Кілт сөздер мен фразалар:
Менің ойымша,_________________________________________
Оны былай түсіндіремін:_________________________________
Оны мына мысалдармен дәлелдеймін.
1._______________________________________________________
2._______________________________________________________
3.________________________________________________________
Ойымды__________________________деп қорытындылаймын.
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;
«Маған ерекше ұнағаны....»;
«...қызықты болды»;
«...қиын болды»;
«Мені... таңқалдырды»
|
Басы
3 мин
|
Қызығушылықты ояту
https://www.youtube.com/watch?v=Bp4QU9vftqc
Жәркен Бөдештің өлеңін тыңдап, ондағы астарлы ойды анықтайды. Ойларын ортаға салып, автордың айтпақ болған ойын табады. Сабаққа кіріспе жасайды.
Оқушылар 1-ден 5-ке дейін рет санымен саналып, 5 топқа бөлінеді.
|
|
Ортасы
34 мин
|
Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин
Мағынаны тану кезеңі
Поэма – эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын беруімен, өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бойында поэма әдебиеттегі бірден – бір жетекші салаға жатады. Өзінің жанрлық мүмкіндігіне қарай, поэма әр түрлі көркемдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сюжетсіз, драмалық, монологтық‑толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпикалық кең тынысқа негізделеді.
Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.
Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.
1-тапсырма ТЖ.
«Әдеби шеңбер» стратегиясы
(Топтар өздеріне ұсынылған шығарманың бөлігімен жұмыс жасайды. Топтағы оқушылардың рөлі анықталып, әркім өз рөлі бойынша зерттеу жүргізіп, креативті постер әзірлейді).
Талқылаушы – шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратады. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымына талдау жасайды.
Байланыстырушы – поэмадан алынған үзінділерді тарихи шындықпен байланыстырады, үзінділердің идеяны ашудағы орнын анықтайды. Поэмаға арқау болған тарихи шындық және көркемдік шешімге тоқталады.
Топ шешені – поэмаға негіз болған тақырыпты талқылайды, поэмада көтерілген мәселені тақырыппен үндестіріп түйінді ой айтады.
Белгілеуші – авторға шығарма мазмұны негізінде 2 жуан, 2 жіңішке сұрақ дайындайды.
Қорытындылаушы – поэмадағы автордың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.
Әр топтан өз тобының жұмысын таныстырушы өкіл сөйлейді.
Бағалау
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау парағындағы критерийлер бойынша бағалайды.
Критерийлер
|
Рубрикалар
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратады. Сюжеті мен композициясына талдау жасайды.
|
|
|
|
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын ашады. Мәтіннен нақты мысалдар келтіру арқылы ойларын дәлелдейді.
|
|
|
|
Постер мазмұнында әр оқушы өз рөлі бойынша зерттеу жүргізіп, ойын креативті береді.
|
|
|
|
Постерді қорғауда өз ойларын шығарма мазмұнына сүйене отырып, дәлелді түрде сенімді жеткізеді.
|
|
|
|
«Галереяға саяхат» әдісі
Топтар жұмыстарын «Галереяға» іледі. Барлық постер қорғалып болған соң оқушылар өздеріне ұнаған жұмысқа стикер жапсыру арқылы «Үздік постерді» анықтайды.
Ал әр топ оқушылары автор кейпіне кіріп, топта құрастырған сұрақтарға кезектесіп жауап береді. Шығармадағы негізгі идеяны, астарлы мағынаны, бүгінгі таңдағы өзектілігі жөнінде түйінді ой айтады.
2-тапсырма. «SMS-хабарлама» әдісі
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;
«Маған ерекше ұнағаны....»;
«...қызықты болды»;
«...қиын болды»;
«Мені... таңқалдырды»
|
Таратпа қағаз №1
Таратпа қағаз №2
Маркер, А3 парақтары
Бағалау парағы
|