47
2 ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚҰРУ МЕН
ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Виртуалды зертханалық жұмыстарды орындауда биологиялық
мазмұнды іріктеу ерекшеліктері
Биологиядан виртуалды зертханалық жұмыс, қазіргі таңда білім алушылар
мен педагогтардың көңілін өзіне аударып отырған биологиялық білім берудегі
болашағы зор, ауқымы кең сала болып отыр.
Оқу практикасына виртуалды зертхананы енгізудің өзектілігі,
біріншіден,
қазіргі уақыттың ақпараттануы болса,
екіншіден, оқытуды ұйымдастырудағы
нормативтік талаптар, яғни, білім беру стандарттарындағы өзгерістер болып
отыр.
Олай болса, біз виртуалды зертханаларды жасау үшін биологиялық
мазмұнды іріктеуді мемлекеттік білім беру стандарттарына талдау жасаудан
бастадық.
Жоғары оқу орнындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты биология пәнін оқытуда келесі мақсаттарға қолжеткізуді болжайды:
– әлемнің заманауи жаратылыстану ғылымын қалыптастыруда биология
ғылымының рөлі туралы; тірі табиғатты тану әдістері туралы
білімдерді игеру;
– табиғи құбылыстарды бақылау, бақылау нәтижелерін сипаттау және
жинақтау, тірі табиғат үдерістері мен құбылыстарын, жеке ағзаның тіршілігін
түсіндіру үшін биологиялық білімдерді пайдалану; биологиялық нысандарды
және оның жеке ағзаның жағдайын бақылау, биологиялық эксперименттер
жүргізу;
– тірі ағзаларды бақылау, биологиялық эксперименттер, ақпараттың
әртүрлі көздерімен жұмыс істеу барысында танымдық қызығушылықтарды,
интеллектуалды және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту;
– қоршаған ортаны тануға, адамзат қоғамын әрі қарай дамыту үшін ғылым
мен технологияның жетістіктерін саналы түрде пайдалану қажеттілігіне көз
жеткізуге тәрбиелеуге; тірі табиғатқа, жеке денсаулыққа және басқа
адамдардың денсаулығына құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуге;
табиғаттағы өзін-өзі ұстау мәдениетіне
тәрбиелеуге баулу;
– ауыл шаруашылығында және өндірісте пайдаланылатын заттар мен
материалдарды биологиялық тұрғыдан дұрыс пайдалану үшін алған білім мен
шеберліктерді пайдалану; күнделікті өмірдің практикалық міндеттерін шешу
үшін, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін; өсімдіктерді, жануарларды
күту үшін күнделікті өмірде алған білім мен шеберліктерді пайдалану қабілетін
қалыптастыру және дайын болу [64-65].
Осыған сәйкес, біз ғылыми зерттеу бағытымызға байланысты, 5В011300 –
«Биология» мамандығы студенттеріне 1-куpcта oқытылaтын элективті
курстардың бірі «Омыртқасыздар зоологиясы» элективті курсы оқу
бағдарламасында қарастырылатын «Кеміргіштердің саркоспоридиялары»
тақырыбында виртуалды зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығын
жасау басты мақсатымыз болды.