Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет4/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

11
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АТТЕСТАЦИЯ (лат. аttestatio – куәлік). 1. Оқу орындарының білім 
беру  қызметін  бақылаудың  негізгі  формасы.  Аттестация  барлық 
білім  беру  мекемелерінің  мазмұнын,  түлектердің  дайындау  деңгейі 
мен  сапасын  мемлекеттік  білім  беру  стандартының  талаптарына 
сәйкестендіруді қарастырады. 5 жылда бір рет өткізіледі. Аттестацияны 
жүргізген комиссияның қорытындысы бойынша білім беру мекемесі 
мемлекеттік  аккредитациядан  өтеді  немесе  білім  беру  құқығынан 
айырылады.  2.  Білім  беру  мекемелері  қызметкерлерінің  біліктілік 
дең гейлерін, педагогикалық кәсіпқойлығын және қызмет өнімділігін 
бағалау  формасы.  Аттестация  нәтижесінде  білім  беру  мекемесінің 
педагогына немесе басшысына оның кәсіпқойлық деңгейіне сәйкес 
біліктілік категориясы беріледі. 3. Оқыту барысында және нәтижесінде 
оқушылардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін бағалау.
АУДАРМА. 1. Сөйлеу қызметінің қосымша түрі, оның барысында мә-
тін нің мазмұны өзге тіл құралдары арқылы беріледі; сөз туын дысының 
мағынасы  сақтала  отырып,  бір  тілдегі  сөз  туындысының  екінші 
тілдегі сөз туындысына түрленуі. Аударманың ауызша және жазбаша 
түрі болады. Мазмұны жағынан еркін, сөзбе-сөз және әдеби аударма 
болады. Шет тілін үйренуге қойылатын талаптарға сәйкес, аударманың 
рөлі  шектелген,  өйткені  басты  мақсат  –  ойды  шет  тіліне  аудармай, 
білдіру, естіген және оқыған кезде түсіну. Аударма жеке оқыту (кәсіби 
аударма)  мақсаты  да,  оқыту  (оқу)  құралы  да  бола  алады.  Аударма 
оқыту құралы ретінде пайдаланылған кезде бірқатар функцияларды 
атқарады,  солардың  бірі  –  оқушылардың  ана  тілімен  салыстыра 
отырып,  үйренетін  тілді  меңгеруі.  2.  Лексиканы  семантикаландыру 
тәсілі, өзге тіл құралдары арқылы сөздің мағына сын ашу. Бұл тәсіл 
көбіне нақтылықпен, тиімділікпен, уақытты үнем деумен сипатталады. 
3.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  мен  университеттердің 
шет тілдері факультеттеріндегі оқу пәні, мұн да студенттер «аударма 
және  аударматану»  мамандығы  бойынша  «Аударма  теориясы»  мен 
«Аударманың  практикалық  курсы»  атты  курстарды  оқиды  (Базылев, 
2009; Федоров, 2002; Латышев, Семенов, 2005).


12
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АУДАРМАЙ ОҚУ. Тіл үйренушінің сол тілдегі шығармаларды түсініп 
оқуы.  Аудармасыз  оқу  басқа  тілдегі  мәтінді  интуитивті  қабылдау 
және  мазмұнын  жалпылама  түсіну  деп  сипатталады.  Аудармасыз 
оқуды игеру әрбір түсініксіз сөзді аударуға талпынумен байланысты. 
Аудармасыз оқу оқудың барлық сатыларында қолданылады. 
АУДАРМАНЫ  ҚАЖЕТ  ЕТПЕЙТІН  ПРИНЦИП.  Тіл  үйрету 
жүйесінде ана тілін қолданбау мақсатында қолданылатын оқытудың 
әдістемелік  принципі.  Қазіргі  әдістеме  аударманы  қажет  етпейтін 
принципті зерттеу арқылы ана тілді мүлдем алып тастау керек деген 
пікірді қате деп есептейді. 
АУДАРМАУ  ПРИНЦИПІ.  Шет  тілін  үйрену  жүйесінде  туған  тіл 
пайдаланылмайтын әдістемелік оқыту принципі; тікелей әдіс арқылы 
оқыту кезіндегі негізгі принцип. Қазіргі әдістемеге сәйкес, аудармау 
принципін  ұстану  ана  тілді  «оқушылардың  миынан  мүл дем  алып 
тастау» дегенді білдірмейді деп санайды (Л.В.Щерба), ал аудармау 
семантизациясының  тәсілдеріне  ғана  сүйене  беру  өзге тілді  сөздің 
мағынасын  аудармау  тәсілі  арқылы  берудің  бірқа тар  жағ дайында 
әрдайым  тиімді  бола  бермейді.  Сондықтан  да  уақытты  үнем деу 
үшін  немесе  аудармау  тәсілдерінің  тиімділігі  төмен  кезде  семан-
тикаландыру құралдары және бақылау құралдары ретін де аударманы 
пайдалануға рұқсат етіледі. Аударма оқытудың мақ саты болған кезде 
семантизацияның аудару тәсілдері кеңінен пайдаланылады.
АУДАРЫП ОҚУ. Оқитын нәрсені түсіну кезінде ана тілін қатыстыра 
отырып  оқу  түрі.  Аударып  оқу  шет  тіліндегі  мәтінмен  өз  бетінше 
жұмыс істеу, сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдалану шеберлігін 
дамытады. Алайда аударып оқуды жиі қолдану мәтіннің мазмұнын 
тікелей, интуитивті, тұтас түсіну процесін тежейді.
АУДИОВИЗУАЛДЫ  ОҚЫТУ  ӘДІСІ.  Аудиовизуалды  құрылымдық-
жаһандық оқыту әдісіне ұқсас. ХХ ғ. Францияда пайда болған. Құры-
лымдық лингвистиканың теориясы (Ж.Гугенейм) мен психо ло гиядағы 
бихевиоризм  теориясына  негізделген,  тікелей  оқыту  әдісінің  бір  түрі 
(заман талабына сай өзгертілген) болып табылады. Әдістің теориялық 
жағын П.Губерина (Югославия), П.Риван, Р.Мишеа (Фран ция) ұсын ған. 


13
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Әдісті  дайындаған  және  қолданысқа  енгізген  орталық  Сен-Клудағы 
педагогикалық институт болып саналады. Аудиовизуалды оқыту әдісі 
– тілді көру және естуге арналған көрнекілік құралдарды қарқынды 
түрде пайдалана отырып, күнделікті тұрмыста қарым-қатынас жасау 
кезінде  қолданылатын  шектеулі  лексика-грамматикалық  материалды 
көбіне  ауызша  түрде  қысқа  ғана  мерзімде  үйрету  тәсілі.  Әдістің 
концепциясы  мынадай  әдістемелік  принциптерге  негізделеді:  1) 
жаһандық  –  оқыту  бірліктері  ретінде  тұтас  (жаһандық)  сипатқа  ие 
сөйлем,  оны  қабылдау  және  жаңғырту  қарастырылады;  2)  ауызша 
жағынан озу – оқыту мынадай ретпен іске асырылады: тыңдалым – 
айтылым – оқылым – жазылым (кейбір курстарда 1,5-2 айға созылады); 
3) аудармау – туған тілді мүлдем қолданбау немесе оны бақылау құралы 
ретінде  ғана  пайдалану;  4)  жағдаят  –  материал  күнделікті  қарым-
қатынастың  қарапайым  жағдайларын  пайдалану  арқылы  құрылған 
диалог түрінде енгізіледі; 5) функционалдылық – тілдік материалды 
таңдау  қарым-қатынас  жасау  мақсатына  байланысты  болады.  Тілдік 
материал негізінен сөйлеу клишелері түрінде беріледі. Қазіргі таңда 
аудиовизуалды  оқыту  әдісі  бойынша  жеке  ережелер  мен  оқыту 
тәсілдері кейбір жеделдетілген оқыту әдістері бойынша жүргізілетін 
жұмыстарда пайдаланылады.
АУДИОВИЗУАЛДЫ  ОҚЫТУ  ҚҰРАЛДАРЫ.  Көру  және  есту 
ақпараттарын ұсыну үшін қолданылатын көрнекі оқу құралдары. Оның 
мынадай  түрлері  бар:  визуалды  (көру)  құралдар  (бейнеграммалар) 
– суреттер, кестелер, сызбалар, кескіндеме туындыларының репро-
дукциясы,  транспаранттар,  диафильмдер,  диапозитивтер;  аудитивті 
(есту)  оқыту  құралы  (фонограммалар)  –  грамжазбалар,  магнит 
жаз ба лары,  радиобағдарламалар;  жеке  аудиовизуалды  (көру-есту) 
құ ралдар  (бейнефонограммалар)  –  дыбысы  бар  кино,  теле-идиа-
фильмдер,  ЭЕМ-ге  арналған  бағдарламалар.  Аудиовизуалды  оқыту 
құрал дары:  1)  тіл  үйренуге  арналған  және  әдістемелік  тұрғыдан 
өң делген  оқыту  материалдарынан  (көрнекі  құралдар)  тұратын  ар-
найы  оқыту  құралдары;  2)  басқа  пәндер  бойынша  сабақ  оқу  үшін 
әзір ленген,  алайда  тілді  үйрену  барысындағы  оқу  материалдары 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау