Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет50/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
110
сапалы және жылдам мемлекеттік қызмет алуын қиындататын әкімшілік 
кедергілер  жойылды.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  сыртқы 
бақылау мен тиімділігін бағалау жүйесі қалыптастырылды.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету 
мерзімдерін бұзудың (2012 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге өсті) және 
оларды көрсету сапасына шағымдардың жыл сайынғы саны азайды (25 
%), сондай-ақ автоматтандырылған қызмет үлесі (2 еседен астам) және 
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің 
үлесі (51 %) артты.
Мемлекеттік  сатып  алуларды  автоматтандыру  деңгейі  артып, 
бәсекелестік  ортаны,  бюджет  қаражатын  ашық  және  тиімді  игеруді 
қалыптастыруға ықпал етті.
Экономиканың  мемлекеттік  емес  секторында  кәсіпкерлік  қызметті 
жүргізу, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету 
үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Тұтастай  алғанда,  аталған  шаралардың  қабылдануы  Қазақстанның 
жемқорлыққа  қарсы  қызмет  деңгейі  бойынша  Орталық  Азия  өңірінде 
және ТМД елдері арасында көшбасшы орындардың біріне орналасуына 
мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай 
төмендететіні белгілі, қоғамдағы демократиялық қайта құруларды жүзеге 
асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне залал келтіреді. Бірақ ең 
бастысы  –  қоғамның  демократиялық  негіздеріне  адамдардың  сенімін, 
заң мен әділдікке сенімін, сайып келгенде – билікке деген сенімін бұзады.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мемлекеттік  саясаттың 
стратегиялық  басымдылығы  болып  табылады.  Сыбайлас  жемқорлық 
пен  көлеңкелі  экономиканың  мәселелерімен  қарқынды  жұмыс  соңғы 
уақытта көптеген зерттеушілердің пікірінше, қылмыстық заңның қатыгез 
санкцияларына  сүйенетін  «жазалаушы  операциялардың»  өзі  бұл 
құбылыстардың  шиеленісуіне  әкеледі.  Сыбайлас  жемқорлыққа  және 
көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тәжірибесі көрсеткендей, тіпті анық 
әзірленген превентивті іс-шаралар жүйесі кейде жеткіліксіз болады.
Жемқорлық  пен  көлеңкелі  экономиканың  деңгейін  барынша 
азайту  үшін  кешенді  тәсілді  пайдалану  қажет.  Мемлекеттік  деңгейде 
күрес  тиісті  заңдарды  қабылдау,  қосымша  жазалау  құралдарын  енгізу, 
әкімшілік  ресурсты  пайдалану,  сыбайлас  жемқорлыққа,  көлеңкелі 
экономикаға және терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық 
ынтымақтастық  аясында  күш-жігерді  біріктіру,  мемлекеттік  билік 
органдарының жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен 
өзара іс-қимылы бойынша мақсатты жұмыс дегенді білдіреді.
Қызмет  көрсету  саласын  реформалауды,  мемлекеттік  қызметтің 
ашықтығын  кеңейтуді  сыбайлас  жемқорлыққа  және  көлеңкелі 
экономикаға қарсы күрестің неғұрлым айқын мақсаттары деп мойындау 
керек.  Шенеуніктер  жалақысының  төмен  деңгейі,  қаржыландырудың 
жабық  болуы    немесе  тіпті  құпиялылығы  сыбайлас  жемқорлықтың 
ең  елеулі  талаптары  болып  табылмайды.  Сыбайлас  жемқорлық  заңға 
негізделген кезде, заңның өзі  оның пайда болуына ықпал еткен жағдайда 
әлдеқайда маңызды.


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
111
Осылайша,  сыбайлас  жемқорлыққа  және  көлеңкелі  экономиканың 
мәселесін  қағазбастылықсыз  шешуге  бағытталған  кешенді  саяси-
құқықтық реформа, азаматтық құқықтарды іске асырудың рұқсатнамалық 
тәртібінен  өтініш  берушіге  көшу  нәтижесінде  ғана  жүзеге  асырылуы 
мүмкін.  Мұндай  болмаған  жағдайда  кез  келген  реформалар,  тіпті  заң 
тұрғысынан  ең  кемелді  заң,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің 
әмбебап  құралына  үміттене  отырып,  жемқорлар  үшін  және  жалпы 
алғанда бюрократия үшін ең үздік сыйлық болады. 
Мемлекет  қабылдаған  іс-шаралардың  дұрыстығы  мен  тиімділігі 
Қазақстан  Республикасының  халықаралық  қоғамдастықтағы  өзінің 
беделін жоспарлы түрде арттыруымен, экономикасы мен халықтың әл-
ауқатын көтеруімен расталады.
Осы  тараудың  келесі  параграфында  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылықтар мен қылмыстар үшін заңдық жауапкершілік институтын 
тікелей қарастырамыз.
 
Тірек сөздер: 
сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс, сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа байланысты 
құқық бұзушылық субъектілері, мүдделер қақтығысы, қаржылық 
бақылау  шаралары,  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік 
қызметшілерінің  Ар-намыс  кодексі,    Қазақстан  Республикасы 
мемлекеттік  қызметшілерінің  Әдеп  кодексі,  Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  Стамбулдық  іс-қимыл 
жоспары,  парақорлық,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  конвенциясы,  Қазақстан  Республикасының 
2010  жылдан  2020  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған  Құқықтық 
саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015–2025 
жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. 
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Қазіргі  кезде  сыбайлас  жемқорлықтың  мәні  қандай?  Сыбайлас 
жемқорлық  қылмыстар  мен  құқық  бұзушылықтар  субъектілерінің 
қатарына кімдер кіреді? 
2.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
конвенциясын ратификациялау дегеніміз нені білдіреді? 
3.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл 
жоспарының  ұсынымдарын  іске  асырудағы  Қазақстанның  рөлі 
қандай? 
4.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  құқықтық  құралдары 
қандай?
5.  Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегиясының мәні мен маңызы.
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1.  Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды туындататын себептер мен жағдайларды 
жою бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.
2.  Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары.
3.  Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға әсер етудің заңнамалық шаралары 
4.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда азаматтық қоғам құрылымдарымен 
өзара іс-қимыл.
5.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласында  Қазақстанның  жақын 
және алыс шет елдермен халықаралық ынтымақтастығы.


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау