Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет42/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
94
қабылдау негізі  елімізде таралған құқыққа қайшы қызмет фактілерінің, 
криминалдық  кәсібиліктің  өсуінің,  қылмыстың  ұйымдасқан  сипатқа 
ие  болуының  жолын  кесу  қажеттілігі  болды.  Сонымен  бірге  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің элементі ретінде мемлекеттiк 
құрылымдарда  мемлекеттiк  өкiмет  пен  басқару  органдарында 
басшылық қызметте iстейтiн, жекешелендiру тәртiбiмен мемлекет мүлкiн 
меншiгiне  сатып  алатын  адамдардың  өз  отбасының  мүлiктiк  жағдайы 
туралы  декларация  беруге  мiндеттi  екенi;    лауазымды  адамдардың 
қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруға байланысты кез келген нысанда 
кәсiпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан және және т.б. сыйлық 
алуына тыйым салу бекітілді [4].
Елімізде  бұндай  реформаларды  жүргізу  арқылы  қылмыстың,  оның 
ішінде  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстың  өсуінің  жолын  кесу  түрінде 
криминалдық  қызметтің  таралауына  арналған  заңнамалық  тұрғыдағы 
кедергілер  жасалды.  Дегенмен,  Жарлықта  «сыбайлас  жемқорлық» 
ұғымының  анықтамасы,  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтарға 
қарсы іс-қимылдың әзірленген айқын тетіктері болған жоқ. 
Бұл  кезең  Қазақстанның  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  салалары 
үшін  маңызды  тарихи  сәттермен  сипатталады.  Атап  айтқанда,  
1995 жылы 30 тамызда президенттік басқару нысаны бекітілген, Қазақстан 
Республикасының Конституциясы қабылданды; 1997 жылы Президенттің 
Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан  –  2030»  Стратегиясы:  Барлық 
қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының 
артуы»  тарихи  құжаты  қабылданды,  ол  әлеуметтік  бағдарламалар 
әзірлеу мен бірқатар нормативтік құқықтық актілердің – «Прокуратура 
туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 
заң күші бар Жарлық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін 
жаңартудың басталуына негіз болды. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы  қалыптастырудың  осы 
кезеңінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі 
қағидаларын  іске  асыру  мақсатында,  1997  жылы  5  қарашада  «Ұлттық 
қауiпсiздiктi  нығайту,  ұйымдасқан  қылмыс  пен  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  күрестi  одан  әрi  күшейту  жөнiндегi  шаралар  туралы»  Жарлық 
шығарылды.
Үкімет деңгейінде мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының 
iрi ақшалай шығыстарына бақылау орнату және заңсыз табылған ақша 
мен өзге де мүлiктi заңдастыруға («тазартуға») жол бермеу мақсатында 
өзге  де  қаржылық  бақылау  шараларын  бекітетін  нормаларды  әзірлеу 
үшін  жағдай  жасалды.  Мемлекеттiк  қызметшiлердi  аттестаттау  мен 
қызметте  жоғарылату  және  мемлекеттік  қызметте  ілгерілету  туралы 
мәселенi  шешу  кезiнде  оларды  арнайы  тексерудiң  мiндеттiлiгi  енгізілді 
[5].
Сонымен  бірге  аталған  кезеңде  басты  артықшылық  ретінде  екі 
құрамдас бөлік атап көрсетілді: 
а)  ұйымдасқан  қылмыс  пен  сыбайлас  жемқорлықтың  өсуін  және 
олардың өзара байланысты болуын, күшеюін болдырмау;
б)  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігіне,  мемлекеттің  конституциялық 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
95
негіздеріне  қатысты  сыбайлас  жемқорлық  қаупінің  деңгейі  айқын 
болғандықтан,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тоқтаусыз  құқықтық  іс-
шаралар қабылдаудың қажеттігі.
Осыған  байланысты,  1997  жылы  қабылданған  Қылмыстық  кодексте  
17  жеке  құрам  болды  –  176-баптың  3-бөлігі  г)  тармағы,  177-баптың 
3-бөлігі  г)  тармағы,  177-1-баптың  3-бөлігі  б)  тармағы,  192-баптың 
2-бөлігі в) тармағы, 193-баптың 3-бөлігі а) тармағы, 209-баптың 3-бөлігі  
а)  тармағы,  226-1-баптың  3-бөлігі  б)  тармағы,  307-бап,  308-баптың 
4-бөлігі  в)  тармағы,  310-315-баптар,  380-бап,  380-1-баптың  2-бөлігі  
в) тармағы, 380-2-бап [6].
Қолданыстағы  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінде 
сыбайлас  жемқорлыққа  21  қылмыс  құрамы  жатқызылды:  189-баптың 
3-бөлігі  2)  тармағы,  190-баптың  3-бөлігі  2)  тармағы,  215-баптың 
2-бөлігі 3) тармағы, 216-баптың 2-бөлігі 4) тармағы, 217-баптың 3-бөлігі  
3)  тармағы,  218-баптың  3-бөлігі  1)  тармағы,  234-баптың  3-бөлігі  
1)  тармағы,  249-баптың  3-бөлігі  2)  тармағы,  307-баптың  3-бөлігі  
3) тармағы, 361-бабы, 362-баптың 4-бөлігі 3) тармағы, 364, 365, 366, 367, 
368, 369, 370, 450-баптар, 451-баптың 2-бөлігі 2) тармағы және 452-бап 
[7].
Осылайша,  Қазақстан  егемендік  алуымен  қатар  барлық  қоғамдық 
жүйенің  өзгеру  кезеңіне  енді.  Сонымен  бірге  мемлекеттік  нысандарды 
жаңарту  процесіне,  меншікті  бөлу  және  қайта  бөлу  процесінен, 
экономиканы  заңдастырудан,  қаржылық,  салықтық,  кедендік  және 
т.б.  салалардағы  реформалардан  өтті.  Заңнама  базасы  экономикалық 
өзгерістерге  ілесе  алмай,  заңдар  бір-біріне  қайшы  келетін  тұстар 
жиі  кездесті.  Бұлардың  барлығы  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылықтарды жасауға ықпал етті. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  күресті  күшейту  бойынша  түбегейлі  іс-шаралар  керек  болды, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы олқылықтарды жою, әртүрлі 
нормативтік құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтарды жою, 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  мықты  нормативтік  құқықтық 
базасын құру қажеттігі туындады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар кеше-
нінің  қажеттігін  сезіне  отырып,  мемлекет  сыбайлас  жемқорлыққа  
қарсы күрес бойынша кешендік сипатқа ие іс-шараларды жүргізе бастады. 
Олар қылмысқа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру және қылмыстық жол-
мен жиналған капиталды «жылыстату» бойынша мемлекеттік іс-шаралар 
жүйесінің  құрамдас  бөлігін  құрайтын  болды  және  оны  заңдастыруға 
жол  бермеуге  бағытталды,  осы  сәттен  бастап  екінші  кезең  –  1998– 
2000 жылдар кезеңі басталды.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманың  қалыптасуының  екінші 
кезеңін  1998  және  2000  жылдар  аралығына  жатқызуға  болады.  Осы 
кезеңде сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмыспен үйлесімділікте 
тигізетін  қауіптілік  деңгейіне  қатысты  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
күрес  институтының  жұмыс  істеу  әдіснамасы  мен  әдістерін  анықтау 
қажеттігі туындады.  
Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық қорғау 
және  арнайы  органдардың  әдістері  мен  құралдарын  қолдану  керектігі 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау