Сәбит Мұқанов
С. Мұқановтың жазушы болып қалыптасуына ел өміріндегі қандай тарихи уақиғалар әсерін тигізді?
Мұқановтың «Ботагөз» романының сюжеті мен композициясының басқа шығырмаларынан айырмашылығы қандай? («Сырдария», «Аққан жұлдыз», «Өмір мектебі»).
С. Мұқановтың «Ботагөз» романының идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері қандай?
«Ботагөз» романында қазақ аулындағы таптық, саяси-әлеуметтік ахуалдар қалай суреттелген, шығармадан мысалдар келтір.
Ботагөз бен Асқар образдарын, олардың революциялық күреске келу жолдарының кезеңдерін айт.
Романда жеке адамдар тағдыры қоғамдық өмірдің дамуымен қалайша сабақтастырылып сипатталған? Романдығы халық өкілдері: Амантай, Бркітбай, Темірбек, Кенжетай бейнелерін суретте.
Романдағы орыс және қазақ еңбекшілері арасында қалыптасқан достықты автор қалай көрсете білген?
С. Мұқанов поэзиясының көркемдігі қандай?
С. Мұқанов поэзиясының В. Маяковский шығырмаларымен үндестігі қандай?
С. Мұқановтың «Менің мектептерім» романына М. Горький шығырмаларының тигізген әсері қандай?
32-ҚОСЫМША
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушылардың білімі, білігі мен дағды деңгейін анықтауға арналған тексеру жұмыстары
Ұсыналып отырған тексеру жұмыстарының мәтіндері қазіргі қолданылып жүрген бағдарламаларға сай оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейін қамтиды. Тексеру оқушылардың білімін анықтаумен қатар, пән мұғалімдерінің жұмыс сапасын да нақтылы көрсете алады.
Бақылау ісіне курстың ең күрделі, игеруі қиын мөтіндері алынды. Бақылау мәтіндері ауызша, жазбаша, аралас тексеруге лайық. Мектеп басшылыры тексеру түрлерін өздері қалайды. Тақырып бойынша бақылау жұмысының уақыт мерзімі көрсетіліп беріледі. Бұл көрсетілген мерзім оқу материалдарын өту кезеңдермен тұстас келеді. Бақылау сәттері мен қандай мәселерді анықтайтындығы көрсетіліп берілген. Төменде қазақ тілі пәні бойынша тексеру жұмысының талдау үлгілері ұсынылып отыр.
Сонымен қатар, көрсетілген тексеру мәтіндері бақылау кезеңінде өзгеріске түсуі мүмкін. Мұнда жеке оқушылар еске алынады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
І-сынып
Әріп және буын диктанты.
Қараша айының орта кезі.
Тексеру мақсаты: оқушылардың дыбыс әріп және буын ұғымдарын қаншылықты игергенін анықтау.
Аа, Оо, Лл, Уу, Ау, Ол, Ла, Уа.
Төмендегі дыбыстық схемасы бойынша буындағы дауысты дыбысты ажыратыңдар.
Үлгі: ау…
Сөз және сөйлем бойынша графикалық диктант. Желтоқсан айының екінші жартысы.
Тексеру мақсаты: оқушылардың сөз және сөйлем ұғымдарын қаншылықты меңгергенін анықтау.
Сара су әкелді. Ерлан – оқушы. Аңшы тоғайға барды. Біз серуенге шықтық.
Үлгі:
Сара су әкелді.
Ескерту: бұл кезде де сөздің дыбыстық талдау схемасы бойынша тапсырма ұсынуға болады. Мысалы: Сара
Сөздік диктанты.
Наурыз айының бірінші жартысы.
Тексеру мақсаты: әліппеде өтілетін әріп, дыбыстарды оқушылардың қаншылықты меңгергенін анықтау.
Каһарман, асхана, вагон, шофёр, щётка, цемент, аққу, канал, науа, дуадақ, паравоз, конверт, плащ.
Бақылау диктанты.
Мамыр айының бірінші жартысы.
Тексеру мақсаты: оқушылардың жыл бойы әліппенің үш кезеңінде (әліппеге дейінгі, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең) меңгерген білім, білік, дағдыларын бақылау.
АУА
Адам ауамен дем алады. Ауасыз өмір жоқ. Ауа таза болу керек. Бөлме ауасын үнемі тазартып тұру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы да жақсы болады.
ІІ-сынып
Қараша айының екінші жартысы.
У,Ұ,Ү
Тексеру мақсаты: төмендегі көрсетілген дыбыстардың естілу, жазылу ерекшеліктерін айыра білуін анықтау. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
І-вариант
(у,ұ,у) 1. …ыз, 2. с…., 3. ….ық, 4. …ят, 5. м…нда, 6. м…рын, 7. б…йі, 8. ж….ген, 9. ж….рт, 10. ж….зік, 11. да…, 12. ж…лын, 13. д…а 14. ….ыс.
ІІ- вариант
Бу, сушы, улап, оқыту, беку, жуу, өру, оқу, сұлу, жуғыш, уағыз, сүйеу, сүзу, жүзім, дәуір, бұйым, бұғу, әшмүшке, байғұс, ұждан, бұла.
Қ, Ғ, Л, Р, П, Н, Ң дыбыстарының жазылуы, айтылуы.
Желтоқсан айының екінші жартысы.
Тексеру мақсаты: жоғарыдағы көрсетілген дыбыстардың жазылу, айтылу ерешеліктерін қалай меңгергенін анықтау.
Сөздік диктант
Қонжық, одағай, қорғаныш, сәнқой, тағылым, шаңқ-шұңқ, ғажайып, қараңғы, қайың, сұңғақ, бүлік, паң, бұлдыр, бұлыңғыр, паш, пайымдау, параход, рақмет, демеу, тәңірі, торғын, тотық, тоқу, радио, разылық, рақат, рас, рәсуа, ризық.
АРША
Аршаны көргендерің бар ма? Сабағы бұйра, хош иісті ағаштың бір түріне жатады. Ол таулы жерде өседі. Бойы аласа болады. Қысы-жазы көгеріп тұрады. Көп өсетін жерін Аршалы деп атайды. Арша жақсы жанады. Оны отынға жинайды.
Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Мамыр айының бірінші жартысы.
Тексеру мақсаты: оқушылардың қимыл әрекеттері, заттың саның, мөлшерін білдіретін сөздері ажырата білуін байқау.
Шығармашылық диктант
Берілген сандарға – ыншы, - інші жұрнақтарын қатыстырып үш сөйлем құрастырыңдар.
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау және қимыл әрекетті білдіретін сөздерді табу.
Бітірді, Қанат, сыныпты, үздік, биыл, екінші.
Өседі, қайың, жерлерде, таулы, тегіс.
ІІІ-сынып
Қазан айының бас кезі.
Тексеру мақсаты: сөз, сөйлем, сөз құрамынан алған түсініктерін Бақылау.
ҚАМҚОРЛЫҚ
Аулада биік емен ағашы бар. Оған көктемде құстар ұя салатын. Сайран балапандарды жақсы көреді. Ол құстарға жем салып жүрді. Таңертең өткінші жаңбыр жауды. Жел тұрды. Кәрі емен теңселе ырғалды. Ұялардың бірі құлап түскелі тұр. Балапандардың аянышты даусы естіледі. Сайран шыдап тұра алмады. Ол биік еменге өрмелеп шықты. Көйлегінің жыртылғанын да елемді. Ұяны жайлы орынға көтерді.
(Балдырган журналынан)
Грамматикалық тапсырма: сегізінші сөйлем неше сөз тіркесінен тұратындығын айыр және сөз құрамына талдау жаса.
Желтоқсан айының екінші жартысы:
Тексеру мақсаты: зат есім, сын есім, сан есімдерден алған білім деңгейін бақылау.
Өздік диктант. Кім көп біледі?
1. Заттың атауын білдіретін сөздер: (жалқы және жалпы есім) тау, Асқар...
2. Түр, түсті, сапаны білдіретін сөздер: ұзын, биік... .
3. Өлшем мен мөлшерді білдіретін сөздер: ұзын, биік... .
Ақпан айының екінші жартысы.
Тексеру мақсаты:
Терме диктанты.
ҚАРАТОРҒАЙ МЕН БҰЛБҰЛ
Қараторғай оқитын сыныпқа бір күні Бұлбұл келіп қосылады. Бұлбұлды бүкіл сынып мақтады. Концерт болса, Бұлбұл ән салады. Жиында Бұлбұл сөйледі. Басқа мектептен біреулер келсе, Бұлбұлды құттықтайды. Жарыстарға Бұлбұл барады. Газет бетінен Бұлбұл түспейді. Қараторғай сабағын ғана білді. Тоқсан аяқталды. Оқу қорытындысы шықты. Жұрт Бұлбұлдың сырын сонда ұқты. Ол сабағын мүлде қойған еді. Көпшілік назары Қараторғайға ауды.
(С. Сарғасқаев)
Ескерту: етістіктерді теріп жазыңдар.
Мамыр айының бас кезеңі.
Тексеру мақсаты: сөйлем, сөйлемнің түрлерін, бастауыш және баяндауышты ажырата білу.
Шығармашылық диктант. Сөйлем құрап жазу.
Тақпақ, жаттадым, мен, Болат, тартады, домбыра. Қоясыңдар ма?
Сендер, концерт, ән, Әсемнің ғажайып, айтуы, қандай, керемет, даусы, өнерлі оқушылар, сыныптағы. Ұйып, оны, тыңдаймыз, бәріміз.
Тапсырма: берілген сөздердін сөйлем құрастырып қысқаша әңгімеле. Тақырыпша қойыңдар. Құрастырылған сөйлемнен бастауыш пен баяндаушты тауып астын сызыңдар (бастауыш – бір, баяндауышты – екі сызықпен).
IV сынып
Қазан айының ағашқы жартысы.
Тексеру мақсаты: дыбыс пен әріпті (э, е, ф, в, ц, щ, ч, ь, ъ,) ажырата білу.
Сөздік диктант
Этаж, экран; электр, элеватор, электровоз, экскурсия, монтёр, шахтёр, ёлка, костёр, клеёнка, слёт, вертолёт, завод, автобус. Вокзал,
Коньки, пальто, октябрь, подъезд, съезд.
Футбол, фонарь. кофта, конфет, асфальт, фонтан, фестиваль.
Циркуль, чемпион, чекист, чертёж, Чадаев, Мичурин, Чкалов.
Щётка, ащы, тұщы, плащ.
Желтоқсан айының екінші жартысы.
Тексеру мақсаты: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөздердің емлесінен білім дәрежелерін тексеру.
Өздік диктанты
Қосаяқ, ақтабан, бірқазан, жезқазған, Ақбота, әке-шеше, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, жіп-жіңішке, көре-көре, Сарыадыр, Жалғызтөбе, айнабұлақ, көрпе-төсек, Алматы мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік дәрігерлік институты, Қазақстан телерадио корпорациясы, Қазақстан Премьер-Министрі кабинеті, балатұмсық, қосаяқ, дос-жаран.
Тапсырма:
Қос сөздер:......................
Біріккен сөздер:...................
Берілген күрделі атауларды қысқартып жазыңдар.
Наурыз айының бірінші жартысы.
Тексеру мақсаты: оқушылардың сөз таптары бойынша (зат есім, сын есім, есімдік) меңгерген білімін тексеру.
Бақылау диктанты
Мұндай оңай олжаға үйір басқа да аңдар бар екен. Бір күні Ақмойнақ маяда жүрген басқа бір қарсақты кезіктірді.
(К. Мұратәлиев)
Алтай қазба байлықтарға өте бай. Мұнда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, қалайы тағы басқа металдық рудалар кездеседі.
(Н. Баяндин)
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ
Бір жағы қара
(Жұмбақ)
Менің жасым биыл жетпіс бесте. Менің бес ұлым бар. Олардың бесеуі де бизнесмен. Мен кенже ұлыммен тұрамын. Оның тұңғышы – Алтай. Ол биыл бесінші сыныпта оқиды.
Мамыр айының бас кезеңі.
Оқушылардың білім деңгейін тексеру.
Бақылау диктанты.
БАЛАЛАРЫН ШОМЫЛДЫРҒАН АЮ
Күн тамырсық, ыссы еді. Аңшы өзен бойын жағалап бара жатты. Әлден уақытта ағаш арасында бір нәрсе салдыр-гүлдір етті. Аңшы әлдене деп сезіктеніп терекке шықты. Жан-жағына қараса, аю келе жатыр екен. Жанында екі баласы бар. Балалары еркелеп, енесінің алдын кес-кестейді. Аю өзеннің жиегіне келіп, балаларының біреуін жауырынынан тістеді де, суға сүңгітіп алды.
Мұны көрген екінші баласы орманға қарай қаша жөнелді. Бірақ енесі мұны көрген екінші баласы орманға қарай қаша жөнелді. Бірақ енесі мұны да ұстап алып, сұға сүңгітіп шығарды.
Салқын суға шомылып шыққаннан кейін, аюдың балалары сергіп кетті. Олар қатты-қатты сілкінді де, енелерімен бірге орманға кірді. Аңшы балаларын тәрбиелеп жүрген аюды аяп, атпады.
Грамматикалық тапсырма:
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді айту.
Сөз таптарын теріп жазу.
Сөйлем мүшелеріне талдау жасау.
V- сынып
Сөйлем мүшелері бойынша алынатын бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы қыркүйек айының соңында алынады.
Тексеру мақсаты: сөйлем сөз тіркестерінен тұратынын, оларға сұрақ қою арқылы мағыналық байланысын ажыратуға болатынан, сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін табуды қаншылықты меңгергенін анықтау.
Бақылау жұмысы.
ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР
1943 жылдын суық күзі. Невель қаласының түбінде сұрапыл айқас басталып кетті.
Есеңгіреп барып есін жинаған Мәншүк сол жақ аяғын оқ жұлып кеткенін білді. Батыр қыз юбкасын тісімен жыртты. Аяқтың қалған тұқылып орап танды. Ол еңбектеп «Максимнің» жанына келді. Жауға қайтадан оқ жаудырды. Төніп келген фашистер ойламаған жерден қырғынға ұшырады. Кейін серпілді. Ажалмен арпаласып тұрған арудың басына кенеттен оқ тиді. Ол пулемёт құшақтаған күйі жата кетті. Мәңгілік көз жұмды.
Казақ халқының батыр қызы Невель қаласына жерленді. 1944 жыл Мәншүкке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
(М. Хакімжанова)
Грамматикалық тапсырма.
Сөйлемдегі сөз тіркестерін тап, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сыз.
1 – вариант.Ол пулемётін құшақтаған күйі жата кетті.
2 – вариант. Бытыр қыз юбкасын тісімен жыртты.
Фонетика тарауы бойынша бақылау жұмысы қараша айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты:дауысты, дауыссыз және қосарлы дауыссыз дыбыстардың жазылуын қаншалықты меңгергенін анықтау.
Өздік жұмыс
1 – вариант
1. Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
Конгресс, разъезд, Томск; циркуль; повесть.
2. Қосарлы ый әріптері жазылатын 5 сөз ойлап жаз.
3. Ұ, ү; ы; і әріптерінің тиістілерін қойып көшір.
Бірінш.... к....нім, сыныпқа т...ңғ...ш к...рген к...нім, әл.... ес...мде. Б...л-б...л, б...лд....р....қ; б....рк...., кек.... л...к, қ...рғау...л, дуазақ, сау...сқан - Бәрі де қ...стар. Сары ш...л...қ тоқ...д......м...тхан қар...ндаш ..штад... Ол б...ғ...ның, к...ш...ктің, б....рғ...н...ң суретін салды.
4. Жалаң түбірден жасалған кісі аттарының соңғы буындарында ә әрпі келетін 5 сөз ойлап жаз. Біріккен сөздерден жасалған кісі аттарының соңғы буындарында ә әрпі жазылатын 5 сөз ойлап жаз.
2 – вариант
1. Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
2. Миллиграм, поезд, металл, штамп, бинокль.
ы, і әриптері сөз басында келетін 6 сөз ойлап жазыңдар.
3. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жазыңдар.
К....н к...рк...реп, на...зағай жарқылдап кетті. Бала...р б...гін б...рынғысынан бір са...ат ерте т...рып, ..й сыртындағы б...қ ішінде дене шынықтыру жа...ауға ж...налған.
1. Сөздің соңғы буынында ә, ұ дыбыстарын келтіріп сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: кінә,..
Ауызша тексеруге арналған сұрақтар.
2. Фонетика нені зерттейді? Фонема деген не?
3.Дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінуі неге байланысты?
Дәлелде, мысал келтір.
1. Дауыстылар тілдің, жақтың, еріннің қатысуына қарай қалай бөлінеді? Дауыстыларды ата.
2. Щ әрпі қазақтың қандай сөздерінде жазылады?
3. У әрпі туралы не білесің?
Мысал келтір, дәлелде.
«Сөздердің жасалуы» тарауы бойынша бақылау жұмысы қаңтар айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: сөз құрамын, сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, өнімді, өнімсіз жұрнақтарды ажырата білуін анықтау.
Тапсырма тақтаға, не қолмен жазылып таратылады.
Тапсырма: өнімді жұрнақтардың астын сызықпен, өнімсіз жұрнақтың астын екі сызықпен сыз.
1. Орында. Көтеріңкі. Мәдениет. Қуаныш. Болашақ, құлақшын. Бұрғы. Туыс. Қырғыш. Озат, Омардікі. Тізбек. Құймақ. Ілгек. Кітапша. Үйшік. Сүзген. Келтір. Сұрақ. Түйін.
2.Ұлболсын. Үлмекен, Сәдуақас. Тоқмолда. Батырбек. Кірпішешен. Қызылжар құдық. Нұрғожа. Өмірзақ. Байзақ. Әнеугүні. Әрқашан. Әрқайсы. Белбеу. Бірнеше. Солтүстік. Жетіқарашы. Амангелді. Аягөз. Ашудас.
I. Екі түбірден біріккен қандай өлең аттарын білесің?
II. Екі түбірден біріккен өсімдік, шөп аттарын жаз.
II. Екі түбірден бірккен құс, аң аттарын жаз.
IV. Екі түбірден біріккен жер, су, тау аттарын жаз.
Жылдық қорытындыға бақылау жұмысы мамыр айының алғашқы апталарында алынады.
Тексеру мақсаты: фонетикадан, морфологиядан, синтаксистен өткен материалдардан білім сапасын байқау.
Бақылау жұмысы.
АДАМ ҮШІН АЙҚАС
Қалың ағаш көлеңкесінде қаннен-қаперсіз бала ұйықтап жатыр. Оған айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден бала мен жыланның арасына бір құс пайда бола кетті. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы бастылып кетті, жылан шабуылды үдете түсті. Құс та тез қимылдап, оның улы тілін дарытар емес. Жылан ілгері қарай шап берді. Құс жалтарып үлгерді. Жылан жан сауғалап жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс үсті-үстіне шоқи берді.
Бала оянып кетті. Ол өліп жатқан жыланды, ауыр дем алып жатқан құсты көріп таң қалды. Бұлардың екеуін бірдей кімнің өлтіріп кеткенін білмеді. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына құстың өзі үшін мерт болғанын білмеді.
(Т.Дәуренбеков)
Грамматикалық тапсырма.
Тапсырма тақтаға жазылады.
Мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар және зат есім мен етістіктерді табыңдар.
1 – вариант. Ол өліп жатқан жыланды, ауыр дем алып жатқан құсты көріп қалды.
2 – вариант. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін шегінді.
VІ – сынып
Бақылау жұмысы қазан айынаң бас кезеңінде алынады.
Тексеру мақсаты: оқушының лексика тарауынан алған білімін байқау.
Ұсынылып отырған тапсырма әр оқушыға бастырылып таратылады.
1. Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса, әр істің бәрі тайғақ.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.
2. Ноғайға қарасам, солдаттыққа шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдарына құзғын тамағымыз үшін біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз.
3. Жай жүргенде бір күні
Атбашар келді лепілдей
«Ояз шықты, сияз бар»,
«Ылау» деп, «үй» деп діңкілдеп.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлетін,
ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Өзің үшін үйренсең
Жамандықтан жиренсең
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең
біреу білмесе, сен білсең
Білгеніңнін бәрі – тұл.
Лексикалық тапсырма: сөз тіркесін тап та, оларды түр-түріне ажырат және мағыналарын қатарына жаз.
Үлгі: 1. От азаймақ – қуаты кеткен, қартайған.
Жинақталған бақылау жұмысы қараша айынан аяғында алынады.
Бақылаудың мақсаты: сөз құрамынан өткендерін, сауаттылығын тексеру.
Тасырмалар тақтаға жазылып қойылады.
1. Екі немесе үш түбірден құралған қандай кісі аттарын, қандай өсімдік аттарын, қандай жер-су аттарын, қандай өлең аттарын білесіңдер, ойланып жазыңдар.
2.Қысқартылып айтылған қандай машина, трактор, ұшақ, комбайн аттарын білесіңдер, бұлардың қысқарған, толық түрлерін салыстыра жазып көрсетіңдер.
3. Асты сызылған сөздердін тыныс белгісін қойып, олардың мағынасына, құрамына қарай талдаңдар.
а) Қазы қарта, жал жая, қазанда бұрқ-сарқ қайнады;
б) Үйге кірмеген жігіт желең, кәрі құртаңдар - өз алдында бір топ.
в) Арбамыз толған азық түлік, киім кешек, құрал сайман еді.
Төмендегі сөздерді құрамына қарай ажырат, асты сызылған сөздерді айтылуы мен жазылуын айтыңдар: Боранбай, Баққожа; Баспа, Қара ала, Бақа шаян. Он екі. Тереңдік. Көпшіл. Әрдайым. Әрқалай.
Мына сөздерді мағынасына қарай ажырат та, сөйлем мүшелеріне талда.
Темірқазық – үлкен жұлдыздардың бірі. Ақсақал төрге шықты. Балалар соқыртеке ойынын ұнтады. Ақ сақалды қарияға жолықтым. Ақбоз ат бәйгеге ілікті. Итті темір қазыққа байлап қойды.
Бақылау жұмысы қаңтар айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты:зат есім мен сын есімдерді қаншылықты меңгергенін байқау, сын есімнің мағыналық түрлерін, құрамын, сөйлемдегі қызметін анықтау, өткен материалдарды пайдалана білу қабілетін тексеру. Грамматикалық талдау жасату.
КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Кітапты оқу тәсілін айтудан бұрын кітаптың өзі туралы бірер сөз айта кетейік. Адам баласының ерте заманнан бері жинаған қазынасының ішінде ең қымбатты, ең керегі не десе, ойланбай-ақ: «Кітап», - деп айтар едік. Расында да, кітаптан қымбат. Одан асыл қазына жоқ. Бүкіл адамзаттың алға басу жолындағы ащы еңбегінен туған тұщы тәжірибесі, өмірден көріп, сезіп, біліп, сүйгенін, түйгенін, қорытып, жүйеге салынғаны – білім, білім сандығы – кітап. Бірінен – бірі алыс, алшақ отырған адамдардың ашқан жаңалықтарын, барлық адам баласына керекті ғылым – білім табыстарын да жинақтап, барша халықтың игілігіне айналдырып, таратып отырған ғажайып құрал да осы – кітап.
Кітап адамдардың шын досы, өмірлік серігі, іс үстінде - көмекшісі, ой үстінде – кеңесшісі. /120 сөз/.
(Ө. Тұрманжанов).
Грамматикалық тапсырма. (Тақтаға жазылып қойылады). Сөйлемді жазбаша түрде сөйлем мүшелері мен сөз таптарына талда.
1–қатар. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім,
2-қатар.Ол тар пейіліңде кеңейтеді, әуел бастағы тар жолдан, кең адамдық жолына түсіреді.
Бақылау жұмысы мамыр айының бас кезінде алынады.
Тексеру мақсаты: сөз таптары мен төл сөздің емлесін кешенді түрде өзара байланыстыра талдау.
СЫНШЫ БАЛА
Баяғыда бір баланы жат жұрттықтар тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып қойыпты.
Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына келіп: «Сенің арғымақтың басы екеніңді кім білсін, менің тортай сынышының баласы екенімді кім білсін?» - деп зарлайды екен.
Күнедердің күнінде баланың қожасы үш арғымақ әкеліп балаға сынатыпты. «Бала, мына арғымақтардың қайсысы жүйрік?» - деп сұрапты.
Бала: «Мен білмеймін, әкем білетін еді», - депті.
Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын танып, жарата беріпті. Бір күні бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты. Жат жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ, бала оларға жеткізбей кетіпті. Сөйтіп, аман-есен еліне жетіпті.
(Ақсандық, Көксандық кітабынан).
Грамматикалық тапсырма. (Тақтаға жазылады).
Берілген сөйлемдегі сөздерді жасалуына және сөз таптарына қарай талда.
1-қатар. Сенің арғымақтың басы екеніңді кім білсін, менің Тортай сыншының баласы екенімді кім білсін?
2-қатар. Бала ең тұлпарын танып, жарата беріпті.
VII сынып
Шығарма жұмысы.
«Тіл ұстарту» тақырыбы бойынша қазан айының бас кезінде алынады.
Тексеру мақсаты: оқушылардың білімі мен тіл шеберліктерін бақылау.
Шығарма тақырыптары:
Менің сүйікті кітабым.
Мен кітаптан нені үйрендім?
Маған ұнаған кейіпкер.
(Бір сынып сағатына арналған).
Жинақталған бақылау жұмысы қантар айының аяғында алынады.
Бақылау жұмысы ауызша (25 минут) және жазбаша жұмыстан «20 минут) құралады.
Ауызша тексеруге арналған жұмыстар.
Етістіктің түрлерін ата. Мысал келтіріп дәлеледе.
Етістік пен етіс арасындағы мағыналық айырмашылықты айт.
Мысал келтір.
Есімше мен сын есімнің бір-бірінен қандай өзгешелігі бар?
Үлгі: қызыл алма – қызарған алма.
білгір адам – білген адам.
Көмекші етістіктер мен толымсыз көмекші етістіктерді мысалдар арқылы дәлелдеп бер.
Етістіктің шақтарын ата.
Шақ пен рай категорияларының айырмашылықтары жайында не білесің?
ДИКТАНТ
Адамға біткен асыл қасиет – адамгершілік. Ол әлдеқайдан ұшып келіп, төбеге қона кететін көбелек емес. Немесе кенеттен кездесіп, атағын да шағыратын бағалы бұйым да емес. Адамгершілік – кісінің бойына мысқалдап жиналып, толыса беретін, көзге бадырайып көрінбей-ақ көпке танылатын ең апат күш.
Адам мен адам арасындағы сыйластық, достық, бірін-бірі қадірлеу, қастерлеу, кішінің үлкенге деген ізеті, үлкеннің кішіге берер тәлімі – бәрі-бәрі сол адамгершілік қасиеттің көріністері.
(«Жан сұлулыгы» кітабынан).
Бақылау жұмысы наурыз айының аяқ кезінде алынады.
Тексеру мақсаты: Еліктеуіш сөздерді қалай меңгергенін байқау.
Антоновтың да шатынаған көздерінен ұшқан от ұшқыны жылан тіліндей жылт-жылт етеді. (Ғ. Мүс.).
Дәмең зор екен, - деп қарқ-қарқ күлді шетте отырған бір жігіт (З. Ақ.). Әсеттің жүзін жалын шарпып өткендей ду ете түсті. Өзінше бір қым-қуыт өтіп жатқан у да шу, қызық тірлік. Зыр жүгірісіп, шу-шу етеді. Бұлақ суының бүлк-бүлк аққан дыбысы естіледі. Тілінің ұшымен төменгі ерніндегі насыбайын оңдады да, мойын бұра бере шырт түкірді. Ақан басынан тымағын алып сілкіп қайта киді де қарқ-қарқ күліп, егінжайға қарап тарта жөнелді (М.М.). Тас қапқан көк темірлердің, темір күрек, ауыр қайлалардың, қатыр-қатыр, кезек-кезек, кірш-кірш еткен дыбыстары естіледі. Ол шаршайтын да, сескенетін де емес, бүгжең-бүгжең басады (Ғ. Мұст.). Алатау тауларында маң-маң басып жайылып жүрген түйелерді көресің (С.С.).
(Қазіргі қазақ тілі морфологиясынан пысықтау жаттығулары).
Грамматикалық тапсырма.
Еліктеуш сөздерді тауып, мағынасыны қарай ажырат.
Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
а) Алыстан тарс-тарс атылған мылтық дауысы естіледі.
ә) Ол жүрісін кілт доғарып, жалт қарады.
Бақылау жұмысы мамыр айының бірінші жартысында алынады.
Тексеру мақсаты: морфологиядан өткендерді қаншылықты игергенін байқау, сауатты жазу және тыныс белгілерін дұрыс қоя білуін тексеру.
... Қазақ жері досқа – жаннат, туысқа – жазира, дұшпанға – тозақ. Қазаққа қалмақтың да, шүршіттің де, жоңғардың да жері керек емес. Бірақ біз өз жеріміздің бір жапырағын басқаға бермейміз.
Бермейміз!
Бермейміз – деп қайталады халық.
Осыны ұғыңдар, - деді Қамбар сөзін аяқтап.
Қазақтың осы сәлемін елдеріңе айтып барыңдар. Үрім-бұтақтарыңа; ұрпақтарына тегіс жеткізіңдер.
Айтамыз!
Жеткіземіз!
Рахмет, Қамбар – деп шуласты қалмақтар.
Содан соң Қамбар, Назым; Алшыораз үшеуі де аттан түсті. Үшеуі де қанжығаларынан бір-бір зат шешіп алып, алға шықты. Қамбар қолындағы найзаны қазақтар мен қалмақтардың ортасындағы ашық жерге қадады. Назым майысқан жебені оның қасына шанышты. Алшыораз дал-дүл болған қалқанды найзаға сүйеді.
Мынау – Қараманның найзасы, - деді Қамбар жерге шаншылған найзаны нұсқап.
Мынау Келімбеттің жебесі, - деді Назым.
Ал мынау – бас батырларыңның қалқаны, - деді Алшыораз.
Осыларды сендерге ескерткіш ретінде шекараға қалдырамыз, - деді Қамбар.
Біз көрші елдің көз алартқан жау болғанын жаратпаймыз, көңілдес болуын қалаймыз. Сендер бұл шекарадан енді ешқашан жау болып аттамауға ант етіңдер.
Ант етеміз.
Ант етеміз.
Ант етеміз, - деп қалмақтар үш рет үн қатты.
Содан соң қалмақтарды еліне жіберіп, Қамбар, Назым; Алшыораз бастаған қазақ әскерлері кейін қайтты.
(Қамбар батыр жырынан).
VІІІ сынып
Бақылау жұмысы қыркүйек айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: сауатты жазу, бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын тыныс белгісін қаншылықты меңгергенін байқау, синтаксистік талдау жасату.
...Боқыраудың басында Баянда ұлы жәрменке болады. Омбы, Қызылжар, Ақмола; Атбасар; Жетісу; Семей саудагерлеріне дейін жиналады.
Он болыс ел бас қосып, «төтенше» съезд құратын, ат шабыс қылатын начальнигі; судьясы; дәрігері тұратын қара шаңырағы – Баян.
Баян маңындағы іргелі ел – Сүйіндік. Қанжығалы, Қозған, Қақсал, сықылды бір-екі болыс кірме елдер де бар. Сүйіндіктен ...Жаяу Мұса, Жамшырбай, Мұстапа, Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмут сықылды ақындар, әншілер, серілер де туған, кешегі патшаға білікті дуан басы Шорманның Мұсасы да, паң қазысы Серкебай да Сүйіндіктен шыққан.
Осы сықылды елдің ортасындағы үкіметі де, қожасы да, ұйтқысы да Баянның түбіндегі бір шөкім қазақ-орыс еді. Сол қазақ-орыстың қаласына ғылым іздеп біздің Қартқожа да келді.
Қыстайғы бар тапқан олжасы – бір қазақ өшетілмен таныс болып, анда-санда содан кітап, өлең, газет алып оқып тұратын болды.
Жұмыстан қалт кеткенде қонышындағы газетін суырып алып, қадала қалады. Қазақ өз алдына автономия алу керек, оқу ана тілінде болып жатқанан жазады. ...Қартқожа бәріне де имандай ұйыды. Бірақ кейбір сөздерін ұқпайды. Ұқпағынын өшетілден барып сұрап алады. Газет Қартқожаның көзін ашты. Газет оған жабыққанда – жұбаныш; еріккенде ермек, оңашада жолдас тәрізді болды.
(Ж. Аймауытов. Қартқожа).
Тапсырма: сөйлем мүшелеріне талда.
1-қатар. Боқыраудың басында Баянда ұлы жәрмеңке болады.
2-қатар. Осы сықылды елдің ортасындағы үкіметі де, ұйтқысы да Баянның түбіндегі бір шөкім қазақ-орыс еді.
Бақылау жұмысы қараша айынаң аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: төл сөздің, шылаудың емлесін, сөздердің байлынысу түрлерін оқушылар қаншылықты меңгергенін байқау. (Жазбаша 30 минут, ауызша 15 минут).
АСЫЛ ШӨП
Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - деді Бәтима.
Ай, ондай болса шөбінің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін.
Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «Сабыр» деген, - деді Бәтима.
(Ы. Алтынсарин. Таза бұлақ).
Ауызша берілетін сұрақтар тақтаға жазылады.
Сұрақтар:
Қиысу мен матасудың айырмашылығы қандай?
Қиысудан матасу жасауға бола ма?
Қабысу мен қиысудың ұқсастық жағы бар ма? Бірінен-бірін қалай айыруға болады? Оларды айтқанда дауыс ырғағының ерекшелігі қандай?
Қабысуды күрделі сөзден қалай айыруға болады?
Арасына сөз салып орнын ауыстырса да, бұрынғы байланысы үзілмейтін байланыстың қай түрі?
Бақылау жұмысы наурыз айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты:оқшау сөздердің белгілерін меңгеру, сауаттылығын тексеру.
МЕЙІРІМДІ БАЛА
Қытай жұртында біреуді алдаған кісінің қолын кесетұғын ескі заң бар. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жаза берілгелі тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы: «Әкем үшін жауап беремін», - деп мәлімдейді. Қызды патшаға алып келісті.
- Тасқыр патшам, - деді қыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей тақсыр әкемнің қолы, - деп өзінің қолын көтерді.
- Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала- шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға, - дейді.
Патша баланың атасына мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.
(Ы. Алтынсарин. Таза бұлақ).
Қосымша тапсырма: мына сөйлемдердегі асты сызылған сөздердің синтаксистік қызметін түсіндіріңдер, тыныс белгісін қойыңдар.
а) Мүмкін, жас шағын еске алған болар
ә) Мараттың озып келуі мүмкін.
Бақылау жұмысы мамыр айынаң аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: оқушының жүйелі ойлап әрі жаза білуін тексеру.
Тапсырма: тақтаға жазылып қойылады.
Төмендегі қасиеттердің жағымды және жағымсыз түрлеріне талдау жасай отырып, саналы, парасатты азамат болу үшін, осы қасиеттердің қайсысынан арылуың керек, ал ол қасиеттердің қайсынын өз бойыңа қалыптастыруың керек деп ойласың деген тақырып бойынша шағын әнгіме жазыңдар.
Адамға үйір, көпшіл болу.
|
12.Ынталылық
|
Тәрттіптілік
|
13.Жалқаулық
|
Принципшілдік
|
14.Әділдік
|
Қайырымдылық
|
15.Дербестік
|
Ұяңдық
|
16.Еңбексүйгіштік
|
Жасқаншақтық
|
17.Сенгіштік
|
Шыдымсыздық
|
18.Қайсарлық
|
Кеңпейілдік
|
19.Сенімсіздік
|
Табандылық
|
20.Селқостық, бейқамдық
|
Өзімшілдік
|
21.Беймазалық
|
Кешірімді болу
|
|
ХІ сынып
Бақылау жұмысы қыркүйек айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: өткен сыныптарда төл сөз; бірыңғай мүше, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін қаншалықты меңгергенін байқау.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеде-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.
«Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі, онымнен бірге жас өспірімдер ойын ойнаған кезде көпшіл, отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. «Бала жасында ойнаған әр түрлі ойындардың әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәрбиеленіп қоймай, мүсінді, дені сау, қоғамның қиыншылығына төзімді азаматы шығады», - деген еді атақты педагог А.С. Макаренко.
Демек, қазіргі бізге жеткен өнердің, театр элементтерінің қай-қайсысы болса да ойын үстінде көрсетіліп, осы ойыншылардың әртүрлі мәнерлі орындауының нәтижесінде тап қазіргідей үлкен өнер дәрижесіне жетті.
(«Қазақтың ұлтттық ойындары» кітабынан).
Шығармашылық жұмыс қараша айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: әркім өзінің қысқаша өмірбаянын беруде ойын күрделендіріп, құрмалас сөйлемдерді пайдалана білуі тиіс. Соны тексеру мақсатында өмірбаян жөнінде әңгіме өткізіліп, тақтаға төмендегі сұрақтар жазылады.
Адам өз өмірі мен қызметі жөніндегі өмірбаянды қандай кездерде, не мақсатпен жазады?
Өзі туралы қысқаша өмірбаян жазған кезеңде қандай жағдайларды баяндауы керек?
Өмірбаян жазу үшін арналған үлгі бола ма?
Ескерту: оқушы сұрауларға жауап бере шағын шығармашылық жұмыс орындайды.
Бақылау жұмысы наурыз айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: сөйлемдегі оқшау сөздерге, диалогке, құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілерін меңгеру сапасын анықтау.
ЖЕР АНА
Бейбіт бақша ішінің балшығын бей-берекет шашып, қопарып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария:
- Әй балам, жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені асыраушы анаң ғой, - деді. Балшықты анаң дегеніне аң-таң болған Бейбіт:
- Менің анам үйде, аты – Зейнеп, - деді.
- Балам, онда сол Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер, - деп қария ұзай берді.
Бейбіт үйге келді. Анасы үсті басын көріп кейіді. Тамақ ішіп көңілі жайланған соң, Бейбіттің есіне қарияның айтқаны түсті.
Апа, - деді ол, - мана бір шал маған жерді босқа қопарма, ол сенің анаң деді, ол не дегені?
Сен не дедің? – деп сұрады Зейнеп.
Менің апам үйде дедім.
Балам-ай, неге осынша кір, балшық болып келгеніңді енді білдім. Ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ. Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады.
«Жер – анамыз» дейтін себебіміз, - деді анасы, - ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Дұрыстап ұғып алғын, тіпті адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Ұлы қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді. Мысалы, жаңағы жеген қаймағың сиырдың сүтінен алынады. Сиыр жердің шөбін жемесе, сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам. Содан да Жер – бәріміздің асыраушы анамыз.
(«Ана тілінен дидактикалық материалдар» кітабынан).
Бақылау жұмысы мамыр айының бірінші жартысында алынады.
Тексеру мақсаты: сабақтас пен салалас құрмаластың түрлерін ажырату, тыныс белгілерін қоя білуін тексеру.
ҰЛЫ ҒАЛЫМ
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ер тұлғалы, кең жауырынды, алып адам ғана емес, сол сырт суретінің өзі оның асқар ойлы ғалымдығына, ақыл-парасат, адамгершілігіне сайма-сай еді. Сол заңғар, батыр тұлғасы істеген ісінде, қоғамдық жұмысында, адамдармен қарым-қатынасында да байқалып, Лев Толстой айтқандай: «Асыл ақыл-ой, асқар адамға тән дегенді паш етіп тұрушы еді».
Қаныш қазақ топырағында туып, халқының сүтін ішіп, ер жетті де, сол халқының даңқын бүкіл әлемге көтерді. Өзі де сол шеңберде қалып қойған жоқ, дүние жүзіне белгілі ғалым болды.
Тарихта аналогия – салыстыру жиі болып тұрады. Егер біз де сол шама, өлшеммен ойға қалсақ, Қаныштың тұлғасы Шығыстың ең жарқын жұлдыздарының бірі екенін көреміз. Халық тарихы, Шығыс тарихы үлкен ғалымдарды біледі. Олар әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек, Шоқан болса, біздің тұсымызда Қаныш Сәтбаев деуге қақымыз бар.
Қаныш Сәтбаев – заманның асқарды Алатауындай ғылымы, оған ешкімнің таласы жоқ, болмақ та емес.
...Қаныштың аса қажырлы, зор қоғамдық еңбегін, саф алтындай ғылыми зерттеулерін, оның халық алдындағы сіңірген тамаша, терең қызметін ұрпақ өкілдері талдап көрсетер. Мен оның қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын ғана сөз еткім келеді.
Қанышпен әрқилы жағдайда кездестім. Жақын дос адам ретінде пікірлесіп, әзілдесіп жүрдім. Сонда байқаған бір қасиет сол, ол өзінің зор ғалым, алып екендігіне қарамастан, өте кішіпейіл еді.
Жақсыны көріп жан семіреді дегендей, Қаныштың кескініне қарап кісінің көңілі тоятын. Оның жүзіндегі жылылық адамның жанына жайма-шуақ леп беретін.
Қаныштың дәстүрлі мінезі – кісіні ешқашан да фамилиясымен атамайтын: орыс болса әкесі мен өз атын қоса атап, қазақ болса, ежелгі халық дәстүрін бұзбай, «еке» деумен өтті. Тіпті ол осы әдетін жастар арасында да көрсететін және бұл – жас буынмен жақындасуын жеңілдететін. Қаныш ашу шақырып, біреуге «сен» дегенін өз басым көрген жоқпын, естіген де емеспін.
Есімі бүкіл дүние жүзіне тарап, еңбегі жанып, мемлекеттің ең жоғарғы сый-құрмет, атақ, дәрежеге ие болып жүргенде де, ол сол бағзы кішіпейіл қалпынан айнымай, асып төгілмеді, керісінше бұрынғыдан да адамға жақын, дос, бауыр, туыс болып кетті. Сүтпен кірген халық мейірбандылығы алтындай жарқырап көзге ерекше түсті.
Қаныш ғылым мүддессін қатты ойлайтын еді, ол үшін бар күш-қуатын аямайтын.
(«Қазақ тілінен дидактикалық материалдар»)
Тапсырма:
«Сол заңғар, батыр тұлғасы істеген ісінде, қоғамдық жұмысында, адамдармен қарым-қатынасында да байқалып, Лев Толстой айтқандай. «Асыл ақыл-ой, асқар адамға тән дегенді паш етіп тұрушы еді», - деген сөйлемді сөйлем түріне, сөйлем мүшелеріне талдап көрсет.
Х сынып
Бақылау жұмысы қыркүйек айының соңында алынады.
Тексеру мақсаты: жалпы тыныс белгілерін меңгеру сапасын анықтау.
АБАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТАПҚЫРЛЫҒЫ
Ұлы Абай ел ісіне он үш, он төрт жасынан-ақ араласа бастаған. Оның бұл қаламы әкесі Құнанбайдың «барып келінен» басталады. Мұндайда Абай байсалдылық, тындырымдылық көрсетіп отырған. Құнанбайдың Абайды ең алғаш жұмсаған адамы Торғай руының сыйлы адамы Құлыншақ деген кісі болыпты.
- Құлыншақ аға, - депті бала Абай, - әкем сізге сәлем айтып еді, айтқаны мына жердегі Бетқұдық жайы. Ақберді сізді сол жерге енді тимесе екен деп өтініш жасапты. Әкем Ақберді сөзін орайлы көріп, мені сізге жіберіп отыр. Әкелгенім – осы бір сәлем. Арғысын өзіңіз білесіз.
Сонда Құлыншақ сазарып үндей қоймай, бөгеліп барып:
Қайтпек екен Ақберді, Ақбердіге құдай бақ берді, - деп ащы мысқылдап езу тартады. Осы кезде Абай.
Бақ берген емей немене?
Борсақтан қалған аз жерді.
Менікі деп тап берді? – деңіз деп іле жөнеледі.
Бұған үйде отырғандар тегіс күліп, Құлыншақ болса:
33-ҚОСЫМША
Е, балам, мына лебізің қандай жақсы еді, - деп риза болып қалады.
(Атақты адамдар тарихынан).
Тапсырма: мына сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жаса.
Әкем Ақберді сөзін орайлы көріп, мені сізге жіберіп отыр.
Әкелгенім – осы бір сәлем.
Бақылау жұмысы мамыр айының бірінші жартысында алынады.
Тексеру мақсаты: тыныс белгілерінің қойылу себептерін, сауатты жазуын байқау.
- Баланы да, жарды да үйлестіретін - әйел. Әйел оңбаса, ер оңбайды. Отбасы деген адамның басты ұясы. Жолдасың, жарың – үйдің ырысы, тұтқасы. Соның қоғамдап ұстауымен ғана шаңырақ биіктейді. Пайғамбар бол мейлің, әйелсіз ақ көйлек те кие алмайсың...
Әсіресе, қалам ұстағанның әйелі қамқор кісі болғаны қандай абзал. Бұл – Сәбит Мұқановтың Мәриям жеңгей жөнінде жасаған тұжырымы. Өзі де солай бола білген.
Сәбең алпыстан асқанда сағаттап жазуды қадағалап отырған. Екі сағаттын артық жұмыс істеме деп қадағалағанмен Сәбең:
- Мен орнымнан қозғала қоймасам, тұрғызбай-ақ қой, - дейді екен. Ол – шабыттың құйылып келіп қалған шағы. Сәбең үлкен шығармаға кірісер алдында, яғни сейсенбі күні қағаз қарындаштарын, материалдардын әзірлеп қойып:
- Ертең сәрсенбінің сәтінен кірісемін, - дейді екен. Ол сәтте Мәриям жеңгей де дайын.
- Папаң жаңа шығарма жазып жатыр. Себепсіз ерсілі-қарсылы топырламаңдар, аяқтарыңның ұшымен жүріңдер, - деп есіктерді жауып, қадағалап, өбектеп жүреді. Күндердің күнінде:
- Ал, мәке, бүгін бітірдім, нүктесін қойдым, - дейді екен Сәбең. Енді балаларға хабар жетеді. Олар папасын құшақтап, бәрі той тойлағандай мәз болады.
"Сырдария" романын "Москва" қонақ үйінде жазғанда, басы қасында Мәриям жеңгей болып; ресторан тамағынан жалыққанда ұлтық тағамды дайындап беріп отырған. Тамақты тұшынып отырып ішетін Сәбең, сосын серуендеп, қайта қағазға төнеді.
Жетпісінші жылдардың басында:
- Мәке, әлі жазатыным көп. "Халық мұрасының" екінші кітабы бар. "Аққан жұлдыздың" үшіншісі де кезегін күтіп тұр. Екі кітаптың да материалдары толық жиналып, тартпам да әзір. "Алуа" атты романымды да аяқтауым керек, - дейтін өз жоспарын ортаға салып - өмір болса тындыратын шаруа көп.
- Жазуды енді қойсаңшы, тынықсайшы.
- Ертең халық іздейді ғой, Сәбит не тастап кетті екен деп.
Бүл бейнеткер қаламгердің сөзі.
(Атақты адамдар тарихынан).
Тапсырма: мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
"Аққан жұлдыздың" үшіншісі де кезегін күтіп тұр.
ХІ сынып
Бақылау жұмысы қыркүйектің айының аяғында алынады.
Тексеру мақсаты: үтірдің қойылу себептерін анықтау, сауатты жазу деңгейін байқау.
ҚЫСҚЫ ҰЙҚЫ
Ыбырай Алтынсарин мен ақын Нұржан Наушабаев төс тигізіскен дос болыпты. Екеуі де өз заманының игі жақсысы атанған, көзі ашық, ел қамы, халық тағдырын ойлайтын азаматтар болғаны белгілі ғой.
Бірде Ыбырай өзінің ауқатты құдасы қауменнің үйіне құдалыққа барады. Барғанда сол заманның дәстүріне бағып топталып бармайды, жанына жалғыз Нұржанды ғана ертеді. "Көшкен елдей ырғалып-жырғалып құдам келеді", - деп күпініп жүрген Қаумен бұл жағдайға қоңылтақсып қалады, тіптен сөз ыңғайында:
- Уа, Ыбырай, мені кедей деп кемсіткенің бе, жоқ әлде ырысым ортаяр деп жаның ашығаны ма, мұның не жүріс? Көп кісімен ата салтына бағып неге келмедің? - депті
Сонда Ыбырай отырып:
- Е, е, Қаумен, ата салтының асылы бар, жасығы да жетерлік.
Құда болып жүз көрісудің реті ат шығару емес, балалардың бағын ашу болса лазым емес пе? Оның бер жағында аз адаммен келіп отырған мен жоқ. Біле-білсең дуалы ауыз шешенді, дарыны асқан ақынды, күміс көмей әншіні, көкірегі кеніш күйшіні, жауырыны жерге тимеген балуанды ертіп келдім, - деп жауап береді.
Шынында да, Қауменнің аулындағы сыны көп, берекесі мол жиын-думанда Нұржан алдына жан салмай, үлкен абырой арқалап құрметке бөленіп қайтқан еді дейді.
("Атақты адамдар өмірінен " кітабынан).
Тапсырма: мына сөйлемдегі сөздерді тұлғасына қарай сөз таптарына талда.
Құда болып жүз көрісудің реті ат шығару емес, балалардың бағын ашу болса лазым емес пе?
34-ҚОСЫМША
Мектеп директорының жыл бойындағы жұмыстары
Тамыз
Жаңа оқу жылының оқу-тәрбие жоспарын бекіту;
жаңа оқу жылына қажетті оқулықтар, көрнекі және жазу-сызу құралдары, дидактикалық материалдардың жеткілікті болуын тексеру, қосымша жетпейтіндерін алу;
мектеп жасындағы балаларды түгелдей оқумен қамту және сынып жетекшілері арқылы отбасы жағдайларын білу;
жазғы уақытта білімін жетілдіру институты арқылы курстан өткен дермен кездесу;
еңбек сабақтарын өткізуге қамқорлық жасайтын мекемелермен кездесу, оқушыларды пайдалы еңбекке араластыру мәселермен келісу;
мектеп алаңдарын көркейту, оны бақылау;
жаңа оқу жылында техникалық кіші қызметкелермен әңгіме, нұсқау өткізу;
сынып жетекшілері мен бастауыш сыныптардың тәрбие жоспарларын бекіту;
сабақ кестесін тексеру;
мектеп кітапханасын толықтыру;
мектеп құжаттарын тәртіпке келтіру;
мектептің барлық бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық жағдайлардың сақталуын тексеру;
ата-аналармен өткізілетін (жаңа оқу жылына арналған) жиындарды белгілеу;
Білім мен бейбітшілікке арналған алғашқы сабақтарға дайындық жүргізуге тапсырмалар беру.
Қыркүйек
Оқушылар және техникалық кіші қызметкерлермен өткізілген медициналық тексеру қорытындыларын байқау;
оқушылар және оқытушылармен денсаулық сақтау, техникалық қауіпсіздік жайында жұмыстар жүргізу;
оқушылардың жазғы жұмыстарын қорытындылау;
сынып журналдарын жүргізу жөнінде нұсқау беру;
өткен оқу жылында түрлі себептермен нашар оқыған оқушыларды анықтау, олармен жүргізілетін жұмыстарды белгілеу;
VII – XII сыныпта факультативтік сабақтар ұйымдастыру;
бірыңғай орфографиялық ережені сақтау мақсатында нұсқау-кеңес өткізу;
мектептегі алғашқы оқу жұмысының қорытындысын талқылау;
оқушылардың оқу құралдар-жабдықтармен қамтамасыз етілуін тексеру;
мектептің оқу жылындағы жұмыс тәртібін бекіту;
мектеп басшыларының мектеп бітіретін оқушылармен кездесуі;
өте мұқтаж оқушыларға материалдық жәрдем көрсету;
оқушыларды ыстық тамақпен камтамасыз ету;
сынып және оның мүліктерін сынып ұжымына жыл бойына сақтауға беру;
оқу-тәрбие жұмысын қорытындылау;
мектептің қыста жүргізілетін жұмыстары, оның дайындық барысын бақылау;
мектеп кеңесінің жұмысына көмектесу.
Қазан
Жас мамандар мен ерге көмек көрсету;
сабақты нашар үлгеретін оқушылармен жұмыстар жүргізу, бақылау;
сауатты оқи білуге мектеп ішілік бақылау;
әдістемелік бірлестіктің жұмысы, оған талдау жасау, директор тарапынан басшылық жасау;
оқушылардың сабақ үлгерімі жөнінде оқушылар комитетімен жүргізілетін жұмыстар;
жеке пәндерді тереңдетіп оқыту барасын бақылау;
мектептің іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуін бақылау
«Мектеп мақтанышы» мерекесіне дайындық барысын бақылау;
мектеп кеңесімен кең көлемді байланыс жасау; оған оқу-тәрбие процесін барынша жақсарта түсуге бүкіл педагогикалық ұжымды, ата-аналарды, қоғамдық ұйымдарды, еңбек ұжымдардын белсенді қатыстыру;
Қараша
Сынып жетекшілеріне, жас мұғалімдерге арналған педагогикалық кеңес өткізу, оқушылардын сабақ үлгермеу себептерін айқындап, қажетті шаралар қолдану;
І тоқсанның қорытындысында орын алған кемшіліктерді жою жолдарын нақтылау;
пән үйірмелерін тексеру қорытындысын педагогикалық кеңесте қарау;
күзгі балалар демалысын жоспарлау;
оқушылар еңбегін ғылыми тұрыдан ұйымдастыру (кітаппен жұмыс істеу, уақытты үнемді пайдалану, есте қалдыру);
кітапхананың жұмысын жандандыру, түрлі кеш, пікір алысу, шығармаларды талдау жұмыстарын өрбіту;
мектеп бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару істеріне көмектесу;
жаңа жыл мерекесіне дайындық;
«Мектеп бітіру емтиханына үгілі дайындалайық» деген тақырыпта мектеп бітірушілермен әңгімелесу, пікірлесу.
Желтоқсан
Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту барысын бақылау;
қазақ тілі мен математикадан жазбаша бақылау жұмысын өткізуді ұйымдастыру, оның қорытындысын талқылау;
оқу процесін жақсарту үшін үжым кеңесі мен оқушылардың өзін-өзі басқару орындарының жұмыстарына талдау жасау;
жалпыға бірдей міндетті оқудың орындалуын (сабаққа қатынасу, ыстық тамақты ұйымдастыру, мұқтаж оқушыларға материалды көмек көрсету) тексеру;
мектеп ішілік және аудандық пән олимпиадаларына қатынасу;
оқу кабинеттерін, спорт залдарын жабдықтау;
кітапхананы толықтыру;
қысқы демалыс күндерін жоспарлау;
мектеп мүліктерінің есебін жүргізу;
Жаңа жыл кешін өткізу.
Қаңтар
Қысқы демалыс күндерінде өткізілетін жұмыстарды бақылау;
жаңа оқу мектепке бөлінетін каржы жайында мұғалімер және оқушылармен әңгіме өткізу; үнемділікке үйрету, қоғам мүлкін сақтау шараларын алу (сенбілектер, өз күшімен мектепті жөндеу, көрнекі құралдар жасау т.б.);
қажет болған жағдайда мектептің ІІ жарты жылдық жоспарына өзгертулер енгізу;
ІХ және ХІ сынып оқушыларымен мектеп бітіру емтиханына дайындық шараларын белгілеу;
барлық пән бойынша оқу бағдарламасының орындалуын тексеру;
мектеп директоры орынбасарлары мен әдістемелік бірлестіктер басшыларының сабаққа қатынасуын талқылап, қорытындылау;
оқу кабинеттері мен бөлмелерге қажетті жағдайда ұсақ жөндеу жүргізу;
құрылыс орындарымен мектептің күрделі жөндеуі жайында келісім-шарт жасау;
оқушылардың қоғамдық тапсырмаларды орындау сапасын тексеру;
қысқы спорт ойындарын ұйымдастыру.
Ақпан
Мектептің жаңа жылына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарын жасайтын шығырмашылық топ ұйымдастыру, бағыт беру;
сабақта оқу материалдарын қайталауды ұйымдастыру, бақылау;
оқушылардың сабақты үлгермеуін болдырмау үшін қажетті көмек ұйымдастыру;
бірыңғай орфографиялық ереженің орындалуын тексеру;
әдістемелік бірлестікте мұғалімнің шеберлігін жақсартуға арналған (шығармашылық есептер, еңбек ойындары, кеңестер, семинарлар, озық тәжірибе мектебі) байқаулар өткізу
оқушылардың шығармашылық бірлестіктеріне мұғалімдердің басшылық жасауын тексеріп, бақылау;
Наурыз
Қоғамдық пәндерді оқытудың барысын бақылау;
оқу жылын табысты аяқтау шараларының орындалу барысын тексеру;
оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру. «Мектеп абыройы» атты мереке өткізу;
кітап апталыған өткізу;
мектеп жанындағы тәжірибе учаскесінің жұмысын жоспарлау;
оқу-тәрбие жоспарында белгіленген шаралардың нәтижесі жайында пікір алысу. Мұғалімдер, тәрбиешілер және оқушылармен сауалнама жүргізу;
Наурыз мерекесін өткізу;
Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесін өткізу;
оқушылармен өткізелетін жазғы сауықтыру жұмыстарын жоспарлау;
құстар күнін өткізу;
оқушылармен өткізілетін жазғы сауықтыру жұмыстарын жоспарлау;
ата-аналар ұйымының жаңа оқу жылының жоспарына енгізілетін ұсынастырын белгілеу;
сынып жетекшілері үшін келесі оқу жылында өткізілетін семинар жұмыстарының тақырыптарын белгілеу.
Сәуір
Оқушылардың шығармашылық ұйымдары мен бірлестіктерінің есептерін тыңдау;
мұғалімдердің және оқу жылына арналған өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;
демалысқа баратын мұғалімдермен әңгіме, олардың алдағы оқу жылындағы апталық оқу жүктемелерін ескерту;
35-ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |