Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет13/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

31 
 
Мұндағы  Star  бағдарламасымен  жүргізілетін  виртуалды  зертханалардың 
жұмысына  арнайы  мамандар  ғана    баға  бере  алады,  бағдарлама  іргелі 
зерттеулер  жүргізуге  лайықталып  құрылған  және  белгілі-бір  білім  саласында 
ауқымды мәселелерді қамтиды.  
Біздің  зерттеуіміздің  мақсат-міндеттеріне  сәйкес  осы    Virtual  Lab    үлгісі 
бойынша кеміргіштердің саркоспоридиялары түрлерінің дамуын, биологиялық 
ерекшеліктерін зерттеудің зертханалық жұмыстары дайындалды.  
Жалпы  зертхана  (лаборатория)  –  оқу  материалдарын  игерудегі  білім 
алушылардың  қызығушылықтарын  қанағаттандырады,  олар  зертханалық 
жұмыс  барысында  теориялық    мазмұнның  нақтылығын  тексеруге  мүмкіндік 
алады,  осылайша  білім  алушылардың  ойлау  қабілеттері  құрылымданып,  оқу 
материалдарында  берілген  мәселелерді  талқылау  және  ғылым,  білімге    деген 
қызығушылық  деңгейлері  артады.  Зертханалық  жұмыста  әрқайсысы  өзінің 
зерттеу  материалдарын  сезініп,  тиімді  нәтиже  алу  үшін  басқа  да 
тәжірибелермен салыстыра алады.  
Шетелдік  оқу  орындарында,  Ресей,  Түркия,    Иран,  Батыс  Еуропа 
елдерінде,  АҚШ-та  нақтылы  және  жаратылыстану  ғылымдарын  зерделеу 
бойынша  физика,  химия,  биология  және  геологиядан  жеке  зертханалар  бар. 
Соның  ішінде  биологиялық  зертхана  –  ол  биологиялық  зерттеулерге  қатысты 
барлық  құрал-жабдықтармен  жасақталған  оқу-зерттеу  зертханасы.  Сонымен 
қатар  зертхана  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  құралдарымен  (өрт  сөндіргіш, 
алғашқы  жәрдем  көрсететін  қобдиша),    оқытушы  мен  білім  алушыларға 
арналған  зертханалық  жұмыс  жасау  үстелдерімен  қамтамасыз  етіледі. 
Денсаулық  үшін  қауіпті  болған  жағдайда  немесе  тәжірибе  жасау  үдерісінде 
қымбат  материалдар  қолданылған  жағдайда  тәжірибе  оқытушының 
зертханалық  үстелінде  жасалып,  оқытушыларға  көрсетіледі.  Оқу-зертханалық 
тәжірибелерді  білім  алушылар  топпен  орындап,  өз  бақылауларын  немесе 
оқытушының  жүргізген  тәжірибесін  дәптерге  жазып  отырады.  Кез-келген 
тәжірибе  жасау  алдында  оқытушы  білім  алушыларды  сақтану  шараларымен 
таныстырып отырады. 
Зертханалық  жұмыс  –  көп  функционалды  қызмет  атқарады,  оның  негізгі 
мақсаты: 
-  теориялық материалды тәжірибеден өткізіп, алған білімдерін бекіту; 
- ғылыми ойды дамыту және талдау жасау біліктерін меңгеру; 
-  білім  алушылардың  эмпирикалық  білімге  деген  қызығушылықтарын 
арттыру; 
- тұрмысқа қажетті мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру; 
-  алған  білімнің  тиімділігін  арттыру,  ынтымақтастықта  жұмыс  жасауды 
сезіну; 
-  механикалық  есте  сақтау  әдісінен  белсенді  әрі  тиімді  іс-әрекет  әдісіне 
көшу; 
-  инновациялық  технологиялар  мен  өндіріс  әдістерін  пайдалануды 
модельдеу; 


32 
 
- оқытушылардың білім деңгейі мен тәжірибелік дағдыларын арттыру және 
пәнді терең түсінулерін қамтамасыз ету және т.б. қамтиды [50].  
Жаратылыстану-ғылыми  білім  берудің  мақсаты  білім  алушылар  алған 
білімдерін болашақ  кәсіби іс-әрекеттерінде толығымен пайдалана алуға үйрету. 
Сондықтан  жаратылыстану  пәндерін  зертханалық  құралдармен  жабдықтаудың 
маңызы  зор,  себебі  зертханалық  тәжірибе  жасау  арқылы  білім  алушылар 
өзбетімен жұмыс жасауды меңгереді. 
Бүгінгі таңда оқу үдерісінде оқу құралдарымен қоса түрлі медиаресурстар, 
видеофильмдер,  компьютер,  зертханалық  жабдықтар,  виртуалды  зертханалар 
немесе  зертханалар,  т.б.  қолданылады.  Мұндай  әмбебап  әдістер  оқу  үдерісіне 
көмектесіп,  білім  алушылардың  қызығушылығын  тудырады,  ол  өз  кезегінде 
оқыту  сапасының  артуына  септігін  тигізеді.  Бұл  әдістерді  білім  алушылардың 
оқу іс-әрекеттерін қамтамасыз ететін құралдар деп атап жүр.        
Соның  ішінде  оқыту  үдерісінде  виртуалды  зертханалық  жұмыстардың 
маңызына тоқталамыз. 
Виртуалды  зертханалар  –  компьютерлік  білім  беру  ортасы  арқылы  
шынайы әлемдегі нысандарды моделдеу немесе үлгілеу арқылы оқыту жүйесі. 
Ол  HTML,  DHTML,  XML  форматында  Java-апплет  немесе  басқа  да 
қосымшалармен  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  және  гипертекстердің 
жиынтығы. Мұндағы Java-апплет – байт-код формасындағы Java бағдарламасы 
тілінде  жазылған  қолданбалы  бағдарлама.  Java-апплеттер  –    виртуалды  Java 
машиналарын  (JVM)    немесе  Sun's  Applet  Viewer  машиналарын  пайдалана 
отырып  веб-шолушы  қызметін  атқарады.  Виртуалды  зертханалардың 
теориялық cипаттамасына келсек, берілетін иллюстрациялар оқу кітаптарында 
берілген  суреттерден  сапалы  әрі  оқу  құралдарымен  жұмыс  жасағаннан 
неғұрлым  қолайлы.  Оқу  материалдарына  қажетті  анықтамалықтар,  кесте, 
график және т.б. қосымша ресурстарға қол жетімді [51].  
Виртуалды  зертханаларды  пайдаланудың  өзектілігі  сонда,  мұндай 
жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу үшін күрделі құрал-жабдықтар, оларды 
сақтау,  ауыстыру,  жөндеу  және  зертханалық  жұмыстардың  сипаттамаларын 
сақтау  шкафтарының  қажеті  жоқ.  Бұл  жерде  барлық  жұмыс  бір  жерде 
электронды  түрде  немесе  сыртқы  тасымалдау  құралдарында  сақталады. 
Виртуалды 
қосқыштардың 
арнайы 
жүйесі 
тәжірибе 
параметрлері 
тапсырмаларына  арналған  арнайы  терезеден  немесе  экраннан  және  жүгірткіш 
құралдан (мышь) тұрады. Осы экранда берілген тәжірибені жүзеге асыру үшін  
жүгіртікіш  құрал  арқылы  тәжірибе  шарттарын  өзгертуге,  тәжірибенің  сандық 
мөлшерін  есептеп  шығаруға  және  графиктер  құруға  болады.  Негізінен 
виртуалды қосқыштардың арнайы жүйесінде есептеуіш калькулятор, автоматты 
түрде графиктер құру құралдары, есептеуіш кестелер және тәжірибенің өлшеу 
нәтижелеріне  арналған  кестелер  кіріктіріліп  орналастырылады.  Тәжірибе 
жұмысындағы  есептеу  нәтижелерін  Excel  кестелі  процессорда  орындау  өте 
қолайлы.  Мұндағы виртуалды зертханалық жұмыстардың педагогикалық мәні 
білім алушылардың тәжірибе нәтижесін талдау мен қорытындысын шығаруды 
өз бетімен орындауында.   


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау