Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет5/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1 -есеп

Құрманбаеваның арызымен және ic материалда­рымен танысқаннан кейін тергеуші қылмыстық icтi қозғаудан бас тартты. Қаулы көшірмесін арызданушыға пошта арқылы жіберді. Іс мате­риалдарымен таныса отырып, прокурор тергеушіге арызданушының қаулы көшірмесін алғандығын және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін сотқа шағымдану құқығы мен тәртібін түсіндіргені ту­ралы қаулыда көрсетілмегендігін атады.

1. Қандай құжаттар арызданушының қаулының көшірмесін алғандығын делелдейді?

2. Қылмыстық сот өндірісіне қатысатын тұлғалардың құжатты алу уақыты қалай анықталады?

3. Азаматтық сот өнрісіне бұзылған құқықтар мен бостандықтарын қалпына келітру үшін сотқа арыздану тәртібі арызданушыға қандай жағдайда түсіндіріледі?
2 -есеп

Алдан ала тергеу барысында айыпталушы Ибраев арқылы сотқа прокурор Оспановтың әрекеттеріне шағым түсті. Сот Рашидова, Ибраевтың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сот талқылауы кезінде сотталушыға айып тағу барысында, оның қорғаушысы қатыса отырып, icтi жүргізуші сотты шеттетуді сұрайды.

1. Қандай жағдайларда сотты ic жүргізуден шеттетуге болады?

2. Сотты шеттету туралы сұрақты кім шешеді?



3 -есеп

Басты сот талқылауының дайындық сатысында айыпталушы жәбірленушімен бip аулада тұратындығы және олардың қарым-қатыныстары жақсы болғандығын көрсетті, со­нымен қатар қылмыстық icтi қысқартуды сұрайды. Бipaқ сот сотталушының өтінішін қанағаттандырудан бас тартады.

1. Қабылданған шешім занды ма?

2. Шығарылған шешім қандай құжатпен рәсімделеді?

3. Қабылданған шешімге шағымдануға бола ма және қандай тәртіппен шағымдануға бола­ды?
4 -есеп

Масаев ІІО, ҰҚК және сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күресу aгенттігі тергеуіне жататын бірқатар қылмыстарды жасайды. Тонау оқиғасына қатысты Елеке ПБ арқылы сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүзеге асырылып, айыпталушыға қатысты қамау түріндегі - бұлтартпау шарасы қолданылады. Мәмедов арқылы жасалған барлық қылмыстар бip өндіріске біріктіріліп, тергеу жүргізеді.

1. Қандай орган арқылы қылмыстық ic бойынша алдын ала тергеу жүргізілуі тиіс?

2. Тергелу pеті кім арқылы анықталады?

3. ІІО тергеушісі қандай тергеу әрекеттерін жүргізеді?
5 -есеп

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 50-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасы бойынша бұрын тоқтатылған қылмыстық ic материалдары тергеушіге түсті. Қылмыстық ic бойынша өндірісті жүргізуге мүмкіндік бермейтін себептерді жоюмен байла­нысты тергеуші icтi өзінің өндірісіне қабылдауы туралы қаулы шығарады.

1. Tepгеушінің әрекетін бағалаңыз.

2. Алдын ала тергеуді жалғастыру үшін тергеуші қандай құжаттарды pәсімдеу қажет? Бұрын тоқтатылған қылмыстық icтің мерзімі қандай?

3. Тоқтатылған қылмыстық icтep бойынша мерзімдерді ұзарту тәртібі қандай?
6 -есеп

Tepreyшi Қайратовтың өндірісінде топ болып жасалынған көп эпизодты қылмыстық icтep бол­ды. Қылмыстық icтің үлкен көлемділігі мен күрделілігіне байланысты, ол тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу туралы қаулы қабылдайды. Қаулыда топ құрамы тергеу бөлімінің бастығымен анықталатындығы және кейін ic жүргізу қатысушылар тобына кіретін тергеушілердің аты-жөні жарияланатындығы көрсетіледі. Айып­талушы, жәбірленуші және олардың өкілі топ құрамынан қандай да бip тергеушіні шеттету ту­ралы өтініш жасауына құқылы деп көрсетіледі. Қаулы көшірмесін тергеуші прокурорға және тер­геу бөлімі бастығына 24 сағат ішінде жіберді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеу тобын құру туралы шешім кім арқылы қабылданады?

3. Қабылданған шешім қандай құжатпен рәсімделеді, берілген құжаттарды құру үшін қандай талаптар қарастырылған?
7 -есеп

20.06.2014 жылы анықтау органы арқылы Ержановқа ауыр дене жарақатын салу оқиғасына қатысты қылмыс жасаған адамды ұстау жүзеге асырылады. 7 тәулік ішінде анықтаушы Бәсенов арқылы кейінге қалдыруға болдырмайтын тергеу әрекеттері жүргізуді 2014 жылы 27.06. барлық ic әрекеттер жүргізілген соң, анықтаушы стқа дейінгі тергеп тексеру туралы қаулымен бipгe материалдарды аудандық прокурорға жолдайды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Анықтаушы Бәсенов қандай қателіктер жіберді?

3. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыстық icтep бойынша анықтау органының міндеттері?
8 -есеп

2014 жылы 6-қаңтар күні Имашов арқылы Әлиасқаровқа ауыр дене жарақатын салу оқиғасына қатысты прокурор сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. 2014 жылы 9-қантар күні Әлиасқаровтың Имановпен татуласуына байла­нысты қылмыстық icтi қысқарту туралы өтініш келіп түсті. Прокурор Сералиев ҚР ҚПК-нің 38-бабы бойынша қылмыстық icтi қысқарту туралы қаулы шығарды. 2014 жылы 12-қарашада Әлиасқаров арызданып қайта прокурорға қелді, онда ол Имашевті қылмыстық жауапкершілікке тартуын өтініп, бұрын шығарылған қаулының заң күшін жоюын өтінді. Сариев Әлиасқаровтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

1. Жағдайды бағалаңыз, тергеушінің ic-әpeкeттepi заңды ма?

2. Мұндай арыз түскенде прокурор қандай ic-әрекет жасауы керек?

3. Мұндай жағдайда ciз қандай шешім қабылдар едіңіз?
9 -есеп

Көп эпизодты қылмыстық icтi тергеу бары­сында тергеушілер тобына кіретін тергеуші Рахымов Елек ПБ әкеліген Маратовқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды. Cезікті ретінде Маратов Рахымовтың басшылығымен ұсталды, өйткені тергеу тобы басшысы Қарабаев осы қылмыстық ic бойынша басқа те­ргеу әрекеттерін жургізу үшін қалған болатын. Рахымов Маратовты УҰИ-да ұстау туралы қаулы шығара отырып, прокурордан санқция алу үшін жүріп кетті.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Бұлтартпау шараларын қолдану кім арқылы және қандай тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс?

3. Прокурор қандай шешім қабылдауы тиіс?
10 -есеп

Балтабаев Айдаровқа тиесілі фотоаппаратты ұрлап, сол күні Қарабаевқа сатып жіберген. Жа­уап алу барысында Қарабаев фотоаппаратты азамат Балтабаевтан сатып алғандығын мойындамады. Қарабаевтың уйінде фотоаппаратты көрген кәмелетке толмаған Байдаулетовтың айғағына негізделе отырып, тергеуші Айдаровқа тиесілі фотоаппараттың Қарабаевтың үйінде болуы мүмкін деген оймен, ол жерді тінту жүргізу туралы қаулы шығарылды.Тінту жүргізер алдында тергеуші Қарабавтан тергеуші фотоаппаратты өз еркімен беруін талап етті.Жүргізілген тінту барысында фотоаппарат осы жерден табылды.Хаттамаға тергеу әрекеттерінің барлық қатысушыларымен қол қойылды. Бір сағат ішінде тергеуші тінту жүргізу хаттамасымен қаулысын аудан прокурорына жолдады.



  1. Жағдайды бағалаңыз.

  2. Тінтудің жүргізілуі негізді ме?

  3. Тергеуші қандай құқық бұзушылықтардың бұзылуына жол берді?

  4. Прокурор қандай шешім қабылдайды?


11- есеп

2014 жылдың 2- тамызында 14 сағат 45 минутта жылу станциясының бастығы Қамбаров криминалдық полиция жедел уәкілімен ҚР ҚПК-нің 132 бабына сәйкес, пара алуға қатысты күдікті ретінде ұсталды.

1.Ұстау мерзімі қай уақытта аяқталады?
12-есеп

Ұрлық жасағандығы үшін сотталған Қалиев тергеу изоляторында қамауда болған уақытында 2014 жылы 3 тамызында аппеляциялық тәртіппен шағым жазды да, 4 тамыз күні бақылаушыға берді. 5 тамыз күні шағым тергеу изоляторының хатшылығында тіркеліп, сол күні поштамен облыстық сотқа жіберілді.Шағым облыстық сотқа 7-тамыз күні келіп түсті.



  1. Шағым берілген күн деп қай күнді санау қажет?


13-есеп

2014 жылы 5 маусымда Елек ПБ тергеушісі ұрлық оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

1.Алдын ала тергеу мерзімі қашан аяқталады?

14 – есеп

Қазақстан РеспубликасыҚПК-нің 132-бабының тәртібімен, мүлікті ұрлауға қатысты қылмыс бойынша Балғажанов ұсталды.Жауап алу кезінде ол қылмысқа қатыстылығын мойындайды.Көрсетілген айғақтар жауап алу хаттамасында бекітіледі.Жауап алу мен ұстау хаттамасына Балғажанов қол қоюдан бас тартты.



  1. Жағдайды бағалаңыз.

  2. Тергеушінің іс –әрекеті қандай болуы қажет?


15-есеп

Ұрлық жасады деген сезікпен Қайруллин Амантай Қыдырғалиұлымен атындағы әскери билеті бар азамат ұсталды.Тергеу барысында ұсталған адамның аты – жөні А.К.Хайрулин екендігі, ал әскери билеттегі фамилияда қателіктер кеткендігі анықталды.



  1. Жағдайды бағалаңыз

  2. Тергеушінің іс-әрекеті қандай?


Басты сот талқылауындағы процессуалдық актілер.

1. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апеляциялық шағым беру, наразылық білдіру.

2. Істерді кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша қарау.
Апелляциялық саты сотындағы өндіріс-бұл бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларының, өзге сот шешімдерінің заңдылығы, негізділігі мен әділеттілігі жөнінде сотталушыдан, жәбірленушіден, олардың қорғаушыларынан түскен арыздары, сондай-ақ айып тағушының наразылығын екінші сатыдағы сот тексеретін қылмыстық сот өндірісінің дербес сатысы.

«Апелляция» - жүгіну деген ұғымды білдіреді, яғни бұл істі қараған төменгі сатыдағы соттың үкімін, қаулысы мен өзге де шешімін қайта қарау мақсатында жоғары тұрған апелляциялық сотқа жүгіну болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істің істің нақты мән жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңды нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді.

Апелляциялық өндірістің мәні мынада:

сот шешімдеріне шағым беру мен наразылық келтірудің еркіндігінде,

үкімнің заңдылығы мен негізділігін тексеруде;

іс материалдарын тексеруде;

қосымша дәлелдемелерді қарастыру мүмкіндігінде;

сотталушының жазалау мерзімінің ұзартылуына немее оған неғұрлым ауыр қылмыс жөніндегі заңды қолдануға жол бермеуде.

Апелляциялық сатыдағы сот отырысы үш бөлімнен тұрады : дайындық бөлімі, істі қарау бөлімі және қаулы шығару.

Дайындық бөлімінде төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апелляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Осы кезде дайындық бөлімі аяқталып, сот тікелей істі қарауға көшеді. Төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашының фамилияларын хабарлайды.

Бұдан соң төрағалық етуші отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіріп өтеді, тараптардан олардың бас тартуы мен өтінімдерінің бар жоғын сұрап алады , егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот оларды қараудың нәтижелері бойынша қаулы шығарады.

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен және қаулысынан басқа үкімге шағымдану құқығы айыпталушыға, сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оның өкіліне тиесілі.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешім шығарылған күннен бастап 15 тәулік ішінде беріледі және апелляциялық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады.

Сот өз кезегінде қарау нәтижелері бойынша шағымды немесе наразылықты қанағаттанарлықсыз қалдыру туралы немесе өзгерту туралы қаулы шығарады.

Апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша облыстық немесе оған теңестірілген соттарға келіп түскен іс келіп түскен күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс.

Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзім іс жүргізіп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша 1 айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Апелляциялық тәртіппен істі қарау нәтижесінде сот өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

үкімді, қаулыны өзгерісссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулы;

үкімнің күшін жойып, істі қысқартады;

үкімді (қаулыны) өзгертеді;

үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі қосымша тергеуге жібереді;

үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа соттың жаңадан қарауына жібереді;

ҚР ҚІЖК 387 бабында көрсетілген мән жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.


1 -есеп

2014 жылы мамырдың 20-жұлдызында Елек полиция қызметкерлерімен азамат Ким ұсталды. Жеке тексеру барысында, оның қалтасынан қағаз пакетте оралған жасыл түсті өсімдік зат табылды. Ким Елек ПБ-не жеткізілді де куәгерлердің қатысуымен одан пакетті алу хаттамасы түзелді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Кимді ұстау негіздері бар ма?

2. Ұстаудың негіздерін, себептерін және шарттарын атаңыз.


2 -есеп

2014 жылдың 10-наурызында азаматша Орынбаеваның пәтерінде мүліктерді ұрлады деген күдікпен 20.10.1998 жылғы кәмелет жасқа тол­маған Самаев ұсталды. Тергеуші арқылы ҚР ҚПК-нің 134-бабына сәйкес ұстау туралы хат­тама толтырылып, Самаев УҰИ-на енгізілді

1. Teргеушінің әрекетін бағалаңыз.

2. Қылмысты жасаған күдіктіге қатысты ұстауды жүзеге асырудың процессуалдық тәртібін түсіндіріңіз.


3 -есеп

Тонау жасады деген сезікпен ҚР ҚПК-нің 134-бабына сәйкес Алиев деген азамат ұсталынды. 72-сағат өткен соң тергеуші Алиевтің бұрын сотталмағандығын және тұрғылықты жері бар екендігін, дәлелдемелердің жеткіліксіз болғандығын ескере отырып, оған ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, оның босатылуы туралы қаулы шығарады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Қылмысты жасады деген күдікпен ұсталғанның босатылу негіздерін және оның жүргізілу тәртібін түсіндіріңіз.


4 -есеп

Азамат Сапиев ҚР ҚПК-нің 134-бабының тәртібімен мүлікті ұрлады деген күдікпен ұсталынды. Tергеуші ұсталғанға қатысты жеке тіту және ұстау туралы хаттамасын толтырды. УҰИ-нің бастығы құжаттарды қайтарды да, жеке тінту хаттамасы куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілді деп күдіктіні қамаудан бас тартты.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеушінің іс-әрекеті қандай болуы керек?

3. Жеке тінтудің негіздері мен жүргізілу тәртібі қандай?
5 -есеп

Азамат Ни ҚР ҚПК-нің 134-бабы бойынша ұсталынып, УҰИ-а қамалды және мұнда ол 72 сағат ұсталынды. Мерзім өткен соң, тергеушіден ешқандай қаулы болмағандықтан, УҰИ-ның бастығы өзі ҚР ҚПК-нің 136-бабы тәртібімен Ни босату туралы қаулы шығарып, бұл туралы тергеуші мен прокурорды хабардар eттi.



  1. Жағдайды бағалаңыз. УҰИ бастығының әрекеттері заңды ма?

  2. Ұсталғанның осы босатылуы кезіндегі құқықтары қандай?


6 -есеп

2014 жылдың 21-қыркүйегінде тepгeyші арқылы азамат Ивановтың тоналуына қатысты оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Қылмысты жасады деген сезікпен азамат Арғынбаев ұсталып, жеке тінту барысында одан, қылмыстық icкe қатысы бар заттар алынды.

1. Жағдайды бағалаңыз. Арғынбаевты процессуалдық тәртіппен ұстаудың негіздері, себептері мен шарттары бар ма?

2. Қылмысты жасады деген сезікпен ұсталған тулғалар өндірісінің процессуалдық тәртібін түсіндіріңіз.



7 -есеп

2014 жылдын 25-қыркүйегінде Ақтөбе қаласының Алға ауданының прокурорына Ибрагимовтар epлi-зайыптылары өздерінің баласы Ибрагимов қашан және қандай себеппен ұсталғанын түсіндіруін талап етті. Өзінің ұлын олар бip апта iздеп, тек қана бүгін оларға ұл Ақтөбе қаласыньщ ҚІІБ УҰИ-нда екендігі белгілі болды. Арызға байланысты тексеру барысында Ибрагимов Алға АІІБ-нің анықтаушысымен 22.09.2014 жылы ұсталғандығы белгілі болды.

1. Жағдайды бағалаңыз. Процессуалдық ұстаудың анықтаушысының міндеттері қандай?

2. Процессуалдық ұстаудағы Ибрагимовтың құқықтары қандай?


8 -есеп

2014 жылдың 27-қыркүйегінде тонау жасады деген сезікпен азамат Имашев ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Кейін Имашев аудан прокурорына ұстау кезінде оны резина таяғымен ұрғандығы үшін полиция қызметкерлері мен басқа да тұлғаларды жауапкершілкке тарту арызын жолдады. Қызметкерлер өз түсініктемелерінде Имашевті ұстау кезінде ол қарсылық білдіргендігін, жәбірленушімен төбелескендігі үшін оған қатысты физикалық күш қолданғандарын атады.

1. Жағдайды бағалаңыз. Полиция қызметкерлерінің ic-әpeкеттері заңды ма?

2. Қылмысты жасаған тұлғаларды ұстау ба­рысында полиция қызметқерлері қандай құқықтарға ие?


9 -есеп

Азамат Алиевадан ақшаны қорқытып алғаны туралы қылмыстық ic бойынша тергеуші ҚР ҚПК-нің 132, 134 баптарының тәртібімен кәмелетке толмаған Зотовты ұстап бұл туралы қажетті тәртіппен хабарланады. Нәтижесінде Зотовтың анасы прокурорға ұлының ұсталғандығы туралы хабарланбады деп шағымданады.

1. Жағдайды бағалаңыз. Teргеушінің epeкшеліктерi заңды ма?

2. Қандай жағдайларда процессуалдық ұсталу туралы хабарлама тоқтатылуы мүмкін және оның тәртібі қандай?


10 - есеп

Ақтөбе қаласы Елек ПБ жедел өкілі, Ырысовтың пәтерінен мүліктің ұрлануы оқиғасы бойынша қылмысты жасады деген сезікпен аза­мат Ильясовты ұстап, материалдарды ПБ тер­геу бөліміне қылмыстық істің қозғауы және кейінгі тергеудің өткізілуі үшін берді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Жедел өкілдің әрекеттері заңды ма?

2. Қылмысты жасады деп ұсталған сезіктінің құқықтары мен міндеттері қандай?



Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі және соттағы процессуалдық актілерге қойылатын талаптар.

1. Сот шешімдерін орындау.

2. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауы.

Сот шешімдерін орындау – сот үкімі (айыптау немесе ақтау) мен сот қаулысында болатын, сонымен қатар жазалау сипаты мен түріне қатысты болатын ережелер жүзеге асырылатын қылмыстық процестің қорытынды кезеңі.

Сотталушының жазасын өтеу жағдайының дербес қылмыстық атқару құқығымен жүзеге асырылады.

Бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер оған шағымданбаса немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға тиіс.

Заңды күшіне енген соттың үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және республиканың бүкіл аумағында сөзсіз орындалуға жатады. Соттың үкімін, қаулысын орындамау ҚР ҚК 362 бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

ҚР-сы Әділет министрлігінің жүйесіне үкімді орындауға құзыретті мекемелер, органдар, лауазымды тұлғалара енеді.

Оларға:

- түзеу колониялары (жалпы, қатаң, аса қатаң режимдегі);



- кәмелет жасқа толмағандар үшін тәрбиелеу колониялары;

- түрмелер, тергеу изоляторы;

- мекен- колониялары;

- қылмыстық атқару инспекциялары;

- арнайы мекемелер – түзету орталықтары;

- қамау үйлері;

- сот орындаушылары.

Кейбір түзету колонияларында соттар мен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері отыратынын білу қажет.

Қылмыстық атқару инспекцияларында жазаның келесі түрлері бойынша үкімнің орындалуын жүзеге асырады:

белгілі лауазымда болу немесе белгілі қызметпен айналысу;

айыппұл;

түзету жұмыстары;

қоғамдық жұмыстарға тарту;


  1. шартты түрде босату;

  2. тәртіптік әскери бөлімде ұстау.

1 -есеп

Ecімовтың жеке меншік құқығындағы мүліктік ұрлық оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Өзіне келтірілген мүліктік залалды өтеу мақсатымен жәбірленуші тергеушіге шағымданды. Барлық тергеуші арызды қабылдаудан бас тартты. Мұны ол жәбірленуші құжаты дұрыс толтырылмағандығымен сонымен қатар жәбірленуші азаматтық іс жүргізу тәртібімен арызды қарау үшін аумақтық сотқа жүгіну қажеттілігімен негіздеді. 1. Жағдайды бағалаңыз. Есімовтың арызы мен тергеушінің әрекеттерi заңды ма?

2. Арызды беру тәртібін кімнің атына, оның құрылымы мен мазмұнын түсіндіріңіз. Оны берудің процессуалдық тәртібі қандай?

2 -есеп

Артықбаев пен Абишевтің бұзақылық әрекеттері оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Тергеу барысында тергелуге Артықбаевтың көршісі Айманова, Артықбаев пен Абишевтан өзіне келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ақша өндіріп беруін талап еткен арыз келіп түстi. Мұны ол Абишев пен Артықбаевтың арасындағы төбелес уақытында Артықбаев пен ол тұратын үй ара­сындағы ағаш сынып, нәтижесінде пәтерінің асхана бөлмесінің әйнегі сынғандығымен негіздеді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Айманованың ары­зы заңды ма?

2. Қылмыстық ic бойынша азаматтық талапты берудің құқықтық негіздерін атаңыз. Тергеушінің ic-әрекеті қандай?


3 -есеп

Тонау жасады деген сезікпен Сидоровты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық icтi тергеу барысында тергеушіге жәбірленуші Нұрғалиева оған келтірілген материалды зиянды өтеуге көмектесуін өтінді. Тергеуші жәбірленушіге іс сотқа кеткенде ғана өтініш жасауға болатындығын айтты.

1. Жағдайды бағалаңыз. Tepгеуші дұрыс жасады ма?

2. Соттағы азаматтың талапты шешуге қажетті құжаттары қандай?


4 -есеп

Цойдьң жеке меншік құқығындағы мүлікті ұрлау оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық ic бойынша жәбірленуші оған келтірілген мате­риалды зиянды өтеу өтінішімен сотқа талап арызбен қелді. Тергеу аяқталғаннан кейін айы­пталушыньң қорғаушысы, Цой ic бойынша азаматтық талапкер емес екендігін айтты, өйткені icтe оньң азаматтық талапкер деп тану туралы қаулысы жоқ болып шықты.

1. Жағдайды бағалаңыз. Іc бойынша қорғаушының әрекеті заңды ма?

2. Азаматтық талапкердің құқықтық мәртебесін көрсететін құжаттың құрылымы мен мазмұнын түсіндіріңіз.


5 -есеп

Азамат Асановқа дене және мүліктік зиян келтіру оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша тергеуші жәбірленушінің талап арызын қабылдаудан бас тартты. Өз шешімін ол арызды келтірілген зиянның нақты ақшалай мөлшерінің көрсетілмегендігін негіздеді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Тергеушінің әрекеті заңды ма?

2. Қылмыстық ic бойынша арыздарға қойылатын талаптар қандай?


6 -есеп

Қалиевқе қатысты қарулы шабуыл мен де­не, мүлкін зиян келтіру туралы сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша айып Әлиевқе тағылды. Қылмыстық әрекетпен келтірілген зиянды өтеу және оны азаматтық талапкер болып танылуы үшін тергеушіге жәбірленушінің апасы талап арызбен келді. Өз әрекеттерін ол жәбірленуші ауруханада емделіп жатқандығымен және емделуін жалғастыру үшін ақшалай қаражат керек екендігімен негіздеді. Тергеуші арызды қабылдаудан бас тар­тып, жәбірленуші арызды өзi беру керек екендігін, сонымен қатар оған келтірілген материалды зиянның нақты сомасы анықталмағанын түсіндірді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Жәбірленушінің апасының әрекеттері занды ма?

2. Tepгеушінің әрекеттері заңды ма?

3. Азаматтық талапкер деп танудан бас тартудың процессуалдық тәртібі қандай?
7 -есеп

Mүлікті үрлау оқиғасы бойынша айыпталушы Араповтың қылмыстық iсi бойынша жәбірленушімен азаматтық талапкер ретінде Сыбанбаева танылды. Ол келтірілген материалдық зиянның 25 ООО теңге көлемінде өтелуін талап eттi. Бірақ ic бойынша тергеу барысында ол өзінің арызынан бас тартып, айыпталушыдан ештеңе талап етпейтінін айтты. Tepгеуші жәбірленушіге қарама-қарсы арыз жазып қылмыстық ic бойынша материалдармен танысқан кезде талапты расталмауын ұсынды. Сот талқылауы талапты расталмауын ұсынды. Сот талқылауы барысында жәбірленушіге ол берген талап арызға толықтырулар бар ма деген сұрақ қояды, бұған Сыбанбаева бұл сұрақ тергеушімен жауап берді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Tepгеуші дұрыс жасады ма?

2. Алдын ала тергеу сатысында талап арыздан бас тартудың процессуалдық тәртібі қандай?


8 -есеп

Азамат Аюповаға дене жарақаттары келтіру оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша ол азаматтық талапкер болып танылады. Сот талқылауы барысында Аюпова сотқа талап арызды қамтамасыз ету үшін ме-дициналық және төлем құжаттарын ұсынды, бірақ сот жарыссөздерінен кейін сотталушының туыстары қажетті ақша сомасын әкелді деп талаптардан бас тартты.

1. Жағдайды бағалаңыз. Мұндай арызбен Аюпова шағымдануға құқылы ма?

2. Сотта талап арыздан бас тарту қандай?


жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау