26
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
леу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру. Бағдарламалық
оқыту термині 50 жылдары АҚШ-та пайда болды. Психологиялық
бихевиоризм теориясына негізделген. Бағдарламалық оқыту ұзақ
уақыт бойы осы салада ғана дамып келді. 60 жылдары тармақталған
оқыту бағдарламасын құрушы П. Краудер ұсынған бағдарламалық
оқытудың антитеориялық концепциясы пайда болды.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТІЛДЕР (грек. programma - нұсқау, хабарлау).
Хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жа-
санды тілдер тобы. Бағдарламалық тілдерде символдарды біріз ді-
лікпен өңдеуге қажет мәтіндер алдын ала жазылып қояды, мәтіндерді
бұйрықты тапсырма деп қарауға болады. Семантикалық шарттары
бойынша мәтіндер мынадай деңгейлерде сұрыпталады: дербес
мағынасы жоқ әліпби таңбалары; шағын тіл бірліктерінің екі жақты
атаулары; мағынасы бұйрық түрінде емес атаулардың қосындысын
білдіретін сөйлемшелер; белгілі әрекетті білдіретін (бұйрық мағы-
насында) синтаксистік құрылымдардан тұратын операторлар т.б.
Бағ дарламалық тілдердің өзіне тән сипаты — символдық, сөздік,
сөйлемдік, мәтіндік деңгейлердің ара жігі белгісіздігінде. Мәтіндерді
жазып, ЭЕМ-ге енгізуде ондағы жетімсіздік басқа символдармен то-
лықтырылады. Мыс., СОТО сөйлемшесі бір символ, бір сөз немесе
бір сөйлем болып есептелуі мүмкін. Бағдарламалық тілдер қолданылу
тұрғысынан екіге бөлінеді: алгоритмдік әртүрлі типтерді алдын ала
жазуға болатын универсалдық бағдарламалық тілдер және неғұрлым
шағын мақсатты жұмыстарға (модель жасау, мәтінді автомат
өндеу, белгілі бір процесті басқару) арналған мамандандырылған
бағдарламалық тілдер. Бұлардың ішінде ЭЕМ мен пайдаланушының
қарым-қатынасын дамытуда диалогтік бағдарламалық тілдер де
маңызды орын алады. Бағдарламалық тілдердің дамуы олардың
деңгейін көтеру, адам мен машинаның қарым-қатынас процесін
жеңілдету, бағдарламалардың тиімділігін арттыру арқылы іске
асырылып отырады. 20 ғ. 70 жылдары бағдарламалық тілдердің жал-
пы саны 1 мыңға жақындады. Ең жиі қолданылатын, деңгейі жоғары
тілдік бағдарламалар: фортран, кобол, ПЛ/І, алгол, бейсик, паскаль,
мектепте кең тараған — лого тілі.
27
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БАҒЫТТЫЛЫҚ. Қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы
тұлғаның қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамның дүниетанымын
білдіретін мүдделермен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысан-
дарымен сипатталады.
БАҚЫЛАУ. 1. Сабақ беру әдістемесіндегі негізгі эмпирикалық зерт-
теу әдістерінің бірі. Бақылау белгілі бір жағдайларда құбылысқа
тән өзгерістерді зерттеу және құбылыстардың тікелей берілмеген
мән дерін іздеу мақсатында оларды қасақана, жүйелі әрі мақсатты
түрде қабылдау. Бақылау теориялық ойлау элементтерінен (түпкі
ой, әдістемелік тәсілдер жүйесі, зерделеу және нәтижелерді бақы-
лау) және талдаудың сандық әдістерінен тұрады.
Бақылаудың нақты-
лығы зерттелініп отырған саладағы білім жағдайына, қойылған
міндеттерге, тәжірибе деңгейі мен бақылаушының біліктілігіне
байланысты болады. 2. Оқушылардың қызметіндегі танымның негізгі
әдісі. Бақылау таныстырудың негізгі компоненті болып табылады,
бұл сезіммен қабылдау, зерделеу, айтуды қамтиды. Шет тілін үйрету
практикасында бақылау көптеген мысалдармен қарқынды жұмыс
істеуге негізделеді, бұл тілдік ережелер мен сөйлеу әрекеттерін
біртіндеп меңгеруге, сондай-ақ зерттелінетін тіл теориясының эле-
менттерін меңгеруге әкеп соғады.
БАҚЫЛАУ ӘДІСІ. Белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту
ерекшеліктерін, оларды тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының
көрінуінің, алынатын нәтижелердің сипаттарын жүйелі түрде мақсат-
ты түрде тіркеп отыру. Бақылау әдісі тұтас және іріктеме, қосы лымды
және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және
лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ. Білімді, сөйлеу дағдылары мен шебер-
ліктерін, сондай-ақ оқу әрекетінің формалары мен тәсілдерінің
тиім ділігін тексеру және бағалау формаларының бірі. Бақылаудың
ағымдағы және емтихан, жазбаша және ауызша, фронтальды және
жеке түрлері болады. Оқу процесіне тест енгізілгелі бері бақылау
ретінде тесттер кеңінен пайдаланыла бастады.