Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет12/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48

28 
 
жеке (тәжірибенің математикалық бөлігі, графиктерді талдау т.б.) жұмыстарды 
қамтиды. 
Тәжірибелік 
пайдалану 
виртуалды 
зертханалық 
жұмыс 
тапсырмаларын жеке (немесе аз топта) орындаудан тұрады [46].  
Виртуалды  зертханалық  жұмыстардың  ерекшелігі  білім  алушылардың 
бойында дайын үлгіден алған білімдері бойынша қарапайым білім, білік, дағды 
қалыптасып қана қоймайды, олар оны іс-әрекетке қосып, өмірде сол білім мен 
біліктердің  қажеттігін  сезінетін  болады.  Осыған  орай  әртүрлі  типтегі 
зертханалық  жұмыстарды  орындау  жолы  өзгеріп,  ол  «иллюстративті-
түсіндірмелік  функциядан  –  құралдық  іс-әрекеттік  функцияға  ауысты»,  бұл 
тәсіл  білім  алушылардың  алған  ақпараттарды  практикалық  пайдаланудағы 
ізденіс әдістерін қалыптастырады.  
Жаратылыстану цикліндегі пәндерді зерделеуде дәріс сабағында берілетін 
теориялық материалдарды қорытындылау  тәжірибе жұмыстары арқылы жүзеге 
асады.  Қазіргі  кезде  оқытудың  инновациялық  технологияларын  қолдану 
(әсіресе  зертханалық  жұмыстарды  орындауда)    жоғары  оқу  орындарында  кең 
таралған.  Себебі  оқу  зертханалары  жағдайында  тәжірибе  жүргізуге  көп 
мүмкіндік  (құралдардың  жеткіліксіздігі  немесе  ескіруіне  байланысты)  бола 
бермейді [47]. 
«Виртуалды»  ұғымының  мәні  білім  алушылар  зерделенетін  нысандар, 
процестер  немесе  құбылыстармен  тікелей  жұмыс  жасамайды,  тек  әртүрлі 
компьютерлік үлгілер арқылы ақпараттар ала алады.  
Биологияны  оқытуда    виртуалды  зертханалық  жұмыстардың  маңызына 
тоқталмас  бұрын    «виртуалды  зертхана  және  оның  артықшылығы  неде, 
виртуалды  зертхана  не  үшін  қажет,  виртуалды  зертханалардың  түрлері 
қандай?», - деген сұрақтардың мағынасын ашып алайық.  
В.В.Трухинның  берген  анықтамасы  бойынша  виртуалды  зертхана  –  оқу 
материалдарына  қажетті  шынайы  нысандарсыз  компьютерлік  модельдеу 
арқылы  тәжірибе  жүргізудің  бағдарламалық-аппараттық  кешені.  Оның 
құрамына  қашықтықта  орнатылған  зертханалық  қондырғылар  (қашықтықтағы 
зертхана)  және  зертханалық  тәжірибелерді  модельдеуді  бағдарламалық 
қамтамасыз  ету  (виртуалды  зертхана)  кіреді.  Виртуалды  зертхананың 
артықшылығы: 
-  оқу  кабинеттерін  қымбат  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етуді  қажет 
етпейді. Бүгінгі күні қаржылық жетіспеушілікке  байланысты көптеген жоғары 
оқу орындарының заман талабына сай құралдармен жабдықталу деңгейі төмен, 
онда  ескі  зертханалық  құралдар  орнатылған,  ол  білім  алушылардың    жасаған 
тәжірибелерінің нәтижесін нақты бермеуі мүмкін. 

зертханалық  жағдайда  жасалуы  мүмкін  емес  тәжірибелерден 
компьютерлік модельдеу (компьютер экранындағы көрсетілім) арқылы нәтиже 
алуға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  компьютерлік  технологияның  шынайы 
жағдайда  қосымша  техниканың  көмегінсіз  процестер  мен  құбылыстарға 
(мысалы, бақылау жасайтын нысанның көлемінің өте кіші болуы т.б.) бақылау 
жасауға мүмкіндігі зор.    


29 
 
-  аз  секундтар  немесе  бірнеше  жылға  созылған  үдерістер  мен 
құбылыстарға бақылау жасау мүмкіндігі; 
- қауіпсіздік мүмкіндігі (жоғары вольтты немесе улы химиялық заттармен 
тәжірибе жасау, т.б. );  
- бір уақытта бірнеше тәжірибе жүргізу мүмкіндігі; 
- тәжірибе нәтижесін жылдам алудағы уақыттың үнемділігі; 
-  қашықтықтан  оқытудағы  виртуалды  зертхананы  пайдаланудағы 
мүмкіндіктер, т.б. сипатталады [48].  
Қазіргі таңдағы білім беруді дигитализация (ақпараттарды сандық формаға 
ауыстыру),  e-Learning  (электронды  оқыту),  Mobile  Learning  (қашықтықтан 
оқыту),  Coursera  (аудармашы  волонтерлар),  UoPeople  (американдық 
қашықтықтан  оқыту  ұйымы)  және    т.б.  оқытудың  онлайн-институциялары, 
вебинарлар, виртуалды зертханалар құрап отыр. Мұндай ашық ақпарат көздері 
арқылы дәріс алу теориялық біліммен алмасуда маңызы зор. Алған теориялық 
білімді жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарында практикалық/зертханалық 
сабақтарды  жүргізудің  жаңа  формасы  –  виртуалды  зертханалар  пайда  болды. 
Енді осы виртуалды зертхана не үшін қажет деген сұрақтың мағынасын ашатын 
болсақ: 
- шынайы зертханалық  жұмыстарға дайындық жасау
- материалдық-техникалық жағдайдың сәйкессіздігін жою
- қашықтықтан оқыту; 
- теориялық материалды тәжірибеде өз бетімен зерделеу; 
- ғылыми немесе жоба жұмыстарын жүргізу; 
- тәжірибенің нақтылы нәтижесін алу үшін  маңызды.  
Жоғарыда  келтірілген  алғы  шарттар  виртуалды  зертханалардың  түрлерін 
ажыратып береді. Қазіргі оқу үдерісінде екі өлшемді және 3D; қарапайым және 
күрделі виртуалды зертханалардың түрлері қолданылып жүр, олар зерттеу және 
оқытуға арналған түрлі бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады (кесте 4) [49]. 
 
Кесте 4 – Виртуалды  зертхана  бағдарламалары  
 
Түрлері 
Сипаттамасы 


Star 
Зерттеу  және  оқытуға  арналған  Массачусет  технологиялық 
институтының  бағдарламасы.  Бағдарлама  жалпы  биология, 
биохимия,  генетика,  гидрология,  т.б.  ғылым  салалары 
бойынша  оқыту  және  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге 
бағытталған. Бағдарламаның ресми сайты: http://star.mit/edu.  
Star  бағдарламасы  бірнеше  ғылым  салалары  бойынша 
жіктемеленеді: 
1. 
StarBiochem 
–    молекулалық  белоктардың  3D 
визуализаторы,  тәжірибеге  икемді  және  нақты  нәтиже 
алынады. URL:http://star.mit.edu/biochem/inde./html.  
2.  Star  Genetics  –    будандастыру  процесін  үлгілеуге,  
моногенді белгі   (Мендель заңдары) тұқым қуалау 
 


30 
 
4 - кестенің жалғасы
 


 
заңдылықтарын  зерделеуге  мүмкіндік  береді    URL: 
http://star.mit.edu/genetics /index.html. 
3. StarORF (ағылш. Open Reading frame) – ДНК немесе РНК 
тізбектері құрамындағы бірліктердің белоктарды кодтауға 
қабілеттілігін есептеу  URL: http://star.mit.edu/ orf /index.html. 
 
4. StarMolSim – молекулярлы динамика процесін модельдеуші 
құралдар  сериясы.  Бұл  құралдардың  әрқайсысының  талдау 
және  зерттеу  жүргізу  үшін  маңызы  зор.    URL: 
http://star.mit.edu/molsim /index.html. 
5. StarBiogene – генетика бойынша құралдар жиынтығы.URL: 
http://star.mit.edu/biogene/index.html. 
6.  StarHydro  –  гидрологиялық  процестерді  модельдеуге 
арналған 
бағдарламалық 
құрал. 
URL: 
http://star.mit.edu/hydro/index.html. 
7.  StarCluster  –  кластерлерді  құру  мен  басқаруға  арналған 
құралдар жиынтығы. URL: http://star.mit.edu/cluster/index.html.  
VirtualLab 
Жаратылыстану  пәндері  бойынша  (биология,  физика,  химия, 
география,  экология)    білім  алушыларға  виртуалды 
зертханалық 
жұмыстарды 
дайындау 
бойынша 
жоба. 
Виртуалды  зертханалық  жұмыстар  Flash  технологиясының 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  Жеке  пәндер  бойынша 
маманданумен  ерекшеленеді,  тәжірибе  көбінесе  сызықтық 
тәсіл  (жұмыстың  реттілігі  және  алынатын  нәтиже  алдын-ала 
беріледі)  бойынша  орындалады.  Virtual  Lab-тың  танымдық 
құндылығы  жоғары  және  қажетті  құрал-жабдықтар  жоқ 
болған  жағдайда  лабораториялық  жұмыстарды  жүргізуге 
көмектеседі.  Жобаның сайты  – Virtual Lab:http://www.virtual 
lab.net/   
Жаратылыстану  пәндері  бойынша  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарға мысал: 
1. Толық тізбектердегі  Ом заңын зерделеу. 
2. Металл және шойын үлгілерімен таныстыру. 
3.Органикалық емес байланыстардың идентификациясы. 
4. Биологиялық үлгідегі экожүйе өзгерістерін зерттеу. 
5. Бунақденелердің сыртқы құрылысын зерделеу, т.б. 
Wolfram 
Demonstration 
Project 
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  тұжырымдарын  бейнелейтін 
көрнекілік.  Wolfram  онлайн  интеркативті  лабораторияларын 
біріктіретін  біртұтас  платформа.  Жоба  каталогы  білім  және 
адамның  іс-әрекетінің    түрлі  салаларына  жататын  негізгі  11 
тараудан  тұрады,  мұнда  физика,  химия,  математика  және 
техника,  инженерлік  іс,  әлеуметтік  ғылым  салалары  бар, 
мысалы,    Radial  Engine,3D  skeletal  Anatomy  of  the  Arm, 
Keynesian Cross diagram, т.б.  
Late Nite Labs 
Химия,  биология  және  микробиология  бойынша    арқылы 
виртуалды  зертханалық  жұмыстар    жиынтығын  құрайды. 
Электронды адресі – https:// latenitelabs.com 
ChemLab 
Зертханалық  жұмыстарды  үлгілеуге  арналған    бағдарлама. 
Ресми сайты – http://modelscience.com 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау