Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет17/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48

41 
 
қамтиды.  Виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  бағалауға  қолайлығы 
өлшеміндегі бағалау нормаларына келетін болсақ, біз өз зерттеуімізде алдымен 
жоғарыда  берілген  нормативтік  сілтемелердегі  мемлекеттік  құжаттарға 
сүйендік.  
Білім  алушылардың  оқу жетістіктерін  бағалау жүйесі:  
- жұмыс оқу бағдарламаларын игеру нәтижелерін ішкі бағалау; 
-жұмыс  оқу  бағдарламаларын  игеру  нәтижелерін  сыртқы  бағалау 
түрлеріне  бөлінеді.    Жұмыс  оқу    бағдарламаларын  игеру  оқытушы  мен  білім 
алушылардың  тікелей  қатысуымен  жүргізіледі.  Білім  алушылардың    оқу 
жетістіктерін  бағалау  критерийлік  (өлшемдік)  болып  табылады.  Бағалаудың 
жалпы өлшемдері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес білім алушылардың 
оқу жетістіктері деңгейлері бойынша жасалады.  
Бағалау  –  белгіленген  өлшемдер  бойынша  білім  алушылардың  оқу  іс-
әрекетіндегі  оқу  жетістіктері  нәтижесін  анықтайтын  үдеріс.  Педагогика 
ғылымы  саласында  білім  алушылардың  білім,  білік,  дағды  және  оқу  іс-
әрекеттері бағалаудың  ағымдық (тақырыптық, практикалық, зертханалық, т.б.), 
аралық  (тараулар  бойынша  қорытынды,  білім  алушылардың  өзіндік 
жұмыстары,  т.б)  және  қорытынды  (емтихан,  тест  сұрақтары,  т.б.)  түрлерімен  
бақыланып,  бағаланады.  Ағымдық    бағалау  оқу  үдерісінде  күнделікті 
қолданылады  және  сабақ  барысында  білім  алушылардың  оқу-танымдық 
әрекетіне басшылық жасайды. Біздің зерттеудің мақсат-міндеттеріне орай білім 
алушылардың  оқу  жетістіктері  бағалаудың  ағымдық  түрімен,  яғни  теориялық 
материалдарды  игеруі  және  зертханалық  жұмыс  жүргізудегі    іс-әрекеттері 
бақыланып, бағаланады [57]. 
Омыртқасыздар  зоологиясын  оқыту  үдерісінде  білім  алушылардың 
виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  бағалаудың  өлшемдеріндегі  берілетін 
білім  мазмұнының  теориялық  және  практикалық  сәйкестігі;  ғылымилығы;  
білім  мен  білікті,  сана  мен  іс-әрекетті  біртұтас  бірлікте  қалыптастыруға 
бағыттау; белсенділігі, шығармашылық іс-әрекеттері және т.с.с. ұстанымдарына 
сәйкес  анықталды.  Осы  анықталған    ұстаным  берілетін  мазмұнның 
ғылымилығы мен практикалығы; білім мазмұнының берілетін уақыт көлеміне, 
сондай-ақ  жоғары  оқу  орындарының  ақпараттық  технологиялық  оқу-
әдістемелік және материалдық (компьютерлік сыныптар) базасының болуымен 
сәйкестендірілді.  
Білім алушылардың теориялық материалды игеруінде келесідей талаптар: 
-    оқу тақырыбын игеру мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтай алуы; 
-    тақырыптың  негізгі  идеяларын,  терминдері  мен  ұғымдарының  мәнін 
түсіндіруі; 
-    оқу  материалдарын  тереңірек  түсіндіру  мақсатында  берілген  әртүрлі 
иллюстрацияларды пайдалануы; 
-  оқу  материалдарын  зерделеуде  өз  бетімен  қажет  ақпараттарды 
жинастыруда әртүрлі тәсілдерді қолдана алуы; 
-    оқу  материалдарын  талқылай  отырып  өз  бетімен  түзету  енгізе  алуы, 
қорытынды жасауы, өз пікірін ұсынуы; 


42 
 
-    оқу  материалдарын  маңыздылығын,  нәтижелігін  өзбетімен  бағалауы 
анықталды.  Мұндағы  бастысы  оқу  тақырыбынан  күтілетін  нәтижелерді 
анықтай алуы болып табылады.   
Білім алушылардың зертханалық жұмыс жүргізудегі іс-әрекеттерін бағалау 
негізінен  білім  алушылардың  биологиядан  зертханалық  жұмыстарды 
орындауда    өз  бетімен  виртуалды  тәжірибе  жүргізе  алу  арқылы  биологиядан 
білім  деңгейін  көтеру  сияқты  мақсат-міндеттердің  нәтижесінің  көрінісі  болып 
табылады.  Биологияны  оқыту  үдерісінде  ақпараттық  технологияларды 
пайдалана  отырып  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  орындауды  екі  топқа 
бөліп  жоспарлауға  болады.  Оның  біріншісі  білім  алушыларға  қатысты,  яғни, 
білім  алушыларға  компьютерлік  модельдеу  арқылы  жеке  тәжірибе  жүргізуге 
мүмкіндіктің  берілуі  (өздері  тәжірибе  қойып,  нәтижесін  алу,  қорытындылау, 
т.б.);  тәжірибені  сабақтан  тыс  уақытта  да  жасау  мүмкіндігі  (сабақ  уақытында 
үлгірмеген жағдайда үйде аяқтау). Ал екіншісі оқытушыға қатысты, яғни, білім 
алушылармен  жеке  жұмыс  жүргізуге  уақыттың  бөлінуі;  оқу  үдерісі  нәтижесін 
диагностикалау мүмкіндігі. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  зерттеу  жұмысының 
міндеттеріне  орай  биологияны  оқытуда  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды 
бағалаудың    мотивациялық,  когнитивтік,  операциялық-әрекеттік  өлшемдерін 
бөліп көрсетеміз. 
Мотивациялық өлшем теориялық және зертханалық жұмыстарды орындау 
мотивтерімен  сипатталады.  Жалпы  практикалық  жұмыстарды  орындаудағы 
білім  алушылардың  іс-әрекет  мотивтері  зертханалық  жұмыс  тапсырмаларын 
нәтижелі орындау сипатына ие болуы тиіс. Біз зерттеу барысында зертханалық 
жұмыс  тапсырмаларын  нәтижелі  орындау  мотивтерін  В.А.Сластенин  [58], 
А.И.Мищенко  [59],  Е.М.Шияновтың  [60]  тұлғаның  эмоциялық  бейнесіне 
негізделген  (қызығушылық)  тікелей  талаптандыру  жұмыстарына  негіздеп 
құрдық.  Мотивациялық    өлшем  қызығушылық,  құндылық,    жауапкершілік 
көрсеткіштері арқылы анықталады. 
Когнитивтік өлшем білім алушылардың саналығы мен олардың танымдық 
үдерісін  сипаттайды.  «Когнитив»  термині  латынның  «cognoscere»  –  білу, 
үйрену, зерттеу сөздерінен шыққан. Мән-мағынасына қарай  білім, көз жеткізу, 
ойлау  қабілеті,  зерделеу  қабілеті,  алған  білімді  ойда  сақтау,  т.б.  сипатталады 
және  бұл  білім  алушылардың  когнитивтік  дамуына  әсер  етеді.  Когнитивтік 
даму  психологияда  ойлау  (қабылдау,  есте  сақтау,  қиял  және  логика)  үрдісінің 
дамуы  болып  саналады.  Когнитивтік  даму  теориясының  негізін  салушы 
швейцарлық философ және психолог Ж.Пиаже. 
Когнитивтік  өлшем  негізгі  көрсеткіштеріне  білімнің  көлемі,  жүйелігі, 
беріктігі жатады. 
 1.  Бiлiмнiң  көлемi  олардың  эталонға  сәйкестiгiмен  өлшенедi.  Бұл  сандық 
көрсеткiш  ең  алдымен  білім  алушылардың  оқу  материалын  есте  сақтау 
қабiлетiне,  яғни,  олардың  естерiнде  сақталған  материалдардың  көлемiне 
байланысты.  


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау