Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет3/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

15-есеп

Ыдырысов Әшімованы зорлауға оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әшімова қылмыстық іс бойынша өзін жәбірленуші деп тануға ауызша өтініш жасады. Тергеуші Әшімованың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, оны келесідей негіздермен түсіндірді: өтініш ауызша жасалынған. Әшімоваға ешқандай да дене жарақаты, мүліктік зиян келмеген.



  1. Тергеуші шешімі дұрыс па?


16-есеп

Қалиұлының «Искра» кинотеатрында бұзақылық жасау барысында, өз әрекеті арқылы ондағы азаматтардың ар –ожданын масқаралаған, кинотеатр қызметкерлерін жаман сөздермен балағаттау, полиция қызметкерлеріне қарсы шыққан уақытта, сол жерде болған Вахидзе деген азамат, анықтаушыға өзін іс бойынша жәбірленуші ретінде тануын өтініш жасайды.

1.Вахидзенің өтініші бойынша тергеуші қандай шешім қабылдауы тиіс?

2.Қылмыстық іс бойынша кімді жәбірленуші ретінде тануға болады?


17 -есеп

Сот талқылауына дайындық барысында айыпталушы Миронов тepгеуші арқылы тағайындалған адвокаттан бас тартып, өзі арқылы шақыртылған қорғаушыны осы іске қатыстырылуын сұрайды. Өзінің қорғаушыдан бас тартуын, қорғаушыньң ic бойынша дұрыс жұмыс атқармағандығымен түсіндіріледі?



  1. Осы өтініш бойынша сот қандай шешім қабылдауы тиіс?


18 - есеп

№24 мектептің 9-сынып оқушылары Смағұлов және Қапанов Срымовқа тиесілі "Сузуки" маркалы автокөлігін бопсалайды, сонымен қатар осы автокөліктен автомагнитолды және бip дөңгелегін ұрлап, автокөлікті "Весновка" саяжай аумағына тастап кетеді.

1. Бұл қылмыстық ic бойынша азаматтық жауапқер болып кім табылады?

2. Азаматтық жауапкердің қылмыстық ic жүргізудегі мәртебесі қандай?


19 - есеп

Түнгі уақытта оқиға болған жерді қарау бары­сында куәгерлер ретінде АІІБ кезекші автокөліктің жүргізушісі полиция старшинасы Eciмов және Ақтөбе Заң қолледжінің тыңдаушысы Әміров қатыстырылады. Оқиға болған жерді қарау барысында Есімов тергеушіге осы жердің схемасын сызу барысында және алынған заттарды орау барысында тергеушіге көмектеседі.

Оқиға болған жерді қарау аяқталған соң, Әміров толтырылған хаттамада бірқатар жетіспеушіліктер бар екендігін және осылар толықтырылуы керек екендігін айтады. Бірақ тергеуші Әміровтің ескертулерін хаттамаға түсіруден бас тартады. Ал Әміров тексеру хаттамасына қол қоюдан бас тартады.

1. Оқиға болған жерді қарауға қатысушылардың ic - әрекеттеріне баға беріңіз.

2. Қарсылық білдірілген ic бойынша өндіріске процесс мүшенің қатыса алмау жағдайын атаңыз.
20 -есеп

Бұзақылық оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық ic айыпталушы Асановқа бұлтартпау шарасы ретінде жеке кепілдік қолданылды. Асановтың туысқандары органға берген жазбаша міндеттемеде Асановтың бостандықта жүрген уақытта тергеу мен соттан ешқайда қашып кетпейтіндігін, қылмыстық ic бойынша ақиқатты анықтауға қедергі келтірмейтіндігін айтады.

1. Қылмыстық ic жүргізу барысында кепілдік беруші болып кімдер саналады?

2. Айыпталушының құқықтарын атап өтіңіз.


21 -есеп

Tepгеуші авткөлік оқиғасына байланысты тергеу экспериментін жүргізді Эксперимент ба­рысында 50 км/сағ жылдамдықпен қеле жатқан автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні көруі мүмкін бе және оны қақпау мүмкін бе деген сұрақты тексеру мақсаты қарастырылды. Экс­периментті жүргізу барысында автоинженер Қожамқұлов қатыстырылды. Тергеу экспериме­нтін жүргізу барысында автокөлік жылдамдығы бірнеше рет өзгертіліп қарастырылды. Хаттама жасау барысында Қожамқұлов тергеушіге көрсетілген оқиғаға байланысты, көлік жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетпеуге себептер болған,сондықтан бұл көлік жүргізуші Дарыновтың көрсеткен айғақтарына қарама қайшы екендігін атап өтті.Көрсетілген мағлұматтар хаттамада көрсетілді?

1. Tepгеуші дұрыс жасады ма?

2. Қылмыстық ic жүргізуден маман мен сарапшыньң айырмашылығы қандай?


22 -есеп

Қайырбеқов Амановпен ұрысып қалып, оны ішіне пышақпен ұрып өлтіреді. Қайырбеков тергеушіге жеткізіледі, ал Қайырбеков өзіне тағылған айып бойынша жауап беруден бас тар­тады және ол тepгеушіге, өзінің жәбірленушімен бipгe бip меқтепте оқығандығын және жақсы қарым - қатынаста болғандығын алдыға тарта­ды. Tepгеуші Қайырбековтің қарсылығын қанағаттындырмайды, оның себебін олардың мектеп бітірген уақыт аралығында бес жыл өткендігін және олардың осы уақыт аралығында ешқандай да қарым - қатынас жасамағандығын атап өтеді.

1. Tepгеуші дұрыс жасады ма?

2. ҚР ҚПК-нің тергеушіге қарсылық білдірудің қандай негіздері қарастырылған?


23 -есеп

Ұрлыққа қатысты оқиға болған жерді қарау барысында Әуезов АІІБ анықтаушысы куәгер ретінде ұрлықты көрген адам он үш жасар Ғабитов және полиция автокөлігінің жүргізушісі полиция старшинасы Умбетовты шақыртады.

1. Анықтаушының ic-әpeкетіне баға беріңіз?

2. Куәгер ретінде кімдер шақыртылуы тиіс және олардың pөлі.


24 - есеп

Tepгеушінің полиция жедел уәкілі Борашевқа берген жеке тапсырмасы бойынша, ол сағат 10:00-де қарақшылық шабуылға ceзікті ретінде Көмековті ұстап, сағат 11:00-де тepгеушігe жеткізеді. Tepгеуші Көмековтен сағат 14:00-де сезікті ретінде жауап алып, хаттама толтырып, оны УҰИ-на енгізеді.

1. Tepгеушi Көмековтен кім ретінде жауап алуы тиіс болатын?

2. Көмековті қай уақыттан бастап сезікті ре­тінде тануға болады?


25 -есеп

Қылмыстық іздестіру бөлімі жедел іздестіру қызметкері Kәpiмов "Алмаз" алтын сататын дүкен жанында тұрған мезетте, бейтаныс азаматтың аз мөлшердегі ақшаға азаматтарға екі бірдей алтын алқаны сатып жатқанын байқайды. Содан кейінгі кезекте жедел уәкіл бұл белгісіз азаматты Елек ПБ жеткізеді. Тек­серу барысында ұсталған азаматтың аты -жөні Орынбаев екендігі, оның тұрғылықты тұратын жеpi жоқ екендігі, ешқандай да тыңғылықты жұмыспен айналыспайтындығы анықталады. Тексеру барысында одан үш бірдей алтын сақина табылады. Орынбаев қойылған сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

1. Орынбаевтан қандай қатысушы ретіндеде жауап алынуы тиіс?

2. Жауап беруден бас тартқан жағдайда Орынбаев жауапкершілікке тартыла ала ма?


26 -есеп

Сезіктіден жауап алу барысында тергеуші оның жалған жауап берген жағдайда ҚР ҚК-нің 353-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.

1. Тергеушінің ic - әрекетіне баға беріңіз?

27 -есеп

Қылмыстық ic бойынша айып тағу барысында айыпталушы Асанов өзіне қорғаушы керек екендігін ауызша мәлімдеді. Teргеуші айыпталушы­ның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, оның себебін айыпталушы қорғаушыны өзіне айып тағылған соң ғана ала алатындығымен түсіндірдi.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Тергеушінің ic-әрекеттepi дұрыс па?


28 -есеп

Анықтаушы айыпталушының қорғаушысын, тергеліп отырған қылмыстық ic бойынша куә ре­тінде жауап алу мақсатында шақыртады. Адво­кат жауап беруден бас тартты, мұны ҚР ҚПК-нің талаптарына сай еместігімен түсіндіреді.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Анықтаушы арқылы ҚПК-нің қандай нормалары бұзылып отыр?


29 -есеп

Қылмысқа ceзікті ретінде тергеуші арқылы кәмелетке толмаған, құлағы естімейтін Орынбаев ұсталынады. Tергеушi қорғаушыны тек айып тағылған соң ғана шақыртады.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Тергеушінің ic-әpeкеттері занды ма?


30 -есеп

Қылмыстық ic жүргізу барысында айыпталу­шының аудармашысы оның немере ағасы екендігі анықталды.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Tepгеуші қалай icтeyi қажет?


31 -есеп

Айыпталушы Беріков өзіне айып тағылған соң, жауап беруден бас тартты.

1. Жағдайға баға беріңіз. Берілген жауапты заңға сәйкес дәлелдеп беріңіз.
32 –есеп

Қылмыстық ic бойынша өтіп жатқан екі айып­талушының берген жауаптарында қарама-қайшылықтар анықталып отыр. Ал тергеуші екі айыпталушыға бip ғана адвокатты қатыстырды.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Мұндай жағдайда қылмыстық ic жургізу заңында не деп көрсетілген?



Анықтау және алдын ала тергеу кезіндегі процесуалдық актілер.

1. Дәлелдемелер теориясының ұғымы, олардың жіктелуі

2. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу.
Дәлелдемелер түсінігі. Қылмыстық істерді алдын ала тергеу және сотта қарап шешу дәлелдеу қызметі арқылы жүзеге асырылады. Іс жүргізу органдары (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) қылмыстың қалай жасалғандығын, оның барлық мән-жайларын дәлелдемелердің негізінде ғана анықтай алады. Дәлелдемелердің негізінде прокурор қылмысты айыпталушы жасағандығын соттың алдында ашып көрсетеді, ал қорғаушы айыпталушыға тағылған айыптауды жоққа шығарады немесе оның жауаптылығын жеңілдету жөнінде өз талаптарын қоя алады. Сот айыптау және қорғау тараптары келтірген дәлелдемелердің негізінде сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі жөнінде анық тұжырымға келіп, айыптау немесе ақтау үкімін шығарады. Сондықтан да қылмыстық істер бойынша дәлелдеу мәселелерін зерттеу қылмыстық процесс ғылымының маңызды бөлімі болып табылатын дәлелдеу теориясының пәніне жатады.

Дәлелдеу теориясы — ғылым бөлімі ретінде қылмыстық процестегі дәлелдеу қызметінің мәні мен мазмұнын, мақсатын, құқықтың негіздері мен жүргізу тәртібін, сондай-ақ бұл теорияның ұғымдарын қамтитын ілім, яғни ғылыми қағидалар жиынтығы болып табылады.

Дәлелдеу теориясы ұғымын дәлелдеу құқығы ұғымынан ажырату қажет. Дәлелдеу құқығы қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің құқықтық негіздерін және дәлелдемелерді қолданудың ережелерін көрсететін нормалар жиынтығы деп білеміз. Яғни, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу қызметінің қалай "жүзеге асырылатындығы, оның жүргізілу тәртібі және қандай дәлелдемелердің қолданылатындығы қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген.

Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процестен оқшау кала алмайтыны сияқты дәлелдеу теориясы да қылмыстық процесс шлымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті".

Дәлелдеу құқығының белгілері. Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:

таным процесінің бір түрі ретінде объективті шыңдықты дәлелдеу туралы;

осы процесте танымның негізі және шыңдықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;

қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;

—қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;

- дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;

—соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы.

Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу кұқығьшың мазмұны үшін шешу болып табылады. П.С. Элькиндтің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың, тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын ретгейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын қүқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек.

Дәлелдеу құқығының мөнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:

дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық катынастардан тұрады;

аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытгалған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының кұрамдас бөлігі болып табылады;

дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;

- қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;

—дәлелдеу құкығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды тереңдету процесіне дәлелдеу кұқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады;

—дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құкығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін керсетеді.
1 -есеп

Ақтөбе қаласы Елек ПБ-не Оспанова eciмді азаматша өзін Есеновтің зорлағанын көрсетіп арызданды. Келесі күнi Оспанова өз арызын алып келіп, Есеновқа қатысты қылмыстық icтi қозғамауын өтінді, оның себебін өзінің оған тұрмысқа шығатындығымен түсіндірді.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Тергеушінің ic-әpeкeтi қандай болуы шарт?


2 -есеп

Ақтөбе қаласы Елек ПБ-не азаматша Похомова көршісі Қоғамовтың психологиялық аурумен науқастанатын 23 жасар қызына зорлау мақсатында оқталғандығы жөнінде арызданды.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүргізуге бола ма?


3 -есеп

Кісі өліміне қатысты қылмысты тергеу барысы­нда тергеушi айыпталушы Орынбаев Болатовтың жеке мүліктерін ұрлағандығын анықтады. Бұл оқиға бойынша тергеушi Орынбаевқа қатысты қылмыстық iзгe түсуді тоқтатты, оның ceбебін Болатовтан ешқандай арыз болмағандығымен түсіндірдi.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеушінің ic - әрекеті дұрыс па?


4 -есеп

Teргеуші қылмыстық icтi тергей отырып, Пет­ров деген азаматтың өзінің қызын соққыға жыққандығын анықтады. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, ол өз шешімін кәмелеттік жасқа толмаған қыздың Петровқа тәуелдігімен және ол қыздың өз құқығын толық қорғай алмай-тындығымен байланыстырды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Бұл жағдайдағы сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүргізудің тәртібi.


5 -есеп

Потрульдік полиция қызметқерлері Ақтөбе қаласының Абай мен Байзақов көшелері қиылысқан жеріндегі тротуарда ес-түссіз жатқан ер азаматты тауып алды және оны қалалық №4 ауруханаға апарады. Тергеу-жедел тобы оқиға болған жерді қарады.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Тергеуші қандай әрекет жасауы керек?


6 -есеп

Ақтөбе қаласы Елек ПБ-нің кезекші бөліміне телефон арқылы отбасы жанжалына қатысты хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен патруль қызметкерлері Айымбетов деген азамат­ты ПБ-не жеткізді. Айымбетовті зайыбы Айымбетова өз жұбайын қылмыстық жауапкершілікке тартуын өтініп арыз жазған болатын. Бірақ Айымбетовадан жауап алу барысында ол өзінің жұбайын қорқыту үшін ғана арыз жазғандығын, оның жауапкершілікке тартылмауын өтіндi.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Teргеушi қандай шешімдерді қабылдауы шарт?



7 -есеп

Арғынбаевтың мүлкіне қатысты ұрлық бойын­ша алдын ала тергеу барысында, тергеушi айып­талушы Талибовтың "Арыстан" АҚ-на тиесілі қоймадан бағасы 13 400 тенге тұратын бейнемагнитофонды ұрлағандығын анықтайды. Бірақ бұл ақционерлік қоғамның басшысы арыз беруден бас тартты, оның негізгі ceбeбi келтірілген шығынның өзге ешқандай eлеулi зиян келмегендігін атап өтті.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Teргеуші қандай шеші қабылдауы керек?


8 -есеп

№8 аурухананың кезекші дәрігері ІІБ-не ауруханаға ауыр дене жарақатымен Елікбаева деген азаматшаның түскендігін хабарлайды. Ауруханаға келген полиция жедел уәкіліне Елікбаева өзінің пышақпен келтірілген дене жарақатын, отбасында болған жан жал кезінде өз зайыбы Елікбаевтың келтіргендігін атап өтеді.Бірақ та ол Елікбаевты ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартпауын өтінеді.Оқиға болған уақыттан кейін бірнеше күн өткен соң, науқас ауруханада жатып қайтып болады.

1. Жағдайға баға беріңіз.

2. Tepгеуші қандай шешімдерді қабылдауы керек.


9 -есеп

Асанова полиция учаскелік уәкіліне Қаримованы өтірік айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуын өтініп арызданды. Бірақ бірнеше күн өткен соң Асанова өзінің Каримовамен татуласқандығын, сондықтан оны ешқандай жауапкершілікке тартпауын өтінді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Учаскелік уәкіл қандай шешім қабылдауы қажет?


10 – есеп

«Алина» ЖШС-ның бас бухгалтері ревизия кезінде, кассир Талғатованың 17000 теңге көлемінде ақша ұрлағандығын анықтайды. Со­дан кейін Ақтөбе қаласы Елек ПБ шағымданады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруд бастауға бола ма?



Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер.

1. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің түсінігі мен олардың түрлері.

2. Қылмысытық іс жүргізудегі мүліктік талап қоюдың түсінігі мен тәртібі.

3. Іс жүргізу мүліктік мәселелер.
Қылмыстық іс жүргізу қызметін атқару барысында оған қатысушы жеке тұлғаларға заңмен көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет болады. Ондай шараларға ҚІЖК-нің 4-бөлімі арналған (17—19 тараулар, 132—161 баптар). Ол шараларды қолданудың негізгі мақсаты қылмыстық процестің міндеттерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Мысалы, айыпталушы тергеуден жасырынып, қылмысты тез және толық ашуға кедергі жасайды деп санауға негіз бар болған жағдайда, ондай кедергіні болдырмау мақсатында тергеуші бұл айыпталушыны қамауға алуға құқылы.

Мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру адамдардың жеке басының бостандығын және өзге де құқықтарын шектеуге соқтыратын болғандықтан, ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді. Сондықтан, мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін заңмен көзделген негіздің болуы қажет және ондай шара қылмыстық іс жүргізу органының дәлелді қаулы шығаруы немесе хаттама жазуы арқылы рәсімделіп қолданылады. Мәжбүрлеу шарасын қолдануға жеке тұлғаның өзінің немесе оның мүддесін қорғайтын адамның келісімі қажет етілмейді. Өйткені, мұндай шараның мәнісі процеске қатысушы жеке тұлғаларды қылмыстық іс жүргізу тәртібін сақтауға еріксіз көндіру болып табылады.

Сонымен, процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деп қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында өкілетті мемлекеттік органдар заңның талаптарын сақтай отырып жеке тұлғаларға қолданатын еріксіз көндіру амалдарын айтамыз. Бұл шаралар, олардың сипатына қарай, әр түрлі болып келеді. Олардың кейбірі тек сезіктіге ғана қолданылатын болса, екіншілері — айыпталушыға, ал басқа түрлері өзге процеске қатысушыларға да қолданылады. Осындай жағдайларға байланысты ҚПК-де көзделген мәжбүрлеу шаралары үш топқа бөлінеді:

сезіктіні ұстау;

бұлтартпау шаралары;

өзге мәжбүрлеу шаралары.

Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу мәселесін шешу мақсатында қысқа мерзімге қолданылатын мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Бұл шараны қолданудың негіздері және тәртібі ҚІЖК-нің 17-тарауында (132—138 баптар) белгіленген.

Қылмыстық ізге түсу органы бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды мына негіздердің бірі болғанда (ҚІЖК 132-бабының 2-бөлігінде көрсетілген) сезікті ретінде ұстауға құқылы:

бұл адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей қылмыс жасағаннан кейін ұсталған болса;

өз көзімен көрген адамдар, соның ішінде жәбірленуші, қылмыс жасаған осы адам деп тура көрсетсе немесе басқа адам қылмыс жасаған адамды ұстап әкелген болса;

бұл адамның денесінде немесе оның киімінде, тұратын үйінде қылмыстың айқын іздері табылған болса;

жедел-іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында бұл адамның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандығын немесе ондай қылмыс жасауға дайындалғандығын көрсететін анық деректер бар болса.

Ұйымдастыру құралы ретінде мерзім процеске барлық қатысушылардың іс-қылығын тәртіпке салатын әсер етеді, сезбүддаға қарсы күресудің құралы болып табылады. Іс жүргізу мерзімдерін қатаң түрде және дәл сақтау теория мен заң шығару практикасында қылмыстық істер бо-йынша істердің тез жүргізілуін қамтамасыз ету құралдарының бірі деп саналып келді.

Іс жүргізу мерзімдерін осылайша бір мағыналы, шын мәнінде дұрыс түсіну қылмыстық іс жүргізу заңында тұжырымдалған қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерімен байланысты. Атап айтқанда, ҚІЖК-тің 8-бабында қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ретінде "қылмыстарды тез және толық ашу" аталған.

Сонымен, ғалымдардьщ көпшілігі іс жүргізу мерзімдерінің мәнін мынаған саяды:

— сот ісінің тез жүргізілуін қамтамасыз ету құралы;

- сот ісінің белгілі бір қарқынмен жүргізілуін реттеудің ұйымдық құралы.

КПК-тегі жүзге жуық нормада қылмыстық процесте уақытты регламенттеудің жекелеген элементтері бар. Жалпы мен жалқының осындай арақатынасы жағдайында мерзімдер мәні, орны және маңызды мәселелерінің және оларды бұзудың құқықтық зардаптарының қате түсіндірілуі мүмкін. Соңғысы заңдылықты сақтау тұрғысынан ерекше маңызды. Мәселен, сотталушы кассациялык ағымды берілген он тәуліктік мерзімді бұза отырып жасаған жағдайда оның зандық күші болмайды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімнің күшін жою және оны өзгерту үшін тіпті нақты негіздер бар болған жағдайдың өзінде, іс жүргізушілік-құқықтық нәтижелер бермейді. Нақ сондықтан іс жүргізушілік мерзімдерді кепілдіктер түріне жатқызу оларға қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінін, жүйесін қамтамасыз ету тұрғысынан мүлдем ерекше мән береді.
1 -есеп

Ауыр қылмыс жасағаны үшін ceзікті ретінде Асановқа қатысты тергеу жүрізу барысында, Асанов тергеушіге жақын туыстарына күш қолданамын деп қорқыта отырып, одан қылмыстық icтi қысқарту туралы шешім шығаруды талап eтеді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеушінің кейінгі ic-әрекеті қандай болуы қажет?


2 -есеп

Қылмыстьқ icтi тергеу кезінде жәбірленуші Құлбасов тергеушіге өзінің және оның жанұясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдануын сұрап, оған бірнеше рет барған, ceбебi айыпталушы Халменов жәбірленушіден және оның жанұясынан кек аламын деп қорқытқан.

Бірақ тергеуші жәбірленуші Құлбасовтың қауіпсіздігі негізсіз деп таныды. Сондықтан да жәбірленуші тергеушінің ic-әрекетіне келіспестен прокурорға шағымданады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Нақты жағдайдағы прокурордың кейінгі ic-әректі қандай?
3 -есеп

Қылмыстық icтi тергеу кезінде тергеуші жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолданудан бас тартады. Осыған бай­ланысты жәбірленуші басты сот талқылауы кезінде тергеу дұрыс жүргізілмеді, ceбебi айыпта­лушы және оның туыстары жағынан қатер төнді деген арыз жолдайды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Соттың ic-әpекеті қандай болуы керек?


4 -есеп

Жәбірленуші Абдулиннің арызын қарап, анықтаушы оған қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолданудан бас тартады. Ceбебi, анықтаушының қолы бос емес, ал Абдуллиннің қадірі жай ғана асыра қарау.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Осы жағдайдағы жәбірленушінің іс –әрекеті.


жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау