- ТАҚЫРЫБЫ:
- «Нарықтық экономиканың жұмыс жасау механизмі”.
- Орындаған: Джанесова Б.В.
МАҚСАТЫ: НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МЕХАНИЗМІМЕН ТАНЫСА ОТЫРЫП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН СЕЗІНУ. - Сабақтың жоспары:
- Еркін кәсіпкерлік - механизмі (Экономикалық
- «ЛЕГО»)
- 2. Экономикалық ойын «Нарық».
-
Қазақстан 2050 Стратегиясы - Қазақстан 2050 Стратегиясы
- «.....Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық»
-
- Н.А. Назарбаев
Жеке меншік дегеніміз – жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығын айтады. Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Баға дегеніміз – заттың, әлде қызмет көрсетудің ақша арқылы көрсетілетін құны, өзінде өте көп мәлімет сақтайды және ол сатып алушы мен сатушының іс әрекетіне көп әсерін тигізетіндіктен нарықтық жүйені қосымша баға басқару жүйесі деп атайды. Бәсекелестік дегеніміз – ол сатушылар арасында және сатып алушылар арасындағы бақталастық. Бәсекелестіктің тиімділігі: 1. Тұтынушы қалаған тауарлар керекті жерде, керек мөлшерде болып тұрады. 2. Ресурстар үнемделіп, өндіріс өнімінің мөлшері көбейіп, бағаның арзандауынан өмір сүру деңгейі жоғарылайды. Пайданың артына түсу – тауар өндірушіні тұтынушылар сұранысы бар тауар дайындап, оны сатып алынатын бағамен нарыққа жіберуге итермелейді. ПАЙДА дегеніміз – ол түскен ақшадан өндіріс шығынын алып тастағанда қалатыны. Экономисттер нарықты көбіне дауыс беруге арналған кабинамен салыстырады. НАРЫҚ сізге өзіңіздің сатып алынған тауар мен қызмет көрсету арқылы экономикалық дауыс беруіңізге мүмкіндік туғызады. Экономикалық ойын «Нарық» Нарықтық экономиканың механизімін атаңдар. Нарықтық экономиканың қандай элементтерін білеміз? - Жеке меншік дегеніміз ........
Баға дегеніміз ........ Бәсекелестік дегеніміз ........ Пайда дегеніміз ....... Пайданың артына түсе отырып, біз тұтынушы ретінде не ұтамыз? Экономисттер нарықты неге дауыс беруге арналған кабинамен салыстырады? Бәсекелестіктің тұтынушыға, қоғамға тиімділігі неде? Пайданың соңына түсу неге апарады? Не себепті нарықтық жүйені баға басқару жүйесі деп атайды? «Көрінбейтін басқару қолы» деп кімді айтамыз? Себебін атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |