«Бекітемін»
Мектеп директоры
Д.С.Жайсанбаева
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебіндегі
2016-2017 оқу жылындағы
Құқық кеңесінің жылдық
іс-шара жоспары
№
|
Атқарылатын жұмыстың
мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
|
Алдын- алу кеңесі мүшелерінің отырысы.
-өткен оқу жылындағы құқықтық кеңес
мүшелерінің атқарған қызметіне талдау.
-жаңа оқу жылының жоспарымен танысу.
-құқық кеңесі мүшелерінің
құрамын қарап, қайта бекіту.
|
05.09.16
|
Кеңес төрағасы, мүшелері
|
|
Құқық кеңесінің отырысы
|
Айына бір рет
|
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
|
|
Оқушылар бойына құқықтық білім мен тәрбиені қалыптастыру мақсатында «Мектеп оқушыларын зиянды заттардан сақтандыру» тақырыбындағы Талғар – АIIБ-ның жасөспірімдер инспекторымен кездесу өткізу.
|
10. 09. 16
|
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Сынып жетекшілер
|
|
Сабаққа қатыспайтын оқушыларды анықтау. Оларға бақылау жасау
|
Үнемі
|
Кеңес мүшелері, кл. жетекшілері
|
|
«Сен өз құқығыңды білесіңбе?» (әңгімелеу) (5-11 кл.)
|
І-жарты жылдық
|
Құқық
пәнінің мұғалімі
|
|
Құқықтық тәрбиені насихаттауда құқық бұрышын жасау
|
Қараша
|
Таих пәнінің мұғалімдері
|
|
«Тектілік пен тексіздік» тақырыбында пікірталас (10-11 кл.)
|
8-13.12.
|
Кл. жетекшілер
психолог
|
|
Құқықтық білімдерін тексеру (тест, сауалнама жүргізу)
|
Қаңтар
|
Кл. жетекшілер
|
|
Мектептегі қиын, тәртібі нашар оқушылармен жұмыс.
|
Үнемі
|
ТІМ, кл. жетекшілер
|
|
Құқық кеңесі мүшелерімен іскерлік ойын. «Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сіз өз міндетіңізді атқара алдыңыз ба?»
|
Мамыр
|
ТІМ. психолог
|
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Б.Сыздықова
Д.М.Қалиев
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебіндегі
2016-2017 оқу жылындағы
Құқық кеңесінің отырысының
ХАТТАМА № 1
Қатысқандар: Алдын алу кеңесінің мүшелері
Қатыспағандар: ----
Күн тәртібінде:
2015-2016 оқу жылындағы алдын алу кеңесінің істелінген жұмыстарының есебі.
Мектепішілік алдын алу кеңесін құру, жоспарын құру
3. Мектепшілік қадағалаудағы тұрған оқушыларымен жұмыс.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Б.Сыздықова сөйледі. Ол 2015-2016 оқу жылында кеңестің атқарған жұмыстарына тоқталды.
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексеру мақсатында тест, сауалнама «Адам құқықтары мен бостандықтары» ,« Ғасыр індеті» сот сабақтарымен қатар, «Бала құқығы» заңды талдау жүргізілді. Қиын балалардың сабаққа қатысуының қорытынды диагностикасына талдау жасалынды.
Құқық тәрбиесі, қылмысқа қарсы күрес, құқық қорғау, зиянды заттар, маскүнемдік және алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі тақырыптарға байланысты ашық сағаттар, сайыс, кештердің көбірек болуына көңіл аудару керектігін айтты. Жыл бойы имандылық сабақтарын ауыл имамы өткізгенін айта кетті.
Мектепшілік есебінде тұрған 9 сынып оқушылары Молдамалик С., Мыстанов Мади- 8 сынып, Даутов Асқар 7-сынып 2-мәселе бойынша жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2016-2017 оқу жылында құқық бұзушылыққа қарсы құқық кеңесі (алдын алу кеңесі) төмендегі құрамда құрылғанын айтып өтілді.
1. Д.С.Жайсанбаева – құқықтық кеңестің төрағасы, мектеп директоры
2. Р.Б.Сыздықова –төраға орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Д.М.Қалиев - кеңес хатшысы
Кеңес мүшелері :
Муталиева Г.- мектеп психологі
Оразова И.- педагог ұйымдастырушы
Жамбакиев С.- АӘД мұғалімі
Исанова Н.- құқық пәнінің мұғалімі
А.Абышева- ата-аналар комитетінің төрайымы
3-мәселе бойынша мектептегі қиын, тәртібі нашар оқушыларды ерекше тізімге алып, тәлімгерлер белгілеп, оларды сабақтан тыс мектепішілік үйірме жұмыстарына қатыстырып, бақылауға алу, тәртібі қиын топқа жататын балалармен психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностика жасау жоспарланғанын атап өтті.
Қылмысқа қарсы күрес жөнінде кәмелетке толмаған балалардың құқығы жөнінде құқық қорғау органдарымен кездесу ұйымдастыру қатаң қолға алыну керектігіне тоқталды.
Тәртібінде ауытқуы бар қиын оқушылардың жанұясын зерттеу мектеп пихологы мен класс жетекшілеріне жүктелетіндігін, жат, келеңсіз жағдайлар кездескен жағдайды болдырмаудың жолын қарастыру мақсатында ішкі істер бөлімімен үнемі байланыста болу керектігіне тоқталды.
Сабаққа сирек қатысатын, тәрбиесінде ауытқуы бар оқушылардың класс жетекшілерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізу кеңес мүшелеріне тапсырылды.
Шешім:
Өткен оқу жындығы кеңес жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
Құқық кеңесінің жоспары бекітілсін.
Тәлімгердің қиын баламан жүргізетін жұмыс жоспары жасалып, бекітілсін..
Мектепішілік қиын балалар есебіндегі Молдамалик С., Мыстанов Мади,6 «ә» Даутов Асқар мектеп психологтары, сынып жетекшілері, тәлімгерлері осы аталған оқушылармен жұмыс жасасын.
Мектеп директоры: Д.С.Жайсанбаева
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Б.Сыздықова
Д.М.Қалиев
Хатшы: Ә.Нысанбаева
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебіндегі
2016-2017 оқу жылындағы
Құқық кеңесінің отырысының
ХАТТАМА №2
2016 жыл 26 қазан
Қатысқандар: кеңес мүшелері
Күн тәртібінде :
1.Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған істер жөніндегі бөліммен бірлескене жұмыстың жоспарын талқылау ,бекіту
2. Мектепішілік қиын бала есебінде тұрған оқушылармен жұмыс
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектепте құқық кеңесін құрып, оның жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп және жасөспірімдер бөлімшесімен бірге келісілген іс-шара жоспарымен таныстырды. Оны іс-жүзінде асыру жолдарына тоқталды. Жоспар бойынша құқық тәрбиесі, маскүнемдік және алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі тақырыптарға байланысты ашық сағаттары, дебат, ринг, сайыс, конференция, кештер әр – түрлі ойындар өткізу керектігін айтты.
Кәмелетке толмаған балалар бөлімінде тізімде тұрған бала жоқ.Тәртібі нашар балалардың (7б сыныбы) қазіргі уақыттағы тәртібіне тоқталды.Мұндай жағдай қайталанған жағдайда бұл мәселе педагогикалық кеңесте қаралатынын айтты.
«Алкоголизмге, таксикоманияға, есірткеге қарсы алдын ала шараларын ұйымдастыру» жұмыстарын жүргізу бұйрығымен , іс-шара жоспарымен таныстырды,жауапты адамдарды бекітті. терроризм, діни экстремизм құбылыстарына қарсы шаралар қолдану іс-шара жоспарымен таныстырды.
Мектепте қиын, тәртібі нашар оқушыларды ерекше тізімге алу, тәлімгерлер белгілеп оларды сабақтан тыс мектепішілік үйірме жұмыстарына қатыстырып, бақылауға алуды сынып жетекшілеріне тапсырды.
Жаңалық ауылындағы «Жаңалық», «Қаһарман», «Алдияр» дүкендерін және ауылдағы жастар жиналатын орындарды бақылауға алып,мұғалімдер бірге кезекшілік кестесін жасап оны іске асыру жолдары қарастырылды.
«Жастар және заң» дөңгелек стол ақпан айында өткізу, «Дарынды» оқушылардың тарих, құқық және басқа пәндер бойынша баяндамалар және суреттер өре бәйгесін өткізу жоспарланды.
2-мәселе бойынша бойынша Мыстанов Мадидің тәртібі қаралды. Сынып жетекшісі мәлімдемесі бойынша, кезекші мұғалімдер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан Мади ешқандай ескерту алған жоқ. Сабақты себепсіз жібермейді, кешікпейді.Тәртіпсіздігі- сабаққа кірген соң сұранып шығып кететіндігі. Мінезі жаман,ашуланшақ. Әлде де қадағалауды қажет етеді.
Шешім:
1. Аудандық кәмелеттік жасқа толмаған істер жөніндегі бөліммен бірлескен жұмыстың жоспары бекітілсін
2. Мектепішілік қиын бала есебінде тұрған Мыстанов Мадидің сабаққа қатысуы, тәртібі үнемі қадағалансын.
Мектеп директоры: Д.С.Жайсанбаева
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Б.Сыздықова
Д.М.Қалиев
Хатшы: Ә.Нысанбаева
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебіндегі
2016-2017 оқу жылындағы
Құқық кеңесінің отырысының
Хаттама №3
2016 жыл 23 қараша
Қатысқандар: кеңес мүшелері
Күн тәртібінде :
1. Құқықтық тәрбие бойынша жұмыс жүргізу
2.Мектепішілік қиын бала есебінде тұратын оқушылар жайлы Р.Б.Сыздықова
1-жартыжылдықтағы үлгерімі мен тәртібі туралы
«Қыз өссе елдің көркі» Б.Дамұратова
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қалиев Данияр Маратұлы күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өткеннен соң:
ҚР-ның Білім және Ғылым Министірлігінің 27.02.07 ж. №12-4 – 2/229 бұйрығына сәйкес және Құқықтық тәрбие жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес 7-11 сыныптар арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 7-11 сыныптар арасынан 201 бала анкета жазды.
Барлық оқушылар құқық заңдарын оқып үйренген. Бала құқығын қорғауда сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар, «Қылмыс неден туындайды?» пікірталас, «Бала құқығы мен міндеттері», «Оқушылардың міндеттер мен құқықтарының кодексі»лекция оқылды. « Ғасыр індеті» сот сабағы , «Бала құқығы» туралы заң (5-7 кл.) талқыланды. 8-11 кл. оқушылары «Бала және отбасы құқығы жайлы халықаралық құжаттармен» таныстырылды.
2-мәселе бойынша бойынша мектепшілік есепте тұрған: 9 «а» сыныбында оқитын:Молдамәлік Сметтің тәртібі қаралды. Тәлімгер Исанова Н. пен сынып жетекшісі мәлімдемесі бойынша , кезекші мұғалімдер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан Смет ешқандай ескерту алған жоқ. Сабақты себепсіз жібермейді, кешікпейді.
Тәртіпсіздігі- сабаққа кірген соң сұранып шығып кететіндігі. Мінезі жаман ,ашуланшақ. Әлде де қадағалауды қажет етеді.
3-мәселе бойынша қыздар советінің жетекшісі Даумұратова Базаргүл баяндама жасады . Ол өз баяндамасында қыздар тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Тоқсан сайын жалпы қыздар жиналысы өтілетіні айтылып өтті. Баяндамаға байланысты қыздар өз пікірлерін ортаға салды.
Шешім:
1. Ақпан айында өткізілген құқық айлығының жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Мектепішілік қиын бала есебінде тұрған Молдамәлік Сметтің сабаққа қатысуы,үлгерімі мен тәртібі үнемі қадағалансын.
3.Қыздар тәрбиесі бақылауға алынсын, оны қадағалау Б.Даумұратоваға жүктелсін.
Мектеп директоры: Д.С.Жайсанбаева
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Б.Сыздықова
Д.М.Қалиев
Хатшы: Ә.Нысанбаева
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебіндегі
2016-2017 оқу жылындағы
Құқық кеңесінің отырысының
Хаттама №4
2016 жыл 20 желтоқсан
Қатысқандар: кеңес мүшелері
Күн тәртібінде :
1.Оқушылардың сабақтан қалу себептері мен олардың алдын- алу жөнінде.
2. Сабақтан көп қалатын оқушыларға лекция түрлерін оқу, үнемі қадағалап отыру.
3.Ұлдар тәрбиесі
Жиналысқа қатысқан: 5-11 сынып оқушылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Сыздықова Роза Бекмағанбетқызы, Қалиев Данияр Маратұлы, Ұлдар ұйымының жетекшісі: Бекірзаков Азамат ағай, Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Жамбакиев Серік ағай, Технология пәнінің мұғалімі: Үсенбаев Талғат ағай.
Тыңдалды.
Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Р.Б.Сыздықова сөз алды;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушылардың сабақтан қалу себебін анықтады. Сабақтан қалған оқушылар түрлі себептерді айтып ақталды. Жұмысқа қарасуы, ұйықтап қалу, сұранып кету т.б., сабақтан қалу жөнінде қатаң ескерту жасалды. Жиналысқа қатысып отырған 5-11 сынып жетекшілер.
8 Б сынып жетекшісі Утенова Беибізат сөз алды; Мектеп оқушыларын сабақтан қалмауларын қатаң бақылауға алу керек.
Жиналысқа қатысып отырған оқушылар қалмауға уәде беріп жатты.
Екінші мәселе бойынша мектеп психологы Муталиева Г., Бакбаева Ж., оқушыларға түрлі лекция жүргізіп, пікір алмасу ұйымдастырды.
Лекцияға байланысты оқушылар сұрақтарын қойып отырды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Б. Сыздықова сөз алды; Құрметті сынып жетекшілер! Оқу жылы аяқталуына аз уақыт ғана қалды, оқушыларыңызды қатаң бақылауда ұстауларыңызды сұраймын.
2- мәселе бойынша «Ұлдар тәрбиесі»туралы мектептің ұлдар тәрбиесінің жетекшісі Б.Отарбаев ұлдарды өзін-өзі бағалауға ынталандыру, рухани өмірге қызығутуралы,жастықшақ,жігіттік кезең туралы мағлұмат берді.
Шешімі:
Оқушылар осы уақттан бастап сабақтан қалмайтын болсын, егер қалса класс жетекшілер себебін анықтап мәлімет беретін болсын.
Сабақтан көп қалатын оқушылармен класс жетекшілер психологпен бірлесе отырып, жұмыс жүргісін.
3.Ұлдар тәрбиесіне көп көңіл бөліп,ұлдар кеңесінің жұмысын одан әрі жандандырылсын.
Мектеп директоры: Д.С.Жайсанбаева
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Б.Сыздықова
Д.М.Қалиев
Хатшы: Ә.Нысанбаева
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебіндегі
2016-2017 оқу жылындағы
Құқық кеңесінің отырысының
Хаттама №5
2016 жыл 13 қаңтар
Қатысқандар: кеңес мүшелері
Күн тәртібінде :
1. Құқық кеңесінің жұмысының қорытындысы - Р.Б.Сыздықова
2. Жаңа 2017 оқу жылындағы құқық кеңесінің жоспарын құру
3. Әртүрлі мәселелер
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сыздықова Роза Бекмағанбетқызы күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.
Құқық кеңесінің мүшелерінің жұмысын қанағаттанарлық деп есептеймін.
Кеңес мүшелері отырысқа толық келіп отырды. Мектепішілік тәртіп бұзушылық үнемі қадағаланып отырылды. Қиын балалар тәртібі,сабаққа қатысуы өзін-өзі басқару мүшелері тарапынан да, мектеп әкімшілігі жағынан да, кезекші мұғалім мен сынып жетекшілер тарапынан да тексеріліп ,құқық кеңесінде қаралды.
Құқық айлығы ақпан айында өте жоғары дәрежеде өтті. Тәртіп бұзушы оқушыларға: 7 «ә» сынып оқушысы: Даутов Асқар, 8 «б» сынып оқушысы: М дер кезінде ескерту берілді,ата-аналары да мектепке шақырылды.
2-мәселе бойынша құқық кеңесінің жоспары талқыланды. Кеңес мүшелері жоспарды толықтыруға ұсыныс жасады.
Құқық қорғау мекемелерімен кездесу,учаскелік милициямен кездесуді қолға алу керектігі айтылды. Кешкі мезгілдегі рейдтерді күшейту керектігі,әсіресе қыз балалардың мезгілсіз уақытта жүруіне тыйым салу керектігі айтылды.
3-мәселе бойынша Мектептегі оқушылар Мектепке ұялы телефон әкелген жағдайда сабақ кезінде пайдаланбау керектігі ескертілді. Оқушылардың мектеп формасын сақтауы аса көңіл бөлінуі қажет.
Мектеп линейкасында оқыс келеңсіз жағдайларды айту кезекші мұғалім мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға тапсырылды.
Шешім:
Құқық кеңесінің 2015 оқу жылындағы жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
Жаңа оқу жылындағы құқық кеңесінің жоспары толықтырылып ,бекітілсін.
Мектеп ережесімен тағы да мектеп линейкасында оқушылар таныстырылсын.
Мектеп директоры: Д.С.Жайсанбаева
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Б.Сыздықова
Д.М.Қалиев
Хатшы: Ә.Нысанбаева
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебіндегі
2016-2017 оқу жылындағы
Құқық кеңесінің отырысының
Хаттама
2015 жылдың 16 қаңтар күні Талғар ауданы Бірлік ауылы №35 мектепте аудан мектептерінің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының семинары болып өтті.
Қатысқандар: барлығы -53 (тізімі тіркелді)
Күн тәртібінде:
«Қиын бала қайдан шығады?» баяндама тарих пәнінің мұғалімі Үмбетова Т.
Құқықтық тәрбие саласы бойынша мектептегі жүргізілген жұмыстар, іс- құжаттармен таныстыру Нысанбаева Қ.
«Адамдар арасындығы қарым-қатынас қажеттілігі» тренинг Исаева Р.
«Пікірталас.Қылмыс.Құқық бұзушылық.Заң» құқық пәнінің мұғалімі Абдрасилова У.
Семинар жайлы пікір алмасу,ой бөлісу (семинарға қатысушылар)
Қорытындылау Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы:
Шапиева Ж.М.
1. Үмбетова Т. өз баяндамасында «Қиын бала қайдан шығады?» деген сұраққа тоқталды.
Оны анықтау үшін психодиагностикалық мінездемесіне талдау жасады.
1.Девиантты мінезді оқушылар
2.Психологиялық дамуы тежелген оқушылар
Тәрбие негізі отбасында қаланады.Қазіргі тәрбиенің құлдырап кетуі де отбасындағы тәрбиенің әлсіздігінен болатынын айтып кетті.Бәріміздің мақсатымыз ортақ.Ол- жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ендеше біліммен қатар тәрбиені де ақсатпауға мән берейік.
2.Нысанбаева Қ. мектеп бойынша істелінген жұмыстарға тоқтала келе, құқықтық тәрбие саласы бойынша мектепте тәртібінде ауытқушылығы бар оқушылармен жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Тәлімгерлер ,сынып жетекшілер , мектеп психологының жұмыстарының қорытындысын қысқаша мәлімдеді.Мектепішілік «Қиын бала қайдан туындайды?» тақырыбында 8-11 кластар аралығындағы ұлдар жиналысы, «Қылмыс пен оның түрлері» аудандық жасөспірімдер инспекция қызметкерлерімен кездесу , оқушылардың құқықтық білімдерін тексеру мақсатында 7-11 класс оқушылары арасында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты сауалнама қорытындысына, «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Баланың құқықтары мен міндеттерінің кодексі» атты лекция сабақтарының жүргізілу әдіс-тәсілдерін айтып өтті «Қылмыс неден туындайды?» тақырыбында дөңгелек үстелдің өткізілу технологиясына қысқаша тоқталды.
3.Мектеп психологы Исаева Р. «Адамдар арасындағы қарым-қатынас қажеттілігі» деген тақырыпта тренинг, әр түрлі жаттығулар, «Өзін-өзі бағалау» тестін өткізді. Бұл тренингтің мақсаты оқушының мінез-құлқындағы жағымды ,жағымсыз қасиеттерін тани біліп,өрескел мінез-қылықтарынан арылтуға ықпал ету. Қарым – қатынасқа деген қажеттілік деңгейін анықтау, қарым – қатынас бағытын бағалау, бірігіп жұмыс істеу, өркөкіректік, даукестік сияқты жағымсыз мінез – қылықтарды жою.Басқалармен эмоция негізінде жақсы қарым – қатынас орната білу қасиетін қалыптастыру.
4. Тарих пәнінің мұғалімі Абдрасилова Ұлболсын Қалыбайқызы пікірталас сайыс сабағында жасөспірімдерге адамгершілік, сүйіспеншілік, отаншылдық сезімдерін қалыптастыру мақсатында, тәуелсіз мемлекетіміздің заңдарын үйрету,құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын орындауында тоқталды. Осы пікірталаста «Жасөспірім және заң» атты тақырыпта ситуациялық сұрақтармен талдау,пікіралысу,көріністер көрсетті. 5.№31орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабылжанова Р.
былай деді:
«Бүгінгі семинар өте жақсы өтті,семинардан жақсы әсер алдық әсіресе жаңадан келген жастар көп нәрсені үйренді.Менің ұсынысым қиын баланы азайту үшін,әр мектепте полиция қызметкерлерінің кабинеті болса».
№1 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Беекенова Ж. сөз алды.
Бүгінгі семинар жоғарғы дәрежеде өтті.№35 орта мектепке алғысымды айта отырып,әр мектепте психолог балалармен және ата-аналармен дұрыс байланыс жасаса деген ұсынысым бар.
№19 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанадилова Г. 22 жыл стажым болса да әлі де бір-бірімізден үйренетініміз өте көп.Бүгінгі семинарға ризашылығымды білдіре отырып,мектептерде үйірме жұмыстарына көбірек көңіл бөлінсе»
6.Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы Шапиева Ж. сөз алды. «№35 орта мектепке алғысымды білдіремін.Әлі де осындай семинарлар жиі болып тұрады.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыстарына сәттілік тілей отырып, тәрбие саласы бойынша жұмыстың дұрыс жолға қойылуын талап етті.
Шешім:
1.Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар жұмыстары жиі өткізілсін.
2.Мектептерде психологтардың жұмысын жандандыру қолға алынсын.
3.Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыстары жандандырылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |