Жоспарлаудың бiрiншi кезеңдері
Жалпы алғанда бiрiншi кезеңде оқу–тәрбие процесiн басқарудың контуры /жалпы жобасы/ белгiленедi. Бұл кезеңде атқарылатын iстер жиынтығы мектептердің барлық түрлерiне /гимназия, лицей, жалпы негiзгi және орта мектептер/ қатынасты екендiгi байқалады.
1. Алдымен, жоспарлау iсiне қажеттi материалдарын жинақтау, топтау және белгiлi бiр қалыптасқан жүйеге келтiру;
2. Жиналған материалдарды саралау, сұрыптау және талдау жасауға дайындау;
3. Белгiлi бiр мерзiмге арналған жоспардың мақсаты мен мiндеттерiн анықтау;
4. Өткен оқу жылының басты–басты қорытындылары жайында нақтылы мағлұматтар, жаңа бағдармалар мен төл оқулықтарды толық игеру жолындағы iс-шаралары жөнiнде хабарлама–деректер;
5. Ақпараттық технологияны, электрондық оқулықтарды оқыту процесiнде оңтайлы қолдана бiлу жөнiндегi мағлұматтары;
6. Мектептi бiтiрген /11 сынып/ бiрыңғай ұлттық тестiлеу қорытындылары жөнiндегi нақты цифрлар мен фактiлер /жағымды, жағымсыз/;
7. Тестiлеу қорытындылары бойынша қай пәндерден үлгi тұтатындай табыстар болды, қандай олқылықтар кездестi, олардың орын алу себептерi деген сұрауларға жауап беретiн хабарлар жиынтығы болуы шарт.
Жоспарлаудың екiншi кезеңi
Бұл кезеңде мектеп директоры бүкiл ұжым мүшелерi (мұғалiмдер, тәрбиешiлер, сынып жетекшiлерi, ата–аналар комитетінің басшысы, оқушылар комитетi) қатынасуы қажет. Өйткенi бұл кезеңде болашақ жылдық жоспардың бөлiмдерi мен бөлiмшелерi нақты белгiленедi.
Жыл бойы атқарылатын iс-шаралардың контуры (сұлбасы) айқындалады.
Осыған байланысты мектеп ұжымының әрбiр мүшесi және жобалау iсiне қатысы бар қоғамдық ұйымдар, өздерi тiкелей қатысып орындайтын салалар бойынша ұсыныстарын белгiлеп анықтауға тапсырма алады. Ұсыныстарды тапсыру мезгiлi белгiленедi.
Ұсыныстарды жинақтау iсi директордың оқу–тәрбие жөнiндегi орынбасарына тапсырылады. Жылдық жоспарда қамтылатын мәселелер схемасы көрнекті жерге iлiнiп қойылады.
Жыл бойы атқарылатын iс-шараларын жобалауда бүкiл ұжым мүшелерiн және оқу орнына қамқорлық жасайтын ұйымдардың өкiлдерiн қатынастыру, басқару барысындағы мектеп iшiндегi микроклимат пен демократиялық ақуалды барынша жақсарта түсудің сапалы жолы болатындығына мүмкiндiк туғызады. Бұл жұмыстар наурыз айының соңғы күндерінің бiрiнде өткiзiлуi дұрыс деп есептелiнедi.
Жоспарлаудың үшiншi кезеңi
Үшiншi кезең ең соңғы жауапты кезең болып саналады.
Жылдық жоспарды жобалау жөнiнде мектеп басшысы және комиссияға келiп түскен нақтылы атқарылатын iс-шаралары мен ұсыныстар, бөлiм-бөлiмге байланысты сұрыпталып нақтылы топталып өз орындарын табады. Осы тұста мектеп директоры, комиссия мүшелерi төмендегi шешушi мәселелерге аса жауапты түрде көңіл бөлулерi қажет.
Атап айтқанда олар:
а/ жоспарда қаралған iс-шаралардың, мектеп алдына қойып отырған мiндеттерiне маңызды ықпал жасап, бүкiл оқу–тәрбие құрылымын барынша жетiлдiре түсетiндей;
ә/ қабылданатын iс-шаралардың нақтылығы;
б/ қабылданып отырған iс-шаралардың бұрыннан белгiлi нұсқау – ережелердi жазып қою, декларативтi көп сөздiлiктен аулақтануы;
в/ мектеп пен ұжым мүшелерінің орындау мүмкiндiгiне сай келе бермейтiн iс-шараларының жоспарда орын алмайтындай болуы;
г/ белгiленген нақтылы iс-шаралары кей бiр ұжым мүшелерiне үйiп–төгiп тапсырма беруден сақтандыратындай;
д/ атқарылатын iс-шаралардың көлемi жағынан да мектеп пен ұжым мүшелерінің мүмкiндiгi, iс-тәжiрибелерi, қабiлеттерiне сай болатындай болулары қажет.
Жоғарыда көрсетiлген жоспарлау кезеңдерінің талаптарын орындау, iстің тиянақты, алда атқарылатын мiндеттердің нәтижелi орындалуына ықпал жасайтындығы айқын екендiгiн көру қиын емес.
Жылдың жоспардағы бөлiмдер мен бөлiмшелер мектептердің қай жерде орналасуы аз және көп сынып – комплектiлi болуларына қарамастан барлығына бiрдей қатысты екендiгiн еске аламыз.
Сонымен қатар мектептің оқу-тәрбие процесiн жобалау саласындағы ғылыми зерттеулердi саралай келе және алдыңғы қатарлы оқу орындарының озат үлгiлерiмен iс тәжiрибелерiн зерделеу барысы, мектептің жылдық жоспарының төмендей бөлiмдерiн ұсынады.
Бұл ұсынылып отырған вариант мектептердің жыл бойы атқарылатын нақтылы iс-шараларын қамтитындығын көремiз.
Жоғарыда атап өткендей ауыл, қала, шағын және көп сынып-комплектiлi мектептердің өздерiне тән өзгешелiктерi мен ерекшiлiктерiн еске алу қажеттiдiгiн де атап өтемiз. Мысал үшiн айта кетсек, сыныптан және мектептен тыс жүргiзiлетiн жұмыстар үшiн аса қажеттi мәдени орталықтар /театрлар, мұражайлар, сурет галереялары т. б./ спорт кешендерi сияқты тәрбие iсiне көмек көрсететiн орындар, алыстағы ауыл мекендерiнде жоқ.
Сонымен бiрге ауыл мектептерiнде оқушылардың еңбекке ерте араласуына қала мектептерiне қарағанда мүмкiндiктің толығырақ екендiгi белгiлi.
Соңғы жылдары нарықтық экономикаға көшуге байланысты мектептің өзi орналасқан елдi мекеннің мәдени орталығына айналғандығы да шындық.
Қорыта келе жоспарлау кезеңiнде бүгiнгi күннің шындық факторлары есептен тыс қалмауы керектiгiнде атап өтудi дұрыс деп есептеймiз.
Жоғарыда атап көрсетiлгендей мектеп жоспарының үлгiсi әртүрлi болуы мүмкiн.
Бiз үлгi ретiнде жоспарладың төмендегiдей схемасын ұсынып отырмыз.
қ/с
|
өткiзiлетiн iс-
шаралар тiзiмi
|
Орындау мерзiмi
|
Орындаушылар
|
Орындалғаны жөнiнде
белгi
|
1. Жоспарлаудың кiрiспе бөлiмi
Жоспарлардың бұл бөлiмiнде өткен оқу жылының қорытындылары баяндалады.
Алдымен, мектеп бiтiрушi түлектердің «Бiрiңғай ұлттық тестiлеу» қорытындылары жайында толық мағлұмат берiледi: бiрыңғай тестiлеу кезiнде алған оқушылардың бал сандары; әр пән бойынша тестiлеуде алынған бiлiмнiң сапа көрсеткiштерi; тестiлеу қорытындыларын өткен оқу жылдарымен салыстыру; сондай-ақ, аудан /қала/ облыс және Республика бойынша тестiлеу сапаларымен салыстыру. Бұл маңызды мәселеде жетiстiктер мен қатар, кемшiлiктердің нақты себептерiн айқындау, осы орайда пән мұғалiмдерінің жауапкершiлiгiн күшейту мәселелерi де көрсетiледi. Жаңа оқу жылында «Бiрiңғай ұлттық тестiлеу» мәселесi бойынша атқарылатын iс-шаралары анықталады.
Сонымен қатар сыныптан сыныпқа көшу және негiзгi мектептi бiтiрушiлер емтихандарының қорытындырыларына талдау /анализ/ жасалады. Осы емтихандар барысында қол жеткен табыстар мен қатар, орын алған кемшiлiктердi жаңа оқу жылында болдырмауы қатаң ескертiледi.
Сондай–ақ, бұл кiрiспе бөлiмде қысқа түрде, шолу есебiнде, жаңа буын оқулықтарын игеру, бұл мәселе бойынша өткен оқу жылы бойында атқарылған шаралар және әдiстемелiк бiрлестiктің атқарған шаралары айтылады.
Казiргi кезеңде бүтiн мұғалiмдер қауымының арасынан қызу қолдау тапқан педагогикалық технологиялардың ұстаздар арасында қолдану сөз болады.
Сонымен бiрге ақпараттық технологияны бiлiм саласында кеңiнен қолдану, интернет жүйесiне қосылу аркылы жұмыс iстеу педагогикалық ұжымда қандай дәрежеде қолдау тапқандығы айтылады.
Жалпыға бiрдей орта бiлiм алуда өз мөлтек ауданында /қала бойынша/, ауыл–мекендерде оқушылардың түгелдей мектепке тартылуы, осыған байланысты iс-шаралардың орындалуы /оқушыға материалдық көмек, мектепке алыстағыларды көлікпен тасымалдау, ыстық тамақ ұйымдастыру, қоғамдық, және бюджеттiк интернаттар жұмысы т. б. / назардан тыс қалмайтын маңызды мәселелер.
Өткен оқу жылының барысында, мұғалiмдердің тәжiрибе алмасу негiзiнде өзара сабақтарға қатынасулары, сондай–ақ, әдiстемелiк бiрлестiк, оқу iсінің меңгерушiлерi және мектеп директорының, мұғалiмдердің сабақтарға қатынасу жайындағы анализ- талдаулары қысқаша қорытындыланады.
Тәлiм–тәрбие саласындағы атқарылған жұмыстар: жетiстiктер, орын алған кемшiлiктер, ата–аналармен, жұртшылықпен, қоғамдық орындар мен бiрiгiп атқарылған iс-шаралары.
Мектептің жаңа оқу жылына арналған оқу–тәрбие жоспарын жобалау демократия, гуманизация және шығармашылық бағытта болуы жоғарыда атап көрсетiлген.
Алайда қандай оқу орны болмасын /жалпы бiлiм беретiн мектеп, гимназия, лицей, колледж, жеке меншiк мектептерi/ барлығына бiрдей тән бағыттардың болуы заңды құбылыс. Сонымен жаңа оқу жылында қандай басты–басты мiндеттер қойылады.
Бiздің зерттеу қорытындыларымыздың нәтижесi мына бағыттарды алға қою реттi деп санаймыз. Олар:
1. Мектептегi қарым–қатынас позициясы /басшы мен ұстаздар қарым-қатынасы, сынып жетекшiлерi мен ата-аналар қарым-қатынасы т.б./ демократиялық, гуманистiк және шығармашылық бағатында болуы қажет.
2. Дара тұлғаны жан-жақты дамыту, бәсекелестiкке жарайтын сапалы бiлiм беру, жоғары адамгершiлiкке, Отанын сүюге, Қазақстандық патриотизмге, нарықтық экономика жағдайында кәсiпкерлiкке, өмiрде өз орнын таба бiлуге дайындау.
3. Мемлекеттiк бiлiм стандартын, жаңа буын оқулықтары мен әдiстемелiк кешендердi, бағдармаларды толық игере бiлуге бағыттау.
4. Жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды игеру және оларды бiлiм беру барысында ұтымды қолдана бiлуге бағыттау.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының (тамыз, 1995 ж.) 30-бабында атап көрсетiлгендей жалпыға бiрдей жастарға орта бiлiм беру Заңын мүлтiксiз iске асыру бағыттары.
6. Мектептегi педагогикалық ұжым мүшелелерінің арасында өзара түсiнiк, бiр-бiрiне шынайы әдiстемелiк көмек көрсету, жоғары моральдық ақуалдың қалыптасуын бағыттау мәселелерi.
7. Мектептегi бүкiл оқушылар арасында, педагогикалық ұжым мүшелерi арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағыттау iс-шараларын жүзеге асыру.
2. Оқу-тәрбие үрдiсiн ұйымдастыру жолдары
Бұл бөлiмде негiзiнде жаңа оқу жылы бойында атқарылатын іс- шараларды ұйымдастыру мәселелерi қаралады.
Алғашқы оқу жылы басындағы ұйымдастыру iстерінің нақтылы, мектеп жағдайына лайықты, алдын-ала ойланып жасалынуы, жыл бойғы оқу-тәрбие процесінің жобаланған ритмде жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк туғызады. Әсiресе, көп комплектiлi, екi маусымда жұмыс атқаратын мектептер үшiн ұйымдастыру жұмысының нақтылылығын қамтамасыз етудің маңызы зор.
№
|
Орындалатын iс- шаралардың
тiзiмi
|
Орындалу
мерзiмi
|
Орындаушылар
|
Орын-далғаны жөнiнде белгi
|
1
|
Ұйымдастыру iс-шаралары
|
|
|
|
|
а/ Сыныптардың қай маусымда оқитындарын анықтап белгiлеу
|
қыркүйекке дейiн
|
Бастауыш
Сынып
Мұғалiмдерi, сынып жетекшiлерi
|
|
|
ә/ бiрiншi сыныптар, II–IV
сыныптар, орта буын және жоғары сынып оқушыларына бөлмелер мен кабинеттердi бекiтiп белгiлеу;
|
|
|
|
|
в/барлық сынып оқушыларына арналған жиһаздар/столдар,
орындықтар т.б./ дайындау.
|
|
|
|
|
Оқушы бойына шақтық гигиеналық талаптарды орындау.
г/сынып бөлмелерiн, оқу кабинеттерiн, ағаш, темiр, тiгiн шеберханаларын ұқыпты таза ұстау, олардағы жиһаздар мен басқа да құрал жабдықтарды орынды пайдалану бағытына арналған мектеп директорының
бұйрығымен белгiлеу
|
5 қыркүйек
|
Мектеп
Директоры, сынып жетекшiлерi, т.б.
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
ғ/ осы бұйрықты барлық оқушылар мен ұстаздар, көмекшi қызметкерлерге хабарлау, орындалуын талап өтуге бағыттау.
|
|
|
|
2
|
Сабақтар кестесiне қойылатын талаптарды орындау бағыттары:
А/сабақ кестесiн жасауда оған қойылатын психологиялық,
педагогикалық және гигиеналық талаптарды орындауды қамтамасыз ету;
|
15 қыркүйек
|
Оқу iсінің
меңгерушiсi
|
|
|
ә/оқушылардың оқу материалдарын игеруде қиындық келтiретiн пәндердi /математика, физика, химия/ сабақ кестесiнде бiрiншi, екiншi, үшiншi орындарға қойылуын қадағалау;
|
|
|
|
|
б/шағын комплектiлi мектептерде бастауыш сыныптардағы сабақ кестесiндегi ерекшелiктердi сақтау/I-III, II-IV сыныптарды бiр мезгiлде оқыту барысында/;
|
|
|
|
|
в/оқушылар санының аздығына байланысты орта буын сыныптарын қосып оқыту фактiлерiне жол
бермеу;
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
г/сабақ кестесiн жасау барысында ұстаздың тiлек–талаптарымен санасу, әдебиет, математика, химия, физика сабақтарының ерекшелiктерiн ескере отырып/шығарма жазу, бақылау және лабораториялық-практикалық жұмыстарды орындау үшiн/ бiр пән бойынша қатарынан екi сағат қою ретiнде есепке алу;
|
|
|
|
|
ғ/сабақ кестесiнде мұғалiм уақыты мен санасып
«терезе /«окно»/ болудан сақтандыру;
д/лабораториялық және тәжiрибелiк сабақтар жүргiзуге лайықты жағдайлар жасау, бұл
кезеңдерде оқушылардың денсаулығының қауiпсiздiгiн сақтау шараларының ұдайы есте болуы, химиялық улы реактивтердің арнаулы темiр шкафтарда сақталуын қамтамасыз ету, электр жүйесiмен жұмыс iстеу барысында қауiпсiздiк-сақтандыру iсiне басты көңiл аудару, шеберханаларда құрал жабдықтар және станоктар мен жұмыс iстеу кезеңiнде алдын–ала қауіпсіздік ережелерiн қатаң сақтау, дене шынықтыру сабақтары және спорттық жарыс кезеңдерiнде де қауіпсіздік шаралары ескерiлуi қажет.
|
|
|
|
3
|
Алғашқы қоңырау және бiлiм күнiн өткiзу:
а/ алғашқы қоңырауды салтанатты түрде өткiзу, I және XI сынып оқушыларының салтанатты шеруi, мектепке қамқорлық жасайтын ұйымдардың өкiлдерiн, ата–аналар комитетінің басшыларының құттықтауларын ұйымдастыру.
ә/бiлiм күнiне әдейi арнап
ғалымдарды, еңбек соғыс ардагерлерiн қатынастырып, әр сыныпта бiлiм сағаттарын өткiзу.
|
1 қыркүйек
|
Директор,
сынып жетекшiлерi, ата-аналар комитетi
|
|
4
|
Мектеп кiтапханасының педагог кадрларымен оқушылармен
атқаратын iс-шаралары:
а/жаңа маусым кезеңiнде мектеп кiтапханасына түскен ғылыми әдебиеттер, балалар әдебиетi т.б. жаңалықтар жөнiнде
хабар беру;
ә/келесi жылға газет–журналдарға т. б. басылымдарға жазылу жайы;
|
5 қыркүйек
|
Кiтапханашы
|
|
|
ә/келесi жылға газет–журналдарға т. б. басылымдарға жазылу жайы;
|
|
|
|
|
б/сыныптар бойынша жаңа буын оқулықтары мен қамтамасыз ету мәселерi;
|
|
|
|
|
в/мектептегi оқулықтар қорын молайта түсуге бағытталған,
оқушыларды ұқыптылыққа, үнемдiлiкке тәрбиелеу мақсатында сыныптар бойынша ұсталған кiтаптар көрмесiн ұйымдастыру.
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Бұл iсте үлгi оқушыларды және сыныптарды атап өту, алғыс жариялау, сыйлықтар беру, келесi оқу жылында бұл көрме жалғасын табатындығын оқушыларға ескерту, бiр оқулықты шығару үшiн ғалымдар мен практиктер қанша еңбек жұмсайтынын, мемлекет тарапынан қанша қаржы бөлiнетiндiгiн ескерту;
|
|
|
|
5
|
Мұғалiмдердің апталық оқу жүктемесi:
а/мұғалiмдердің апталық оқу жүктемесi оқу жылының алдында әр ұстазға хабарланады, өйткенi олар жазғы демалыс кездерiнде қажеттi әдебиеттер, қосымша материалдарды жинастыруға мүмкiндiк алады, жаңа оқу жылына алдын–ала дайындық бастамасы болады;
|
25 тамыз
|
Мектеп директоры
|
|
|
ә/оқу жылының басында мұғалiм пәнi бойынша /сыныптардың көбеюi не азайуына байланысты/ өзгерiстер болса педагогқа дереу хабарланады;
|
|
|
|
|
б/оқу жылының басына дейiн әр мұғалiмнiң өз пәндерi бойынша оқу жылының алғашқы екi тоқсанына арналып жасалған күнтiзбе /календарлық/
жоспарларын жасап, оқу меңгерушісінің сараптап қаралуына, директордың бекiтуiне дайындау;
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
в/апталық жүктеменi бөлу
кезеңiнде мұғалiм уақытын тиiмдi пайдалану және бiлiмi мен әдiстемелік iстерiн жетiлдiру мақсатында көп комплектiлi мектептерде бiр неше/2-3 не 4/ параллель сыныптарда жүктеме еске алынуы қажет.
|
|
|
|
6
|
Оқушыларға берiлетiн үй тапсырмалары жайында:
а/оқу бағдармалары және бiлiм министрлiгінің құжаттарына сәйкес оқушыларға берiлетiн үй тапсырмаларының нормативтерiн сақтау;
|
|
|
|
|
ә/бiрiншi сынып оқушыларына үй тапсырмаларының берiлмейтiн ұстанымдарын сақтау;
|
|
|
|
|
б/үй тапсырмаларының нормаларын сақтауға бақылау жасау ретiнде дүркiн-дүркiн сынып бойынша тексерулер жүргiзу.
|
|
|
|
|
в/оқу материалдарының игеруге қиын бөлiмдерінің әлi де қайталап пысықтауды қажет ететiн бөлiмдерiн бiрден үйге тапсырма бере салу фактiлерiн болдырмау;
|
|
|
|
|
г/үйге берiлетiн тапсырма айқын, оқушы ұғымына түсiнiктi болуын қамтамасыз ету қажет.
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
7
|
Мектеп жанындағы тәжiрибе участогiн биология сабақтарының практикалық iстерiне пайдалану.
Алтын күз, құстар қайтып барады, жапырақ неге сарғаяды, табиғатқа саяхат, табиғатты қорғай бiлу, экологиялық жұмыстар.
Табиғатқа саяхат жасап серуендеу кезiнде пайдалы дәрiлiк маңызы бар шөптер мен кейбiр бiздің өңiрде кездесетiн жемiстердi/дикорастущий/ жинап теру. Сабаққа қажеттi гербарийлар жасау т. б.
|
қыркүйек
|
Сынып
жетекшiлерi
|
|
Бұл ұйымдастыру бөлiмiнде, мектептің тұрған жерi /қала, ауыл/, қоршаған ортасы, көп жылдардан берi қалыптасып келе жатқан дәстүрлi ұйымдастыру iс-үлгiлерi т. б. осы бөлiмде ескерiлуi қажет деп есептеймiз.
Достарыңызбен бөлісу: |