Шаймерденов т


Мектептің шығармашылық жұмыстары, оларды жоспарлау, басқару, бақылау мәселелері



жүктеу 14,42 Mb.
бет8/23
Дата21.11.2018
өлшемі14,42 Mb.
#23385
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Мектептің шығармашылық жұмыстары, оларды жоспарлау, басқару, бақылау мәселелері
Мектептің барлық шаруашылық жүйесінің бір қалыпты ырғақты жұмыс істеуі, бүтін оқу-тәрбие үрдісінің жоспарында көрсетілгендей іс жүзінде асуын қамтамасыз етеді. Бұл бөлімді жоспарлау, мектептің перспективалық жобалары мен тығыз байланысты. Бөлімде жаңа оқу жылы қарсаңында оқу кабинеттерін қосымша жаңа ақпараттық технология аппараттары және көрнекі құралдармен жабдықтау қамтылады. Мектеп шеберханаларына (ағаш, метал өңдеу) қажетті станоктар түрлі құрал-жабдықтар мен толықтыру есепке алынады. Сонымен бірге спортқа, салауатты өмір салтын және президенттік сынамаққа қажетті жабдықтармен толықтырылады.

Оқу жылы басында барлық ұжым мүшелеріне техникалық құралдармен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұлжытпай орындау ескеріледі.

Сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылатын мектеп үйін, шеберханаларын, спорт залдарын, электр, жылыту жүйелерінің, су тарабы, канализация т.б. ағымдағы, орта күрделі жөндеулерден өткізу есептеліп, анықталады.

Мектепте санитарлық-гигиеналық нормаларды мүлтіксіз орындау мәселесінде бөлімде басты орын алуы қажет. Әсіресе, жарықпен қамтамасыз ету нормасын сақтауға ерекше көңіл аударылуы тиіс. Ғылыми негізге сүйене отырып жарық мөлшері 75-100 болуы шарт.

Оқу кабинеттері мен сынып бөлімдеріндегі жабдықтар (парталар, столдар, орындықтар), оқушылардың жас ерекшелігі мен бойларының биіктігіне лайықты болуын ерекше мән беріп бақылау қажет. Сондай-ақ, кабинеттері, сынып бөлмелері, рекрияция, залдардың бояуы түсті, түрлі жасыл бояу гаммаларынан тұруы лайықты деп есептелінеді. Мектептегі (кабинеттер, бөлмелер т.б.) жылу мөлшері санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға тиісті. Ғылыми тұжырымда көрсетілгендей оқу кабинеттері мен сынып бөлімдерінің жылу мөлшері 17-20°С, шеберханаларда 16-18°С , ал спорт залдарында 15-17°С болуға тиіс. Әрбір сабақтан кейін үзіліс кезінде кабинеттер мен бөлмелерді ұдайы желдетіп отыруда назардан тыс қалмауы керек.

Сондай-ақ, сабақ арасындағы үзіліс кезеңдерін дұрыс пайдаланудың да оқушылардың денсаулығын нығайта түсуге әсерін тигізеді. Мысалы ретінде көрсете кетсек, 2-3 сабақтан кейін 30 минутке мөлшерленген үлкен үзіліс, екінші жағдайда, 20 минуттік екі үзілістің болғаны қажетті деп есептелінеді, ал жалпы үзіліс 10 минут болуы керек. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақытын реттеуде мектеп басшыларының назарынан тыс қалмауы ескеріледі. Алдымен, 1-сынып оқушыларына оқу жылының 1-жартысында үй тапсырмасы берілмейді, 2-жарты жылда 1 сағат 2-3-4-сыныптарға 1,5 сағат, 5-6-7 сыныптарға 2 сағат, 8-9-сыныптарға 3 сағат, ал 10-11-сыныптарға 4 сағат уақыт келетіндей болуын нормативтік құжаттар талап етеді.

Еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, мектептің материалдық ресурстарын молайта түсу барысына лайықты қосымша қаржы көздерін ашу проблемасына да мектеп басшылары көңіл бөлуі қажет. Олар: бау-бақша, көкөніс, сәндік гүлдер өсіру, кіші фермалық шаруа ұйымдастыру т.б. арқылы қосымша қаржы түсіру. Бұл ретте әр мектептің өзіне лайықты мүмкіншіліктерін ескерген жөн.

Алайда мектепке қажетті шаруашылық түрлерін жоспарлау, оларды іске асыруды қадағалап басқару мектеп басшыларының міндеті. Әсіресе, мектепте белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң бақылап іске асыру, оқу–тәрбие үрдісінің жоспарда көрсетілген іс-шараларын лайықты орындауға мүмкіндік береді.


Перспективалық жоспарлау жолдары
Мектептің оқу-тәрбие процесін одан әрі жақсарта түсу мақсатында бірнеше жылға арналған перспективалық жоспарлау, жасау үлгісі көптеген мектептердің іс-тәжірибесінде қолданылып келеді.

Бұл проблеманы ғылыми зерттеу нәтижесінде перспективалық жоспарлаудың қажеттілігін анықтап отыр. Негізінде бұл жоспарлау 3 не 5 жылға арналады.

Бұл жоспарлаудың басты ерекшеліктерінің бірі - ағымдағы жылдық жоспарлардың аясына сыймайтын, ұзақ мерзімді іс-шараларын жүзеге асыруға тура келетіндігі. Сондай-ақ, перспективалық жоспарлау ағымындағы жылдық жоспарлармен тығыз бірлікте, бірін-бірі толықтырып, басты мақсатқа жету жолындағы анық бағыттық мұндай жоспарлау аудандық, қалалық, обылыстық білім мекемелерінің практикасында кеңінен қолданып келеді. Әсірісе, олардың бастылары күрделі құрлыс, қосымша сынып бөлмелері мен кабинеттер, спорт залдары мен шеберханалар салу, күрделі жөндеулер, оқушылар контигентінің өсуіне байланысты жұмыстар, педагогикалық мамандар дайындау, олардың біліктілігін арттыру т.б. күрделі мәселелерді қамтиды.

Мектеп алдына бүгінгі күнде қойылып отырған талаптар: Республиканың «Білім Заңы» бойынша мемелекеттік білім стандартын игеру, орта білім беретін оқу орындарының жаңа бағдарламалары мен төл оқулықтарға көшу, осыған байланысты педагог кадрларды қайта дайындау, біліктілігін арттыру, жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізе білу, озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, информатикалық технологияны оқыту процесіне түгелдей пайдалану, оны интернет желісіне қосу, осыған сай мұғалім кадрларының компьютерлік техниканы толық меңгеріп, пайдалана білу, электрондық оқулықтарды сабақ процесіне кеңінен қолдана білу жатады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей жалпыға бірдей міндетті оқуды жүзеге асыруға байланысты оқу жасындағы балаларды түгелдей мектеппен қамту, тұрмысы төмен отбасынан оқитын балаларға жәрдем жасау, шағын елді мекендегі оқушыларды автокөлікпен тасымалдау, интернат үйлерін қалыпқа келтіру, оқушыларға арнап, оқушылар асханасын қалпына келтіріп тамақ берумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ата-аналарға арнап жүргізілетін, ұзақ мерзімге арналған педагогикалық насихат т.б. жұмыстар - күрделі мәселелердің бірі.

Ғылыми әдебиеттерде мектеп жұмысын жоспарлау бағытында нақтылы классификациялаудың жоқ екендігін байқаймыз. Біздің тұжырымдауымызша жоспарлау түрлері төмендегідей болуын ұсынамыз. Олар: ұзақ мерзімге арналған перспективалық жоспарлау (3-5 жылға арналған). Жылдық жоспарлау және ағымдағы жоспарлау. Ағымдағы жоспарлауға: тоқсандық, айлық, апталық жоспарлар, күнделікті сабақ жоспарлары, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының кестелік, календарлық жоспарлары жатады.

Перспективалық жоспарлау мектептің тұрған жері, қандай елді мекенде (қала, ауыл, аудан, темір жол, тасжолынан қашықтығы, қандай өндіріс орындары, болмаса ауыл шаруашылық өндіріс орындары, болмаса ауыл шаруашылық, кәсіптік орындары) екендігі еске алынуы қажет.

Екінші-мектептің микроауданындағы 0 жастан 18 жасқа дейінгі жастар жөніндегі есеп-мағлұмат, олардың ересек адамдардың санымен салыстырғанда алатын пайызы. Бұл алдағы уақытта оқушылар контигентінің қанша болатындығы болжауға мүмкіндік береді.

Үшінші-жоспарланған мерзімдерге сай мектептің даму үрдісі. Олар: мектепке дейінгі дайындықтары, бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылар, негізгі және орта мектепті бітірушілер, мектеп бітірушілердің орта, кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындарына түсуін жобалау, жергілікті шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық құрылымдары, өнеркәсіп орындарына жұмысқа орналыстыру, қысқа, ұзақ мерзімді қажетті жағдай дайындық курстарын ұйымдастыру т.б.

Төртінші-оқушылардың білім сапасын жетілдіре түсу, оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру. Республиканың білім стандартына сай, жаңа бағдарламалар мен төл оқулықтардың қойып отырған талаптарын іске асыру.

Ол үшін төмендегідей талдау-анализ жасау қажет: оқушы білімінің талаптарға сай болуы, оқу бағдарламаларындағы қойылатын талаптардың орындалу деңгейі, оқушы білімі, біліктілігі, дағдыларының дәрежесі, оқытудың әр пән бойынша ғылыми дәрежесінің сапалылығы; оқыту үрдісінде техникалық, информатикалық құрал-жабдықтарды пайдалана білу деңгейі, оқушылардың кейбіреуінің оқу барысында уақтылы оқу материалдарын толық меңгере алмауының психо-педагогикалық мәнін аша білу, бірнеше оқу жылдары бойынша сандық мөлшерлерді алып салыстыра талдау жасау.

Бесінші-педагог кадрлардың әдістемелік жұмыстары. Елімізде білім беру реформасына байланысты, бірінші сыныптан бастап жаңа бағдарламалар мен төл оқулықтарға көшу талаптарына сай мектептегі әдістемелік жұмыстарды қайта жасау, пән бағдарламаларын игерудің жыл сайынғы, динамика, өсу жолдары, орын алған кемшіліктер, оқу процесіне информатикалық технологияны, электрондық оқулықтарды қолдана білу, бұл жаңалықтарға лайықты оқыту-әдістемелік ұсыныстарды қолдана білу.

Алдағы жылдарда болатын педагогикалық оқуларға байланысты тәжірибелі мұғалімдерге тапсырмалар беру, тақырыптарын анықтау, осыған байланысты қажетті әдебиеттерді көрсету, түрлі консультациялар өткізу. Мектеп бойынша және аудандық, облыстық, республикалық педагогикалық оқуларға қатысуға күн ілгері тапсырмалар беріліп, тақырыптарын анықтау.

Жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесіне ұтымды пайдалана отырып, жаңашыл сипатта (шығармашылықпен) жұмыс істейтін педагог-мамандардың іс-тәжірибесін зерделеу, қорыту, жинақтау, ұжым мүшелерінің арасына тарату істерінің перспективалық жобаларын жасау. Жаңашыл педагогтар бойынша топтар құру, тәжірибесі аз, жас мұғалімдерді осы жаңашыл педагогтардың істері арқылы оқушыларғы білім беру сапасын арттыра түсуге мүмкіндік жасау.

Мектеп практикасын толықтыру мақсатында педагогика ғылымының жаңалықтарын енгізу. Перспективалық жоспарда көңіл аударатын мәселелердің бірі - әр пән бойынша, сондай-ақ, музыка, сурет, спорт түрлері т.б. ерекше көзге түскен балалармен айрықша жұмыс істеу, қамқорлыққа алу, оларға:

а) ғылыми интеллектуалдық сайыстарға дайындық жұмыстарын жүргізуге;

ә) мектеп ішіндегі, аудандық (қалалық), облыстық, Республикалық пән олимпиадаларына қатынасуға дайындық істерін жүргізуге;

б) дарынды оқушылардың ата-аналары мен мектептің біріге атқаратын жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау.

Осы аталған жоспарда жыл сайын өткізіліп отыратын, озат ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттауға бағытталған, аудандық (қалалық), облыстық, Республикалық «Жыл мұғалімі» сайыстарына дайындықтан өткізу сияқты іс-шаралары да енгізілуі қажет.

Перспективалық жоспарда қамтылатын мәселелердің бірі - мектеп реформасы бойынша алдағы жылдар ішінде 12 жылдық мерзімге көшу. Бұл үлкен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Олардың ішіндегі бастылары:

а) қажетті материалдық базасын дайындау (қосымша сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, қосымша оқу-құрал жабдықтары, ақпараттық технологиялардың жаңа түрлері т.б.);

ә) соңғы сыныптарда белгілі мамандық беруге сәйкес оқушылардың талап-тілектерін, қызығушылығын, икемделу процесін т.б. факторларды психологиялық тұрғыдан зерделей отыра оқушыларға алдын-ала кәсіптік бағдар беру;

б) оқушыларға кәсіптік мамандық беруге байланысты алдын-ала ауыл шаруашылығы, шаруа қожалықтары, бірлестіктер, машина-трактор жөндеу заводтары мен шеберханалар, жаңадан құрылып жатқан ауыл шаруашылығын техникамен жабдықтау станциялары т.б. өндіріс орындарымен келісім шарттар жасау, тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасау шаралары;

в) оқу мерзімінің 12 жылдығына байланысты эксперименттік зерттеу жұмыстарына қатынасу, бүгінгідей тұтас жинақы жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды игеруге сәйкес жұмыстар жүргізу.

Жоспарлаудың қандай түрі болмасын, олардың алдағы атқарылатын іс-шаралардың моделі екендігін атап өттік.

Ең басты мәселе, мектеп бітіруші түлектердің әлемдік бәсеке кезеңінде, тәуелсіз еліміздің жастары бәсекеге сай білімді, білікті, ақпараттық технологияларды толық меңгерген азаматтар етіп тәрбиелеуді міндет етіп отыр. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика жағдайында білім сапасына қойылатын талаптар мейлінше жоғары сатыға көтеріліп отыр.

Осы ең негізгі міндеттерді іске асыруда мектептің перспективалық және жылдық оқу-тәрбие процесіне арналып жасалған жоспарлардың мәні мен маңызы арта түседі. Өйткені басқару үрдісінде атқарылатын күрделі іс-шаралар алдымен жоспарлауды қажет ететін басты механизм екендігі жоғарыда атап көрсетілді.
Дарынды балаларды іріктеу, оларға арналған жұмыс түрлері


  1. Ғалым Занковтың дамыта оқыту жүйесі бойынша қажетті ғылыми материалдарды жинақтау, дарынды балалар мен жұмыс атқарылатын ұстаздардың ой елегінен өтізу.

  2. Орта білім мемлекеттік стандарты және жаңа буын оқулықтары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес, 2, 6, 9-сынып оқушыларының арасынан дарынды, үздік оқушыларды іріктеп алу мақсатында арнайы түрде білім деңгейлерінің дәрежесін анықтап тексеру. Бұл іс-шара І тоқсан бойы жүргізуге тиіс.

  3. Дарынды балаларды іріктеу барысында тек пәндер бойынша шектеліп қоймай спорт түрлері, ән-күй өнері, сурет, қол өнер т.б. салалар еске алынуы қажет.

  4. Оқушыларға арнайы өлең, әңгіме, тақырыптық шығармалар жазғызу, әртүрлі сайыстарда, конференцияларда сөйлету арқылы шешендік, тапқырлық өнерін қалыптастыру дағдыларын дамыта түсуге арналған істер атқару.

  5. Спорттың әр саласынан шеберліктерін шыңдай түсу мақсатында сынып, мектеп, ауданаралық жарыстарға қатыстыру.

  6. Ғылыми жобалар бойынша жүргізілетін жұмыстар (ғылыми басшылық жасау, әдебиеттерді пайдалану жүйесін үйрету, ғылыми жобаларға қойылатын талаптар, түрлі деңгейлердегі мәжілістер мен конференцияларға қатынастыру т.б.).

  7. Оқушылардың ғылыми интелектуалды еңбегін дамыта түсу бағытында, олардың әртүрлі ғылыми-техникалық хабарларды педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсіне білу әдістеріне, оның ішінде есте сақтау және оқу әрекеттерінің рационалды түрде пайдалана білуге үйрету, осы үрдісті бала бойына қалыптастыру.

Дарынды балалардың белгілері:

а) іс-әрекетін жоғары дәрежеде жылдамдықпен орындалуы;

ә) іс-әрекетті орындау барысында жаңа әдіс-амалдарды (басқадан бөлек) қолдана білуі;

б) жаңалық ашуға талпыну, іс-әрекетін орындаудың басқадан ерекше, өзгеше болуы;

в) күрделі іс-әрекетті жеңілдете түсуге, ал керсінше жеңіл іс-әрекетті күрделендіре түсуге бейімділігі;

г) оқу процесіндегі ерекшелігі – оқу материалдарын аса тез жылдамдықпен меңгеріп қабылдауы, ал, керсінше, іс қимылы баяу, қабылдау, меңгеру әдіс-тәсілдері берік, толық тиянақты;

д) іс-әрекетті бейнелеуде тапқыштығы (белгілер, дыбыстар, түсті бояулар т.б.). Сезімталдығы, орындалған ісіне қанағаттанғандық пікірмен қарауы.

ж) білімге аса жоғары ыждақатпен қарауы, қызығушылығы, бастаған ісін аяғына дейін апаруға қажырлылығы, еңбек сүйгіштігі;

з) Білуге, танымдылыққа құштарлығы, білмегенді білуге тынымсыз қызығушылығы, жас шамасынан ілгері үнемі білуге ұмтылуы;

и) дайын шешімдер мен жауаптарды бұрыннан белгілі стандарттар мен жұмыс істеуді ұнатпауы;

к) өз еңбегіне өте жоғары сын көзбен қарауы, өзін дамыта түсуде аса қиын талаптар мен міндеттерді қоя білуі.


Дарындылық және олардың кейбір түрлері:

  1. Іс-әрекет түрлері:

  • ұйымдастырушылық, қол өнері, спорт түрлері,

  • интеллектуалдық, танымдық дарындылықтың әртүрлі салалары;

  • көркем-өнер, эстетика, хореография, сценалық, әдеби-дастандық, сәулет өнері, музыкалық дарындылықтар;

  • алға өрлеген жетекші басшы, ірі ұйымдастырушы, адамзат құндылықтарына құрметпен қарау және насихаттаушылық.

  1. Баланың дарындылық деңгейінің қалыптасуы:

  • дарындылық бағытының құндылығы, оған берілетін психологиялық тұрғыдан деректеме;

  • жас ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайлардан жоғары тұрған дарындылық белгілері;

  • дарындылық қасиеттері өте айқын және көрнекі түрде болуы;

  • іс-әрекеттегі қол жеткен табысы көпшілікке белгілі, айқын, дәлелді, ешбір күмән келтірмейді;

  • дарындылық түрлері белгісіздеу, бірден көріне қоймайтын, уақыт пен нақтылы жағдайларды күтуі, мүмкін болуы;

  1. Түрлі мамандық дайындылығы:

  • нақтылы іс-әрекетте көрінуі, олар – музыка, бейнелеу өнері, спорттың әр салалары мен түрлері;

  • дарындылық белгілерінің ертерек, болмаса кейінірек белгі берулері.

Дарынды балалар мен жұмыс жүргізу барысында, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін зерттей отыра, ғылыми деректерге, олардың ішінде психология ғылымының басты-басты негіздеріне сүйене отырып, дамыту үрдісін барынша көтеруге мүмкіндік туады.

Әсіресе, зейін, ес, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ерік сияқты күрделі психологиялық категориялар мен заңдылықтарын басшылыққа алу аса қажет.

Мысал ретінде атап өтсек зейін айналадағы объектілердің ішінен өзіне керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетті тұрақтата алу. Ал, ес ұғымы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін үрдіс.

Енді ойлау категориясын алсақ, сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастары негізінде адам миында жалпылай түйсінуі және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Сондай-ақ, тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуде, оның мазмұндылығы, мәнділігі, тиімділігі ескерілуі қажет.

Екінші – бір қысқаша тоқтала кететін психология негіздерінің бірі – ерік. Тұжырымдап айтсақ, ерік - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Олардың ішінде табандылық, ұстанымдылық, тәртіптілік, алға қойған іс-әрекетіне жету т.б.

Дарынды балаларды іріктеп алу, олармен ұдайы жұмыс істеу, дарындық факторларын барынша көтеріп дамыта түсу бағытында мектеп ұжым мүшелері ұдайы жұмыс атқару барысында педагогика, психология ғылымдарының негізін арқау етіп жұмыс істеу өз нәтижесін беретіндігін практика көрсетіп отыр.

Дарынды балалардың зейіні мен есте ұстау қабілеттерін дамытуға арналған Комсомол орта мектебінің бағдарламасы. Екібастұз ауыл аймағы (жоғары сыныптар үшін).


БАҒДАРЛАМА

Қ/с

Өтілетін тақырыптар аты

Сағат саны

1.

Ғылыми негізге сүйеніп оқыту

68

2.

а) бірлік саласын толық түсіну арқылы орынды, тиімді түрде есте сақтау жолдары;

ә) сөздерді есте сақтау;

б) екі дәрежелі цифрларды есте сақтау;

г) бейнелеу белгілерін есте сақтау;

д) адам аттарын портреттері арқылы есте сақтау,

ж) түстер мен бояаулар арқылы есте сақтау.






3.

Есептер шығару және практикалық сабақтар (логикалық, шығармашылық, шиеленіскен-қиын т.б.).




4.

а) бейнелеу арқылы және бейнетехника түрінде есте сақтау;

ә) есте сақтаудың ұтымды әдістері:

б есте сақтауды топтай білу, классификациялау, белгілі жүйеге келтіру;

в) есте сақтаудың ғылыми заңдылықтарын анықтау;

г) мәтіннің ішкі құрылымын анықтау, дәлелдей білу т.б.

д) мәтіннің негізгі мазмұнын анықтау;

ж) мәтіндегі оқиғаларды салыстыру, теңеу және байқау тәсілдері.





5.

Есептер шығару және практикалық сабақтар (логикалық, шығармашылық, шиеленіскен қиын есептер т.б.).




6.

Мнемотехника элементтері:

а) түрлі хабарлар, оларды орынды пайдалана білуі;

б) әртүрлі жағдаяттарды (ситуацияларды) түсіне білуі, қажетті жағдайда еске түсіру және пайдалана білу;

б) қайталаудың ұтымды түрлерін қолдану, ең басты элементтерін таба біліп, тиімділігін арттыру;

в) хабарлама тақырыптарындағы ішкі байланыстарды анықтай білу.





7.

Есептер шығару, практикалық сабақтар (логикалық, шығармашылық, шиеленіскен қиын есептер т.б.). Өлеңдер, метограммалар.




8.

Есте сақтаудың мнемотехникалық әдістері:

а) ассоциалық тренингтер;

ә) ассоциатипті тренингтің байланыстары;

б) лингвистикалық тәсілдер;

в) компьютердің операцияларын есте сақтау;

г) Менделеев кестесі;

д) тірек кілттері;

ж) аралық тірек кілттері (Шаталов әдісі бойынша);

з) портепьяно, баян клавиатурасын есте сақтау мысалдары;

и) белгілі оқиғалар мен фактілерді байланыстыру, тіркестіру арқылы есте түсіру, оны сақтай білу.






9.

а) есте сақтау жаттығулары;

б) зейінді ұстау жаттықтыруларды;

б) 25 түрлі открытка-бейнелерді ретімен көргеннен соң есте сақтау.





10.

Байқағыштық, сезімталдық, жылдам шолушылық.

а) аутегендік жаттығулар;

ә) цифрмен жұмыс жүргізу;

б) шетелдер тілінен кірген сөздер, болмаса басқа тілден енген сөздер мен ұғымдар;

в) «Колледждер».





11.

Есептер шығару, практикалық сабақтар (логикалық, шығармашылық, шиеленіскен қиын есептер) т.б. Өлеңдермен метограммалар.

а) ұқсастық (аналог) әдістемелері;

б) қолданудың сезімталдығы;

б) әртүрлі материалдық түрлерімен айырмашылығын анықтау;

в) компьютері толық меңгеру. Аутогендік жаттығулар;

г) қосалқы педагогика (екі оқушының бірігіп жұмыс істеуі);

д) аралас мәтінде атқарылатын істері.





12.

Қорытынды сабақтар. Тексеру жұмыстары. Бағдарламаның барысы.







Ескерту: Дарынды балалар мен жұмыс жүргізу барысында жоғарыда көрсетілген бағдарламаға өзгерістер мен жаңалықтар арқылы толықтырылуы мүмкін.





ТҰЖЫРЫМ
Осы еңбекте мектепті басқару менеджменті, оның ішінде оқу-тәрбие процесін жоспарлау мәселелерінің ғылыми-теориялық және практикалық аспектілері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, жоспарлардың түрлері (қысқа, орта, ұзақ мерзімдерге арналған), оларды жасаудың әдіс-тәсілдері кеңінен баяндалған. Қазіргі кезеңде ұлттық мектептердің оқу-тәрбие процесіндегі жоспарлау барысында іс-тәжірибелері аз жас мамандардың бұл сферадағы олқылықтарын айқындап қана қоймай, атап айтқанда, жаһандану талабына сай білімдену мен тәрбие үрдістерін жүргізуге мүмкіндігі мол, осы маңызды мәселені барынша жетілдіре түсу негізінде нақты ұсыныстар мен үлгілер берілген.

Соңғы жылдары мектепті басқару проблемаларына арналған жоғары орындар тарапынан әдістемелік нұсқау – хаттардың жоқтығы, жоспарлау іс-шараларын мейлінше тиянақты да мазмұнды жоспарлауға ұмтылдырды. Осы жағдайларды ескере отырып, мектеп басқару менеджменті мектептің оқу-тәрбие процесін жоспарлау мәселелерін күнделікті практикалық істерін ілгері бастыратын іс-жоспарлар жасауға мұрындық болуы тиіс.

Жалпы алғанда мектеп жұмыстарын перспективалық және жылдық жоспарлауда алға қойылып отырған және атқарылатын іс-шараларын орындау барысында аз күш, шағын уақыт ішінде материалдық ресурстарды үнемді жұмсай отырып, көзделіп отырған басты мақсатқа жетуде, бүтін ұжым мүшелерін осы басты іске бағыттау.

Жоспарлау болашақ істің модельдік сипатын беретіндіктен бүкіл атқарылатын істердің тізбегін көрсете отырып мектепті басқарудың барлық параметрін қамтиды. Сонымен қатар, жоспарлаудың басты міндетіне тәуелсіз еліміздің жастарына қойып отырған мақсаты оларға сапалы білім беру, бәсеке саласында табысты болуға, қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық – технологияны меңгеруді қамтамасыз ету болып отыр.

Жоғарыда көрсетілгендей, персективалық жоспарлау алдағы атқарылатын істерді жинақтап, топтап, оған қажетті жағдайларды алдын–ала белгілеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде ұлттық мектептер үшін, басты қағидалардың бірі білім жүйесін жаңғыртуда, жаңа мектебіміздің басты философиялық тұжырымдамасын ұлттық идеяға, ұлттық идеологияға, ұлттық табиғатымызға негіздеп, қазақстандық және адамзаттық мүдделерді басшылыққа алып, рухани, мәдени құндылықтарымызға басымдылық бере отырып, қалыптастыру міндеті қойылып отыр.

Еліміздің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейінде көрсететін бірден – бір құндылық, ол – жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу.

Басты міндет – еліміздің жаңа білім моделі осыдан бастау алып, жас буынды білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде қалыптастыру.

Білімнің басты ұстанымы адамға білім беру ғана емес, сол білімді және біліммен қарулануды руханиаттандыру адамгершіліктендіру болуы аса маңызды.

Осы аталған жоғары міндеттер мектептің барлық жоспарларында көрініс табуы басты міндет.



жүктеу 14,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау