Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет26/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48

64 
 
12 - кестенің жалғасы
 




S.ovifelis 
қой 
мысық 
3,5-13,5 
S.moulei 
ешкі 
ит, қасқыр, қарсақ 
5,0-16,0 
S.suicanis 
шошқа 
ит, мысық 
2,6-14,0 
S.eduicanis 
жылқы 
ит 
4,4-11,0 
S.gruneri 
марал 
ит, қасқыр 
1,1-12,1 
S.orientalis 
сібір тауешкісі 
ит, қасқыр, түлкі 
3,5-18,5 
 
Анықталған  саркоцисталардың  даму  циклін  анықтау  тәжірибесін  растау 
үшін  ықтимал  түпкілікті  иелерін  –  жыртқыш  жануарларды,  таңдау,  әсіресе, 
жабайы  жануарлардың  ішінен  таңдау  өте  қиын.  Зерттелініп  отырған 
саркоцисталардың  ықтимал  түпкілікті  иелерін  іріктеуде  жоғарыда  атап  өткен 
морфологиялық  белгілердің  түпкілікті  иеге  тәуелділік  заңнамасы  айтарлықтай 
көмектесуі  мүмкін.  Бұл  жыртқыш  сүтқоректілердің  немесе  жыртқыш 
құстардың арасынан ықтимал түпкілікті иелерді болжауға мүмкіндік береді.  
2.  Бұл  жұмыста  саршұнақ,  үй  тышқанының  саркоцисталарын  зерттеу 
нәтижелері  берілген.  Аталмыш  жануарлардың  таралуы  туралы  және  жабайы 
кеміргіштердің  саркоцисталардың  табылуы  туралы  қысқаша  мәліметтер  беріп, 
жиналған материалды талдаймыз.  
М.И.Исмагиловтың  зерттеуі    бойынша  Қазақстандағы  саршұнақтың 
ареалы кең ол Қызылорда, Шымкент, Жамбыл және онымен шекаралас Алматы 
облысы  аумағын  қамтиды.  Ол 
Атырау
,  Батыс  Қазақстан  және  Ақтөбе 
облыстарының  оңтүстік  бөлігінде,  Қарағанды  және 
Ақмола 
облысының  батыс 
аудандарында  таралған  Саршұнақ  қауымдасып  тіршілік  етеді.  Олар  негізінен 
сазды  шөл  далаларда  және  жартылай  шөлді  жерлерде,  қатайған  құмдарда 
мекендейді.  
С.М.  Пактың  еңбегінде  бұл  жануарлардан  кокцидиялардың  жеті  түрі 
анықталды: Eimeria 
туысына
  жататын  5  түр,  Isospora  туысына  жататын  2  түрі, 
таксоплазма  және саркоцисталар  [90].  
Біз  жасы  мен  жынысы  әртүрлі  небәрі  338  саршұнақты  зерттедік.  Нативті 
препараттарды  микроскопиялау  арқылы  21  (6,2%)  залалданған  кеміргіш 
анықталды.  Алайда  2014  жылы  саршұнақтардың  жалпы  залалдануы 
айтарлықтай  жоғары  болды  (8,8%).  Бұл  сол  жылы  ересек  жануарлардың  ғана 
зерттелуіне  байланысты  болды.  Жастарының  арасынан  залалданған  бірді-екілі 
ғана  кездесті.  2014  жылы  аталықтарға  қарағанда  аналықтарда  (11,4%)  көбірек 
кездесті,  ал  2015  жылы  керісінше  болды.  Сондықтан    аталықтар  мен 
аналықтардың залалдануында  айырмашылығы жоқ.   
Зерттелген  саршұнақтардың  жалпы  санының  5,6%-ына  ғана  Sarcocystіs 
citellivulpes,    0,5%-ына  Sarcocystіs  cittellibuteonis,  ал  екі  түр  бірмезгілде  0,4%-
ына жұққан екен.  
Саркоцистамен  залалданған  21  саршұнақтың  15-інде  (31,2%-ына) 
Sarcocystіs  citellivulpes  табылды,  2  кеміргіште  (9,5%-ына)  Sarcocystіs 


65 
 
cittellibuteonis  анықталды,  4  (19,1%-ы)  саршұнақта    саркоцистаның  екі  түрі 
бірмезгілде  табылды.  Саршұнақтар  мекендейтін  жерлерде    саркоцисталардың 
түпкілікті  иелері түлкі мен қарсақтар жиі кездеседі.  
Бір  топ  ғалымдар,  атап  айтсақ  Z.Cerna,  J.P.Dubeу,  В.М.Федосеенко, 
R.Enzeroth, 
B.Chobotar, 
E.Scholtyseck 
R.Enzeroth, 
B.Chobotar, 
E.Scholtyseckлардың  зерттеулері бойынша  Sarcocystіs  cittellibuteonis цисталары 
ультрақұрылымдық  сипаттамалары  жағынан  сүтқоректілерде,  құстар  мен 
бауырымен  жорғалаушыларда  кеңінен  таралған  қабырғасы  жұқа  цисталарға 
жатады. Олардың цисталық қабырғасының құрылымы, цистозоиттарының және 
цитоплазмалық  органеллаларының  құрылымы  үй  тышқандарынан  бөлініп 
шыққан  Sarcocystіs  dispersa,  ала  тышқан  бөліп  шығарған  Sarcocystіs  sp., 
цисталар    құмтышқан  бөліп  шығарған  Sarcocystіs  sp    цисталарына  ұқсас. 
Қабырғасы  жұқа  цисталар  жарық  оптикалық  деңгейде  Sarcocystіs  citellivulpes 
цисталарынан  цисталық  қабырға  морфологиясымен  және  цистозоиттарының 
көлемінің кішілігімен ерекшеленеді. В.М.Федосеенконың мәліметтеріне сәйкес, 
Sarcocystіs  citellivulpes-тің  цисталық  қабырғасы  қалың,  яғни  фибриллярлы 
талшықтардан  тұратын  ұзын  бездермен  жабдықталған,  ал  біз  зерттеген 
цисталардың қабырғасы ұсақ тісті бездері бар жұқа, ұзын бездерді құрамайды 
және  құрамында  фибриллярлы  материал  жоқ.  Қабырғасы  жұқа  цисталардың 
цистозоиттары  ақсарының  (Buteo  buteo)  ағзасынан  бөлініп  шығып 
саршұнақтарды залалдандырған жағдайда қабырғасы жұқа микроцистаға дейін 
дамуға  әсер  ететін  спороцисталардың  бөлетінін  анықтадық.  Сондықтан  да 
циста қабырғасының ультрақұрылымдық құрылысы саршұнақтардың  жетілген 
цисталарының  түр  тиістілігінің  критерийі  болуы  мүмкін  деген  пікірді 
қолдаймыз.  В.М.Федосеенконың  пікірінше  Sarcocystіs  түрлерінің  цисталық 
қабырға құрылымының айтарлықтай алуан түрлілігін паразиттің цисталық даму 
фазасында  әр  түрдің  өзіне  тән  цисталық  қабырғасын  қалыптастырудың  тұқым 
қуалау  белгілерімен  түсіндіруге  болады.  Ірі  қара  мал  саркоцисталарының 
цисталық 
қабырғаларының 
ерекшелігі 
туралы 
мәселе 
М.Д.Новак, 
В.М.Федосеенко, В.А.Оразалинова; қой саркоцисталары A.O.Heydorn, Mehihorn 
еңбектерінде қарастырылады  [91-96].  
Sarcocystіs 
cittellibuteonis 
ултьтрақұрылымын 
зерттеу 
оның 
саркоцисталардың  жалпы  құрылыс  сұлбасына  енетінін  көрсетті.  Бойлық 
қималар  жетілген  цистадағы  цистозоиттардың  топографиялық  бөлінуін 
анықтады.  Цисталардың  орталық  бөлігі  жетілген  мерозоиттардың  мекеніне 
толы,  олардың  ішінде  бірді-екілі  метроциттер  және  аралық  жасушалар 
кездеседі.  Циста  полюстерінде  тек  метроциттер  ғана  бар.  Цистозоиттардың 
цистада  осылайша  бөлінуі  оның  полюстерін  өсудің  айтарлықтай  белсенді 
нүктелері  деп  санауға  негіз  болады,  бұл  осы  аймақта  дегенерациялайтын 
миофибриллалардың, 
электронды 
мөлдір 
вакуольдардың, 
протофибриллалардың, 
рибосомалардың 
қалың 
қабатының 
және 
митохондрияға  ұқсас  домалақ  денелердің  көптігінің  болуымен  расталады. 
Циста  тар  электронды  ашық  аймақпен  қоршалған,  онда  бұлшықет 
талшықтарының  дегенерация  өнімдері  орналасады.  Зерттеу  кезінде  эндо  және 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау