СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
88
құқық және экономика арасындағы белгілі бір теңгерімге қол жеткізілді.
Оған екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және олар жоғары
дәрежеде алға жылжу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуымен
ерекшеленеді.
Мысалы, 1998 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының
Конституциясына алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу туралы
норма енгізілді. Бұл жаңашылдықты ғылыми пайымдау және талқылау
үшін уақыт қажет болды және 2007 жылдың қаңтарынан бастап еліміздегі
қылмыстық процесте сот алқабилерінің қатысуымен жұмыс істей
бастады. Бұл ретте, оны құқықтық реттеу тиімділігін арттыру мақсатында,
оның қызметіне тұрақты түрде құқықтық және ғылыми мониторинг
жүргізіледі.
Басқаша мысал келтіретін болсақ, 2007 жылдың мамырында
Конституцияға кезекті конституциялық өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген болатын. Соның нәтижесінде, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен
бастап біздің елімізде қылмыс жасаған адамдарды сотта қамауға алу
енгізілді. Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық қудалау
органдарының және соттың оны таңдауы үнемі еліміздің Жоғарғы
Сотының және Бас Прокурорының тиісті түсіндірмелерін шығару арқылы
түзетіліп отырады. Конституцияның ең басты миссиясы - қабылданатын
заңдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауын және құқық қолдану процесінде оларды қорғауды тиімді
қамтамасыз етуі болып табылады.
Конституция – еліміздегі Негізгі заң. Оның анықтамасын ашып көрсетер
болсақ, ең алдымен, Конституция – бұл мемлекеттік егемендіктің
негізі, яғни мемлекеттік өз аумағында үстем болуы және халықаралық
қатынастардағы оның тәуелсіздігін бекітеді. Конституция заң жүзінде
белгіленген негізгі нормативтік құқықтық актілердің ішінде, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы заңнамасының жіктемесі жүйесінде бірінші
орында тұрады. Сонымен бірге ол барлық заңнамалық белгіленген
нормативтік құқықтық актілер сатысында да бірінші орынды алады.
Сәйкесінше, барлық қалған нормативтік құқықтық актілердің нормалары
мен ережелері Конституцияның нормалары мен ережелеріне қайшы
келмеуі тиіс. Бұдан басқа, Конституцияның өзінде оның жоғары заңдық
күші бар екені және республиканың барлық аумағында тікелей қолданы-
латыны көрсетілген. Бұл ретте, еліміздің ешқандай заңы бұндай заңдық
мәртебеге ие емес екенін айта кету керек. Осы айтылғандардың барлығы
түсінікті болса да, талдау барысында адамзат тәжірибесінде, азаматтарды
қоса алғанда, барлық құқық субъектілері өздерінің істері мен дауларын
шешу кезінде Конституцияның нормаларын пайдаланбайтыны
анықталып отыр. Бұл біздің қоғам мен мемлекеттің құқықтық мәдениетіндегі
салмақты кемшіліктердің бірін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда,
Конституция – Негізгі заң десек те, күнделікті тәжірибеде азаматтар оның
нормаларын басшылыққа алмайды, Конституция әрбір азаматтың үстел
үстінде тұратын негізгі кітабы болуы тиіс екенін ескермейді. Бұдан басқа,
Конституцияның нормаларын пайдалануға негізделген соттық және өзге
де құқықтық шешімдердің аз болуы жағдайды күшейте түседі. Еліміздің
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
89
Президенті Қазақстан Республикасының Конституция Күнін белгіледі.
Бұл күн әрқайсымыз үшін Конституция нені білдіретінін барлық қоғамға
тағы бір рет түсіндіруге мүмкіндік береді. Аталған мәселені түсіндіруде
еліміздегі заң қоғамдастықтары, атап айтқанда Конституциялық Кеңес,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент жанындағы Адам құқықтары
жөніндегі комиссия да өз үлестерін қосуда. Жалпы алғанда, барлық
мемлекеттік органдар, ұйымдар, ғылыми-педагогикалық орта және және
т.б. Конституцияның нормалары мен ережелерін қарқынды насихаттауы
қажет. Осы ретте, Конституциямыздың артықшылықтарын емес, ол
әрине даусыз, оның нормаларын қолданудың нақты жағдайлары немесе
Конституцияның нормалары мен ережелеріне жекелеген заңдардың
ережелерінің сәйкес келмеуі туралы көптеп айту керек. Конституцияның
өзінде де, 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер
туралы» Заңда да Конституция түсінігінің тікелей анықтамасы жоқ екенін
ескеру қажет. Сондай-ақ бұндай жағдай белгілі бір деңгейде Конституция
нормаларын көпшілік және қоғамдық тәжірибеде пайдалану жиілігінен
және нақты көлемінен, ең алдымен, нақты істер мен дауларды шешу
кезінде көрініс табады.
Конституция ұғымының анықтамасы мынадай маңызды сәттерді
қамтуы тиіс: біріншіден, ол конституциялық құрылысты, адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, екіншіден, ол
басқару нысанын және мемлекеттік құрылысты белгілейді, үшіншіден,
ол мемлекеттің жоғарғы органдарын құрады, яғни Конституция арқылы
бекіту, белгілеу және құру мәселелері көрсетілуге тиіс. Әрине, бұл
еліміздің барлық құқықтық жүйесіндегі оның үстемдігін айқын түсінуге
мүмкіндік береді.
Құқық пен мемлекет теориясында Конституция ұғымының бұндай
анықтамасы оған дейін әзірленген.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
нормалары. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын
талдау барысында оның барлық негізгі ережелерінің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікелей қатысы бар екенін
көрсетті. Конституцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базасы,
негізгі құқықтық тетік, бағдарлама ретінде қарастыру қажеттігін айта
кету керек. Бұны мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды
конституциялық ережелер мысалында түсіндіруге болады.
Бірінші. Қазақстан Республикасының өзін құқықтық мемлекет деп
жариялауы болып табылады. Барлық істер мен даулар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы құқығы негізінде және оған қатаң
сәйкестікте шешілуі тиіс деп ойлау керек. Қазақстанда сот төрелігі тек сот
арқылы жүзеге асырылады. Аталған конституциялық норманың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы дәлелі айқын және түсіндіруді талап етпейді.
Екінші. Конституция бөлімдерінің логикалық құрылуы мен жүйелілігіне
келсек, онда еліміздің мемлекеттік аппарат жүйесінде сыбайлас
жемқорлықты жеңудің негізгі әдісі ретінде тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесіндегі әрбір жоғары мемлекеттік билік органының миссиясын
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |