Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет4/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5 -есеп

Қылмыстық icтi тергеу барысында жәбірленушінің тергеушіге: бастапқы жауабынан бас тартпайтын болса, онда ceзікті Сахатовтың туыстары одан кек алатындығын айтып арызданады. Тергеуші жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдансын деген арыз жазудан бас тартады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Нақты жағдайда тергеушінің әрекеті қандай болуы керек?


6 -есеп

Жәбірленуші Аманов бірнеше рет ceзікті Сариевтің туыстары оны және оның туыстарын қорқытып жүргендігі туралы арыз жазды. Осы арызға байланысты тергеуші ешқандай қауіпсіздік шараларын қолданбайды. Нәтижесінде жәбірленушінің Амановты өлтіруге оқталынады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Аманов және оның туыстарынын кейінгі әрекеттері қандай болуы қажет?



7 -есеп

Teргеушіге жәбірленуші Салиевтен ҚР ҚҚ-нің 257-бабы бойынша қылмысқа ceзікті ретінде жауапқа тартылған Оспановтың тарапынан қауіп төніп жүр деген арыз келіп түсті. Арызға байла­нысты тергеуші арқылы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы қаулы қабылданады. Бірақ айыпталушы Оспанов сотталғаннан қейін, бip ай өткен соң жәбірленуші белгісіз себептермен өлтірілді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Салиевқе қауіпсіздік шараларын қолданудың қателіктерi бар ма?


8 -есеп

Қылмыстық ic бойынша куә Хакимов Сатаевтың өлтіру ici бойынша жауап беруден бас тарта­ды. Оның ceбeбi, ол өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығына осындай қауіпсіздік шараларының қолдануына күмән келтіреді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеуші қандай ic-әрекет жасауы шарт?


9 -есеп

Аудандық прокурорға жәбірленуші Есеновтан арыз шағым келіп түседі. Ол өз арызында алдын ала тергеу органдары оған қатысты қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тартқан, соның салдарынан оны айыпталушы тарапынан қорқытулар болғандығын көрсетеді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Прокурордың осындай жағдайдағы ic-әрекеті.


10 -есеп

Жәбірленуші Асанов жеқе айыптау ici бойын­ша Қожановтың өзін қорқытып жүргендігін, сондықтан да өзіне төнген қауіптен қорғауын сұрап тергеушіге арызданды. Бірақ тергеуші оның қауіпсіздігін қорғаудан бас тартты, сондықтан да арызданушы өз шағымын прокурорға жеткізді.

1. Осы жағдайдағы арызды қарау тәртібі қандай?

2. Прокурор қандай шешім қабылдауы шарт?


11 –есеп

Teргеуші алдын ала тергеу аяқталды деп тауып, қылмыстық icтi сотқа жіберу туралы шешім шығарады. Сонымен қатар бip уақытта жәбірленушіге қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану үшін қаулы қабылдайды. Біраз уақыт өткен уақытта жәбірленушінің қорғаушысына қауіп төнеді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Қорғаушының ic-әрекеті қандай болуы шарт?



12 -есеп

Сот бip куәгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында талқылау залынан айыпталушы мен оның қорғаушыларын және айыпталушы­ның басқа да заңды өкілдерін шығарып жібереді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. ҚР ҚПК-нің талаптары сақталып отыр ма?


13 -есеп

Tергеуші жәбірленуші Буровқа қатысты қылмыстық заңмен тыйым салынған ic-әрекетті жасау мүмкіндігінің туындауына байланысты, қауіпсіздік шараларын қабылдауға жеткілікті негіздер бойынша қамаудағы айыпталушы Тәкеновтың туысқандарын шақырып, оларды Буровқа қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жол берілмеушілігі туралы ескертті.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеушінің ic-әpeкeтi дұрыс па?


14 - есеп

Icтi сотта қараудағы төрағалық етушінің қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпегендігі себебінен, куәнің жеке басы айыпталушыға толық белгілі болды. Осыған байланысты куә сот тергеу барысында, айыпталушы және оның туысқандарынан қорқып, жауап беруден бас тартады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Көрсеткен мәселелерді шешу үшін кім және қандай шешімдер қабылдайды?


15 - есеп

Қылмыстық icтi тергеу барысында тергеушінің қаулысы негізінде жәбірленуші Оспанованың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, оны полиция өкілдері қорғап отырды. Кездейсоқ қарулы шабуыл барысында жәбірленуші дене жарақатын алды, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің бipi де жарақаттанды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Қылмыстық iзге түсу органы қауіпсіздік шарасына қатысты жауапкершілікке тартылады ма?



Анықтау және алдын ала тергеуді аяқтаудың процессуалдық актілері.

1. Сотқа дейінгі тергеп - тексерудің басталуы.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудің жалпы шарттары.

3. Адамды сезікті деп тану және сезіктінің әрекеттерін саралау.
Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі өзара тәуелді логикасы—тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты. Аталған логикаға осы оқулықта баяндалатын курстың құрылымы да бағынышты.

Сонымен бірге бұл - дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нормаларын дәйекті түрде (Кодекстің басынан аяғына дейінгі баптарының түгін қалдырмастан оқып үйрену арқылы қол жеткізілуі мүмкін) қылмыстык іс жүргізу құқығының мәнін пайымдау, түсіну дегенді білдірмейді. ҚПК-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының оқу курсының түзілімі үшін саланың ішкі логикасы айқындауыш болып табылады. Ал айталық ҚПК-іне берілетін түсініктерді құру үшін нормаларға, дәлірек айтқанда олар Кодексте қалай орналасса, сол тәртіппен түсінік берілетін басқаша тәсіл орынды. Ескі көзқарасты да үйлестіру (сыртқы және ішкі) оқу курсының құрылымына тән және қылмыстық іс жүргізу құқығы академиялық курсының мақсаттары мен міндеттеріне анағұрлым толық жауап береді.

Жалпы бөлім кылмыстық іс жүргізудің кұқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқыңдайтын негізгі, принципті түрде маңызды жөне елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Жалпы бөлім құқықтың қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді түсінудің кіліті болып табылады.


1 -есеп

Мүлікті ұрлау фактісі бойынша оқиға болған жерді қарау барысында тергеуші Масаевтың пәтерінен теңестіруге жарамды қейбір қол іздеpiн алады.

Кейіннен осы алынған қол іздері арқылы бұрын сотталған Кенжебековтің және Мамыровтың қылмыс жасағандығы анықталады. Қылмыстық ic материалдарымен танысу барысында айып­талушы Кенжебаев, одан дактилоскопиялық са­раптама тағайындау үшін ешқандай саусақ іздерінің алынбағандығын айта келе, өзінен қол іздерін алуды талап етеді. Tepгеуші бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартады, оның себебі дәлелдемелердің жеткіліктігімен түсіндіреді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Күдіктінің өтініші дұрыс шешімін тапты ма?
2 -есеп

Азамат Мырзабаевтың пәтеріне қарақшылық шабуыл жасағандығы үшін Абдулаев пен Коркин қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қорғаушыларымен бipгe Абдулаев пен Кор­кин қылмыстық ic материалдарымен танысу кезінде, алдын ала тергеу барысында жүргізілген тергеу әрекеттері түсірілген бейнетаспаны көрсетуді өтінеді. Бірақ тергеуші Мағдумов, бейнеаппараттың жоқтығын атай келе, олардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Айыпталушы мен қорғаушының өтініші дұрыс шешімін тапты ма?

3. Айыпталушы мен қорғаушының әры қарайғы іс-әрекеттері


3 -есеп

Ақтөбе қаласы Малышка ауданы аумағында ұрлық жасағандығы үшін Сейтаев қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Алдын ала тергеу, жауап алу барысында Сейтаев өзінің Бішкек қаласында психикалық ауруына байланысты диспансерде есепте тұратындығын атап өттi. Сонымен қатар ол өзінің ауру тарихын Бішкек қаласынан алып, сараптама тағайындауды өтінеді. Tергеуші өтінішті қанағаттандырудан бас тартады, оның себебі ТМД елдері көлемін алғызатын қағаздың келуі ұзақ созылатындықтан, алдын ала тергеудің бұзылуына әкеліп соғатындығымен түсіндірді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеушінің іс-әрекеті заңды ма?

3. Осы жағдайдағы күдіктінің іс-әрекеті қандай болуы тиіс?


4 -есеп

Ауыр қылмыс жасағандығы үшін Өзбекстан Республикасының азаматы Юсупов қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Алдын ала тергеу барысында азамат Юсу­пов өз тілінде өзінің осы қылмысқа қатысы жоқтығын және қамаудан босатуы туралы шағымданды. Прокурор өзіне түскен шағымды осы icтi тергеп жатқан тергеушінің қарамағына берді. Teргеуші шағымды қанағаттандырудан бас тартады, яғни оны аударуға уақыты жоқ екендігімен түсіндіреді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Прокурордың ic-әpeкeтін бағалаңыз.

3. Tергеуші осы жағдайда қандай шешім қабылдауы шарт?


5 -есеп

Tepгеуші Қалиев пәтерінде болған ұрлық оқиғасына байланысты барлық тергеу әрекеттерін жүргізеді.

Алдын ала тергеу жүргізу барысында қылмысқа күдікті ретінде Мәсімов деген азаматты ұстайды. Tepгeyшi арқылы ұрланған заттарды табу үшiн, Мәсімовтың пәтерінде тінту жүргізеді. Tінтy жүргізу барысында ұрланған заттардан бөлек, қылмыстық іске қатысы жоқ бейнемагнитафон тәркіленеді. Тәркіленген барлық заттар тергеу хаттамасына тіркеледі. Мәсімов бейнемагнитофонды да хаттамада тіркеуді талап етеді. Оған тергеуші бейнемагнитофонды хаттамада көрсетудің ешқандай да маңызы жоқ деп жауап береді

Нәтижесінде Mәсімов бұл туралы прокурорға шағымданады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Tepгеуші күдіктінің арызын хаттамада көрсетпеуі дұрыс па?

3. Осы жағдайда прокурор қандай шешімді қабылдауы шарт?
6 -есеп

Кәмелетке толмаған Мұсаевқа, азамат Қаливке қатысты тонау жасағандығы үшін Алға ауданының прокуроры санкциясымен бұлтартпау шарасының түрі - қамау қолданылады.

Мұсаевтың қорғаушысы және заңды өкілі прокурордың қабылдаған бұлтартпау шарасына шағымданады, яғни ол өз шағымдарында айыпталушының жас epекшелігіне тоқталу қажеттігін атап көрсетеді. Сот ізге түсу органынан қылмыстық icтi сұрата отырып, қылмыстық ic түскеннен бастап бес күн ішінде, қамау түріндегі бұлтартпау шарасын, әке-шеше қарауына беру туралы бұлтартпау шарасымен алмастырады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Соттың ic-әрекеті дұрыс па?

3. Прокурор қандай шешім қабылдауы қажет?


7 -есеп

Аудандық сот басты сот талқылауы кезінде сұрақтарды шешуде мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушының қатысуымен алдын ала тыңдау өткізу туралы қаулы шығарады. Бірақ басты сот талқылауында қорғаушы мен проку­рор келмей қалады. Осыған байланысты айы­пталушы Қабаев өзін басқа қорғаушымен қамтамасыз етуді талап етеді. Қабаевтың өтініші қанағаттандырудан бас тартылды,оның ceбeбi прокурордың сот талқылауында жоқ болуы, сондықтан қорғаушы да қатыспауына болатындығымен түсіндірілді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Прокурордың ic-әрекеті занды ма?


8 -есеп

Қылмыстық icпен танысу барысында, айыпталушы арқылы ic бойынша қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініш түседі. Tергеуші өтінішті қанағаттандырудан бас тарта отырып, айыптау хаттамасын түзейді де, қылмыстық icтi прокурорға береді.

Осы мерзімнен бұрын айыпталушы арқылы прокурорға шағымданады, ол өз шағымында тергеуші өтінішін қанағаттандырмағанымен түсіндіреді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Тергеушінің ic-әpeкеті дұрыс па?

3. Прокурор түскен шағым бойынша қандай шешімдерді қабылдауы шарт?



Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі жеңілдетілген іс жүргізудің процессуалдық актілері.

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау, күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау, жоғалған қылмыстық істерді қалпына келтіру.
Занда алдын ала тергеу мерзімін қылмыстық іс қозғалған күннен бастап есептеуді ескертудің маңызы мынада: тәжірибеде қылмыстық істі анықтау органынан тергеушіге, бір тергеушіден екіншісіне, бір қылмыстық ізге түсу органынан екіншісіне беруге тура келетін жағдайлар кездеседі. Осыған қарамастан, қылмыстық іс қозғалған күн алдын ала тергеудің іс жүргізу мерзімі аяқталатын бастапқы кезең болып табьглады. Бұл анықтау органының бастапқы тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге пайдаланған уақыты да екі айлық мерзімге кіретінін білдіреді.

ҚПК-нің 282-бабына сәйкес прокурор айыптау қорытындысымен қоса тергеушіден келіп түскен істі қарайды және ол түскен кезден бастап 10 тәуліктен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды. Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған кезден бастап, қоса алғанда адамды қылмыстық жауапқа тартатын күнге дейінгі аралықта жүзеге асырылатындықтан, прокурордың өзіне келіп түскен істі қарайтын уақыты екі айлық мерзімге кірмейді.

Сонымен қатар, бұл мерзімге мыналар жатпайды:

ҚІЖК-нің 50-бабы тәртібіңде істің тоқтатылған уақыты;

ҚІЖК-нің 275-бабы тәртібінде айыпталушыны және оның қорғаушысын қылмыстық істің материалдарымен таныстыру уақыты;

айыпталушының шағымы бойынша сұратып алынған қылмыстық істің сот пен прокуратурада жатқан уақыты (ҚІЖК-нің 197-бабының 1-бөлігінің 13-тармағы; 68-бабының 7-бөлігі; 69-бабының 2-бөлігі).

Алдын ала тергеу ісін жүргізу үшін екі айлық мерзім белгілеу шекті әрі қатаң ереже емес, ол ұзартылуы мүмкін. Бұл мерзімді ұзартудың мынадай негіздері бар:

тергеп-тексеру ісінің күрделілігі,

тергеп тексерілетін істің ерекше күрделілігі.
1 -есеп

Kici өлімі фактісіне сәйкес қылмыстық icтi тер­геу барысында қаладағы атақты экстрасенс Әулие-Ата шақыртылады. Өлген адамның суретін көрген Әулие-Ата жедел қызметкерлерге қылмыскердің шашы қара, бетінде тыртығы бар екендігін, яғни жәбірленушінің танысы болғандығын қерсетеді. Полиция қызметкерлері экстрасенстің айтуымен хаттаманы түзейді. ЖІШ нәтижесінде жәбірленушімен кезінде бірге жұмыс icтеген және Әулие-Атаның айтқан белгілеріне сәйкес келетін Сынабаев деген азаматты анықтады. Осы негіз бойынша қылмыс жаса­ды деген күдікпен тергеуші Сынабаевты ҚР ҚПК-нің 132-бабымен ұстайды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Экстрасенстің берген айғағының алар орны қандай?


2 -есеп

Тергеуші айыпталушыны қылмыстық icпен таныстыру үшін қылмыстық icті тігілген және нөмірленген түрде береді. Басты сот талқылауы кезінде айыпталушы өз қорғаушысымен қылмыстық істің материалдарының тізімінде дактиласкопиялық сараптаманың қорытындысы жоқ екендігін атап өтеді. Сот айыпталушының өтінішін қарау барысында, сараптаманың қорытындысы icтe бар екендігін, тек тізімде көрсетілмегендігін, бұл тергеушінің абайсызда жіберген қатесі екендігін көрсетіп, оны қанағаттандырудан бас тартады.

1. Соттың ic-әрекетін бағалаңыз.

2. Осы жағдайда сараптаманының қорытындысы дәлелдеме болып табылмайды.


3 -есеп

Қарақшылық жасау фактісі бойынша, сот тергeyi барысында жауап алу алдында куә Нұрқанова, айыпталушы өзінің iнici екендігін, сондықтан да оған қатысты айғақ беруден бас тарту құқығы жөнінде сұрайды. Сот Нұрқановаға, оның өз туысқандарына қатысты айғақ беруден бас тартуға болатындығын түсіндіреді. Сонымен қатар куә алдын ала тергеу барысында тергеушінің бұл туралы ешқандай құқықтары түсіндірілмегендігін жеткізеді. Осыған байланыс­ты сот куә айғақ беру міндетінен босатады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Нұрқанованың алдын ала тергеу барысын­да берген жауабының дәлелдемелік күші қандай?


4 -есеп

Ақтөбе қаласының Елек ПБ-не азамат Рамазанов өз пәтерінде ұрлық жасалғандығын атай келіп, арызбен келеді. Арыз бойынша тексеру міндеті учаскелік полиция жедел уәкілі Алтынбаевқа жүктеледі. Алтынбаев тексеру бары­сында Рамазановтың бұрын сотталғандығын, сонымен қатар оның бірнеше қылмыстарға қатысы бар екендігін, яғни өз қылмыстарын жа­бу мақсатында оның арызданғанын анықтайды.

Бұл жағдайдан сескенген Рамазанов өз арызының қысқартылуын сұрайды, сонымен қатар жоғалған заттарды өз әйелі алғандығын баяндайды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Қандай жағдайлар дәлелдеудің заты бо­лып саналады?
5 - есеп

Оспановтың пәтеріндегі ұрлық оқиғасына байланысты ОБЖ қарау кезінде терезеден алақанның iзi, үй ауласындағы терезенің астынан аяқ қиім iзi табылады. Алақан iзi дактопленкаға көшіріледі, ал аяқ іздері суретке түсіріліп алынады. Алынған іздер ОБЖ хаттамасында көрсетіледі. Күдіктіні ұстау барысында оның аяқ киімi алынады және ол оқиға болған жерде алынған іздермен салыстыру үшін криминалистикалық сараптама тағайындалады.

1. ОБЖ алынған доктапленка мен суреттер дәлелдеме болып табылады ма?

2. Олар қандай дәлелдемелерге жатқызылады?


6 -есеп

Тергеу барысында адам өліміне әкелген ЖҚО оқиғасы бойынша қылмыстық іске куәнің жәбірленушіні қағып кеткен автокөліктің нөмірін алыстан көргендігіне тергеуші күмән келтіреді.

Teргеуші ЖҚО болған жерге жәбірленуші мен біргe келіп, оған алыстан өтіп бара жатқан автөкөліктердің нөмірін сұрап, содан кейін оның осындай мүмкіншілігін біліп, тергеу хатта­масында толтырады.

1. Жағдайды бағалаңыз. Тергеушінің ic-әpeкеті дұрыс па?

2. Тергеушінің өткізген тергеу экспериментінің дәлелдеуде қандай маңызы бар?
7 -есеп

Басты сот талқылауы барысында сотталушы Сағатов алдын ала тергеу кезінде берген жауабын өзгертеді. Прокурор сотталушының алдын ала тергеу кезіндегі жауабын негізге алу қажет екендігін өтінді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Сағатовтың алдын ала тергеу барысында берген жауабының қандай дәлелдемелік күші бар?

3. Сот алдын ала тергеу барысында алынған дәлелдемелерді зерттей алады ма?
8 -есеп

Айыпталушы Құсайынов зорлық жасау фактісіне өзін кінәлімін деп мойындамады және ол жәбірленушімен жыныстық қатынасқа оның келісімімен түскендігін атап өтті. Ал жәбірленуші жеңіл жүрісті азаматша болатын.

Teргеуші жәбірленушінің жеке басын анықтау мақсатында, бұрын жәбірленушімен жыныстық қатынаста болған және оған қатысты мінездеме алу ушін үш куәдан жауап алады.

Tергеуші осы фактіні нақтылайтын куәгерлердің жауаптары істе ешқандай маңызды орын алмайды деп шешім қабылдайды, сондықтан да олардың жауабын қабылдамайды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Дәлелдеу шегі немен анықталады?

3. Қатыстылыққа анықтама беріңіз.
9 -есеп

Масаевтан күдіктіні ретінде жауап алыну бары­сында, ол Алға ауданында бірнеше рет мал ұрлағанын мойындайды. Бұл туралы өзіне тағайындалған адвокатына айтады.

Одан кейінгі уақытта күдікті Масаев өзінің алдында берген айғақтарынан бас тартады. Сон­дықтан да тергеуші оның адвокатынан куә ре­тінде жауап алмақ болады, бipaқ адвокат айғақ беруден бас тартады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Адвокаттың, тергеушінің ic-әрекетіне баға беріңіз.

3. Күдіктінің жауабының дәлелдемелік күші қандай?


10 -есеп

Алға ауданының орталық емханасына ауыр дене жарақатымен Оспанов деген азамат түседі. Жауап алу барысында, ол "Қайсар" деген сөзден басқа ештеңе айтпастан қайтыс болады. Аудандық ІІБ тергеушісі бұдан кейнгі кезекте сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүзеге асырып, жарақат кездейсоқ жағдай салдарынан болды дегендігіне қарамастан, Оспановты ауруханаға жеткізген Әлімбеқов де­ген азаматты күдікті ретінде ұстайды. Тергеуші жәбірленушінің өлер алдында айтқан "Қайсар" деген сөздің дәлелдемелік күші бар деген ұйғарымға келеді және осыны басты назарда ұстайды.

1. Тергеушінің ic-әрекеті заңды ма?

2. Дәлелдеме түсінігіне баға беріңіз.


11 -есеп

Mүлікті ұрлады деген күдікпен ұсталған Сайдалиев, оның алибиі бар екендігін, оны жұбайы нақтылайтындығын атап өтті. Teргеуші ҚР ҚПК-нің баптарына сәйкес, Сайдалиевтің жұбайынан жауап алу барысында, оның айғақ беруден бас тарту құқығы бар екендігін, ал егер айғақ берген жағдайда оқиғаны дұрыс жеткізбесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертіледі. Алғашқы жауап беру кезінде, ол өз зайыбының жауабын растайды, бipaқ тергеу жүргізу бары­сында, қарама-қарсы айғақтар береді. Соңғы уақытта, мүлдем жауап беруден бас тартатындығын және тергеушіден алғашқы берген жауап-тың күшін жоюды сұрайды.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Сайдалиевтің жұбайы берген жауаптың дәлелдемелік күйі қандай?


12 - есеп

Басты сот талқылауы барысында сотталушы Асанов алдын ала тергеу кезіндегі берген жауабынан бас тартады. Сонымен қатар ол тергеушінің егер кінәні өз мойнына алса, қылмыстық жауапкершіліктен босататындығына уәде бергендігін айтады. Бірақ тергеуші өз сөзінде тұрмайды. Сот талқылауы барысында сот басқа дәлелдемелер болмағандықтан, Асановқа қатысты қылмыстық icтi қысқартады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Соттың ic-әрекеттері занды ма?

3. Асановтың берген жауабының дәлелдемелік күші қандай?
Басты сот талқылауын жүргізудің тәртібі.

1. Басты сот талқылауын тағайындау.

2. Соттылықтың түсінігі.

3. Басты сот талқылауының жалпы шарттары.

4. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Басты сот талқылауы үшiн белгiленген уақытта төрағалық етушi сот отырысын ашады және қандай қылмыстық iстiң қаралатынын, сондай-ақ iстiң ашық немесе жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды. Сот отырысының хатшысы сот отырысына қатысуға тиiстi адамдардың келгенi туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды. Төрағалық етушi аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды және оған құқықтарын, мiндеттерiн түсiндiредi.

Төрағалық етушi аудармашыға әдейi дұрыс аударма жасамағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тiгiледi. Аудармашыға, сондай-ақ, өз мiндеттерiн орындаудан жалтарған жағдайда оған заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн екенi туралы ескертiледi.

Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыдан бас тартуын мәлiмдеу құқықтарын түсiндiредi және аудармашыдан бас тартуға әкеп соғатын заңдарда көзделген негiздердi түсiндiредi. Егер аудармашыдан бас тарту қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады.

Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн, сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етушi сот жауап алмаған куәлардың жауап алған куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуi үшiн шара қолданады.

Төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айын, күнiн және орнын, сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлетiнiн, тұратын жерiн, немен айналысатынын, бiлiмiн, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректердi анықтай отырып, оның жеке басын айқындайды. Мұнан кейiн төрағалық етушi сотталушыға айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерiнiң тапсырылғанын және қашан тапсырылғанын анықтайды. Бұл ретте істі соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтiнiш жасаған болса, айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерi тапсырылған күннен бастап үш тәулiктен бұрын басталмауға тиiс.

Сотталушы болмағанда iстi талқылауға:

1) ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшiн айыпталған сотталушы iстi оның қатысуынсыз қарау туралы өтiнiш берген:

2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайларда ғана жол берiлуi мүмкiн.

Сотталушының қорғаушысы дәлелдерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi және оның дәлелденгендiгi жөнiнде, сотталушының жауаптылығын жеңiлдететiн немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн айтады.

Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыр кезде iстi талқылау кейiнге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны ауыстыруға тек сот келiсiмiмен ғана жол беріледі. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың ішінде мүмкiн болмаса, сот басты сот талқылауын кейiнге қалдыра отырып, айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.

Іске жаңадан кiрiскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт беріледi. Ол өзi iске кіріскенге дейiн iстi соттың қарауы кезiнде жасалған кез келген әрекеттiң қайталануы туралы өтiнiш жасауға құқылы.


жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау