Мектеп оқушыларының шығармашылық ЖӘне ғылыми-зерттеу жұмыстары кокенова Ж. М



жүктеу 28,35 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2018
өлшемі28,35 Kb.
#11141


 



МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  



ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 

 

                     Кокенова Ж.М. 

Орал қ. 

 

Мектепте  биологиядан  оқушылардың  зерттеушілік  және  шығармашылық  қабілетін  дамыту  – 

оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсатының бірі болып саналады. Ол баланың қоршаған ортаны танып 

–  білуге  деген  ұмтылысын  айқындайды,  сонымен  бірге  ізденушілікке,  шыдамдылыққа,  өз  бетімен 

әрекет етуге, еркін ойлауға тәрбиелейді. Танымдық жұмысты екіге бөліп қарастыруға болады: 

 

Шығармашылық  жұмыс.  Мұнда  берілген  тақырып  бойынша  шығарма,  сипаттама  т.с.с. 

жұмыстарды  жатқызуға  болады.  Ол,  әсірісе,  жаратылыстану-ғылыми  бағытта  жүргізілетін  төменгі 

сынып  оқушыларының    (мысалы:  «Менің  мысығымның  өмірі»)  жұмысында  кездеседі.  Мұндай 

жұмыстар ғылыми көзқарасқа жатпайды. 

А)  Реферат  жұмыстары  (әдебиетке  шолу).  Берілген  тақырып  бойынша  реферат  жазу  үшін 

жинақтар,  монографиялар,  мақалалар  қолданылады.  Өте  жақсы  жазылған  реферат  –  ғылыми  жұмыс 

болып  табылады,  алайда  талдамасы  мен    өңдемесі  жазылмаса,  онда  ғылыми  жұмыс  емес, 

шығармашылық  сипатқа ие    болады.  Әдетте  ғылыми  жұмыста  әдебиетке  шолу  арнайы  бөлім  ретінде 

қарастырылады. 

Б) Серуендер мен жорықтар есебі. Бұл жағдайда жасалған жорықтардан, жүргізілген бақылаудан 

жинақталған  қызықты  материалдар  негізінде  мазмұны  құрылғандықтан  шығармашылық  зерттеу 

жұмысына жатады. 

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары. Мұнда ғылыми зерттеудің элементтері: мақсат қою; міндетін 

анықтау;  жинақталған  материалды  өңдеу  мен  зерттеу  әдісін  таңдау;  бақылау  жүргізу,  тәжірибе  мен 

эксперимент  қою;  алынған  материалды  талдау  және  талқылауды  орындауымен  зерттеуші  алдына 

қойған  міндеттерін  шешу  арқылы  жоғарыда  аталған  жұмыстардан  ерекшеленеді.  Зерттеу  жұмысы 

барысында  оқушы  бойында  өзіне  –  өзі  сенімділік  пайда  болып  жетекшінің  басшылығымен  жұмысты 

соңына  дейін  жеткізуге  ынтасы  артады  және  алға  қойған  мақсатын  жүзеге  асырады  [1].  Осындай 

ғылыми  -  зерттеушілік  жұмыстың  біріне  мысал  ретінде  Орал  қаласы,  Зеленов  ауданы, Мичурин  орта 

жалпы білім беретін мектеп  оқушысы Мақсот Анаргүлдің  жұмысын  келтірейік.  Ғылыми жетекшісі  - 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты Кокенова Ж.М. 

Тақырыбы: Қияр өніміндегі нитраттардың болуы  және  адам ағзасына  тигізер  әсерін 

анықтау. 

Өзектілігі: ауылшаруашылық өнімдері арқылы түскен нитраттар экологияға, адам денсаулығына 

кері әсерін тигізеді. 

Зерттеудің проблемалылығы: қиярдағы нитраттардың мөлшерден тыс болу жағдайлары. 

Зерттеуге алынған обьекті: оқу – тәжірибелік үлескіде өсірілген және сырттан әкелінген қияр 

өнімі. 


Зерттеу заты: қияр өніміндегі нитраттардың артық мөлшері. 

Зерттеу жұмысында келесі гипотеза алға тартылды: сырттан әкелінген қияр өнімінде, өз 

бақылауымызға алынған өнімге қарағанда нитраттардың көп мөлшерде болуы. 

Мақсаты: химиялық талдау жұмысын жүргізе отырып қиярдың құрамындағы нитраттардың адам 

ағзасына  зияндылығын  көрсету,  органикалық    тыңайтқыштарды  қолдану  өнімділік    сапасын 

арттыратынын дәлелдеу 

Зерттеудің міндеттері: 

 

Қиярда нитраттардың болу жағдайлары туралы ғылыми - әдебиеттерді талдау ;  



 

Қоршаған орта мен адам денсаулығына нитраттардың кері  әсерін анықтау; 

 

Оқу  –  тәжірибелік  үлескіде  отырғызу  алаңын  дайындау,  қияр  тұқымын  егу,  күтіп–баптау, 



бақылау күнделігін толтыру; 

 

Көкөніс өнімдерінің өнімділігін анықтау,  зертханада қиярдағы нитраттарға химиялық талдау 



жүргізу; 

 

Алынған мәліметтерді қорытындылау, жариялау, ұсыныс беру; 



Зерттеудің әдісі: бақылау, салыстыру, нитраттарға химиялық талдау жүргізу. 

Өсімдіктердегі  азотты    тыңайтқыштардың  көк  түске  боялу  шкаласы  төмендегі  кестеде  

келтірілген [3]. 

 

Кесте 1 



Түстің көрінуі 

Нитрат мөлшері 

Бозғылт-көгілдір 

Төмен 



 

Көк 



Орташа 

Қою  көк  немесе  қою 

күлгін 

Жоғары 


 

Зерттеу  нәтижесі:  оқу  –  тәжірибелік  үлескіде  қиярды  үш  қатарға  егіп,  бақылау  жүргізілді.  №1 

қатар  –  бақылау  (сумен  суарылған),  №2  қатар  –  органикалық  тыңайтқыш  (қи),  №3  –  минералды 

тыңайтқыш  қосылды,  өнімділігі    №1,  2  қатарға  қарағанда  №3қатарда  жоғары  болды,  алайда  сапасы 

жағынан  органикалық  тыңайтқыш  қосу  тиімді  екенін  көрсетті.  Нитраттарға  талдау  жүргізгенде  №1,2 

қатарда  мөлшері  төмен  болып,  №3  қатарда  орташа  мөлшерді  көрсетті,  салыстыру  негізінде  сырттан 

әкелінген қиярда нитраттардың жоғары мөлшері байқалды (кесте 1). 

Қорытынды:  Тақырыптың  өзектілігіне  байланысты  тәжірибе  қойылып  нитраттардың  қияр 

өнімінде  ұсынылған  мөлшерден    (150/400  мг  бақшада/жылыжайда)  артық  болуы  ағзаны  улайтынын 

және  әртүрлі  ауруларға  әкеліп  соғуы  мүмкіндігін   анықтадым.  Ересек  адамға  ұсынылған  мөлшері 1кг 

дене  салмағына 5мг,  яғни 0,25г 60кг  салмақтағы адамға,  жас  балаға 50мг  – нан артық  болмауы  қажет 

[4].  Нитраттардың  ең  көп  жиналатын  орны  қиярдың  сабаққа  бекінген  жерінде  және  қабығында. 

Сондықтан  тәжірибеден  көргеніміздей  органикалық  тыңайтқыштарды  қолдану  ағза  мен  қоршаған 

ортаға зиянсыз, сапасы мол өнім береді.  

Зерттеу  жұмысымың  қорытындысына  сәйкес  сырттан  әкелінген  өнімдерді  сатып  аларда  абай 

болған жөн, оны тағамға қолданардың алдында төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді:  

 

Қиярды жуу нитрат мөлшерін 10%-ға төмендетеді; 



 

Механикалық тазалау кезінде 15-20 %-ға азайтады; 

 

Төменгі ұшын 1-2 см кесіп,қабығынан тазалау қажет [4]. 



Ағза  мен  қоршаған  ортаға  нитраттардың  зиянды  әсерін  төмендету  мақсатында    мынадай         

міндеттер қойылады: 

 

Тұрғындарды қиярда нитраттардың артық мөлшерде болу жағдайларымен ақпараттандырып, 



ғалымдардың көкіністердегі нитраттарды төмендету ұсыныстарымен таныстыру; 

 

Басқа  өсімдіктекті  азықтардағы  нитраттардың  болу  жағдайларын  анықтау  жұмыстарын 



жалғастыру; 

 

Оқушылардың арасында денсаулықты сақтау мақсатында насихаттау жұмыстарын жүргізу. 



 

Әдебиеттер 

 

1.  Биология. Дополнительные материалы к урокам и внеклассным мероприятиям по биолгии и 

экологии в 10-11 классах / авт.-сост. М.М. Бонарук, Н.В. Ковылина. – волгоград: Учитель, 2007. -121-

123с  

2.  Михалева  М.В.,  Мартыненко  Б.В.,  Изилянова  Э.М.  Экспресс-анализ  овощей  на  содержание 

нитратов. // Химия в школе.-2003.-№1.с- 54-56 

3.  Пичугина Г.В. Химия и повседневная жизнь человека. – М.: Дрофа, 2004.- 253с 

 

 



жүктеу 28,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау