Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет38/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73

ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
–  психологиялық-диагностикалық  әдістерді  (полиграф,  тестілеу, 
вербальды  және  вербальды  емес  бақылау  және  т.б.)  қолдану  жатады.
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды осы құбылысқа (сыбайлас 
жемқорлық  әрекетінің  сыртқы  факторлары)  әлеуметтің  қатынасын 
өзгертуге,  сонымен  қатар  қалыпты  мінез-құлықтық  бейінге  және 
олардың әлеуметтік стереотиптерін қалыптастырушыларға  түрлендіруге 
де  бағдарлау қажет (сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары).
 
Тірек  сөздер: 
психологиялық    тетік,  қызығушылық,  дүние-
тану,  қағидат,  ынталандыру,  қажеттілік,  құндылық  бағдар,  
бағыттылық, психологиялық доминант, жеке басының ұмтылы-
сы,  қызмет,  даярлық,  перспективаларды  ұғыну,  психологиялық 
күтудің проекциясы, қорғаушылық ынталандыру, психологиялық 
жайлылық, мінез-құлық стилі.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы 
қандай?
2.  Сыбайлас  жемқорлықтың  негізгі  психологиялық  құрамдастарын 
сипаттаңыз.
3.  Қазіргі заманғы сыбайлас жемқор адамның психологиялық портретін 
жасаңыз.
Рефераттардың үлігілік тақырыптары
1.  Мемлекеттік 
қызметшінің 
сыбайлас 
жемқорлық 
мінез-құлқының 
психологиясы.
2.  Қазіргі  заманғы  қазақстандық  білім  берудегі  сыбайлас  жемқорлық 
проблемалары.
3.  Сыбайлас  жемқорлық  мінез-құлықты  диагностикалау  және  алдын  алу 
әдістері.
Әдебиет
1.  Ванновская  О. В. Личностные детерминанты коррупционного поведения // 
Известия Российского гос. пед. ун-та им. А. И. Герцена. 

 2009. 

 № 102. 

 С. 
323-328.
2.  Журавлев  А.  Л.,  Юрьевич  А.  В.  Коррупция  в  современной  России: 
психологический аспект // Знание, понимание, умение. 

 2012. 

 № 2. 

 С. 
57-65.
3.  Бажин Е. Ф., Голынкина Е. А., Эткинд А. М. Опросник уровня субъективного 
контроля (УСК). 

 М.: Смысл, 1993.-16 б.
4.  Шаров А. С. Система ценностных ориентаций как психологический механизм 
регуляции  жизнедеятельности  человека:  дисс.  ...  докт.  психол.  наук. 

 
Новосибирск, 2000.
5.  Маслоу А. Мотивация и личность. 

 СПб.: Питер, 2008.
6.  Антонян  Ю.  М.  Личность  преступника.  -  СПб.:  Юридический  центр  Пресс, 
2004. 

 366 с.
7.  Нестик Т. А. Коррупция и культура // Экономическая теория преступлений и 
наказаний. 

 2002. 

 № 4.
8.  Ильин  Е.  П.  Мотивация  и  мотивы. 

  СПб.:  Питер  Ком  (Серия  «Мастера 
психологии»), 1999. 

 720 с.
9.  Рубинштейн  С.  Л.  Основы  общей  психологии. 

  СПб.:  Питер  Ком  (Серия 
«Мастера психологии»), 1999. - 720 с.
86


3-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА 
ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ 
ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
 
§  11.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  конститу-
циялық негіздері
Конституция – еліміздің Негізгі заңы.
 Қазақстан халқы 1995 жылғы 
30  тамызда  республикалық  референдум  арқылы  ел  егемендігінің 
қалыптасу негізін, қоғам мен мемлекеттің құқықтық жүйесін айқындайтын 
қолданыстағы Конституцияны қабылдады.
Өткен  жылдарға  назар  аударсақ,  барлық  уақытта  Конституцияның 
нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен 
бостандығын жүйелі әлі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық 
қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері 
жүзге  асырылып  келді.  Бұл  ретте,  ең  алдымен,  Конституцияның  ішкі 
логикасы негізге алынды. Онда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, 
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды 
негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды 
қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы 
ықтимал  қиянат  жасау  мен  сыбайлас  жемқорлықты  шектеуге  ұмтылу 
міндеттері белгіленді.   
Бұл  жөнінде  еліміздің  Конституциясы  бойынша  ең  маңызды  негіз 
ретінде оның 12-бабы 2) тармақшасының нормалары қолданылады, онда 
«Адам  құқықтары  мен  бостандықтары  әркімге  тумысынан  жазылған, 
олар  абсолютті  деп  танылады,  олардан  ешкім  айыра  алмайды,  заңдар 
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы 
осыған қарай анықталады» деп анық жазылған. 
Әрине, 20 жылдан аса уақыт бойына Негізгі заңның мәртебесін көтеру, 
жоғары заңдық күші бар және республика аумағында тікелей әрекет ететін 
нормативтік құқықтық акт ретінде іске асыру және оның барлық құқықтық 
жүйесі  мен  қолданыстағы  құқықтарының  негіздерін  қамтамасыз  ету 
ғылыми  негізделген  бағдарламалар  мен  тұжырымдамаларды  әзірлеуді 
талап етті. 
Бұндай  саяси-құқықтық  құжаттар  үшін  біздің  қоғам  өмірінің  заң 
саласын кешендік бағалау негізге алынып, конституциялық нормалар мен 
ережелерді  құқық  жүйесіне,  заң  практикасына,  еліміздің  егемендігінің 
объективті әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және 
тарихи  факторларын  ескере  отырып,  үстемдік  етіп  отырған  құқықтық 
идеологияға енгізу жолдары ұсынылды, қоғам, мемлекет және құқықтың 
өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етті. 
Ең алдымен, Конституцияны еліміздегі Негізгі заң ретінде қарастыру 
керек. Бұл конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың құқықтары 
мен  бостандықтарын  бекітетін,  республиканың  жоғары  мемлекеттік 
билік  органдарын  тағайындайтын  негізгі  құрылтайшы  саяси-құқықтық 
акт болып табылады. Негізгі заңымыздың негізінде біздің барлық саяси 
және  құқықтық  жүйеміз  құрылды,  сондай-ақ  үш  негізгі  тірек:  саясат, 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау