Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет43/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
96
туындады, яғни осындай әлеуметтік қауіпті тудыратын себептермен емес, 
тек оның салдарларымен күресу қажет болды. 
1998  жылы  елдегі  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  жақсарып, 
жаңа  экономикалық  байланыстар  орнатылды,  экономикалық  қызметке 
сәйкес келетін заңнама әзірленіп, қабылданды.  Оларға қол жеткізу үшін 
қажетті мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Екінші кезеңде сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласындағы  бірыңғай  мемлекеттік  саясат 
әзірленіп, сыбайлас жемқорлық себептерін зерделеу бойынша ғылыми 
зерттеулерге  талдау  жүргізілді  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
күрес  бойынша  халықаралық  және  отандық  арнайы  институттардың 
тәжірибелері  кеңінен  қолданыла  бастап,  халықаралық  ынтымақтастық 
дамыды.  Сонымен  қатар  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің 
практикалық  іс-шараларын  әзірлеу  жүзеге  асырылды,  Қылмысқа  және 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  ұзақмерзімді  стратегия 
және  заманауи  талаптар  мен  халықаралық  тәжірибені  ескере  отырып, 
жаңа нормативтік құқықтық актілер әзірленді.
Екі  негізгі  заң:  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  [8] 
және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылданды [9]. «Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Заңның  қабылдануы  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрестегі басты құқықтық және әдіснамалық негіз 
болды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
заң  қабылданып,  сыбайлас  жемқорлық  анықтамасы  берілді,  сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылықтарға  қарсы  күрестің  мақсаттары  мен 
қағидаттары бекітілді.
Заңда  сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзушылық 
субъектілері  нақты  белгіленген.  Атап  айтсақ,  сыбайлас  жемқорлық 
құқық  бұзушылық  субъектілеріне  мемлекеттік  функциялар  мен 
оларға  теңестірілген  функцияларды  орындайтын  тұлғалар  жатады. 
Олар  –  мемлекеттік  қызметшілер,  судьялар,  Қазақстан  Республикасы 
Парламентінің депутаттары мен мәслихаттардың депутаттары. Сонымен 
бірге  заңда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті  жүргізуге  уәкілетті 
органдар  шеңбері  айқын  анықталып,  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылықты жасағаны үшін заңдық жауапкершілік белгіленген. 
Аталған  заңда  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алуға  арналған 
баптардың ерекше маңыздылығы атап көрсетілген. Заңның 2-тарауында 
қаржылық  бақылау  туралы,  мемлекеттік  функцияларды  орындаумен 
сәйкес  келмейтін  қызмет  туралы,  жақын  туысқандармен  бірлесіп 
қызмет атқаруға жол бермеу туралы, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай 
туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік туралы 
ережелер қамтылған.  
Заң дегеніміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған барлық 
кезекті нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік бағдарламалардың 
заңдық және әдіснамалық базасын білдіреді. Аталған заңның мәні мен 
маңыздылығы, оның сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылықтарға қарсы кезекті әрі жүйелі күресті жүзеге асырудағы 
рөлі уақытпен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында қол 
жеткізілген нәтижелермен расталады.


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
97
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін осындай 
заңнамалық  базаны  қалыптастыру  арқылы  сыбайлас  жемқорлықты 
этикалық  ауытқулардың  болуы  және  тәртіптік,  әкімшілік,  қылмыстық 
жауапкершілікке әкелетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасау 
ретінде қарастыруға мүмкіндік берілді.
1998  жылдан  бастап  әділет  органдары  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылық  жасаған  адамдарды,  сондай-ақ  жағымсыз  себептермен 
жұмыстан  шығарылған  адамдарды  есепке  алуды  жүргізе  бастады.  Бұл 
мемлекеттік қызметке оған дейін сыбайлас жемқорлық қызметке қатысты 
болған адамдарды қабылдамау үшін іріктеу құралы болып табылды. 
Екінші  кезеңде  мемлекет  1999–2000  жылдарға  арналған  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрестің  мемлекеттік  бағдарламасы  негізінде 
[10]  сыбайлас  жемқорлық  процестерінің  мемлекет  пен  қоғам  өміріне 
тигізетін деструктивті ықпалын барынша азайту үшін жүзеге асырылуы 
тиіс мақсаттар мен міндеттерді қалыптастырды.
Мемлекет  мақсаттар  мен  міндеттерді  айқындай  отырып,  жоспарлы 
түрде Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын 
жүзеге  асыруға  кірісті,  осылайша,  үшінші  кезең  –  2001–2004  жылдар 
кезеңі басталды.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманың  қалыптасуы  бойынша 
үшінші кезең 2001–2004 жылдар аралығында өтті. Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  күрес  мәселелері  бойынша  жүйелі  әдіс-тәсілдің  болуы  аталған 
кезеңнің ерекшелігі болып табылды.
Үшінші  кезеңде  мемлекет  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күреске 
жалпы мемлекеттік саясат мәртебесін берді. Оны жүзеге асыру бойынша 
ұйымдастырушылық  және  құқықтық  жұмыстар  жалпы  жүйелік  және 
кешендік сипатқа ие болды. 
Қазақстанда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мемлекеттік 
саясаттың  негізгі  басымдықтарының  бірі  ретінде  айқындалды.  «2001–
2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 
мемлекеттік  бағдарлама  туралы»  Жарлыққа  сәйкес  [11],  сыбайлас 
жемқорлық  көріністеріне  қарсы  күрес  жүйелі  әрі  бірізді  сипатқа  ие 
болды. Осылайша, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының 
бір  бөлігін  өңірлер  мен  жеке  секторға  кезең-кезеңмен  беру  арқылы 
олардың функцияларын біртіндеп орталықсыздандыру жүзеге асырылды, 
монополия  саласы  қысқартылды  және  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
саласындағы  бәсекелестікті  дамыту  үшін  жағдайлар  жасалды,  халыққа 
қызмет  көрсету  кезінде  «бір  терезе»  қағидаты  енгізілді.  «Мемлекеттік 
сатып алу туралы» Заң [12] және Қазақстан Республикасының Әкімшілік 
құқық бұзушылықтар туралы кодексі [13] қабылданды.
2002  жылдың  сәуірінде  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
жанындағы  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  және  мемлекеттік 
қызметшілердің қызмет этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия 
құрылды [14]. Комиссия қызметінің мақсаттары сыбайлас жемқорлыққа 
және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына 
қарсы  күресті  күшейтуге,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметшілердің 
жауапкершілік  деңгейін  арттыруға  бағытталған  келісімді  іс-шараларды 
әзірлеу және қабылдау болып табылады. 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау