Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет19/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62

56
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
сөйлеу қызметінің екі түрін қамтиды: өнімді (жазу) және рецептивті 
(оқу). Жазбаша сөйлеу бұқаралық коммуникация (кітап, баспасөз және 
т.б.) және жекешелік (хат, өтініш, құттықтау, жоспар, тезис, аннотация 
және  т.б.)  әдістерін  жүзеге  асыруы  мүмкін.  Жазбаша  монологтік 
қарым-қатынас  формасының  ауызша  сипаттамалары  да  бар.  Алайда 
ауызша  монологпен  салыстырғанда  жазбаша  сөйлеудің  өрісі  кең, 
құрылымы  қиын,  логикамен  байланысты.  Жазбаша  сөйлеу  ауызша 
сөйлеудегі  сияқты  дыбыс  және  интонациялық  құрылымдарды  бере 
алмайды. Оқытуда жазбаша сөйлеу үш кезеңге бөлінеді: графика мен 
орфографияны меңгеру; сөйлемнің құрылымдық модельдерін меңгеру; 
жазбаша  сөйлеуді  қарым-қатынас  құралы  ретінде  меңгеру.  Оқыту 
кестесінде  екі  түрлі  дағдыны  меңгертуді  қамтиды:  әріптерді  дұрыс 
жазу  және  сөздерді  дұрыс  құрастыру.  Емлені  меңгеру  дағдылардың 
жалпы  процесін  әзірлеумен  тығыз  байланысты  және  өздігінен  оқу 
барысында жазбаша сөйлеу формасы айтарлықтай дәрежеде жүреді. 
Жаттығуларға  орфографиялық  дағдыларды  қалыптастыратын  және 
диктанттың әртүрлі түрлері жатады. Жаттығулар күрделілігіне қарай 
мынадай болып жіктеледі: сөйлемдерді көшіру, естігені бойынша және 
есте  сақтағаны  бойынша  жазу,  сөйлемдерді  трансформациясымен 
жазу,  кеңейтіп  және  тарылтып  жазу,  алмастырып  қою,  сөйлемдерді 
үлгі бойынша құрастыру және т.б. Жазбаша сөйлеуді қарым-қатынас 
құралы ретінде меңгерудің ең көп таралғаны шығарма болып табылады. 
Адамның еңбек жолында жазбаша хабарламалардың ең жиі кездесетін 
түрлері:  белгі,  жоспар,  тезистер,  конспект,  аннотация,  түйіндеме, 
реферат, хабарландыру, өтініш, мақала, баяндама, есеп және т.б. 
ЖАЗУ.  Жеке  тұрақты  жазу  мәнері.  Жазуға  тән  ерекшелік  оның 
бірқатар  белгілері  тұрақты  болып  келеді:  жеке  әріптерді  жазу 
формасы  ерекше  (доғал  немесе  домалақ),  сығылу  немесе  жайылу, 
әріптердің  арасындағы  арақашықтық  (тұрақты,  бірқалыпты  емес), 
үзілмелі  немесе  үзілмелі  емес,  еңкейген,  әріптердің  көлемі  (ірі, 
кішкентай)  және  т.б.  Жазу  адамның  жеке  ерекшеліктеріне  және 
психикалық  жай-күйіне  сәйкес  болады.  Жазуға  қарап  белгілі  бір 
мәтінді  кімнің  жазғанын  анықтауға  болады  (криминалистикада 


57
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
пайдаланылады).  Жазудың  қалыптасуына  бірқатар  факторлар  әсер 
етеді: мектепке дейінгі жасында қол мен көздің дайындығы, жазуды 
меңгерту  әдістері.  Жазу  оқу  барысында  қалыптасады.  Біртіндеп 
жазу жылдамдығы артады, ырғақтылық пайда болады, көру арқылы 
бақылау  әлсізденеді.  Жазу  дағдысы  автоматтандырылып,  жазу 
қалыптасқаннан кейін адам жазу барысында әріптердің графикалық 
жазылуына мән бере бермей, көбінесе мазмұнға назар аударады. Жазу 
жылдамдығы  әр  адамда  әртүрлі  болып  келеді,  сондай-ақ  әліпбиге, 
оқыту  әдістеріне,  жазудың  мазмұны  мен  мақсатына  байланысты 
болады.  Жазуды  үйрету  барысында  үнемі  графикалық  жаттығулар 
беріліп, оқытушы тарапынан бақылау болу керек.
ЖАЗУ  ҮЛГІСІ.  Әріптерді,  сөздерді,  сөйлемдерді  және  бүтіндей 
бір мәтінді дұрыс жазу үлгілерінен тұратын құсни жазуды үйретуге 
арналған оқу құралдары.
ЖАЗЫЛЫМ. Дыбыстардың, сөздің жазудағы әріптік таңбасы неме-
се жазылу ұғымдарын емес, дыбыстық тілдің қосымша құралы тұр-
ғы сында айтылған ойды, пікірді қағаз т.б. бетінде түсінікті, жүйе лі 
түрде  жеткізетін  тілдік  қатынастың  бір  түрі.  Тілді  оқытуда  жазы-
лымның  алар  орны  ерекше.  Жазылым  тілдік  қатысымға  байла-
нысты  бірнеше  құрылымдық  кезеңнен  тұрады  және  көп  салалы 
болып  келеді:  1)  белгілі  бір  ақпараттың,  мәліметтің,  мағынаның 
жеткізілуіне түрткі болуына байланысты; 2) ой мен санадағы ойдың 
көрінісі; 3) сөз арқылы ойдың тізбектелуі; 4) графикалық әріптермен 
сөздің  таңбалануы;  5)  жазудың  екінші  адамға  түсінікті  болып, 
берілген хабарды білдіруі. Жазылымның лингвистикалық мазмұнын 
белгілейтін мәселелер мыналар: 1) графика; 2) орфография; 3) жазып 
алу;  4)  жазбаша  сөйлеу.  Бұл  салада  үйретілетін  ең  басты  мәселе  – 
жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін 
қолданылатын  барлық  әріптердің  таңбалық  жиынтығы.  Әріптік 
таңбалар  екі  түрде  жазылады:  баспа  түрінде  және  жазба  түрінде. 
Жазуды  меңгеруде  лингвистикалық  тұрғыдан  үйретілетін  келесі 
мәселе – орфография. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы 
дұрыс жаза білудің ережесі.


58
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЖАЗЫП СӨЙЛЕУ. Жазбаша мәтіндер арқылы вербалдық (сөздік) 
тілдесу. Ол мерзімі шегерілген (мыс., хат) және тікелей (отырыстар, 
уақытында жазбалар алмасу) болуы мүмкін. Жазып сөйлеудің ауызекі 
сөйлеуден айырмашылығы – графиканың пайдаланылатынында ғана 
емес, сонымен қатар грамматикалық (ең алдымен синтаксистік) және 
стилистикалық тұрғыдан – жазып сөйлеудің өзіне тән синтаксистік 
құрылымдары  мен  тән  сипатты  функциялық  стильдері  болады. 
Оған  арнайы  меңгеру  қажет  болатын,  өте  күрделі  композициялық-
құрылымдық ұйымдастырылғандық тән, жазып сөйлеудің мектепте 
оқытылуының ерекше міндеті болатыны осыдан.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП. Негізгі және қосымша білім 
беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей 
алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі және жоғары сатылардан тұратын 
жалпы  орта  білім  беретін  оқу  орны.  Жалпы  білім  беретін  мектеп 
үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны. Қызметі – білім берудің 
мемлекеттік жалпы міндетті стандарты аясында тегін білім беру; білім 
беру  процесінде:  үздіксіздік;  меншік  түрлеріне  қарай:  мекемелердің 
әртүрлілігі және қызмет бағытына қарай: демок ратиялық, ғылымилық 
және зиялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
ЖАЛПЫ  ҚҰЗЫРЕТ.  Адамның  танымдық  белсенділігін  сөйлеу 
қызметінде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін білімнің, қабілеттіліктің, 
шеберлік пен дағдының жиынтығы. Жалпы құзыретке мыналар кіреді: 
1) ресми түрде білу (әлем туралы білуі, өмірдің әртүрлі жолдары туралы 
білуі, өмірден тәжірибе жинауы, білім алуы немесе басқа да деректер);          
2)  әлеуметтік  мәдени  және  мәдениаралық  білімі,  яғни  белгілі  бір 
мәдениетке тән немесе әмбебап сипатқа ие, өз елі мен тілді үйреніп жатқан 
елдің мәдениеті арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, баға 
жүйесін,  әдеп  ережелерін,  ым-ишара  тілін  түсінуі;  3)  үйреніп  жатқан 
тілдік  жүйенің  сипаттамасын  білуі;  4)  адамның  жеке-психологиялық 
ерекшеліктері, сөйлеу қызметін сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді, 
сондай-ақ дағдысы мен шеберлігін, шет тілі мен мәдениетін сәтті және 
нәтижелі меңгеруін қамтамасыз етеді.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау