Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет56/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62

167
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ТӘЛІМГЕР. Жеке және топтық кәсіби оқытуды тікелей жұмыс ор-
нында іске асырушы адам. Тәлімгер жұмысында практикалық бі лік-
тер мен дағдыларды қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.
ТӘЛІМГЕРЛІК. Педагогикалық тәжірибені үйретудің бір нысаны. 
Жас педагог кәсіби тәсілдерді тікелей шебер педагог-маман жетек-
шілігімен тәжірибе барысында игереді. 
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ. Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық 
қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің 
жиынтығы.  Ол  балалардың  тіршілік,  әрекет,  қарым-қатынастарын 
ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. 
Тәрбие  әдістеріне  бақылау,  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі  тәрбиелеу, 
әрекеттерді ұйымдастыру және т.б. жатады.
ТӘРБИЕЛЕЙ ОҚЫТУ. 1. Оқушының білімі, білігі және дағды сы мен 
бірге оның дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, таным қабілеттерін 
және  басқа  да  қасиеттерін  қалыптастыру.  2.  Оқушы лардың  қоршаған 
ортаға, бір-біріне деген эмоциялық қаты настарын қалыптастыру. Оқыту 
принциптерінің  бірі.  Бұл  терминді  педагогикаға  неміс  философы, 
психологы және педагогі И.Ф.Гербарт (1776-1841) енгізді.
ТӘРБИЕЛЕП ОҚЫТУ ПРИНЦИПІ. Дидактикалық принцип. Бұл 
принципті орта мектеп жағдайында пайдалану оқушылардың дүние-
танымын қалыптастыруға, мінез-құлықтың өнегелі нормаларын мең-
геруге, оқушының күш-қуатының және ақыл-ойының артуына, жеке 
тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Тіл үйретудің тәрбиелік сипа-
ты ең алдымен, сабаққа арналған материалдың мазмұнынан, оқыту 
әдістерінен көрініс табуы тиіс.
ТӘСІЛ.  Әдістеменің  негізгі  категориясы,  оқу  тапсырмаларын  ше-
шуге  бағытталған  тәсілдер  жиынтығы  (мысалы,  меңгеру,  бекіту, 
ба қылау  тәсілі).  Оқыту  тәсілі  –  оқушыны  іс-әрекетке  итермелейтін 
қимылдардың бірі. Тәсіл - оқыту әдісі мазмұнының құрамдас бөлігі 
болып табылады. 
ТЕЗИСТЕР  (грек.  thesis).  1.  Жазбаша  хабарлама  түрі;  баяндама, 
дәріс,  хабарлама  және  т.б.  қысқаша  құрастырылған  негізгі  ереже-
лер. Тезис құру жазбаша оқу жұмысы ретінде оқушылардың қыс қа, 


168
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ықшамды сөйлеу қабілетін, ең басты нәрсені қағып алу шебер лігін 
қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ тезис жеке шығарма, баян-
дама, есеп, мақала және т.б. дайындау құралы ретінде пайдаланылады. 
2.  Шынайылығы  дәлелденуі  тиіс  пайымдаудың  құрылымдық  эле-
менті;  шығарма  жазуды  ұйымдастыру  кезінде  пайдаланылады; 
пайымдама шығарма идеясын дамытудың негізгі желісін анықтайды, 
оған композициялық тұтастық береді. 
ТЕСТ  (ағылш.  test  –  сынақ,  зерттеу).  Стандартты  формадағы  тап-
сырма,  оны  орындау  нәтижелердің  арнайы  шкаласының  көмегімен 
тұлғаның  белгілі  бір  шеберліктерін,  дағдыларын,  қабілеттіліктерін, 
ақыл-ойының даму деңгейін және осы сияқты қасиеттерінің болуын 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Тұлғаны  немесе  топты  зерттеу  үшін, 
олардың  белгілі  бір  қызметті  орындау  қабілеттіліктерін,  атап 
айтар  болсақ,  «интеллектуалды  коэффициентін»  бақылау  үшін 
пайдаланылатын 
интеллектуалды тест және оқытылып жатқан пән 
бойынша алған білім, дағды, шеберліктерді тексеруге арналған 
оқу 
тесті  болады.  Тесттер  жеке  және  топ  болып  пайдалануға  арналған 
бланкіде  және  аппаратта  болады.  Тестті  пайдалану  жеке  тұлғаны 
және  оның  ықтимал  тәсілдерін  зерттеу,  оқу  пәнін  тиімді  меңгеруді 
анықтау  аясында  бағалы  мәліметтер  береді.  Лингводидактикалық 
тест белгілі бір талаптарға сәйкес дайындалған, алдын ала сынақтан 
өткізілген,  тесттен  өтіп  жатқандардың  тілдік  (лингвистикалық) 
және/немесе  сөйлеу  (коммуникативті)  құзыреттілігінің  деңгейін 
анықтауға  мүмкіндік  береді,  мұндай  тесттердің  қорытындысы 
алдын  ала  белгіленген  талаптар  бойынша  бағаланады.  Тапсырма 
саны  көп  ірі  тесттер  кешенді  тест  немесе  тест  батарейкасы  деп 
аталады. Тесттен өтіп жатқан тұлғаның белгілі бір вербалды немесе 
бейвербалды  реакциясын  қарастыратын  тесттің  ең  аз  құрамдас 
бөлігі  тест  тапсырмасы  деп  аталады.  Тесттің  бақылау  жұмысынан 
айырмашылығы  –  ол  үнемі  өзгеріп  отырады.  Тағы  бір  маңызды 
ерекшелігі  –  тесттер  стандарттау  рәсімінен  өтеді.  Сондықтан  да 
тексерушінің  жеке  пікірі  негізінде  жазылған  бақылау  жұмысы 
бағалауға  қарағанда,  тест  нәтижесі  бойынша  шығарылған  баға 


169
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
объективті болады. Америкалық тестологияда тесттердің негізгі екі 
түрі болады: объективті тесттер және субъективті тесттер (Bachman, 
1990;  Oller,  1992).  Объективті  тесттерде  жауаптың  дұрыстығын 
анықтау  кілттің  көмегімен  жүзеге  асырылады;  ал  субъективтіде 
оқушылардың  пікірлерін  бағалауға  негізделеді  (Цатурова,  Балуян, 
2004; Павловская, Башмакова, 2002).
ТЕСТ  ТАПСЫРМАСЫ.  Тестілеу  кезінде  пайдаланылатын  тап-
сырма түрі. Тестілеу рәсімінің табыстылығы көбіне тест тапсырма-
сының  анықтамасы  мен  оның  мазмұнына  байланысты  болады. 
Әдістемелік  әдебиеттерде  тест  тапсырмасының  негізгі  төрт  түрі 
пайдаланылады: 1. 
Жабық түрдегі тапсырмалар. Тапсырма жауап 
беруге  ынталандыратын  негізгі  мәтіннен  және  бірнеше  жауап 
нұсқаларынан  тұрады,  бұл  жауаптың  тек  біреуі  ғана  дұрыс  болып 
табылады.  2. 
Ашық  түрдегі  тапсырмалар.  Бұл  тапсырмаларда 
жауаптың  дайын  нұсқалары  пайдаланылмайды,  сынақтан  өткізуші 
жетіспейтін  сөзді  (сөздер  тобын)  қоюы  тиіс,  бұл  тапсырманың 
дұрыс  орындалуының  көрсеткіші  болып  табылады.  3. 
Сәйкестікті 
анықтау тапсырмалары. Мұндай тапсырмаларда сынақтан өтушіге 
екі  тізімнің  элементтері  арасындағы  сәйкестікті  қалпына  келтіру 
тапсырмасы  беріледі.  4. 
Дұрыс  ретті  белгілеу  тапсырмалары. 
Мұндай  тапсырмалар  белгілі  бір  мазмұн  саласында  қайталанатын 
элементтерді пайдалануға болатын оқу әрекетінің түрлеріндегі білімді 
бақылауға  мүмкіндік  беретін  тапсырмалар.  Лингводидактикада 
тесттің  екі  түрі  қолданылады:  нормативтік  бағдарланған  тесттер 
(сынақтан  өтушілерді  жинаған  ұпай  санына  байланысты  топтарға 
бөлуге  мүмкіндік  береді)  және  критериалды  бағдарланған  тесттер 
(сынақтан  өтушінің  белгілі  бір  тілді  меңгеру  деңгейіне  жеткен-
жетпегенін анықтауға мүмкіндік береді).
ТЕСТІЛЕУ.  Белгілі  бір  мәндер  шкаласы  бар  стандартталған 
сұрақтар  мен  есептер  (тәсілдер)  пайдаланылатын  психологиялық 
диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандартты өлшеу 
үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім 
беру  –  оқыту  мерзімінің  ұзаруына  және  оқу  бағдарламаларының 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау