмұнын  толық  түсіне  алуға,    шығарманы    әдеби  тұрғыда  талдауға 
көмектеседі;  
-  бағдарламалық 
тақырыптардың 
алуан 
түрлілігі 
оқушылардың 
оқырмандық  белсенділігін,  шығармашылығын,  қызығушылығын  оята 
отырып, оқырмандық мәдениетке тәрбиелейді;  
-  эпикалық  шығармаларды  оқып  үйрену    оқушыларды    өмірдің  ақиқатын 
тануға, адамдар арасындағы рухани байланысты ажырата алуға үйретеді, 
сөйтіп  шығарманың  мазмұны  арқылы  өзіндік  өмірлік  тәжірибе 
жинақтауға мүмкіндік береді;  
-  тәжірибелік  зерттеу  нәтижелері   оқушылардың  эпикалық  шығармаларды 
оқу  барысында  оқырмандық  қабілеттілік  таныта  алатындықтарын 
байқатты.  
Эпикалық  шығармаларды  оқытуда  оқушылардың  оқырмандық  қабілетін 
дамыту  мектепте  әдеби  білім  берудің    маңызды  міндеттерінің  бірі    деуге 
болады.  Қазақ  әдебиеті  сабақтарында  эпикалық  шығармаларды  оқыту   
оқушылардың білімдері мен дағдыларын, қабілеттерін, сонынмен қатар мәтінді 
талдай  білу  және  ұғыну  біліктіліктерін  меңгерумен  қатар  олардың  көркемдік 
талғамын тәрбиелеуге және  оқырмандық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді 
деп санаймыз.  
 
 Осы 
ретте  «Эпикалық  шығармаларды  оқытуда  оқушылардың 
оқырмандық  қабілетін  дамыту  әдістемесі»  (10-11  сыныптар)  тақырыбындағы 
зерттеу  жұмысымыздың  нәтижелері  төмендегідей  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік береді:  


162 
 
1.  Жоғары  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  дамыту 
мәселесінің  арнайы  зерттеу  нысаны  ретінде  таңдап  алынуы  тақырыптың 
өзектілігін,  қазіргі  заманауи  әлеуметтік  сұраныстарға  сәйкестігін  дәлелдейді. 
Жұмыстың  мақсат-міндеттерінің  айқындалуы,  психологиялық,  дидактикалық 
негіздерінің  ғылыми  теориялық  әдебиеттер  бойынша  талдануы  зерттеудің 
әдістемелік  негіздерін  анықтауға  ықпал  етті.  Өйткені,  Л.С.Выготский, 
М.М.Рубинштейн,  А.Н.Леонтьев,  А.Р.Лурия,  К.К.Платонов,  П.М.Якобсон, 
В.В.Голубков,  Н.И.Кудряшев,  Н.Д.Молдавская    және  отандық  ғалымдар 
А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев,  Ә.Қоңыратбаев,  А.Көшімбаев, 
Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Т.Жұмажанова, Б.Ө.Сманов, А.Тамаев, 
К.Ғ.Нұрахметова,  К.Жаманбаева  және  т.б.  ғалымдардың  аталған  мәселеге 
қатысты еңбектері   зерттеудің теориялық негізін құрайды.  
2.  Жалпы  орта  білім  беретін  қазақ  мектептеріндегі  «Қазақ  әдебиеті» 
пәнінің оқу бағдарламаларында туған әдебиетіміздің дәуір тынысын бейнелеген 
ең  таңдаулы  эпикалық  шығармалардың  сұрыпталып  енгізілуі  оқушылардың 
оқырмандық  қабілеттерін  дамытуға  негіз  болумен  бірге  олардың  әдебиетке 
деген  ынта-ықыласын  дамытып,  дүниетанымдық  көзқарастарын  кеңейтеді. 
Зерттеу  барысында  әдебиет  сабақтарында  оқушылардың  кітап  оқуын  бірте-
бірте  ұлғайта  беру,  дамыта  оқу,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  сатылап  көшу 
ұстанымдарын  басшылыққа  ала  отырып,    оқушылардың  бағдарлама  бойынша 
алатын әдеби білімдерін жүйелі түрде тереңдетуге мүмкіндік жасалды. 
3.  Біздің  зерттеу  жұмысымызда  эпикалық  шығармаларды  оқыту  арқылы 
жоғары  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  дамыту  әдістемесі 
қарастырылатындықтан мұғалім мен оқушының өзара субъектілік  іс-әрекеттері 
басшылыққа алынды. 
4.  Әдебиет  сабақтарында  оқырмандық  қабілетті  дамыту  оқушының  жас 
ерекшеліктеріне,  көркем  шығарманың  ішкі  табиғатына,  оқырмандық  және 
өмірлік  жинақтағант  әжірибесіне  сай  үздіксіз  оқып-үйрену,  оған  машықтану 
арқылы  ғана  жүзеге  асатын  күрделі  үдеріс.  Оқушы  көркем  шығармамен 
неғұрлым  жасырақ  кезінде  танысып  үйренсе,  оның  оқырмандық  қабілеті  де, 
шығарманы  қабылдауы  да  соғұрлым  ерте  қалыптасатындығын,  әрі  терең,  әрі 
тиянақты  дамитындығын  зерттеуші-ғалымдар  дәлелдеген.  Осы  тұрғыдан 
келгенде,    оқырмандық  қабілетті  дамыту  үшін    зерттеу  жұмысында  мектептің 
барлық  сатыларындағы  сабақтастық  ұстанымы  сақталып,  оқушылардың  
көркем  әдебиетке  деген  қызығушылықтарын  бірте-бірте  дамытудың  рөлі 
анықталды. 
5.  Зерттеу  нысаны  болғандықтан  жоғары  сынып  оқушыларының  
оқырмандық қабілеттерін дамытуға баса мән берілді. Жоғарғы саты – мектепте 
берілетін    әдеби  білім  беруді  жинақтаушы,  қорытындылаушы  саты,  мұнда 
оқушылардың  психологиялық  дамуының  жекелік  сипаттары  қалыптасады, 
сондай-ақ  олардың  шығармашылық  ойлау  дағдылары  жүйеленеді.  Сондықтан 
олардың  көркем  шығарманы  қабылдауында  да  жас  ерекшелігіне  қарай 
танымдық-тәрбиелік,  дамытушылық  білік-дағдылар  орын  алады.  Жоғарғы 
сынып  оқушылары  әдеби  шығарманың  болмыс-бітімінен,  ондағы  суреттелген 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау