"Көжектер" тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Мерзімі: Білім беру саласы: «Әлеумет» Бөлімі: «Тіл дамыту»



жүктеу 12,67 Kb.
Дата07.01.2022
өлшемі12,67 Kb.
#37045
user file 5bd5c474bc00e


"Көжектер" тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы
Мерзімі:____________________

Білім беру саласы: «Әлеумет»



Бөлімі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: _ « Жабайы аңдар»

Мақсаты:_ Жабайы аңдар, олардың тіршілігі туралы білімдерін бекіту, өз ойларын толық, нақты және еркін жеткізе білуге үйрету; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: жабайы аңдар бейнеленген суреттер, ойыншықтар

Сөздік жұмыс: апан, омарта

Үштілдік компонент: жабайы аңдар – дикие животные – wild animals , орман – лес – forest


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық



Шаттық шеңбері :

Сүйемін туған жерімді,

Сүйемін туған елімді.

Отанымды суйемін!

Өскенде қызмет етемін!

Жұмбақтар жасырады:

1.Итке ұқсас пішіні,

Ұнатпайды кісіні.

2.Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.

3.Орғыған қорқақ, көзі қыли,

Жаз бен қыста екі түрлі тон киеді.

4.Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

5.Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай мен шу


Шеңбер жасап тұрады.

Кілемге отырады.

Мұқият тыңдап, ойланып, жауаптарын айтады.

- Бұл – қасқыр.


-Бұл – аю.
-Ол – қоян.
-Ол – тиін.
-Бұл – түлкі.


Ұйымдастыру– іздестіру


Аталған аңдардың суретін тақтаға іледі.

-Ал, осылардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

-Жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
-Жабайы аңдарды орысша «дикие животные» деп айтады.

-Ал, орманды «лес» деп айтады.



Дидактикалық ойын: «Не жасырылған?»

Әр балаға карточка таратады.

-Орман тұрғындары адамдарды көрсе, тығылып қалады екен. Осы жолы да солай болды.

Шыршаның артында тығылған аңды, көрініп тұрған дене мүшесінен тауып, айтуды ұсынады.




Әңгімелесу.

-Қоян қандай аң?


-Қалай ойлайсыңдар, қоян не себепті қыста ақ тон киеді?

-Қоян қыста немен қоректенеді?

-Ал қасқыр қандай аң?


-Ал түлкі қандай аң?

-Түлкі немен қоректенеді?


-Қалай ойлайсыңдар, түлкі өмірде де қу, айлакер ме?

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп - теріп алайық,

Себетімізге салайық.
-Аю қыста не істейді?

-Аюдың сыртқы ерекшеліктері қандай?


-Аю тәтті құмар аң. Жазда жидек теріп жейді. Омартаға түсіп бал жейді.
Сөздік жұмысы:

Омарта – дегеніміз, аралардың ұясы, тұратын үйі. Онда аралар балдарын сақтайды.

-Сондай – ақ аю балықты да жақсы аулап, күнелтеді.

-Ал аюдың үйін – апан дейді. Апанды аю күз мезгілінде дайындайды. Апанды ағаш бұтақтарымен жауып, асты жұмсақ болуы үшін жапырақтар төсеп салады.

-Тағы қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Анасына жетуге көмектес»

Тақтаға жабайы аңдар мен балалары бейнеленген сурет іледі.

Баласымен анасын қарындашпен біріктіру (қосу) керектігін түсіндіреді.


Қызыға қарайды.

-Жабайы аңдар.


-Жабайы аңдар орманда өмір сүреді.

Бірнеше рет, екі тілдегі баламасын қайталап, естеріне сақтауға тырысады.

Суретке мұқият қарап, қай аң жасырылғанын атап, өз болжамын дәлелдеуге тырысады.

Мысалы:

-Шыршаның артында, түлкі жасырылған, өйткені тоқсары түсті құйрығы көрініп тұр.
-Қоян кішкентай, қорқақ аң. Құлақтары ұзын, құйрығы қысқа. Жазда сұр түсті, ал қыста ақ түсті тон киеді.

-Жауларынан қорғану үшін.


-Қоян қыста ағаштың қабығын кеміреді, ал жазда, шөп жейді.

- Қасқыр итке ұқсайды, сұр түсті.

-Тоқсары түсті, құйрығы ұзын, тұмсығы сүйір, ұзындау келген.

-Тышқан, қоян, құстарды жейді.

Әркім өз ойын айтады.

Сергіту сәтін қимылдарын келтіре отырып орындап, бой жазады.

-Аю қыста тынығады.

-Аю үлкен, қоңыр түсті, маймақ аң.

Мұқият тыңдайды.

Жаңа сөздерді қайталап, естерінде сақтауға тырысады. Мұқият тыңдайды.

-Кірпі, бұлан, марал, борсық...

Суретке мұқият қарайды.Нұсқауды ескере отырып, әр аңның баласын атайды.

-Қасқырдың баласын – бөтірік, ал қоянның баласын – көжек дейді.

- Аюдың баласы – қонжық, түлкінің баласы – мыршай деп аталады.





Рефлексивті– түзетушілік

Қорытынды:

Сұрақтар қоя отырып, қортындылайды.

-Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?
-Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

-Неге біз оларды жабайы аңдар деп атаймыз?

- Жабайы аңдарды орысша қалай айтады?
Рефлексия:

Оқу іс – әрекет жақсы әсер етіп, көңіл – күйлері жақсы болса, қызыл текшені көтеруді, ал керісінше болса көк текшені көтеруді ұсынады.




Сұрақтарға толық жауап береді.

-Біз бүгін жабайы аңдар туралы сөйлестік.

-Аю, қоян, түлкі, қасқыр, кірпі, бұлан деген аңдарды білеміз.

-Себебі, жабайы аңдар, орманда тұрады, тамақтарын өздері тауып жейді.



-Жабайы аңдарды орысша «дикие животные», ал ағылшынша «wild animals» деп айтады.
Өз көңіл – күйлерін білдіріп, ойларымен бөліседі.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: жабайы аңдарды, олардың балаларын ажыратып, нақты атай білу.

Болу керек: жабайы аңдар, олардың тіршілігі туралы түсінік.

Істей білу керек: жабайы аңдарды қысқаша сипаттай білу, сұрақтарға толық жауап беру..
жүктеу 12,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау