Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет57/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

170
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
күрделіленуіне  байланысты;  ә)  кәсіби  даярлық  және  іріктеу  – 
өндірістің  өсу  қарқынының  жеделдеуіне  және  күрделіленуіне 
байланысты;  б)  психологиялық  консультация  –  социодинамикалық 
про цестердің  жеделдеуімен  байланысты.  Тестілеу  индивидте 
қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және 
т.б.  дамуының  актуалды  деңгейін  белгілі  бір  ықтималдылықпен 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Тестілеу  процесін  үш  кезеңге  бөлуге 
болады:  1)  тестіні  таңдау  (тестілеудің  мақсатымен  және  тестінің 
дұрыстығымен, сенімділік дәрежесімен анықталады); 2) оны өткізу 
(тестіге берілген нұсқаумен анықталады); 3) нәтижелерді пайымдау 
(тестілеудің пәніне қатысты теориялық жүйемен анықталады).
ТИПТІК ОҚЫТУ КЕШЕНІ (лат. complexus – байланыс, үйлесім). 
Оқытушы  мен  оқушының  оқу  әрекетін  саралап  басқару  идеясын 
жүзеге  асыруға  және  тіл  үйретуге  арналған  нақты  профильге  не-
месе  кезеңге  есептелген  оқу  құралдарының  жиынтығы.  Типтік 
оқыту  кешені  құрылымына  деген  екі  түрлі  көзқарас  қалыптасқан: 
а) кешеннің негізін толықтыратын оқу құралдары қосылған оқулық 
құрайды; ә) кешен жинақталған кезде ғана оқулыққа тең болатын тең 
құқылы  компоненттерден  тұрады.  Типтік  оқыту  кешенінің  құрамы 
туралы  мәселе  әлі  де  шешімін  таппай  келеді.  Кешеннің  міндетті 
компоненттері  оқулық,  оқытушыға  арналған  кітап,  аудиовизуалды 
қосымша болып табылады. Қосымша компоненттері: оқуға арналған 
кітап,  зертханалық  жұмыс  жинағы,  ауызша  және  жазбаша  тілді 
дамытуға  арналған  оқу  құралдары,  сөздік  және  т.б.  Типтік  оқыту 
кешені үйретілетін тіл бағдарламасына сәйкес құрылып, осы сияқты 
бағдарламаның мазмұнын іске асыруы тиіс. 
ТОЛЫҚ  ЖЕТЕ  ТҮСІНУ.  Мәтінді  түсіну  деңгейі,  яғни,  мәтіннің 
жалпы мазмұнын ғана емес, оны егжей-тегжейлі түсіну.
ТОП. Белгілі бір белгі (сыныптық тиістілік, бірлескен қызметтің болуы 
және  т.б.)  негізінде  әлеуметтік  тұтастықтан  бөлінетін  адамдардың 
қоғамы. Шет тілін оқыту процесін ұйымдастыруда топтың мынадай 
параметрлері  маңызды  болып  табылады:  композиция  (құрам), 
құрылым (басшылық және қол астындағылардың қарым-қатынасы, 
«рөлдерді» бөлу және т.б.), топтық процестер (тұлғааралық қарым-
қатынас), топтық нормалар мен құндылықтар, топтық даму деңгейі.


171
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ТОП-ТОП  БОЛЫП  ПІКІР  ТАЛАСТЫРУ  ӘДІСІ.  1.  Міндетті 
қарқынды әрі өнімді орындау мақсатындағы бірлескен іс-әрекеттің 
ұжымдық ұйымдастырылуы. 2. Пікірсайысқа қатысушылардың пікір-
лері мен ұстанымдарын өзара тікелей тоғыстыру тәсілі.
ТРАМП  ЖОСПАРЫ  (автордың  –  профессор  Л.Трамптың  аты 
бойынша алынған). Оқытуды ұйымдастыру жүйесі. Сабақтар үлкен 
аудиторияларда  (оқу  уақытының  40  пайызы)  шағын  топтармен 
(20 пайыз) және жекелей (40 пайыз) жүргізіліп үйлестіріледі. 1970 
жылдары АҚШ-та кең тарады. Трамп жоспары шеңберінде жоғары 
білікті  оқытушылар,  ғалымдар  үлкен  аудиторияда  екі  немесе  одан 
да  көп  қатарлас  сыныптарға  дәріс  оқиды,  оқытудың  жаңа  техни-
калық  құралдары,  көрнекі  құралдар  қолданылады.  Бұдан  кейін 
сабақ тар  шағын  топтарда  (15-20  адам)  оқылған  дәрісті  талдау 
тұрғысында  өткізіледі,  пікірсайыс  және  т.б.  жүргізіледі.  Топпен 
жұ мыс ты  тек  мұғалімдер  ғана  емес,  үлгерімі  жақсы  оқушылар  да 
жүр гізеді.  Жеке  жұмыс,  әдетте,  мұғалімнің  тапсырмасы  бойынша, 
ішінара  оқушылардың  өздерінің  бейімділіктеріне  сәйкес  таңдауы 
бойынша  өткізіледі.  Трамп  жоспары  толық  түрінде  АҚШ-тың 
бірнеше  эксперименттік  мектептерінде  қолданылады.  Оның  кейбір 
элементтері бұқаралық мектепте пайдаланылады.   
ТРАНСКРИПЦИЯ  (лат.  transcriptio  –  көшіріп  қайта  жазу).  Өзге 
тілдегі сөздің дыбыстарын арнайы жазба арқылы беру. Сөздер мен 
олардың  үйлесімінің  транскрипциясын  жазу  оқушылардың  дыбыс 
алмасуларды, нәтижесінде орфографиялық қиындықтардың табиғатын 
түсінуіне, дыбыстық-әріптік сәйкестіктерді меңгеруіне көмектеседі. 
Транскрипциялық жазба, әдетте, тік жақшаға алынады. Жалпы білім 
беретін  мектептерде  шет  тілін  оқыту  кезінде  транскрипцияны  тек 
жоғары сынып оқушыларының қолдануына рұқсат етіледі. Ал төменгі 
сынып оқушылары үшін бұл үлкен қиындық тудырады, өйткені олар 
транскрипциялық  белгілерді  әріптермен  шатастыруы  мүмкін,  бұл 
оқу және жазу дағдыларының дамуын кешеуілдетуі мүмкін. 
ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Сөйлеу  үлгісінің  бір 
түрінен екінші түріне ауысуды қамтамасыз ететін жаттығу тү рі. Транс-
формациялық  жаттығуларда  оқушы  сөздің  құрылымын,  ретін  немесе 


172
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
берілген  материалдың  грамматикалық  тұлғасын  нұс қау лыққа  және 
сөйлеу  жағдаятына  сәйкес  өзгертеді.  Сондай-ақ  транс формациялық 
жаттығулар жағдаятқа қарай сөйлеу үлгісінің қандай да бір параметрін 
немесе коммуникативті тапсырманы өзгертуді қарастырады.
ТРЕНИНГ  (ағылш.  training).  Арнайы  жаттықтыру,  қандай  да  бір 
нәрсені үйрету; адамның бойындағы пайдалы әдеттерді, шеберліктер 
мен  дағдыларды  қалыптастыруға  және  дамытуға  арналған  әртүрлі 
әдістерді білдіретін жалпы термин.  
ТҮСІНДІРУ.  Лексиканы  семантикаландыру  (мағына  беру)  тәсілі; 
лексикалық бірліктің мағынасын қажетті ұғымды сипаттаудан тұратын 
көлемі  орташа  түсіндірме  мәтін  сияқты  түсіндірменің  көмегімен 
түсіндіру. Оқытудың бастапқы кезеңінде түсіндіру оқушылардың ана 
тілінде жүргізіледі, ал кейінгі кезеңдерде - оқып жатқан тіл негізінде 
түсіндіріледі.  Көбіне  түсіндіру  сөздің  оқушылардың  ана  тіліндегі 
баламасы  болмаған  жағдайда  қолданылады.  Кей  жағдайларда 
оқушылардың  ана  тілінде  баламасы  болса,  ол  сөздің  аудармасы 
түсіндірудің орнына қолданылады. Түсіндіру арқылы жаңа сөздерді 
түсіндіру  оқушылардың  өздеріне  беймәлім  ұғымдарды,  атауларды 
сипаттама құралдары арқылы үйретуге көмектеседі.
ТЫҢДАЛЫМ (лат. audire – тыңдау). Сөйлеу қызметінің рецептивті 
түрі; ауызша хабарламаны мағыналық тұрғыдан қабылдау. Тыңдалым 
тілдік форманы қабылдау мен пікірдің мазмұнын түсінуден тұрады. 
Тыңдалым  кезінде  сөздік  және  заттық  түсініктерді  ажырата  білген 
жөн.  Сөздік  түсінік  тіл  үйренушілердің  сөйлеу  тәжірибесіне,  ал 
заттық  түсінік  олардың  өмірлік  тәжірибесі  мен  қарым-қатынас 
жағдайларына сүйенеді. Тыңдалым – есту арқылы мағынасын түсіну, 
қабылдау.  Мұнда  айтылған  не  техникалық  аппараттарға  жазылған 
аудиомәтіндегі  сөздерді,  сөйлемдерді  тыңдай  білудің  нәтижесінде 
қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді. Бұл атаудың ең басты 
мәні  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  жүзеге  асыратын 
тілдік  бірліктерді  тыңдау,  есту  арқылы  қабылдау  және  ұғу.  Тілді 
үйренуде  тыңдалымның  маңызы  мен  ерекшелігін  белгілейтін  ең 
басты  көрсеткіш  –  тыңдалымға  арналған  мәтін,  яғни,  аудиомәтін. 
Аудиомәтінді  меңгеру  барысында  тыңдалымға  тән  мынадай  басты 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау