2.2.4 сурет. 2010-2014 жылдар аралығындағы инновациялық өнім көлемі, млн.теңге.
Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
Суретте ұсынылғандай жыл сайын инновациялық өнім көлемінің тұрақты өсім динамикасы байқалды. Өнім көлемі өскенімен кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2011 жылғы 6,3%-дан 2014 жылы 8,1%-ға дейін өскен.
1 кесте. Инновациялық белсенділігі, %
Аталуы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Респонденттер саны, бірлік
|
379
|
1 283
|
1 012
|
1 188
|
Инновация енгізген кәсіпорындар саны, бірлік
|
24
|
55
|
87
|
96
|
Инновациялық белсенділігі,%
|
6,3
|
4,3
|
8,6
|
8,1
|
Инновациялық өнім көлемі, млн.теңге
|
5 268,8
|
8 570,5
|
13 307
|
35 540,8
|
Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
2011 жылы қолданылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің саны 47 бірлікті, 2012 жылы 88 бірлікті құрады. Оның ішінде технологиялардың түрлері бойынша: адамның тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыратын технологияларының саны 2 есе, түрлі технологиялық процесстер 5 есе, химия және металлургия технологиясы 33 пайызға, құрылыстағы технологиялар 75 пайызға, медицина және ветеринария саласында 57 пайызға артқан, сонымен қатар жаңадан нанотехнология мен экология саласында енгізілген.
Қолданылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің құрамында түрлі технологиялық процесстердің үлесі 30,7 пайызды, адамның тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыратын технологиялардың үлесі 19,3 пайызды, химия және металлургия технологиясы 13,6 пайызды, медицина және ветеринария саласындағы технология 12,5 пайызды және құрылыстағы технологиялар 7,9 пайызды құрады.
2.2.5 сурет. 2012 жылы қолданылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің
саны. Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
Негізгі мәселелер:
қала кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі орташа облыстың деңгейінен 0,7% төмен;
қала кәсіпорындарының инновациялық технологиялар енгізуге қаржы тапшылығы;
инновациялық өнімге нарықта сұраныстың төмендігі;
айналым қаржысының тапшылығы.
Құрылыс
Статистикалық мәліметке сәйкес қалада 388 құрылыс ұйымдары тіркелген. 2012 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 55,6 млрд. теңгені құрап, 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 14,7% артқан. 2013 жылы 52,7 млрд.теңгені құрап, 16,8 пайызға кеміген, себебі негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінде республикалық бюджеттің инвестициялары 14,2 млрд.теігеге төмендеген. Ал 2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 36,8% артты. Соңғы 6 жыл ішінде Шымкент қаласында 823,3 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
2.2.6 сурет. Тұрғын үйді қаржыландырудың барлық көздері есебінен
қолданысқа енгізу, мың шаршы метр
Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
2011 жылы жалпы іске қосылған тұрғын үйлердің көлемі 89,6 мың шаршы метрді құраса, оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен қосылған үйлер 38,1 мың шаршы метрді құрады. 2012 жылы іске қосылған үйлер көлемі 168,0 мың шаршы метрге дейін өсіп, оның ішінде халық есебінен 25,2 мың шаршы метрді құрады. 2013 жылы іске қосылған үйлер көлемі 182,4 мың шаршы метрге дейін өсіп, оның ішінде халық есебінен 63,7 мың шаршы метрді құраған. 2014 жылы іске қосылған үйлер көлемі 187,4 мың шаршы метрді құрап, оның ішінде халық есебінен 115,6 мың шаршы метрді құрады.
Мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде 2011 жылы 5 тұрғын үй падалануға беріліп, 139 отбасы үймен қамтамасыз етілсе, 2012 жылы 15 үй пайдалануға беріліп, 430 отбасы үймен қамтамасыз етілді. 2013 жылы 18 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 986 отбасы, 2014 жылы 8 тұрғын үй беріліп, 449 отбасы үймен қамтамасыз етілді.
Негізгі мәселелер:
қаланың құрылыс жұмыстарының үлесі облыстың көлемінде 2010 жылы 39,2% -дан 2012 жылы 33,9% төмендеуі;
тұрғын үй нарығы мен қаржы нарығының тұрақсыздығы;
қала аумағында инженерлік жүйелер тартылған құрылыс алаңдарының жоқ болуы (соңғы 4-5 жылдың көлемінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілмеген);
құрылыс алаңдарының басым бөлігінде жер телімдері мемлекеттің мұқтаждығына алуды қажет ететіндіктен, құрылыс құнының жоғарлауына әсер етеді.
Аграрлық-өндірістік кешен
Шымкент қаласының облыстың ауылшаруашылық өнім көлеміндегі үлесі 3,6% құрайды, өйткені ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі өндірісі Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында шоғырланған. Дегенмен, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көрсеткіштерінің өсімі байқалады.
2012 жылы ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 4 501,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда көлемі 2,1 есе ұлғайды. 2013 жылы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 4 221,7 млн.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артты. Бұл өсім жылыжайлардан алынған өнім есебінен қалыптасты. Нәтижесінде жалпы ауылшаруашылық өнімінің құрылымы өзгеріп, 2007-2009 жылдары мал шаруашылығының үлесі 60,7-64,5% құраса, 2010 жылдан бастап өсімдік шаруашылығының үлесі артып, 52% - 69,3% құраған.
2014 жылы Бас жоспарға сәйкес қала аумағына Сайрам, Төлеби және Ордабасы аудандарынан енген жерлердің есебінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 13,1 мың га-дан 63,2 мың га-ға дейін ұлғайды. Оның ішінде 40,0 мың га егістік жер.
Сонымен қатар, қалада 2014 жылға дейін 188 агроқұрылымдар жұмыс жасаса, үш ауданнан қосымша 2 451 агроқұрылымдар қосылып, жалпы саны 2 539 бірлікке жетті. Нәтижесінде ауылшаруашылық өнімнің жалпы көлеміндегі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының үлестері бірдей болды.
2 кесте. Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
Ауыл шаршаулығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге
|
1 327,3
|
1 494,4
|
1850,2
|
2 405,8
|
4 501,5
|
4 221,7
|
11 722,4
|
Мал шаруашылығы
|
856,5
|
907,2
|
1 123,1
|
1 168,2
|
1 380,4
|
1 412,9
|
5 713,5
|
Өсімдік шаруашылығы
|
470,8
|
587,2
|
727,1
|
1 237,6
|
3 121,1
|
2 549,7
|
5 792,2
|
Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
Қала халқы ауылшаруашылық өнімімен негізінен облыстың аудандарынан тасымалданатын өнім арқылы қамтамасыз етіледі.
3 кесте. Қала халқының азық-түлікпен қамтамасыз етілуі
-
№ р/с
|
Өнім атауы
|
Тұтыну стандарты 1 адамға кг/жыл
|
Жылдық тұтыну стандарты 858,1 мың адам, жылына мың тн.
|
2014 жылы өндірілген өнім, мың тн.
|
Жылдық тұтыну стандарты 1400 мың адам, жылына мың тн
|
1
|
Ұн 1 с.
|
87,6
|
75,2
|
504,0
|
122,6
|
2
|
Бидай наны 1 с.
|
70,7
|
60,7
|
76,0
|
99,0
|
3
|
Сиыр еті
|
15,0
|
12,9
|
3,9
|
21
|
4
|
Шошқа еті
|
9,0
|
7,7
|
12,6
|
5
|
Қой еті
|
6.3
|
5,4
|
8,9
|
6
|
Жылқы еті
|
3,2
|
2,7
|
4,5
|
7
|
Құс еті
|
5
|
4,3
|
7,0
|
8
|
Сүт
|
84,5
|
72,5
|
29,8
|
118,3
|
9
|
Қаймақ
|
3,28
|
2,8
|
-
|
4,6
|
10
|
Сүзбе
|
4,9
|
4,2
|
0,4
|
6,9
|
11
|
Сыр
|
2,3
|
2,0
|
3,2
|
12
|
Сары май
|
4,4
|
3,8
|
-
|
6,2
|
13
|
Жұмыртқа (млн. дана)
|
142
|
121,9
|
88,0
|
199
|
14
|
Өсімдік майы
|
7
|
6,0
|
27,5
|
9,8
|
15
|
Макарон өнімдері
|
4,4
|
3,8
|
32,0
|
6,2
|
16
|
Күріш
|
9,32
|
7,9
|
-
|
13
|
17
|
Қарақұмық
|
2,66
|
2,3
|
-
|
3,7
|
18
|
Сұлы ұнтағы
|
1,24
|
1,1
|
-
|
1,7
|
19
|
Жарма ұнтағы
|
0,89
|
0,7
|
-
|
1,2
|
20
|
Бұршақ
|
1,78
|
1,5
|
-
|
2,5
|
21
|
Пияз
|
20
|
17,1
|
4,5
|
28
|
22
|
Қызылша
|
5
|
4,3
|
0,6
|
7,0
|
23
|
Сәбіз
|
20
|
17,1
|
2,2
|
28
|
24
|
Қырыққабат
|
25
|
21,4
|
2,0
|
35
|
25
|
қызанақ
|
5
|
4,3
|
8,3
|
7,0
|
26
|
Қияр
|
5
|
4,3
|
3,8
|
7,0
|
27
|
Картоп
|
95
|
81,5
|
9,4
|
133
|
28
|
Қант
|
18
|
15,4
|
0,1
|
25,2
|
29
|
Тұз
|
2,19
|
1,9
|
-
|
3
|
30
|
Қара шәй
|
0,67
|
0,5
|
1,6
|
1
|
Тұтыну корзинасына енген 30 түрлі әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдерінің ішінде қала кәсіпорындарының 1 сортты ұн, бидай наны, өсімдік майы, макарон өнімдері, қара шәй өнімдерімен қала және облыс халқын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.
Ал, сары май, тұз, құс еті, жұмыртқа, дәнді дақылдар, шұжық, картоп, жеміс-жидек, көкөніс басқа аудандар мен облыстардан әкелінеді.
Шымкент қаласында тамақ өнеркәсіп саласында 42 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс жасайды. Жалпы өңдеу өнеркәсібінің құрамында тамақ өнеркәсібінің үлесі 36 пайызды құрайды. Жеке өнім түрлері бойынша:
|