Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет15/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62

44
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ҒЫЛЫМИЛЫҚ. Оқыту принциптерінің бірі. Ғылымилық принципін 
ең  алғаш  дидактикада  орыс  педагогы  М.Н.Скаткин  тұжырымдады. 
Ғылымилықтың негізгі талаптары: білім мазмұнының қазіргі ғылым 
деңгейіне сәйкестігі; оқушыларда ғылыми танымның жалпы әдістері 
туралы  түсінік  қалыптастыру;  таным  процестерінің  (теория,  оның 
элементтері,  құрылымы  және  функциясы  туралы  білім)  маңызды 
заңдылықтарын  көрсету.  Ғылымилық  принципі  оқытудың  барлық 
процестік  жағын  (оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  түрін,  сатыларын, 
әдістерін) реттейді.
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ  КОНФЕРЕНЦИЯ.  Оқу,  тәрбие 
жұмы  сын ғылыми-педагогикалық тәлімдік тұрғыдан ұйымдастырып, 
жүзе ге асыру әрекеті.
- Д -
ДАҒДЫ.  Автоматты  түрде  жасауға  дейін  жеткізілген  әрекет;  көп 
рет  қайталау  жолымен  қалыптасады.  Оқыту  процесінде,  әсіресе, 
жалпы  оқу  дағдыларын,  пәнаралық  мәндегі,  жазу  дағдыларын 
қалыптастыру қажет. Дағды –  алғашқыда саналы орындауды қажет 
ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде ав-
то маттандырылуын дағды деп атайды. Дағды сансыз қайталау нәти-
жесінде  де  қалыптасатын  іс-әрекет  болуы  мүмкін.  Соның  нәти-
жесінде  ол  автоматтандырылған  әрекетке  айналып,  оңай,  шапшаң 
әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі –  ди-
намикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала 
бастапқы  кезде  өзінің  барлық  қозғалыстарын  санасымен  бақылап, 
көптеген  артық  қимылдар  жасайды  (оның  бет-әлпеті,  бүкіл  денесі, 
аяқ-қолы  бір  мақсатқа  бағытталады),  біраз  қиналады.  Ал  жазуға 
төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған 
нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені соңғыда жазу 
дағдысы  автоматтандырылған.  Дағдылануда  іс-әрекеттің  тұтас  өзі 
емес,  жеке  компоненттері  (құрамдары)  ғана  автоматтандырылады. 
Дамыған дағдылардың кейбір белгілері: 1) Дағды алудың белгісі –  
әртүрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мысалы, спорттық 
ойындардағы  спортшының  дағдысы);  2)  Дағды  қалыптасқаннан 


45
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мысалы, инеге 
жіпті  жылдам  сабақтай  алмау,  жазуға  төселмей  тұрғандағы  балада 
байқалатын  ебедейсіздік  т.б.  адамда  әлі  де  дағдының  жоқтығының 
белгісі); 3) Дағдыланудың үшінші белгісі –  бірқатар жеке амалдарды 
біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу. Мысалы, бала алғаш әріпті 
танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан 
сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, 
сөйлемдерді шапшаң оқитын болады; 4) Көзбен бақылаудың маңызы 
кеміп,  қозғалыс  пен  бақылаудың  маңызы  артады  (мысалы,  жазу 
дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, 
тәжірибелі  машинистка  да  қағаз  басуда  көздің  көмегіне  сүйенбей, 
саусақтардың  қимыл-қозғалыстарына  ерекше  көңіл  бөледі);                        
5)  Дағдыға  машықтану  үшін  алдын  ала  қабылдай  алу  қабілетінің 
болуы,  мысалы,  машинистка  мәтінді  көшіргенде,  әрдайым  оның 
көзі  алға  жүгіріп,  қолынан  озып  кетіп  отырады.  Қолы  бір  сөзді 
басқан  кезде,  оның  ойында  бірер  сөз  әзір  тұрады.  Мәнерлеп  оқуда 
да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше 
сөйлемді  қамтиды.  Адам  мәтіннің  мағынасын  түсінумен  қатар 
алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны  психологияда  
дағдының  антиципациясы    (лат.  антиципатио  деген  сөзі,  қазақша 
күні бұрын біліп қою деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Дағды 
адам  әрекетінің  қай-қайсысында  да  ерекше  маңызды  орын  алады. 
Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші 
кезеңдеріне  жұмылдырылып  табысты  болуын  қамтамасыз  етеді. 
Дағдылар  сенсорлық  (тікелей  қабылдау)  және  интеллектілік 
дағдылар  болып  бөлінеді.  Дағды  –    көп  рет  қайталаулар  арқылы 
жеке-жеке  орындалуға  бейімделген  іс-әрекет.  Дағды  –    бірнеше 
рет  қайталаулардың  нәтижесінде  пайда  болған  және  оның  саналы 
қадағалауының  қысқартылуымен  сипатталатын  жеке  әрекеттер  –  
операцияларды  орындаудың  таптаурын  тәсілі.  Дағдының  бірнеше 
түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-
құлық дағдылары. Перцептивті дағды –  жақсы таныс заттардың тану 
белгілерінің  бірмезгілдік,  таптаурын  бейнелеуі.  Интеллектуалдық 


46
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
дағды  –    белгілі  бір  сыныпқа  кіретін  есептер  мен  тапсырмаларды 
шешудің  таптаурын  тәсілдері.  Қозғалыстық  дағды  –    таптаурын 
әрекеттер, жолға қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс 
дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану 
да кіреді. Дағды әртүрлі дәрежедегі жалпылаумен –  олардың әртүрлі 
жағдаяттарды қамтумен, икемділікпен, тез жүзеге асырылуға даяр-
лықпен  сипатталады.  Дағды  деңгейіндегі  әрекеттер  оның  кейбір 
реттеу  компоненттерінің  көрінбеуімен  (болмауымен)  ерекшеленеді. 
Осылайша, мысалы, жазу дағдысында оны қалай орындау жөнінде 
ойлаудың  қажеттілігі  болмайды.  Сондықтан  көптеген  үйреншікті 
әрекеттер адамда автоматтандырылады. Ал оны басқа едәуір күрделі 
міндеттерді орындауға бағыттайды.
ДАЙЫНДАЛЫП ОҚУ. Оқудың бір түрі, шет тілін оқыту құралы. 
Дайындалып  оқу  аударма  анализі  және/немесе  жартылай  аудару 
арқылы қиындықтардан арылтуды қарастырады; бейімделмеген не-
ме се түпнұсқа мәтіндерге жүргізіледі. Жартылай дайындалып оқу ға 
мәтіннің жеке тіркестерімен алдын ала жұмыс істеу қамтылған.
ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. Жеке операцияларды немесе іс-
әрекеттерді орындауға және толыққанды сөйлеу қызметін дайындауға 
көмектесетін жаттығулар.
ДАЙЫНДЫҚСЫЗ ОҚУ. Оқу түрі, шет тілін оқыту тәсілі. Жеңіл-
детілген  бейімделген  мәтіндер  мәтіннің  тілдік  және  мазмұндық 
қиындықтары бойынша алдын ала талданбай, дайындықсыз оқыты-
лады.  Дайындықсыз  оқу  оқуды  сөйлеу  қызметінің  бір  түрі  ретінде 
нақты жағдайларда пайдалануға дайындайды.
ДАЛЬТОН  ЖОСПАРЫ.  Дараландырылған  оқыту  жүйесі.  Өткен 
ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарының  басында  шықты.  Долтон 
қаласының  (АҚШ,  Массачусетс  штаты)  атымен  аталған,  авторы  – 
Е.Парихерст. Жұмысты дальтон жоспары бойынша ұйымдастырған 
кезде оқушылар ортақ сыныптық жұмыспен байланыстырылмайды; 
сабақтарды,  әртүрлі  оқу  пәндерін  оқудың  кезектілігін,  сондай-ақ 
жұмыс уақытын пайдалану ретін оқушылардың өздері таңдайды. Оқу 
материалының жылдық көлемі айлық бөліктерге, бұл бөліктер күнбе-


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау