СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
100
байланысты, құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастық
нысандарын кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және
заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға қарсы іс-қимыл
саласындағы халықаралық конвенцияларға Қазақстан Республикасының
қосылуы бойынша жұмыстарды белсендендіру қажеттілігі артты [19].
Осылайша, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғам институттарының
жауапкершілігін арттыруға баса назар аудара бастады. Бұған дейін
ескерілмеген пәрменділік пен нәтижелілік, жүзеге асырушылық
(атқарушылық), атаулылық (жауапкершілік), сабақтастық, тұрақтылық,
кешенділік және жүйелілік секілді ұғымдар енгізілді. Сонымен бірге
бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше рөл беріледі,
олардың жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы
мемлекеттік саясатты кеңінен объективті түрде жариялап, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманы белсенді насихаттауға және түсіндіруге,
қоғам ішінде қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау жағдайын
қалыптастыруға арналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайына жан-жақты талдау
жүргізіліп, бірқатар тұжырымдар жасалды. Атап айтқанда, құқық
қолдану практикасы көрсетіп отырғандай, экономикалық процестерді,
шаруашылық етуші субъектілердің қызметін құқықтық реттеу саласында
бірнеше жаңа заңдар қабылдау, қолданыстағы заңнамаға сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған
өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі туындады.
Яғни, үшінші кезеңде мемлекет екінші кезеңде ескерілмеген
кемшіліктерді айқындады, жемқорлық көздерін және оның алдын алу
бойынша практикалық іс-шараларды белгіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының төртінші
кезеңі – 2005–2014 жылдар. Қазақстанды жеделдетілген экономикалық,
әлеуметтік және саяси жаңғырту контексіндегі сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес. 2005 жылдың ақпаны мен 2014 жылдың шілдесі аралығында
мемлекет жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру
жолында тұрды. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес бойынша бұған дейін қабылданған іс-шаралардың жеткіліксіз
екені айқындала бастады. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою,
жекешелендіру процесінің ашықтығын күшейту, мемлекеттік сатып алу
және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары
салаларында шешім қабылдау мақсатында бірқатар заңнамалық актілер
қабылданды. Оның ішінде бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі мен
ашықтығы қағидаттары негізінде электрондық мемлекеттік сатып алу
бойынша да заңнамалық актілер болды [20].
Сонымен қатар кедендік рәсімдерді жүзеге асырудың айқын тәртібі
әзірленді. Онда жүктерді кеден шекарасынан өтетін жерлерде ғана
ресімдеу және бұл ретте іргелес мемлекеттердің шекара арқылы
тасымалданатын, оның ішінде транзитті жүктерді сүйемелдеуге арналған
бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану қарастырылды. Жемқорлыққа
жағдай жасайтын факторларды кешендік зерттеу жүргізіліп, меншік
құқығын қорғауға кепілдік беретін іс-шаралар әзірленді.
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
101
Азаматтардың құқықтары мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін
олардың қызметіне мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының
заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдануда, оларды
тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Рұқсаттар мен мемлекеттік
қызметтер алу рәсімдерін жеңілдету үшін электрондық үкімет пен
электрондық-сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. Азаматтар
мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ерекше бақылауға
алынды.
Ерекше аспект ретінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сапасын
жетілдіруге бағытталған мемлекет жұмысын айтуға болады, аттестаттау
жүргізіледі, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос лауазымдарға
орналасуы үшін конкурс өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша
шаралар әзірленуде.
Мемлекеттің бұндай әрекеті төртінші кезеңде сот жүйесі, мемлекеттік
сатып алу саласындағы ашықтықты күшейту бойынша іс-шаралар жүзеге
асырылғанын көрсетеді, яғни сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды
жоюға бағытталған және профилактикалық сипатқа ие жоспарлы әрі
жүйелі іс-әрекеттер іске асырылды.
Сыбайлас жемқорлық жаңғырту процестері жолындағы кедергімен
қатар жағымсыз, елді кері тартатын құбылыс болып табылады. Ел
Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл әрі аяусыз
күресуді жариялады. Сонымен бірге онымен күрес бүкілхалықтық іс
екенін айтты.
Осылайша, 2005 жылдың 14 сәуірінде «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы күшіне енді. Онда
мемлекеттің сыбайлас жемқорлықты жеңуге арналған стратегиялық
бағыты көрініс тапты. Жарлықта жекешелендіру, мемлекеттік сатып алу
және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары
және және т.б. салаларында шешімдер қабылдау процестерінің
ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесі мен нақты
қадамдар қарастырылды. Аталған Жарлық мемлекеттік органдардың
бақылау-қадағалау функцияларын реттеуге, лицензиялық-рұқсат
жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыстарды аяқтауға, 2006 жылы
Қазақстанның барлық өңірлерінде «бір терезе» қағидаты бойынша
халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру жөніндегі іс-шараларды
қабылдауға бағытталды.
Осы Жарлыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
үшін жағдай туғызатын нормалардың болу-болмауына қатысты
қолданыстағы нормативтік құқықтық кіші заң актілеріне тексеру
жүргізілді. Бұндай тексерулер аясына 1991–2004 жылдар аралығында
қабылданған және әділет органдарында тіркелген 5 126 қолданыстағы
заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері қамтылды. Тексеру
барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын
немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
келмейтін нормаларды қамтитын 230 нормативтік құқықтық акті, оның
Достарыңызбен бөлісу: |