Әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымдардың (бұдан әрі - МДҰ) бүкіл әдістемелік жұмысының орталығы әдістемелік кабинет (бұдан әрі - ӘК) болып табылады, оны педагогтар «тәрбиешілер зертханасы», «МДҰ-ның ми орталығы», «педагогикалық дәстүрлердің жинақтауышы», «балалар бақшасының жаны» т.б. деп атайды. Бұл атаулардан:
педагогтардың ӘК-ке көзқарасы;
оның қызметін бағалау деңгейі;
МДҰ мен әрбір педагог өміріндегі әдістемелік қызметтің маңыздылығы аңғарылады.
Өз мәні жаңынан ӘК - бұл:
педагогикалық ақпаратты (нормативтік құжаттар, педагогикалық және әдістемелік әдебиет, озық педагогикалық тәжірие және т.б.) жинау;
педгогтар біліктілігін арттыру (олардың шығармашылық жұмысын, педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен өздігінен білім алуын қамтамасыз ету);
МДҰ-да жинақталған әдістемелік жұмыс тәжірибесіне талдау жасау және жалпылау;
ғылыми-әдістемелік (инновациялық және эксперименттік қызметті жүзеге асыратын педагогтарға әдістемелік қолдау жасау) орталығы.
ӘК қызметінің мақсаты, міндеттері, формалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ) заңнамалық және нормативтік құжаттарымен, ӘК туралы Ережемен (қосымша), Жарғымен және МДҰ-ның жергілікті құжаттарымен тұжырымдалған және регламенттеледі. Солай болғанмен де кез келген ӘК үшін сипатты болып табылатын ортақ мақсаттар мен міндеттерді бөліп көрсетуге болады.
Мақсаты МДҰ-да әдістемелік жұмысты жетілдіру, біріңғай ақпараттық және әдістемелік кеңістік жасау болып табылады.
Міндеттері:
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру үшін жағдайлар жасау;
білім бері үдерісінің барлық қатысушыларын оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларына оқыту үшін жағдайлар жасау;
педагогтардың сұратуларын диагностикалау және әдістемелік қиналушылықтарын түземдеу;
МДҰ үздік педагогтардың жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату;
педагогтардың зерттеушілік және эксперименттік қызметіне демеу жасау.
ӘК қызметінің жетекші бағыттары
Ғылыми-әдістемелік:
педагогикалық тәжірибені технологиялық деңгейде айқындау, зерделеу және жалпылау;
білім беру үдерісіндегі дидактикалық және әдістемелік сипаттағы қиналушылықтарды айқындау және оларды жою жөнінде шаралар әзірлеу;
педагогикалық үдерісте оқытудың заманауи құралдарын пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша оқытуды, лекциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастыру;
педагогикалық қызметкерлерді аттесттау үдерістерін ұйымдастыру;
эксперименттік жұмыс жүргізуші педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
балалар бақшасының даму режімінде қызмет атқаруын ұйымдастыру үшін жоспарлау-болжамдау қызметін жүзеге асыру (тұжырымдама, стратегиялық жоспар, білім беру бағдарламасын және басқаларын әзірлеу);
мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары мен әдістемелерін, бағдарламаларын (нұсқалылық, баламалық) бейімдеу (сынап көру);
тәжірибелік-экспериметтік (зерттеушілік) жұмыстың бағыттарын анықтау;
мектеп жасына дейінгі балаларда қарым-қатынасты, ойындық қызметті, танымдық үдерістерді дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістері мен формаларын пайдалану жөнінде әдістемелік ұсынымдар жасау.
Ақпараттық-әдістемелік:
педагогикалық, нормативтік-құқықтық және әдістемелік ақпарат қорын қалыптастыру;
педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық, оқу-әдістемелік және білім берушілік қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруына жәрдемдесу;
білім беру салалары бйынша оқытушы кино және бейнефильмдер мен басқа да дыбыстық-бейне құралдарының қорын қалыптастыру;
электрондық оқытушы материалдарды ұйымдастыру және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
балалар және әдістемелік әдебиетінің қорларымен қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік:
ғылыми-практикалық конференцияларды, педагогикалық оқулар мен семинарларды дайындау мен өткізуге (МДҰ деңгейінде) қатысу;
педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік педагогикалық шеберлігі конкурстарын дайындау мен өткізу (қалалық, облыстық, республикалық деңгейде - конкурсқа қатысушыларды дайындау және алып жүру);
білім беру - тәрбие жұмысының нәтижелері туралы ақпарат жинау, өңдеу мен талдау жасау;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мәліметтерінің қорын қалыптастыру мен жай-күйіне мониторинг;
тұрақты жұмыс істейтін семинарларды ұйымдастыру;
әдістемелік жұмыстық жай-күйі мен нәтижелерін зерделеу және талдау жасау, оны жетілдіру бағыттарын анықтау;
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен кәсіптік қайта даярлауды болжамдау, жоспарлау, оларға үздіксіз білім беру жүйесінде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету.
Диагностикалық:
педагогтар мен балалар қызметінің диагностикасы жөніндегі материалдарды зерттеу, іріктеу және әзірлеу;
оның дамуы үдерісінде баланың жеке ерекшеліктерін жерделеу, тәрбиешілермен және психологпен бірге балалардың жеке даму бағдарламаларын әзірлеу;
тәрбиешілермен, психологпен бірге баланың мектептегі оқытуға дайындық дәрежесін айқындау мақсатымен диагностика өткізу;
педагогикалық қызметті кешенді бағалау және МДҰ қызметкерлерінің әлеуметті мүмкіндіктерін зерделеу, озық педагогикалық тәжірибені айқындау, жалпылау және тарату;
тәрбиелеу-білім беру үдерісі оның сапасының жай-күйіне бақылау мен талдау жасауды жүзеге асыру. МДҰ педагогикалық үдерісінің нәтижелілігін бағалау.
МДҰ әдіскері барлық міндеттерді табысты шеше алатындай болуы үшін кабинетке барлық әдістемелік талаптарға сәйкес келетін материалды іріктеу, оны жүйелеу жөнінде мұқият ойластыру қажет.
Бұл ретте мынадай ұстанымдарды сақтау керек:
ӘК-тің мазмұны мен безендірілуі осы МДҰ тәрбиешілерінің қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс,
Кабинетті жарақтандыру қолжетімді және ұтымды болуы, оқыту-тәрбие үдерісінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі тиіс;
Кабинет жабдықтары уақыт талаптарына сай үнемі жаңартылып тұруы тиіс;
Кабинетті безендіру көпшілік қабылдаған заманауи эстетикалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
ӘК материалдарын мынадай тарауларға бөлуге болады:
1
|
2
|
Тараулар
|
Мазмұны
|
Нормативтік және нұсқаулықтық
|
ҚР-ның педагогтар қызметінің ерекшелігіне байланысты заңнамалық актілеру, ҚР БҒМ, білім департаменттері мен бөлімдерінің нұсқаулықтық-әдістемелік хаттары
|
Бағдарламалық
|
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың БҒМ ұсынған бағдарламалары, сондай-ақ пайдаланылатын авторлық бағдарламалар
|
МДҰ-ды дамытуды жоспарлау
|
МДҰ білім беру бағдарламасы, дамудың стратегиялық жоспары, жұмыстың жылдық жоспары, оқу жоспарлары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, қызығушылықтар бойынша үйірмелер жұмысының жоспарлары, кадрлармен жұмыстың бір айға арналған күнтізбелік жоспары және басқалар
|
Әдістемелік және анықтамалық
|
Отандық және шетелдік әдістемелік әдебиет басылымдары, мерзімдік баспасөз, сөздіктер, энциклопедиялар, Интернетте жұмыс істеуге арналған білім беру сайттарының тізімі және басқалар
|
Талдаушылық-диагностикалық
|
МДҰ-ның бір жылдық жұмысына талдау жасау, педагогикалық мониторинг материалдары, сараптамалық комиссияның материалдары, аттесттау материалдары, педагогтар қиналыстарының диагностикасы және өзгелер
|
Зерттеушілік және эксперименттік
|
Педагогтардың эксперименттік және зерттеушілік қызметінің жоспар-болжамдары, жобалары, шығармашылық топтар жұмысының материалдары, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар, эксперименттік және бақылау топтарының диагностика материалдары, эксперименттік және зерттеушілік қызметтің талдаушылық материалдары
|
Әдістемелік және ұсынымдық
|
Консультациялар, ұсынымдар, педагогикалық кеңестердің, семинарлардың, шеберлік сыныптарының материалдары және т.б.
|
Балалар көркем әдебиеті
|
|
Бақылау
|
Тақырыптық, шұғыл, сақтандыру және басқалары
|
Кадрлармен жұмыс
|
Сұхбатнама жүргізу, қиналушылықтардың диагностикасы, тәлімгерлікті, жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру, аттесттау материалдарды, педагогтар портфолиосы
|
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе
|
Педагогтің фотографиясы, оның өмірбаянындағы негізгі мәліметтер, тәжірибе мазмұнының сипаттамасы, жұмыс тәсілдері мн әдістерінің сипаттамасы, ұйымдасқан оқу қызметінің (бұдан әрі - ҰОҚ) баяндамалары, сценарийлері, конспектілері, тәрбиеленуішілер жетістіктерінің диагностикасы, шығармашылық жұмыстар, тұсаукесерлер және басқалар
|
Кәсіптік шеберлік конкурстары
|
Конкурстар туралы ережелер, конкурстық комиссия отырыстарының хаттамалары, педагогтардың конкурсқа ұсынған материалдары және басқалар
|
Ата-аналармен жұмыс
|
|
Конференциялар, педагогикалық оқулар, педагогтардың жарияланымдары
|
|
Консультативтік пунктің жұмысы
|
Егер МДҰ жанында мұндай пункт бар болса
|
Дидактикалық материал; техникалық құралдар; ұйымдастыру техникасы; педагогикалық үдеріс пен әдістемелік шаралардың бейнежазбалары
|
|
Көрнекті ақпарат
|
Біріңғай әдістемелік тақырып, жылдық міндеттер, аттестаттау, алда тұрған бақылау, өткізілген бақылаудың нәтижелері, педагогикалық кеңес, ҰОҚ-н ашық көру, семинар, курстық қайта дайындық туралы ақпарат бар стенділер. Мұның алдындағы педагогикалық кеңестің шешімі, ҰОҚ, ертеңгілік гимнастика, қызығушылықтар бойынша үйірмелер сабақтарының кестесі, байқаулардың, конкурстардың, көрмелердің циклограммалары және т.б. «Шеберлік шыңына қарай» немесе «Біздің жетістіктеріміз» стендісін жасауға болады, оған мадақтамалар, дипломдар, алғыс хаттар орналастырылады
|
Достарыңызбен бөлісу: |