41
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
құлы ным, ботақаным, қоңыр қозым сияқты қаратпа сөздер де жиі
қолданылады. Әйел тілінің элементтері ат тергеумен қатар, жоқтау
айту барысында да көрініс алады.
ГИМНАЗИЯ. 1. Негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарла-
маларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қа-
білетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көз дейтін,
жалпы орта білім беретін оқу орны. 2. Жалпы орта білім бере тін мектеп.
ГИПЕРМӘТІН (ағылш. hypertext) – мәтінді берудің, ұйымдастырудың
ерекше тәсілі. Қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне
арнаулы код орналасқан мәтін. Гипермәтін ақпараттың қарапайым
мәтін, сурет, дыбыс, бейне сияқты бірнеше түрін оңай біріктіруге
мүмкіндік береді. Гипермәтіндік жүйе оқыту саласында 80-жылдардан
бастап әзірленген, қазіргі таңда гипермәтін термині әртүрлі салаларда
қолданылып келеді. Қазіргі таңда гипермәтін интерактивті оқыту
ортасының принципі ретінде тілді үйретудің компьютерлік оқыту
курстарын жасау кезінде кеңінен пайдаланылады.
ГИПЕРМЕДИА (грек. hyper – жоғары, үсінен + ағылш. media –
құрал). Ақпараттардағы мәтін, аудио және бейнефрагменттерді қам-
ти тын, гиперсілтемемен біріккен ақпараттар жүйесі.
ГНОСТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ. Өмірді түсініп, тануды тео-
риялық білім мен әлеуметтік тәжірибені кіріктіру негізінде тереңдету.
ГОВАРД ЖОСПАРЫ. Жеке-дара оқыту жүйесі. Бұл жоспар бойынша
бір оқушы әртүрлі оқу пәнімен әртүрлі топ құрамында оқи алады.
Сабақ кестесі мен оқу курсы міндетті түрде оқу пәндерінің ең аз
саны сақталып, оқушылардың «жеке-дара сұрауына» сәйкес болады.
Говард жоспарының ерекшелігі: бастауыш сыныптарда оқушыларды
«көлденеңінен» және оқытудың орта сатысында бірнеше шағын
топтарға (үй деп аталатын) «тігінен» топтаудың үйлесуі. Говард
жоспары шектен тыс жеке-дара оқытуға, ұйымдастыру күрделілігіне және
оқуға төленетін ақының жоғарылығына байланысты кең тарал мады.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ. Грамматикалық материалдармен
жұмыс істеуді көздейтін жаттығулар.
42
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР. Грамматиканың ережелері мен
заңдылықтарын бұзуға байланысты әртүрлі тілдік қателердің бірі.
Мұндай қателерге дұрыс оқытпау және сөз формаларын дұрыс
пайдаланбау, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрмау жатады.
ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР. Оқытудың мазмұнын қа -
рас тыратын тілдік материалдардың бір бөлігі. Грамматикалық мате-
риалдарға грамматикалық бірліктер, сөздердің формалары мен құ ры-
лымы, өзгеру қағидалары және олардың сөйлемдерді құруы жатады.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ. Грамматикалық формалар
мен құрылымдарды меңгеруге баса назар аударылатын шет тілдерін
оқытуды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі.
ГРАММАТИКА-СИНТАКСИСТІК ҚАТЕЛЕР. Сөйлемдер мен
сөз тіркестерін құраудағы қателіктермен байланысты әртүрлі грам-
матикалық қателер. Мұндай қателіктерге мыналар жатады: 1) келі-
су дегі қателіктер, 2) басқарудағы қателіктер, 3) сөздерді таңдау тәр-
тібіндегі қателіктер.
ГРАФИКАЛЫҚ ДАҒДЫ. Әріптерді жазу дағдысы және оларды
буындарға немесе сөздерге қосу.
ГРАФИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР. Графикамен байланысты қателерді, яғни
үйре ніп жатқан тілді жазуда әріптердің арасындағы қатынастарды
бел гілеу құралы және ауызекі тілде дыбыстардың құралы болып
табылады. Сондай-ақ графикалық құралдарға әріптерден бөлек мы-
на лар жатады: сөздерді қысқартудың әртүрлі түрлері, сөздер ара-
сын да ашық жер қалдыруды қолдану, қойылған әріптер, абзацтар,
белгілеудің түрлері мен қаріптердің көрінуі жатады. Негізінде гра-
фикалық қателер – тілдік емес қателерге жатады. Өйткені олар тіл-
дің құрылымын бұзбайды. Көп жағдайда графикалық қате лік тер
немқұрайлылықпен жазылғанның салдарынан туындаған ти пог-
рафикалық қателіктер болып табылады.
ГУВЕРНАНТКА ӘДІСІ. Ресейдің дәулетті адамдары өздерінің
балаларына шет тілін оқыту мақсатында шетелдіктерді отбасына
шақыратын оқыту әдісінің шартты атауы. Шетелдіктер өздері тәр-
биелейтін балалардың ана тілдерін білмеген немесе нашар біл ген,